Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны



бет50/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары
10с 4т БЖБ-2 Қозғалыс. Биосфера
Жаңаөзен оқиғасы — 1989 жылы маусым айында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында болған жергілікті халықтың бас көтеруі. Бұл әлеуметтік кикілжіңнің шығуына басқа республикалардан келіп жұмыс істейтіндердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен, мүддесімен санаспай, дөрекілік көрсетуі себеп болды.
Дүмпу жергілікті тұрғындар мен Кавказдан қоныс аударғандар арасындағы кикілжіңнен басталып, арты қақтығысқа ұласты. Қақтығыс құқық қорғау органдарының араласуымен басылды. Сырттан келгендердің көпшілігі қаладан кетуге мәжбүр болды. Бұл оқиғаның астарында жылдар бойы қордаланып, дұрыс шешімін таппаған тұрғын үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезек, жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ, мұнай мен газ өндірісін Мәскеудегі орталықтан басқаратын одақтық министрліктердің, әміршіл-әкімшіл жүйенің жергілікті тұрғындар арасынан кадрлар даярламай, жұмыс күштерін республикадан тыс жерлерден әкеліп, жергілікті халықтың мүддесін ескермей жүргізген сыңаржақ саясаты жатты.


Кестені толтырыңыз:Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстаның дамуы



Бағыттары

Нәтижелері

Ауыр өнеркәсіп

1946 жылға карай зауыттар мен фабрикалар қайта жандана бастады, өнеркәсіп орындары қайтадан іске қосылды. Ауылдар жанданып, қалалар қирандыдан тазартылды. Бұл жылдары Қазақстанның өзінің қуатты ауыр өнеркәсіп базасы қүрылды. Жүмысшылардың ішінде ерекше кезге түскендері жоғарғы еңбек марапаттарына ие болды. Атақты кеншілер Т. Күзембаев, Ж. Әбдірахманов, П. Акулов Социалистік Еңбек Ері деген жоғары атақ алды. Елімізде экономикалық дамудың қарқыны одан әрі артты. 1954- 1958 жылдары республикамызда 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар салынып, іске қосылды. Олардың қатарында Жезқазған кен байыту, Өскемен таукен жабдықтарын жасау зауытының, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының бірінші кезектері, Ақтөбе хром қоспалары зауыты, Шымкент гидролиз зауыты, Қарағанды, Семей және Шымкент цемент зауыттары болды. Осының бәрі 1958 жылы Қазакстанға өнім шығаруда одақтас республикалар бойынша 3-орынға шығуға мүмкіндік жасады. 1960 жылдардың ортасына қарай республиканың өнеркәсіп әлеуеті екі есе өсті. 729 ірі өнеркәсіп орны және 535 цех қатарга қосылды. 60- жылдардың соңына қарай тағыда 445 ірі кәсіпорын мен цехтар іске қосылды.

Көлік және байланыс



1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты-Шу темір жол тармағы салынды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралін салу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл-Шолақтау темір жол желісімен пойыздар жүре бастады. 1960 жылы темір жол желісі 1945 жылғымен (8,2 мың км) салыстырғанда 11,47 мың км-ге жетті. Темір жолдағы қалыпты жұмыс оның жекелеген бөліктерінің Түркістан-Сібір, Қарағанды, Орынбор, Ташкент, Омбы, Рязань-Орал, Томск темір жолдарының кұрамына кіруіне байланысты күрделене түсті. 1958 жылы республика аумағьнда Қазак Темір жолының (қазіргі «Қазақстан Темір жолы») кұрылуымен қиындықтар жойылды. 1951- 1955 жылдары Қазақстандағы пайдаланылатын темір жол ұзындығы 8 407 км-ден 9 973 км-ге дейін (яғни 1566 км-ге артық) ұзарды. 1960 жылдардың соңында Қазақстанда темір жолдың ұзындығы 13120 км-ге жетті. Бұл Одақтык, көлемдегі темір жолдың 9,3%-ы еді. Қазақстан темір жолы бүкіл Одақтағы темір жолмен жүк тасу айналымының 8,3%-ын, жолаушы тасу айналымышың 5,9%-ын қамтамасыз етті.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі

Осы кезеңде жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Тамақ өнеркәсібінде 60-жылдардың соңына қарай 40-тан астам жаңа кәсіпорын салынып, іске қосылды. Дегенмен де тамақ өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркөсіп өндірісінің 17%-ын ғана қамтыды. Бұл сала одан әрі жетілдіре түсуді қажет етті. 1950 жылдары қайта жабдықталған Семейдегі май зауыты, Петропавлдағы «Комсомол» тігін фабрикасы өнім бере бастады, Жамбыл (қазіргі Тараз), Қызылорда, Павлодардағы тері зауыттарының қүрылысы аякталды

Урбанизация

Жұмысшылар қатары республикадан тыс жерлерден келгендер есебінен толығын отырды. Бұл құбылыс әсіресе Қарағанды көмір бассейні, Шымкент, Жамбыл, Ақмола және Алматы өнеркәсіп кәсіпорындарында байқалды. Республиканың экономикалық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының артуына алып келді. 1945 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшы және қызметкерлер саны 1 044 мың адам (оның ішінде 304 мыңы — өнеркәсіпте) болса, 1950 жылы бұл көрсеткіш тиісішпе 1 403 мың және 366 мыңға жетті. Жоғары маман жұмысшылар үлкен қалалардағы ірі кәсіпорындарда шоғырланды. 1951-1955 жылдары ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарындағы мамандар саны 1,8 есе өсті. Нәтижесінде қала халқының саны қарқынды түрде есіп, 1959 жылы 44%-ға жетті. Осы жылдары Қазақстанның қартасында 15 жаңа қала және 86 қала типтес кент пайда болды.

Экономикадағы түбірлі өзгерістер

КОКП XX съезінде қабылданған қоғамды демократияландыру бағыты экономикалық саясаттағы кейбір өзгерістерге қолайлы жағдай қалыптастырды. Мемлекет басшыларының сөздерінде және партия қүжаттарында алғашқы бесжылдық жылдарындағы шаруашылықты жүргізу жүйесі 50-жылдардың ортасына карай ескіргені және жаңа талаптарға жауап бермейтіні туралы айтылды. 1962 жылы Қазақстандагы халық шаруашылыгы кеңестерін ірілендіру әрекеті жасалды. Осы жылы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық бөлімдерінен тұратын басқару органдарын қайта ұйымдастыру жүзеге асты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет