Үйсіндер мен қаңлылырдың салт –дәстүрлері
Үйсіндердің салт-дәстүрі туралы ғылыми деректер аз. Ертедегі үйсіндердің түсінігінше, өлген адам тіріледі деп есептеген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бәрін қоса көмген. тірі кезінде пайдаланып жүрген заттарын жанына қоса қойған. көптеген бейіттерді қазғанда табылған заттар осыны дәлелдейді.тамақ ішетін ыдыс аяқтар, тұрмысқа керекті басқа да бұйымдар жиі кездеседі. Ер адамдардың жанына сауыт-сайманы, қару-жарағы: садақ, жебе, қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді заттар қойылған.
Ертедегі үйсіндер жаратушы күшке сенген. Олар сол жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Бұны олардың пайдаланған заттары, салған суреттері дәлелдейді. археологтар арнайы шырақ жағатын табақ, құрбандық ыдыстарды тапқан. қыш заттар мен ыдыстарға күннің суреті салынған.
Қаңлылар табиғаттан тыс күштерге сеніп, ата-аба рухына сиынған. Олар тылсым күшке сенген, соған арнап әрдайым малдарын құрбандыққа шалған. сондай-ақ, олар күн мен айға, жұлдыздарға табынған. аспан денелеріне қарап уақыт мөлшерлеп, жыл қайырған, көші-қон кезінде жүрер жолын бағыттаған, дән себу, астық жию мерзімін анықтаған, діни салт-жораларын реттеген.
жерлеу құрылыстары әр аймақта әртүрлі болып келеді. қауыншы мәдениетіне жататын аймақтарда қайтыс болған адамдар киіммен жерленген. олардың қасына тамақ салатын, су құятын ыдысы мен қажет заттар қойылған. ер адамдардың жанына семсер, қанжар секілді қарудар, ал әйелдерге моншақ, айна,сырға секілді әшекей заттар қойылған.
1822 жылғы реформа мен 1824 жылғы реформа бойынша аумақтық-әкімшілік өзгерістер
«Сібір қырғыздары туралы жарғы» 1822 жылы қабылданды. аталған жарғы Н.Н.Сперанскийдің басшылығымен жүзеге асырылды. Орта жүзде хандық билік таратылды, оның орнына «Аға сұлтандар институты» деп аталатын басқару жүйесі енгізілді. Орта жүз әкімшілік жағынан: ауыл (50-70 шаңырақ), болыс (10-12 ауыл), округ (12-20 болыс) болып бөлінді. ауылды – ауыл старшындары, болысты – сұлтандар, округті – округтік приказ басқарды. Округтік приказдың басында ағасұлтан отырды. 2 жергілікті халық өкілі, 2 ресейлік кеңесші енді. Ағасұлтандар 3 жылға сайланып қойылды. Сібір батыс бөлігі: Тобыл облысы мен Омбы облысы. шығыс бөлігі: Томск облысы. округтер: Қарғалы, Көкшетау, Баянауыл, Аягөз, Ақмола, Үшбұлақ, Аманқарағай, Көкпекті, Құсмұрын (Атбасар), Алдатау, Зайсан.
1824 жылы «Орынбор қазақтарының жарғысы». Кіші жүш үш бөлікке бөлінді. Орынбор генерал-губернаторы әр бөлікті басөқару үшін басқарушы сұлтан тағайындады. Батыс бөлік, Орта бөлік, Шығыс бөлік. 1931 ж. дистанциялық («бекінісаралық) басқару енгізілді. дистанцияны тағайындалған бастық биледі. ол билеуші сұлтанға бағынды. ХІХғ. ортасында 54 дистанция ашылды. ауылды ауыл старшындары басқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |