Барлық сағат саны: 22



бет1/4
Дата09.04.2020
өлшемі355,5 Kb.
#62037
  1   2   3   4
Байланысты:
etno

    Бұл бет үшін навигация:
  • Курс 3



Талдықорған «Білім» гуманитарлы-техникалық колледжі

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ БӨЛІМІ

Оқу әдістемелік кешен

Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелік бірлестігі

С И Л Л А Б У С


Пән: Этнопедагогика



Мамандық: 0101000 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Оқыту түрі: сырттай - қашықтан оқыту


Курс 3

Семестр 4


Барлық сағат саны: 22

Соның ішінде:
Барлық аудиториялық сағат 3

Консультация on-line, off-line 2

Барлық қашықтан оқыту 17


соның ішінде:

теориялық 17

СӨЖ саны 2

Аралық бақылау саны 1

Сынақ 2 семестр




Оқытушы туралы мәлімет:Асанова Эльмира Камардинқызы, «Білім» гуманитарлы-техникалық колледжінің педагог-психологі, электрондық пошта адресі – bakjanel@mail.ru, жұм.телефоны 25-20-26, , сот. тел - 87024433084

Пререквизиттері: этнопедагогика курсын оқу үшін, келесі тізбектегі: «Философия», «Психология», «Мәдениеттану» пәндері бойынша білімдері болуы керек.

Постреквизиттері: курс бойынша алған білімдерін: әдістеме курсын оқыту барысында, педагогикалық практика кезінде оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік емтихан тапсырған уақытта қолдана алады.

Пәнге қысқаша сипаттама: «Этнопедагогика» курсы халықтық тәрбие жұмысының мазмұнын, түрі мен әдістерін, міндеттерін, мәні мен ерекшеліктерін және ежелгі тәлім тәрбиелік ойларды оқып білуге бағыт-бағдар береді.

Пәннің мақсаты: Студенттердің этнопедагогиканың теориялық негіздерін, әдістеме және технологиясы саласынан білімі мен біліктілігін кеңейту әрі тереңдету, нақты тәрбие міндеттерін шығарамашылықпен шеше білу іскерлігін қалыптастыру.

Пәннің міндеті:

  • этнопедагогиканың негізгі ұғымдарын қалыптастыру;

  • халықтық тәрбие жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыруы;

  • студенттердің теориялық білімін толықтыру, шығармашылық пен ғылыми ізденіс жұмысына дайындығын қалыптастыру;

  • студенттерге балалармен қарым-қатынас жасаудағы ережелер мен тәсілдерді білуге үйрету;


Пән бойынша білім алушылардың білімін балмен бағалау көрсеткіші


Бағаланатын бағдар

(позиция)



1-12аптадағы бағалау мөлшері

Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері

Электронды журналға балл қоюдың кезеңі

ӨЖ

2

Әрбір ӨЖ –ге 100 баллдан

6,11 апталарда

Кіру рұқсатының рейтингісі 1

R 1 = (СР1+СР2)/2

100

12 апта



Бағалау саясаты

Бағалау келесі кесте бойынша есептелінеді:

Жалпы балл санынан %

Традициондық жүйе бойынша бағасы

90-100

Өте жақсы

73-89

Жақсы

30-72

Қанағаттанарлық

0-29

Қанағаттандырылмаған



Баға қоюдың критерилері


Бақылау түрі

Максимальдық баға

Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі

ӨЖ 1

Тапсырма 1

Тапсырма 2


100

50

50




ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес

ӨЖ 2

Тапсырма 1

Тапсырма 2


100

50

50



ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес

Аралық бақылау 1:

100


22 апта


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар





Тараулар бойынша лекция тақырыптары

Сағат саны

Әдебиет







Бар

лы

ғы



Теор.


аудиториялық

консультациялар







І бөлім. Этнопедагогиканың зерттейтін мәселесі, мақсаты, әдіснамалық негізі

1

Этнопедагогика пәні, оның негізгі ұғымдары, мақсат. Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

2

1

1




2, 4, 6, 8, 10, 11, 13

2

Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері Ежелгі дәуірдегі тәлім-тәрбиелік ойлар.

2

1




1

4, 26, 27, 28,37, 39, 40, 41, 42, 43

3

Ж.Баласағұн, Әбу-Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауидың тәлім-тәрбиелік тұжырымдамалар. Қазақ мемлекеті қалыптасқан ХУ-ХІХ ғ.педагогикалық ойлар

2

2







7, 9, 16, 18,22, 23, 40

4

Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың халық педагогикасын зерттеуі .А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. ұлттық тәрбие жөніндегі зерттеулері

2

2







1, 9, 13, 19, 30, 32




ІІ бөлім. Халықтық педагогикадағы тәрбиенің түрлері




5

Қыз бала мен ер бала тәрбиесінің ерекшеліктері. Құрсақ және бесік тәрбиесінің ерекшеліктері.

2

1

1




1, 2, 19, 20, 21

6

Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі

2

1




1

3, 8, 9, 10, 43

7

Халық педагогикасындағы сұлулық-сипат тәрбиесі. Халықтың саз өнерінің тағылымы

2

2







3, 6, 16, 17, 18, 19, 36

8

Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі. Халық педагогикасындағы адамгершілік, имандылық тәрбиесі

2

2







3, 31, 32, 33, 36

9

Халық педагогикасындағы елжандық тәрбиесі Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие

2

2







31, 32, 33, 34, 35




ІІІ бөлім. Білім беру жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасы




10

Болашақ оқушылардың этнопедагогикалық білімнің негізгі элементтері. Жеке пәндердің мазмұндағы этнопедагогика. Бейнелеу өнері. Математика . Қазақ тілі

2

1

1




31, 32, 33, 34, 35

11

Ұлттық салт-дәстүрлердің жаңарған түрлері, жаңа заман туғызған салт-дәстурлердің тәлімдік мәні. ақын-жыршы, әнші, күйші, қолөнер шеберлер мектебінің оқу-тәрбие жұмыстары

2

2







31, 32, 33, 34, 35




Барлығы

22

17

3

2





ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

1- лекция

Тақырыбы: Этнопедагогика пәні, оның негізгі ұғымдары, мақсат. Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

Этнопедагогиканың ғылыми-теориялық негіздері. Этнопедагогика және ғылыми педагогика арасындағы сабақтастық. Этностар мәдениеті. Этнопедагогика - ұлттық тәрбиенің және ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Қазақ этнопедагогикасының негізі-халық педагогикасы. Қазақ этнопедагогикасының құрылымы. Этнопедагогиканың халықтық педагогикамен байланысты. Халықтық педагогикадағы В.Виноградов, Г.Н.Волков зерттеулері.

Этнопедагогика - этникалық топтардың балаларды оқыту және тәрбиелеудегі эмпирикалық тәжірибесі мен отбасының, рудың, тайпаның, халықтың адамгершілік-этикалық және эстетикалық көзқарастары туралы ғылым.

Этнопедагогика халықтық педагогиканы түсіндіреді. Этнопедагогика – халықтық тәрбиенің (яғни табиғи, күнделікті, формальды емес, мектептен тыс, дәстүрлі) тарихы мен теориясы туралы ғылым. Этнопедагогика пәнінде қарастырылатын мәселелер қатарына мыналар енеді: отбасы педагогикасы, әлемдік халықтардың мақал-мәтелдері, олардың адамгершілік тәрбиедегі маңызы, ертегілер – ақыл-ой тәрбиесінің құралы, халық әндері, олардың эстетикалық тәрбиедегі рөлі, балалар ойындары мен шығармашылығы, балалар мен жастар ортасы, олардың педагогикалық қызметтері, аналар педагогикасы және олардың құралдары.

«Этнопедагогика» терминін ғылыми айналысқа алғаш енгізген профессор Г.Н. Волков еді.  Алайда әлі күнге дейін этнопедагогиканың ұғымдық  мазмұны жөніндегі пікірлер толастамай отыр.1  Этнопедагогика мәселесін зерттеушілер зерттеу объектісіне қарай халықтық педагогика және этнопедагогика 2 деп немесе педагогикалық этнография және этнопедагогика 3 деп бөлуі көңілге қонарлық сияқты.

Профессор Қ.Б.Жарықбаев » народная педагогика-область эмпири-ческих  педагогических знаний и опыта народа, выражающая господствующие в нем воззрения на цели и задачи воспитания. Разработкой ее общетеоретических основ занимается специальная отрасль научной педагогики- этнопедагогика»- деп жазды.

Сонымен этнопедагогика дегеніміз  белгілі бір халықтың тәрбие дәстүрін жинақтап, ғылыми жағынан жүйелеп, зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы болып отыр.

Қазақстандағы этнопедагогиканың тарихына тоқталатын болсақ бұл мәселеде де пікірталас жеткілікті. «қазақ этнопедагогикасының  теориялық негіздері мен тарихы» деп аталатын монографиясында С.қалиев  қазақ этнопедагогикасының қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөледі:





Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі (ХІХ ғ. 2-жартысы), оның белсенді қайраткерлері


Қазақ этнопедагогика сының қалыптасу кезеңі (1920-1930)  және ол кезеңдегі қайраткерлер


Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі (1970-1995)

 

 1.қазақтың демократ-ағартушылары:  Ш.Уәлиханов  Ы.Алтынсарин

А.құнанбаев

 

2.Орыс,батыс



саяхатшы-ғалымдары:

П.С.Паллас

Э.С.Вульфсон

А.Вамбери

А.Левшин

А.Ÿнушкевич

Н.Г.Потанин

Н.Л.Зеланд

В.В.Радлов т.б.


 

Қазақтың зиялы оқымыстылары:

С.Торайғыров

Ә.Диваев


А.Байтұрсынов

 

Ш.құдайбердиев



М.Дулатов

М.Жұмабаев

 

Ж.Аймауытов



Х.Досмұхамедов

Н.құлжанова

М.Әуезов

С.Сейфуллин



 

 М.ғабдуллин

Б.Момышұлы

Б.Адамбаев

Ш.Ахметов

М.Әлімбаев

 

Қ.Жарықбаев        



С.Қалиев

Ә.Табылдиев

С.ұзақбаева

М.Балтабаев

М.Бөлеев

З.Ахметова

М.құрсабаев

М.Смайылова

М.Оразаев

К.қожахметова



 

К.Ж. Кожахметова  «Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика» деп аталатын монографиясында  қазақ этнопедагогикасының тарихына шолу жасай келіп, С.қалиевтің пікірімен келіспей, былай деп жазады: » Относительно  этапов исследования и формирования казахской этнопедагогики как науки в указанный период, мы придерживаемся несколько иной точки зрения, а именно: развитие казахской этнопедагогики началось в 70-е годы, когда появилось исследование И.Оршибекова и А.Мухамбаевой. Затем наметилось явное оживление в этом вопросе с 1991 года, в связи с получением суверенитета республики. Труды просветителей (Абая Кунанбаева, чокана Валиханова и Ибрая Алтынсарина),  а также путевые заметки путешественников и произведения  крупных общественных деятелей,  писателей,  которые  были написаны по зову  души, в силу их внутренней тяги к проблеме, как  выразителей чаяний  народа, знатоков национальной психологии, истории, культуры, фольклора, народной жизни мы относим к источниковедческой базе казахской этнопедагогики. По нашему глубокому убеждению, созданы теоретические предпосылки к формированию казахской этнопедагогики в трудах М.Жумабаева,  А. Байтурсынова, Ж.Аймауытова, М.Дулатова, Х.Досмухамедова».1

Этнопедагогика мәселесін қарастырғанда «халықтық педагогика», «педагогикалық этнография» және «этнопедагогика» терминдерінің ұғымдарына байланысты өз ойымызды білдіруіміз қажет сияқты. Біздің ойымызша, халықтық педагогика дегеніміз қағазға түспеген бала тәрбиесі туралы ой-пікірлер мен тәжірибе. Ал педагогикалық этнография  халықтық педагогиканың ой-пікірлері мен тәжірибесін жинақтау, қағазға түсіру. Этнопедагогика жинақталған халықтық педагогиканың ой-пікірлері мен тәжірибесін жүйелеу, теориясын жасау және өмірге өңдеп енгізу. Міне осылай  тұжырымдай келе ойымызды  мынадай таблица бойынша көрсетсек деп ойлаймыз.

                  



Қазақ  этнопедагогикасының  қалыптасуы


 

 Қазақ этно-педагогика ғылы-мының қалыптасу кезеңдері

 


 

Кезеңге тән қасиеттер

 

Кезеңнің қалып-тасуына әсер еткен  оқиғалар

 

Кезеңнің қалыптасуына әсер еткен тұлғалар

Халықтық педагогика

қағазға түспе-ген бала тәр-биесі туралы ой-пікірлер мен тәжірибе

қазақ халқының қалыптасуы

Билер, ақсақалдар, ата-аналар

Педагогикалық этнография

Халықтық педагогиканың ой-пікірлері мен тәжірибесін жинақтау, қағазға түсіру.

Дамыған көрші елдермен қарым-қатынастың күшеюі, көрші елдердің қоластына өту, дамыған білім беру жүйесіне тартылу

Орыс, батыс саяхатшы-ғалымдары: П.С.Паллас,

Э.С.Вульфсон, А.Вамбери

А.Левшин,  .Ÿнушкевич

Н.Г.Потанин, В.Радлов Ш.Уәлиханов  Ы.Алтынсарин   А.құнанбаев Ш.құдайбердиев

М.ғабдуллин

Б.Момышұлы

 


 

Этнопедагогика

ғылымының қалыптасуы

 (1907-1927)



 

Жинақталған халықтық педагогиканың ой-пікірлері мен тәжірибесін жүйелеу, теориясын жасау және өмірге өңдеп енгізу.



 

ұлттық идеяның күшеюі, ұлттық тәуелсіздікке ұмтылу және өзін-өзі басқаруға қол жеткізу



 

А.Байтұрсынов М.Дулатов

М.Жұмабаев

Ж.Аймауытов

Х.Досмұхамедов

М.Әуезов


Этнопедагогика

ғылымының қайта дамыған кезеңі

(1991-1999)


Негізі қаланған этнопедагогика

ғылымын дамыту



қазақстанның тәуелсіздік алуы және ұлттық сананың өсуі

қ.Жарықбаев

С.қалиев


Ә.Табылдиев

С.ұзақбаева

К.қожахметова және т.б.

Ы.Алтынсарин қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы, халық педагогикасын қазақ арасынан алғаш қағазға түсіріп, жинастырған,  білім дәрежесінде қалыптастырған адам. Алайда ол ұлттық мектеп идеясын ұсына алмады. Сондықтан да  қазақ этнопедагогикасының ғылымға айналуы, біздің ойымызша, 1907-1927 ж. аралығында қалыптасты және оның  ғылым дәрежесіне көтерілуіне қоғамдық-әлеуметтік салалармен бірге ұлттық тәлім-тәрбие ісінің дамуына атсалысқан қазақ зиялылары, атап айтқанда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, т.б. болды. Бұндай тұжырым жасауымызға мынадай негіздер бар.



  1. Педагогиканың ғылым ретіндегі мақсаты қандай деген сұраққа әдебиеттерде

мынадай жауаптар бар:

  • жеке тұлғаның жан-жақты даму мәселесін ғылыми зерттеу және оның

заңдылығын түсіну;

  • ақыл-ой, адамгершілік, дене, еңбек, эстетикалық, тәрбие мен политехникалық

білім берудің жағдайы мен өзара байланысын  зерттеу;

  • Тәрбие-білім беру қызметінің теориясы  мен методикасын жасау;

  • Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, топтастыру және 

тәжірибеде қолдану;

  • Педагогтарды алдыңғы қатарлы тәрбие және оқыту әдістерімен қаруландыру;

  • Басқа ғылымдармен байланысын күшейту.


