Байланысты: Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы
3. Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспардың мақсаты мен міндеттері Бүгінгі күні білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кездесетін жоғарыда аталған проблемалар жүйелі тәсілді қажет етеді.
Барлық деңгейдегі ұйымдарда тәрбие жұмысын күшейту үшін тәрбиенің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын қайта қарау қажет.
Осыған байланысты, тәрбие жұмысын одан әрі жетілдірудің тұтас пайымын айқындайтын барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды әзірлеу маңызды болып табылады.
Жоспар «Қазақстан-2030» Қазақстан дамуының стратегиясы мен Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасының құндылықтары мен идеологиялық ұстанымдарының кешенін, ең алдымен, жас ұрпақты өзара құрмет көрсету, патриоттық, дәстүрді, рухани және адамгершілік құндылықтары мен мемлекеттің, қоғам мен отбасының мызғымастығына бағытталған дүниетанымдық ұстанымдарды сақтау және нығайту рухында тәрбиелеу факторларын қамтиды.
Жоспар жас ерекшеліктерін және тәрбие жұмысының қазіргі заманғы әдістері мен нысандарын ескере отырып әзірленген және мынадай бағыттардан тұрады:
1) тәрбие процесін ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз ету;
2) патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, этносаралық және қоғамдық келісімді, заңға мойынұсынушылықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын қалыптастыру;
3) тәрбие жүйесінің кадрлық әлеуетін жетілдіру (біліктілігін арттыру);
4) ақпараттық насихаттау жұмысы.
Жоспар шеңберінде барлық білім беру деңгейлері бойынша тәрбие бағдарламаларының іске асырылу тиімділігіне моноторинг жүргізу, тәрбие құрамдасын күшейту мақсатында оқу-тәрбие кешендері мен бағдарламаларына талдау жүргізу, сондай-ақ әлемдік озық тәжірибелерді зерттеу және қорыту көзделген.
Жалпы адамзаттық құндылықтарды, Қазақстанның тарихи тәжірибесін, педагогтердің жаңашыл тәсілдерін ескере отырып, тәрбие жүйесін жаңарту әдістемелерін әзірлеуге ерекше көңіл бөлінген.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету оқу және арнайы бағдарламалар кешенін, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелерді әзірлеуді, жас ерекшеліктерін ескере отырып педагогикалық нысандар мен құралдардың көптүрлілігін пайдалануды; тәрбиенің нысандары мен әдістерін дамытуды және жетілдіруді; оқу-әдістемелік әзірлемелердің нәтижелерін қорыту, білім беру жүйесінің өкілдеріне осы саладағы жаңалықтар туралы хабарлауды; отандық және шетелдік озық педагогикалық тәжірибені ескере отырып, осы сала қызметін жариялайтын тиісті әдебиеттерді тұрақты басып шығаруды, мектеп оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің патриоттық сана-сезімдерін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау мақсатында тәрбие бағдарламаларына сараптама жүргізуді қарастырады.
Тәрбиенің инновациялық әдістерін әзірлеу барысында «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибелерін белсенді пайдалану жоспарланған.
Сонымен қатар, патриоттық тәрбие саласында зерттеулер ұйымдастырылып, олардың нәтижесі практикалық қызметте пайдаланылады; азаматтың тұлғасын қалыптастыру және дамыту проблемалары бойынша әдістемелік ұсынымдамалар әзірленеді; патриоттық тәрбие мазмұнын әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы маңызды жетістіктер негізінде мәдени-тарихи рухани-адамгершілік, идеологиялық және басқа құрауыштарды қосу арқылы байыту көзделген.
Патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, этносаралық және қоғамдық келісімді, заңға мойынұсынушылықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын қалыптастыруды жас ұрпақтың санасында еліктеуге үлгі ретінде табысты қазақстандық адамның бейнесін жасау үшін танымал адамдарды тарту арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Сондай-ақ, отбасын тәрбие процесіне белсенді тарту қамтамасыз етіледі.
Жоспарды әзірлеуде барлық азаматтардың теңдігі мен елдің қоғамдық-саяси өмірінее қатысуына кепілдемені, жеке басының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ұлт бірлігінің факторы ретінде қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеуге басты назар назар аударылды.
Тәрбие жүйесінің кадрлық әлеуетін дайындау және жетілдіру шеңберінде балалар мен жастарға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде бағдарламалар мен оқу жоспарлары әзірленеді. Тәрбие жұмысымен айналысатын тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мақсатында педагог кадрлардың ұтқырлығы мен кәсіби деңгейін арттыру жүйесін әзірлеу жоспарлануда.
Бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Интернет арқылы насихат жұмысы күшейтілетін болады. Мысалы, отандық өндірістегі балалар басылымдарының (газеттер, кітаптар, журналдар), әртүрлі бағыттағы жастар мен балалар телебағдарламаларының санын көбейту қарастырылған.
Үлгілік кешенді жоспардың іс-шаралары тәрбие жұмысы процесіне жастардың өздерін, олардың барлық жасерекшелік топтарын тартуға және қатыстыруға бағытталған.
Үлгілік кешенді жоспардың іс-шараларын өткізу шеңберінде қоғамның, оның ішінде ата-аналар мен азаматтық қоғам институттарын тарту форматтары қарастырылған.