2 - лекция

2.1 тақырып Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері Ежелгі дәуірдегі тәлім-тәрбиелік ойлар.

Қорқыт (Дада Қорқыт) және оның нақыл сөздері 

Қорқыт (Дада Қорқыт) – 8- ғасырда Сырдария бойында мекендеген қыпшақ-оғыз тайпаларынан шыққан атақты жырау, дарынды күйші және ойшыл философ болған.Қорқыт ата - халық қамқоршысы, ақын, күйші дарынды данышпан. Ол қазақ жерінде (Қызылорда обылысында) УІІ-УІІІ ғасырда өмір сүрген, көптеген жырлар мен күйлер шығарып, тәлім-тәрбиелік мәні зор өсиет қалдырған. Ұлы данышпанның қалдырған мұрасы "Қорқыт ата кітабы” аталып, дүние жүзіне тараған. "Қорқыт ата кітабының” бір қолжазбасы Германиядағы Дрезден қаласында, екіншісі Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба 6 жырдан құралған (жалпы толық қолжазба 12 жырдан тұрады). Қазақ арасында Қорқыт туралы жыр дастандары мен аңыз-ертегілері бар. Қорқыт туралы Ватикан архивінде мынандай дерек сақталған: "Расул Пайғамбар (Мұхамет пайғамбар) заманына жақын кезде (8-ғасыр) Баят (Сырдария) бойында Қорқытты атты бір ер болыпты. Оғыз ішінде барлық уәләйатты өзіне қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт оғыз қауымының мүшкіл халі туралы сөйлер еді. Әрине, іс болса, бәрі алдына келіп, кеңес сұрап, ол нені бұйырса соны қабыл етер еді”. ("Дада Қорқыт кітабы”, Стамбул, 1980.)Қорқыт өз өмірінде Алтай, Ертіс, Ұлытау, Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу, Талас, Сайрам, Сыр, Қаратау, Жетісу өлкелерін билеген үш ханға - Инал, Құл еркін, Қаңлы қожа сияқты хандарға ақылгөй уәзір болған. Осы кезде ата-баба жасаған мекенді жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалдарды ақылмен шешу, қылмысты адамдарды жазалау, әскери күштерді оң және сол деп екі қанатқа бөлу, халық жиналыстарында тәртіппен отыру, ас-той өткізу тәртіптерді қатарлы заң-жораларды белгілеп, әлеуметтік жора (заң-тәртіп) жасаған екен. (Қазақ ауыз әдебиеті туралы пайымдаулар”, 80-82 беттер Шинжаң халық баспасы. 1984.) 
Бұл тарихи-әдеби мұра Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ дәуірінде жырланып, ХУ ғасырда Кавказ жерінде хатқа түскен. Оны ерте замандарда ұзандар жырлаған. Түрік Лұғатын жазған Фарханг Шури бұл атауды қолына тамбур алып өлең жыр айтатын адам оларды оғыздар ұзан деп атаған. Өздері көбіне оғызнаманы жырлаған деп көрсетеді. Кейбір тарихи мағлұматтарға қарағанда Қорқыт ата кітабының айтушысы Қорқыттың өзі тек соны оғыз ханына оның немелері жырлап беретін болған. Әрбір қисаны аяқтаған соң жырау бұл жырды менің Қорқыт атам айтып сөзін құрастырған еді деп отырады. Қорқыт ата кітабы бүкіл Орта Азиядағы түркі тілдес халықтарға Кавказдағы әзербайжан Осман түріктеріне кеңінен жазылған сюжет. ХІУ-ХУ ғасырларда Оғызнама Қорқыт ата кітабы иран, арап тілдеріне де аударылған. 
Бұл жырды әзербайжан халқы да иемделіп келеді. ХІУ ғасырдағы сұлтан баязит заманынан бері бұл сюжетті көбірек зерттеген елдердің бірі Осман түріктері Қорқыт жырларын соның елімен байланысты айтылатын көрінеді. Бартольд Осман түріктерінің мал бағудан қол үзе бастағанын ескеріп, бұл анықтаманы қабыл алмайды. Қорқыт ата кітабындағы Сыр бойындағы көшпелі түркі тайпалардың өмірі жырланады. Жырдың Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ ұлысы тұсында туғандығында дау жоқ. Оған оның мазмұны жер, су аттары түрлі әдет-ғұрып көрністері айғақ Қорқыттың бейіті де Сырдың төменгі бойында болған. Ол жерді Қорқыт станциясы деп атайды. Қорқыт жәдігерін 1896, 1898 жылдары Ә.Диваев зертеп, ол туралы бірқатар ертегі, аңыздар келтірген. Көптеген орыс ғалымдары да Қорқыт жайында көптеген аңыз-әңгімелер жинаған. Қорқыт кітабін сөз еткенде оны Қорқыт жайындағы ел аузында жүрген түрлі аңыздармен шағылыстыруға болмайды. Ондай ертегілердің арғы тегі осы Қорқыт ата кітабына енген жырларға барып тірелетіні де рас. Қорқыт атаның жырлары ХІІ ғасырлардан бергі шығыс елдерінің жазба мәдениетінде айтыла бастаған. Қорқыт есімі ХІУ ғасырлардан бастап айтылады. Түркімен тарихында Қорқыт Инвал Ябы, Дойлы Қай Ерекке, Туман, Қаңлы, Жаулы деген хандарға қызмет көрсеткен қазақтың Сыпыра жырауы сияқты көп жасаған қария ретінде айтылады. Қорқытты ІХ ғасырлардағы оғыз-қыпшақ ұлысы тұсында өмір сүргені барынша анықталады. В.Бартольд пікіріде осыған жуық келеді. Ол шығыс халықтарының тарихын зерттеуші Розен және Жәми сөздеріне сүйене отырып, Қорқытты Х ғасырлардағы бүкіл Орта Азия халықтарының данасы, сәуегейі болған дейді. Қорқыт Орта Азиядағы түркі тайпаларының эпостық жырларының атасы болып табылады.. Қорқыт ата кітабының сюжетіне келсек, оның оғыз тілінде жасалған бір нұсқасын ХІХ ғасырлардың бас кезінде неміс ғалымы Диц жазып алған. Қорқыт ата кітабының алғашқы үш саласын академик В.Бартольд оғыз тіліндегі нұсқасымен бірге орыс тілінде бастырған 1962ж ССРО Ғылым академиясының баспасы В.Бартольд аудармасының толық нұсқасын "Книга моего деда Коркута” деген атпен басып шығарады. Қорқыт ата кітабы жайында Қ.Инастранцев, Ә.Диваев, А.Туманский, В.Бартольд т.б. ғалымдардың көптеген еңбектері бар. 
"Қорқыт ата” кітабындағы жырлар құрылымы жағынан қазақ эпостарының тектес сюжеттерімен юажайлас: әсіресе перзентке зар болған қарт ата-ананың қасіретті өмірі жиі қайталанады ("дер"ехан-ұлы Бұқаш туралы жыр”, т.б.). Қорқыт жырларында әйел ананың ақыл-ойы, ерге беріліп, ел үшін ерлік жасауы, ана абыройы қастерлене баяндалады. 
Атақты жырау ұлы күйші оғыз –қыпшақ елінің данышпаны ақылгөйі Қорқыт ата өзінің жырлары арқылы ұрпақтарын алауыздықтан аулақ болуға, еңбекті құрметтеуге, ерліктің қадірін біліп, батырлыққа бейімдейді. 
Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық педагогикамыздың бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиет сөздері, күйлері мен аңыз әңгімелері жалпы адамзаттық тәрбие ұлағаттарына үлкен үлес болып қосылады. Қорқыт ата- халық ұстазы болды. Әулие атамыздың асыл мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қасиетті еңбегінің қадірін арттырып, қастерлей береміз. Өйткені, ол- этностық тәлім-тәрбиенің алатын бастауы деп білеміз. 
"Қорқыт ата кітабында” және "Қорқыт жырларында” Қорқыт айтқан афористік қорытындылар да бар. Мысалы: "Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас”, "Ақын тілді, ат тұяқты келеді”, "Ескі темір біз болмас, ескі мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас, өткен өмір оралмас, өлген кісі тірілмес”, "есекті жүгендегенімен жылқы болмас,”, "қорқаққа қылыш жұмсаудың қажеті жоқ” т.б. 
Қорқыт ата- дана, ақылгөй ата болуымен бірге дарынды жырау, майталман күйші, қазақтың музыка аспаптары қобыз мен домбыраны алғаш жасаушысы, өз заманының кемеңгер ойшылы. Қорқыт ата өз ел-жұртының аянышты ауыр халін көріп, одан елді құтқаруды, мәңгі бақи өлмейтін бақытты өмірді аңсайды, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Бірақ көктемде жапырағы жайқалып шешек атқан шөптердің қүз келісімен сарғайып солғанын, бір заманда аспанмен тілдескен асқар таулармен мыжырайып шөгіп бара жатқанын, мәуелі ормандардың жапырағы төгіліп, қайғымен қамығып бас шайқағанын көреді; адамзат, жан-жануардың мұң-зарын естиді. Ол қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады, ол ең ақырында: дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ, "сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ” деген қорытындыға келеді де, өлмейтін өмірді халықтан іздейді. Өмірінің соңғы кезін домбыра-қобыз тартып, күй шығарумен өткізеді. Ең ақырында қобыз күймен көз жұмып, артындағы ұрпаққа өлмес күйлерін қалдырады”.("Қорқыт жыры”, "Мұра журналы, 1982ж.і-саны). "Қорқыт күйлері” дейтін күйлер қазақ халқы арасында күні бүгінге дейін ардақталып, ойналып келеді. Қорқыт жырының қорытындысы: "өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмтылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дегенді аңғартады. 
Қорқыттың музыкалық-этнографиялық мұрасы-достық елдерді мекендейтін түркі тілдес халықтардың барлығының ортақ игілі болып табылады. Аталған шығармада тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Бұлар тарихи-этнографиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге осы аймақтағы халықтардың ілкі ортағасырлардағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейді. Қорқыттың есімі көшпелі қазақ жұртының арасында ерте заманнан-ақ ерекше қастерленген. Сондықтан да халық: "Жыраудың үлкен пірі - Қорқыт ата, Бата алған барлық ақын асқан ата. 
Таңдалып жұрттың бәрі тұрады екен, Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда,” – деп тегін жырламаған. 
Қорқыт атадан қалған бір сөз мынандай: ”Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бәрі екеу болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Су тарам-тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиеленген адамға көрдім-білдім деген сөзді де айтпас. Баланы балғын шағынан бастап оқытып, жақсылап тәрбиелеу, яғни кішкентайынан тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ата-ананы қастерлеуге үйрету. Қорқыт атаның асыл сөздерінің көбінде тәлімдік идеялар ұшырасады. Өскелең ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беруге ерекше көңіл бөледі. Қорқыт атаның нақыл сөздері Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас. Ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. 
Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Қап тауының арғымағын мінгізуден пайда жоқ. Адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспайды. 
Қорқыт тұлғасы халқымыздың мәдениетінің дамуындағы көп ғасырлық желісі жалғастырып, оның мұрасы арқылы өткен ұрпақпен рухани байланысқа түсе аламыз. Әсіресе , тарихи дамудың бабамыз өмір сүрген дәуіріндегі салт-дәстүр, құндылықтар мен мінез-құлық қалыптарының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру тұрғысынан алып қарағанда "Қорқыт ата кітабының” халқымыздың тәлім- тәрбиесі тарихындағы алатын орны айтарлықтай екендігі даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет