Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың халық педагогикасын зерттеуі .А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. ұлттық тәрбие жөніндегі зерттеулері
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың халық педагогикасын зерттеуі .А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. ұлттық тәрбие жөніндегі зерттеулері Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңi (ХIХғ. 2-жартысы), оның белсендi қайраткерлерi Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңi (1920-1930жж.) және ол кезеңдегi қайраткерлерi Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңi (1970-1995) және оның қайраткерлерi Ш.Уәлиханов Ы.Алтынсарин А.Құнанбаев 2.Орыс,батыс саяхатшы-ғалымдары
П.С.Паллас Э.С.Вульфсон А.Вамбери А.Левшин А.Янушкевич Н.Г.Потанин Н.Л.Зеланд В.В.Радлов т.б.
Батыс ғалымдарының iшiнде бұдан жетi ғасыр бұрын қазақтар туралы ең алғаш қалам тартып, жылы лебiз бiлдiргендердiң бiрi жазушы, әрi саяхатшы Италия ғалымы Марко Поло (1245-1324) болды. Ол өзiнiң “0 разнообразии мира” деген кiтабында дүние жүзiндегi әр түрлi халықтардың тұрмыс-тiршiлiгiн, салт-дәстүрлерiн әңгiмелей келiп, қазақтардың бие сүтiнен қымыз ашытатынын, ұзақ жолға жарақты ат мiнiп, жол азық алмай, ет асып жейтiн шәңкесi мен баспана шатырын алып, “Ер азығы мен бөрi азығы жолда” деген тәуекелмен жүре беретiнiн, атына және өзiне қажеттi азықты жол-жөнекей тауып жейтiнiн, малға ен, таңба салатынын, жоғалса немесе ұрланса, сол белгiлер арқылы тауып алып, ұрлаған адамға жетi қамшыдан үш жұз қамшыға дейiн дүре соғу айыбын кесетiнiн сөз етедi. Ол “қазақтардың қарулары садақ, семсер және шоқпар, олар садақ тартудың шеберi болғандықтан оны жиiрек қолданады. Өте тамаша және ерлiкпен соғысады. Соғыста ар-намысы күштi. Қашып бара жатып, қуғыншы бас сауғалады деп, жаңсақ ұққан жаудың қатары сирегенде қайтып оралып, жаудың тас-талқанын шығарады” (44, 220), – деп, олардың мергендiгiн, қайтпас жауынгерлiгiн сүйсiне сөз етедi.
Ол өзiнiң Жетiсу бойында болған сапарында көрген қазақтың “қызбөрi” ойынының шығу тарихына ой жiберiп, бұл ойын Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезiнен, яғни таптық қатынаспен бiрге туғандығы жайлы ескертедi. Ұлт ойындарының шығу тарихын зерттеуге көңiл бөлген ағылшын ғалымы Э.Маккей де осы пiкiрдi тереңдете түсiп, “Түрлi құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарағие т.б. ұлт ойындары Азия елдерiнде тайпалық одақтардың арасында шамамен 5 мың жыл бұрын ойыналып таралғанға ұқсайды” дейдi. Ол ертедегi Қазақстан жерiн мекендеген көшпелi тайпалардың негiзгi кәсiбi аңшылық болған. Тайпалар аңға шығар алдында дайындық жасап, “қарағие” ойынымен айналысқан. Олар сол арқылы мергендiктi меңгерсе, ал жаумен жекпе-жекте найзаласқанда оңайлықпен берiлмейтiн болған. Сондықтан да Сақтардың өзiнiң жауларына үнемi тойтарыс берiп отырғандығын, қарсы тайпасының Кир (558-529 Ф.д.д) Дарий 1 (5-18 ж.б.д.д.) секiлдi қолбасшылардың басы сақ тайпалары батырларының қанжығасында кеткенiн тарихтан жақсы бiлемiз. Ұлт ойындары қоғамның өзгеруiмен байланысты әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың негiзiнде дамып, Қазақстан жерiнде алғашқы қауымдық құрылыста: аң аулау, таяқ жүгiрту, садақ ату, қақпатас, қарагие ойындары пайда болса, бертiнгi дәуiрде қайталау-жаттығу нәтижесiнде бұл ойындар: аң аулау, бүркiт салу, садақ тарту, жамбы ату, қарагие-найза лақтыру, қақпан-тұзақ құру т.б. аттары өзгерiп, мазмұны байи түскен. Ертедегi Қазақстан жерiндегi рулардың қалыптасу кезiндегi этнографиясы, ойын-сауықтары, ән-күй, би, қол өнер мәдениетi жайындағы деректер ХIII-ХVIII ғ.ғ. Орта Азия мен Қазақстан жерiнде болған Европа саяхатшыларының алғашқылары Плано Карпини, Вильгельм Рубрук еңбектерiнде жинақталған. Мәселен XIII ғасырдың бiрiншi жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм, Жетiсу, Тарбағатай арқылы Монғолияға барып қайтқан сапарынан жинаған материалдарынан “Монғолия тарихы” атты еңбек жазды. Бұл еңбектi кезiнде шыгыс халықтарының этнографиясын зерттеушi ғалым Шоқан Уәлиханов та өз еңбектерiнде пайдаланды. Немiс ғалымы Александр Гумбольд 1829 жылы орыс өкiметiнен арнайы рұқсат алып Каспий теңiзiнiң бойына, Орал мен Алтай және Орынбор, Семей, Өскемен қалаларына саяхат жасайды. Ол көшпелi қазақ ауылдарының өмiрiмен танысып, “Центральная Азия исследования о цепях гор и по сравнительной климатологии” атты еңбегiн жазады. Осы еңбегiнде “қазақ ауылына келген беттегi қонаққа көрсетiлетiн сый-құрметiне, олардың ойын-сауықтарына, әсiресе қоян-қолтық күрестерi мен ат жарыстарын қызықтамайтын және осы халықтың ойын-сауықтары жөнiнде жазбаған шетел ғалымдары мен саяхатшылары кемде-кем” дейдi. А.Гумбольд қазақ жерiнде жүрiп, көшпелi халықтың өмiрi жайындағы ойға түйгенiн Канкрин мен Шеллерге жазган хатында: “Мен қазақ аулында болған кезiмдi өмiрiмнiң аса құрметтi кезеңi деп есептеймiн. Мен өмiрiмде осындай қысқа уақыт iшiнде мұндай үлкен тарихтан осыншама мол материал жинап көрген емес едiм. Бiрақ, бұл кең дүниенiң ортасында болгандықтан да солай болуы керек”- дейдi . Француздың атақты жазушысы А.Дюма “Из Парижа в Астрахань” деген еңбегiнде ұлына жазған хатында “Қымбатты ұлым, сенiң хатың менi Астраханьда қуып жеттi. Менiң саяхаттағы өмiрiмнен мағлұмат алғың келсе, алдымен қолыңа Россияның картасын ал, Астрахань қаласын тап. Бiздер мұнда келгеннен кейiн Каспий теңiзiнiң жағасында аң ауладық, құс салдық. Бұл күндерi мен үлкен тойдың, ойын-сауықтың куәсi болдым. Келген қонаққа сый көрсетумен мұндай ойындар өткiзу әзiрше мен көрген елде, жүрген жерде кездестiрмедiм. Мұндай ойын-сауықтың өтуiне себепшi болғандықтан, маған қаракүлден тiгiлген тон кигiздi” – дейдi. Ал ұлты француз, өзi Ресей Ғылым академиясының мүшесi П.С.Палластың “Ресей империясының түрлi аймақтарына саяхат” (СПб, 1779) атты кiтабында жалпы қазақ тұрмысына көз салып, оның iшiнде бақсы балгерлердi әр жiкке бөле қарастырса, венгер ғалымы А.Вамберидiң “Орта Азия очерктерi” (М., 1868), “Орта Азияға саяхат” (СПб., 1865) деген еңбектерiнде Бұхар хандығындағы қазақтарға байланысты ой қозғайды. “Ел кезген сапарларымда, – деп жазады А.Вамбери, – олардың тұрақ-мекендерiн кездестiрдiм, халқының сан мөлшерi туралы сауалыма үнемi “әуелi даладағы құмды, сонан соң ғана қазақтарды сана” – деп күле жауап бередi. Сол сияқты, олардың шекараларын дәл анықтау да мүмкiн емес. Бiздiң бiлетiнiмiз – олар Сiбiр, Қытай, Түркiстан және Каспий теңiзi аралығындағы ұлан-ғайыр сар даланы мекендейдi. Бiздiң аса бiр таң қалғанымыз – олардың музыка мен поэзияға ерекше бейiмдiлiгi, екiншi жағынан байқағанымыз – текшiлдiгi. Екi қазақ жолықса, мiндеттi түрде алғашқы сұрауы: “Жетi атаң кiм?” – деп келедi, тiптi сегiз жасар бала болса да, жауапқа мүдiрмейдi, олай болмаған күнде жетесiздiгiн көрсетедi” (44, 224), – дейдi. Немiс саяхатшысы Иван Шильтберген өзiнiң “Ұлы Татария туралы” деген мақалсында Сiбiр даласын жайлаған: татар, башқұрт, қазақ, қалмақтардың тiршiлiгiн сөз ете келе, қазақтардың киiз үйде жерге отырып тамақ iшетiн, көшiп-қонуға, ыстық-суыққа көнбiстiгiн, хан сайлау, оған арғымақ ат, алтын қылыш сыйлау рәсiмдерiн баяндайды. “Қазақтардың (қырғыздардың) ұлы татария даласында бүкiл түз халықтарының iшiндегi ең ержүрек ел екенiн айрықша айту қажет” (44, 220), – дейдi. Француз ғалымы Элизе Рекло (1830-1905) “Арал – Каспий көлбеуiн мекендеушi халықтар” (1880) атты еңбегiнде қазақтар туралы жоғарыда айтылған пiкiрлердi қуаттай отырып, ол: “...бүкiл Ресейдiң көлемiндей жердi, Едiл жағалауынан Алатауға дейiн, Амударияның аяғынан Ертiске дейiнгi өңiрдi алып жатқан екi миллиондай адамы бар (халық саны ол кезде 4 миллионнан астам болатын. – С.Қ.) қазақ ұлты Азияның көшпелi нәсiлiнiң iшiндегi ең өсiп-өнген ел, бiрақ бөлшектенуi де шексiз: қазақтар өздерiн қанша жел ұшырса да мұрты сынбайтын теңiз құмына теңейдi. Бұл халықтың өкiлдерiн тiптi Тибет пен Үндiстан шекараларынан да кездестiруге болады. Бұлардың тiлiнде мұсылман дiнi арқылы енген аздаған араб, парсы сөздерi мен моңғол тiлiнiң аз-маз әсерiнiң барлығы байқалғаны болмаса, бөгде әсерге ұшырамаған, ең таза тiлдi түркi халқына жатқызуға болады” (44, 223), – дейдi. Белгiлi шығыстанушы ғалым Г.Клапорт 1825 жылы желтоқсанда Париждегi “Азия журналы” бетiнде француз тiлiнде жарық көрген “қазақ тiлi жайлы” деген мақаласында қазақтарды моңғол тегiне жатқызуға байланысты жаңсақ пiкiрге ғылыми тойтарыс беру мақсатын көздесе, Р.Карутцтың “Маңғышлақ түркiмендерi мен қазақтардың арасында” атты кiтабы сол кездегi қазақ тұрмысын бiршама байыпты қарастырған. Ал Э.С.Вульфсон деген дат ғалымы өзiнiң “Қазақтар” атты очеркiнде (М., 1901) қазақтың қыз қуу, ат жарыс, жаяу жарыс т.б. ұлт ойындарын сипаттай келiп, “тап қазақтардай бүкiл өмiрде әндi қастерлеп өтетiн халықты табудың өзi неғайбыл...” деп, олардың өнердi қастерлеуiн кең сахарада көшiп-қонып еркiн жүруiмен байланыстырады. Қазақтың балаларды кiшкентайынан инабаттылыққа, iзеттiлiкке тәрбиелейтiнiне сүйсiнген ғалым, қазақ өз баласына “Егер қарттарды сыйласаң, құдай сенi сыйлайды” деген нақылды титтейтiнен миына құйып өсiредi. Егер үйге ақсақал кiрiп келсе, барлық жас түрегелiп, бас иедi және әзiл-қалжың кiлт тыйылады” – деп жазады. Ғалым “осы халықта қарттар – үлкен ұстаз” (44, 225), – деп, дұрыс қорытынды жасайды. Осы пiкiр ХIХ ғасырдың екiншi жартысында қазақ даласында болып, салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпын терең зерттеп, өзiнiң “Из Сибири” атты еңбегiн жазған немiс оқымыстысы, академик В.В.Радловтың (1837-1918) еңбегiнен де байқалады: “... менiң, – деп жазды ол, – қазақтар арасында ұзақ уақыт тұрып, олардың салт-дәстүрлерiмен танысқанымда көзiм жеткен ақиқат, бұлардың өзiндiк ерекше мәдениетi бар халық екендiгi. Бiздiң отандастарымыз ойлағандай, олар тiптi де тағы, “ауыздықсыз”, “басбұзар”, “қарақшы”, тұқымын құртуға тұрарлық халық емес. Олардың мiнез-құлқына отырықшы халықтарға қараған көзқарастан басқа көзқараспен қарау керек... Олардың өмiрге көзқарасы, салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрпы, бiр сөзбен айтқанда, бар өмiрi мен еңбегi малмен тiкелей байланысты болғандықтан, жыл бойы көшiп-қонуға негiзделген...” (44, 237), – деп, қазақ мәдениетiне аса жоғары баға берген болатын. Қазақтар жөнiнде Ресейде алғаш монографиялық еңбек жазған адам Алексей Ираклиевич Левшин (1792-1879) болды. Оның “Қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының сипаттамасы” (1832) атты еңбегiнiң бiрiншi бөлiмiнде Қазақстанның географиялық жағдайына сипаттама берiлсе, екiншi бөлiмi қазақтардың тарихына, ал үшiншi бөлiмi этнографиясына арналған. А.Левшин – “Қазақ” деген атқа тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан анықтама беруге тырысқан ғалым. (Осы еңбекке дейiн Ресейдiң баспасөз беттерiнде, сондай-ақ ресми құжаттарда қазақтарды “киргиз-қайсақ” деп келген. – С.Қ.) Ол қазақ халқының Ресейге бодан болуынан бастап ХIХ ғасырға дейiнгi Орынбор әкiмшiлiгi және орыс өкiметiмен арадағы сауда, ресми және саяси қарым-қатынастарынан көптеген мағлұмат бередi. А.И.Левшин қазақтардың табиғат қаталдығына төзiмдiлiгiн, күнкөрiс кәсiбiн төрт түлiк малмен байланыстыра былайша сөз етедi: “...табиғатпен етене өмiр сүрген, қарапайым тамақ iшiп, жайбарақаттықта, таза ауамен тыныстаған қырғыздардың денсаулығы мықты, көп жасайтын, күштi де қуатты, аштыққа, ыстық-суыққа шыдамды келедi. Күннiң ыстығы қаперлерiне де кiрмейдi. Айналасын көргiштiгi таңдануға тұрарлық. Тегiс жерде тұрып кiшкентай заттарды он не одан да көп шақырымнан көре бiледi. Көздерi аса өткiр келедi. Еуропалықтар заттарды бұлдыр көрiп әзер байқайтын жерден, олар заттың сұлбасы мен түсiн (әсiресе, малдың түсiн) жақсы ажырата бiледi. Бала күнiнен ат құлағында ойнау қазақтың тұңғыш гимнастикалық жаттығуындай, былайша айтқанда, олар ат үстiне туып, ең асау аттың өзiн батыл да шебер ауыздықтайды. Әйелдерi бұл жағынан еркектерден кейде асып та кетедi, ...ауылға сырттан қонақ келсе, бәрi жиналып соны тыңдайды, берген тамағына ешкiм әңгiмеден басқа ақы сұрамайды. Қырғыздар үшiн меймандостық қастерлi заң” (44, 230), – деп, қазақтың қонақжайлық салт-дәстүрiн мадақтаса, олардың психологиялық ерекшелiгiне орай: “...қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, ақсақалдарға құрмет көрсету олардың ең жақсы қасиетi, халықтың даңқын шығарған ұлдарына батыр деп ат берiп, өлсе де ұмытпай үлгi тұтады. қырғыздар туған жерiн, атамекенiн қатты қастерлейдi. Кiр жуып, кiндiк кескен жерiн тастап, ешкiм ешқайда кетпейдi”, – деп, елiн, жерiн сүюшiлiк олар үшiн ұлттық сезiмнiң ең қасиеттi белгiсi екенiн айтып, биiк адамгершiлiк қасиеттерiн ерекше атап өтедi. А.И.Левшин қазақ әйелдерiнiң инабатты, шаруақор, iске шебер, ерiне адал болатынын да дұрыс көрсеткен. “қырғыз әйелдерi, – деп жазды Левшин, – түйе жетектеп келе жатып та жасы үлкен ерлерге iзеттiлiк көрсетудi ұмытпайды. Олар ерлерден гөрi бейнетқор, малға қарайды, киiм тiгедi, ерi үшiн бәрiн жасап, оны кетерде атына мiнгiзiп, аттандырып салады. Қазақта балаға әкеден гөрi ана көп қарайды, қыздарын үй-iшiндегi өнердiң бәрiне үйретедi” (44, 231), – дейдi. Осы еңбектiң ХII тарауында қазақтың балаға ат қою, сүндетке отырғызу, үйлену, өлген адамды жерлеу мен еске алу (жетiсiн, қырқын, жылын беру) сияқты салт-дәстүрлерiн жан-жақты сөз еткен. А.И.Левшиннiң бұдан басқа “Орал қазақтарының тарихы және статистикалық сипаттамасы” (1823), “Кiшi жүз ханымен (Шерғазымен. – С.Қ.) кездесу” (1820), “Татарлардың ежелгi қаласы Сарайшық туралы хабар” (1824), “қазақ халқының аты-жөнi және нағыз немесе жабайы қырғыздардан айырмашылықтары туралы” (1826) деген еңбектерiнде де қазақ халқының ұлттық ерекшелiктерiн шынайы да, әдiл бағалаушылығы байқалады. Өткен ғасырдың бiрiншi жартысында саяси көзқарасы үшiн қазақ даласына жер аударылған бiр топ орыс зиялылары Батыс Сiбiр өлкесiнде айдауда болып, өздерiнiң тағдырлас бауырлары – қазақ еңбекшiлерiнiң өмiрiнен еңбек жазған. Солардың бiрi декабристер қозғалысының Польшадағы көрнектi қайраткерi, ақын Адам Мицкевичтiң досы, Вильно университетiнiң түлегi Адольф Янушкевич (1803-1857) едi. Оның нағашысы Польшаның бостандығы мен тәуелсiздiгi үшiн шайқасқан атақты Костюшко болатын. А.Янушкевич университетте оқып жүрiп, Костюшко басқарған студенттердiң жасырын саяси ұйымына қатынасып, патша самодержавиясына қарсы үгiт жұргiзiп, 1832 жылғы бiр шайқаста жараланып, қолға түседi, 1832 жылы 4 наурызда А.Янушкевичтi дворян атағынан айырып, өлiм жазасына кеседi. Бiрақ кейiннен кешiрiм жасалып, Сiбiрге 25 жылға жер аударады. Ол 1832-1849 жылдары Тобыл, Есiл бойларында, Омбыда айдауда жүрiп, қазақтардың өмiрi туралы естелiк еңбектер жазды. 1846 жылы А.Янушкевич Семей, Аякөз, Лепсi, Жетiсу өлкелерiнде мал, адам санағын өткiзуге Омбыдан арнайы шыққан генерал Вишневский басқарған экспедиция құрамында болып, қазақтардың ауылдарын аралап, көрген-бiлгенiнен “қазақ даласынан жазған хаттар” атты естелiк құрастырады. Мұнысы 1861 жылы Парижде поляк тiлiнде басылып шығады. А.Янушкевич осы еңбегiнде Ресей империясы шенеунiктерi арасында қазақтар жөнiнде сол кезде қалыптасқан “тағы көшпелiлер” дейтiн терiс көзқарасты әшкерелеп, дала тұрғындарының өзiндiк мәдениетi, салт-дәстүрi бар, шешендiк, ақындық өнерге келгенде “ақыл-ой тапқырлығы” жағынан Еуропаның ең мәдениеттi деген елдерiнен кем түспейтiндiгiн нақтылы деректер келтiре отырып баяндайды... Бұл жөнiнде ғалым: “...мереке кезiнде мен ең алғаш рет өлеңшiлердi тыңдауға мүмкiндiк алдым. Бұлар қазақтың трубадурлары, даланың бардтары – ұлы ақындары. Қазақтардың өлең шығаруы мен орындау дарыны осы халықтың ақыл-ой қабiлетiн тамаша айқындайды. “Бұдан бiрнеше күн бұрын өзара жауласқан екi партияның арасындағы қақтығыстың куәсi болған едiм. Сонда Демосфон мен Цицерон туралы ғұмыры естiмеген шешендердiң сөз сайысына таң қалып қол соққанмын. Ал бүгiн оқи да, жаза да бiлмейтiн ақындар менiң алдымда өнерлерiн жайып салады. Олардың жыры жаныма жылы тиiп, жүрегiмнiң қылын қозғады. Сонымен өзiмдi тәнтi еттi” (44, 232), – дейдi. А.Янушкевич қазақтың ас пен тойын, ат баптауын, қымыз ашытуын, ақындар айтысын, келiн түсiру, ұлға еншi беру, өлiктi жөнелту, барымта сияқты әдет-ғұрыптарын да терең сипаттап, сүйсiне сөз етедi. Сонымен бiрге патша шенеунiктерiнiң осы халыққа орынсыз қамшы үйiрiп, балағаттап боқтау, жазықсыз жазалау әдетiне ренiш бiлдiре, кейбiр содыр-сойқан шенеунiктердi әдiлетсiздiгi үшiн қарапайым халықтың “қамшы майор” атағынан айтады. ХIХ ғасырдың екiншi жартысында Қазақстанға жер ауғандардың iшiнде С.Гросс, Б.Заленскийлер де болды. Адвокат С.Гросс та А.Янушкевич сияқты саяси сенiмсiздiгi үшiн Сiбiрге жер аударылып, Семейде сегiз жылдай тұрып “материалы для изучения юридических обычаев киргизов” атты еңбегiн жазған. Ол сол жылдары Семейде құрылған статистикалық комитеттi басқарады, басқа да ғылыми қоғамдардың құрылуына еңбiген сiңiредi. Абаймен достасады. Бiр айта кететiн жай поляк халқының алдынғы қатарлы идеяларды таратушыларының бiрi А.Янушкевич (ХIХ ғасырдың 40 жылдарында) Абайдың әкесi Құнанбаймен кездесiп, ол туралы жақсы лебiз бiлдiрсе, ал Гросс 80 жылдары Абайдың өзiмен пiкiрлеседi. Американ жазушысы Джордж Кеннен де осы Семейде болған кезiнде С.Гросты, оның досы А.Бектi және Абайды кездестiрiп, солардың қазақ халқының тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеуде қандай еңбектер жазып, зерттеулер жүргiзгендiгiн өзiнiң “Сибирь и ссылка” атты еңбегiнде ашып жазады. Қазақ халқының этнографиялық материалдарын жинауда еңбек еткен тек Россия үкiметiнiң Қазақстан жерiне арнайы жiберiлген экспедициялары ғана емес, сонымен қоса көршi отырған екi ел арасында кездесетiн кейбiр қақтығыстарда қазақтардың қолына түскен орыс тұтқындарының да қосқан үлесi баршылық. Осындай тұтқындардың бiрi орыс офицер Ф.С.Ефремов көшпелi халықтың өмiрi жайында көптеген материалдар жинаған. Ол Россияға қайтқан бетiнде тұтқында жүрiп жинаған материалдарынан еңбек жазып, соның “Чем киргизская земля изобильна, каков воздух и жители” атты бiр тарауы қазақ халқының аңшылығы мен ойын-сауықтарының қалай өтетiндiгi, оған өзiнiң бас кейiпкер болып қатысқандығы жайлы баяндайды. Орыс тұтқындарының iшiнде бұдан басқа да кезiнде еңбектерi жарық көрмей, бүгiнде архив қазынасы болып жатқан С.Матвеев, Я.Гаверлевский сияқты зерттеушi ғалымдар да бар. Қазақ халқының этнографиясы жөнiнде еңбек жазғандардың бiрi орыс армиясының капитаны И.Г.Андреев едi. Оның “Описанием средней орды киргиз-кайсаков” атты еңбегi алты тараудан тұрады. Соның “обряды” деп аталатын бесiншi тарауында шiлдехана тойындағы өтiлетiн ойындар мен нәрестенi тәрбиелеп күту мәселесi сөз болады, ал сол тараудың бесiншi бөлiмiнде үйлену тойындағы ойын-сауықтар туралы айтады. Өткен ғасырдың екiншi жартысында Орынбор, Омбы, Семей қалаларында болып, қазақтар туралы құнды еңбек жазған, дәрiгер, антрополог ғалым Н.Л.Зеланд (1833-1902) болды. Ол 1885 жылы “қазақтар” (44, 234) атты этнографиялық очерк жазып, Омбы қаласында бастырып шығарды. Зеланд адамның табиғи қасиеттерi, оның iшiнде темпераментiн сол халықтың психологиялық ерекшелiгi деп қарайды. Ол көшпелi қазақтарды сангвиник темпераментiне жатқызады. Олардың адамгершiлiк қасиеттерiнiң iшiнен адалдықты, бауырмалдықты, қайғыға ортақтастық пен қонақжайлылықты, салауаттылық пен төзiмдiлiктi т.б. қасиеттерiн ерекше атап көрсетедi. Аталмыш еңбекте қыр қазақтарының дене бiтiмi жайында қызықты деректер бере келе, баланы бесiкке бөлеудiң пайдасын, балаға ат қою, сүндетке отырғызу, қонақжайлылық, салт-дәстүрлерi туралы да сөз қозғайды.
Ғалым қазақ халқына психологиялық мiнездеме бере келiп, “...қазақ – қызу қанды жан. Оның рухына жайсаңдық пен iзгiлiк тән, ол ылғи да жайдары жүредi, жалпы сергек, әрi елiктегiш келедi. Алайда “жүйкесi” көнбiстi, ашушаңдыққа бара бермейдi. Олардың қызу қанды болуының себебi, бәлкiм, көшпендiлердiң өмiр салтынан да болса керек. Қауырт та шапшаң дене қозғалысы, үнемi ат үстiнде жүруi қан айналымы мен зат алмасуына қолайлы болуы тиiс, бұған қосымша дала тұрғындарының дене қызуының жиi алмасуы, олар жұтатын таза ауа да, шөлейтте жол шеккенде сусынды көп iшуi, дiни жоралғыларға байланысты тағамдар таңдауы, асқазан және iшек жолы қызметiн жақсартуға көмектеседi. Бұл айтылғандардың рух күшiн сақтауға маңызды ықпалы зор: ақыр соңында арақпен, апиынмен және темекiмен жүйкесiн жұқартуға әдеттенбеудiң де бiраз пайдасы бар”, – деп қазақтардың әдет-ғұрпы мен тамақтану ерекшелiктерiне ғылыми, медициналық талдау жасалған. Н.Зеланд қазақтардың ойлаудағы алғырлығына да шек келтiрмейдi. “Жалпы, қазақтар математикаға басқалардан гөрi жетiк келедi, олардың аналитикалық ойлау қабiлетi күштi”, – дейдi. Ғалым өз еңбегiнiң қорытындысында қазақ ерлерi мен әйелдерiнiң адамгершiлiк қасиеттерiн сөз ете келiп, “әйелдер иман жүздi, олар ақылдылығымен көзге түседi, бұл қазақ қыздарының тәрбиесiне от басында ерекше көңiл бөлуге байланысты” (44, 235), – деп тұжырымдайды.
Бұратана халықтардың тiлi, дiнi, оқу-ағарту мәселесi жөнiнде келелi пiкiр айтқан публицист-ғалым, белгiлi қоғам қайраткерi Николай Михайлович Ядринцев (1842-1849). Ол Томск гимназиясын бiтiргеннен кейiн Петербург университетiне түседi. Осында оқып жүрiп, Шоқанның досы Г.Н.Потанинмен танысады. 1862 жылы Петербургтегi студенттердiң толқуына қатынасқаны үшiн университеттен шығарылады. 1865 жылы Омбы қаласында саяси насихат жұмысын жүргiзгенi үшiн түрмеге қамалып, 9 жыл айдауда болады. Н.М.Ядринцев Сiбiрдi зерттеу экспедициясына қатысып, Сiбiр халықтарының ауыз әдебиетi мен мәдени-тарихи мұраларын зерттеу iсiмен шұғылданады. Ол аты аңызға айналған қарақорымның қираған жұрты мен Орхон-Енисей таңбалы жазуы атанған көне түркi жазу-ескерткiшiн ашады. Н.М.Ядринцев өзiнiң “Ұлт аймақтарының алғашқы жарық жұлдыздары және мешеу халықтардың ағарту iсi” деген еңбегiнде Ш.Уәлиханов, Д.Банзаров сияқты қазақ, бурят халықтарынан шыққан оқымыстыларды дәрiптеп, осы ұлттардың келешекте көркеюi үшiн оқу-ағарту iсiне ерекше мән беру керектiгiн айта келiп, бұратана халықтарды күштеп орыстандыруды “тағылықтың бiр түрi” – деп айыптайды. Н.Ядринцев “кез келген ұлт өзiнiң ұлтын, тiлiн, дiни нанымын сақтауға тым бейiм... Бұратана халықтың шынайы бiлiм алуы оның өз халқымен байланысынан қол үздiрмеуге тиiс” (44, 243-244), – дептi.
5 лекция.
Тақырыбы: Халық педагогикасының құралдары мен факторлары Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақтан балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы, балабақша және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты оятуға бағытталуы керек.Болмысқа танымдық қатнасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы -өмірді тікелей бақылаудан басқа танымдық әдебеттерде жатыр.Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершіліксезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігіқ еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады.Егер халық ертегілеріне педоагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары.Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады.Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады;Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру.
2.Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкердің қимылдарын көрсету.
З.Суретпен жұмыс. Әр түрлі жәндіктер бейнеленген суреттер немесе
бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету.
Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Сабақта үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану әңгімелесу, түсіндіру.
Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжрибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер - ана.туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.
Бастауыш мектеп жасында балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тындаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек. Тілі жеңіл, сөзі ойнақы болып келеді.
1) Балалардың психологиясына зерттеу жасағанда,олардың ойлау түсіну қаблеттін суреттеліп,отырған оқиғанның керкем обрыздың нақтылығын дәлдігін өз өмірінің аймаласынан алуды қажет етеді.
2) Әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында мерзімі болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер алу керек. Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанағатандырып,шарықтатып отыру қажет.
3) Балалар әдебетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу,әдістерінің динамикасы ерекше болады.
4) Балалар жаратылысының көркем көріністерін, пейзажды шебер суреттеуді ұнатады,оған сүйсіне қарайды.соны айналасынан іздейді.
5) Балалар әдебеті шығармаларының мазмұны идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы мамандықтарды игеруіне үлес қосады.
Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухамлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог В.Сухамлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз дворчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II жартысынана басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов және т.б аталуға болады.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қасқабаев және басқалардың қосқан үлесі елеулі болды.
Белгілі қазақ жазушысы академик М.Әуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын берді: "Ертегі деп бояғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.
Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу әрекеті әсер етеді. Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге баулуда ауыз әдебиеті күшті құрал болған. Айталық,мерген,мал тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында балаға ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге болады.
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға,ата-әжелерге ортақ іс,жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген.
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі.Өйткені, оныңжаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор - айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы –ертек Ертегі - ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. "Ұшқыр кілем","Адам жеңбек Айыртас батыр"т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше мәні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі соныңтыныс-тіршілігі қызықты әрі жұмбақ. Мектепте сабақ үстінде кім хайуанаттар, еңбек және өнер жайында ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тәлім-тәрбие беруге болады.
Ертегінің бір түрі-тұрмыс салт ертегілері.Бұл ертегіде көбінесе елдің бақташылық тұрмыс - тіршіліктері суреттеледі.
Еңбек мәнін биік бағалайтын "Қотыр Торғай","Кім күшті?", "Қуыршақ" сияқты балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық тартымды. "Кім кім күшті?"ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөпдоқты, қасқыр, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пітесін жеп қоятын тышқақ тышқанның ін қазып,алты баптан ауыруды сүйреген құмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол еңбек сүйгіш "ұйымшыл".
Ал "Мақта қыз бен мысық" және "Қотыр торғай" оқиғалары еңбекпен тікелей байланысты.
Балаларды табиғатпен байланыстыратын ертегілердің бірі -"Орманға қар не үшін керек" деген ертегіні алуға болады.Оны оқушыларды рольге бөлу арқылы оындауға болады. Яғни рольге бөлу арқылы олардың жадында жақсы сақтап"алып қалады. Ертегі баланың ой-өрісін дамытуда үлкен үлес қосады. Жамандық пен жақсылықты ажырата алады, табиғат жайлы ертегілер баланың табиғатқа қамқор болуға;оны аялап қорғауға үгіттейді.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі - шыншыл ертегілер. Мұндағы ертегі кейіпкерлері қиял- ғажайып ертегілердегі сияқты қиялдан туған емес.күнделікті өмірден еңбек адамдарынан алынған. Мысалы; "Аяз би", "Тазша бала", "Ұр тоқпақ","Атамтай Жомарт"т.б ертегілер жатады.
Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп,оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа болып,оның аясында өмір сүргеннен соң адам баласы өзі туып өскен жеріне деген сүйіпеншілік пайда болады.Батырлар жыры - ел - жұрттың арманы сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Бұл, әсіресе ерте кездегі жаугершілік замандарда оңай болмаған. Сондай жағдайда халық ел қорғайтын хас батырларды аңсаған. Олардың батырлық қаһармандық істерін мадақтап жырға қосқан. Алғашқыда батырлардың бір ерлігі ғана айтылса, кейін басқа да жорықтар жалғасып, оқиға тізбегі өрбітілген. Сөйтіп, халық шығармаларының көлемді де көрнекті тағы бір түрі батырлар жыры пайда болған. Жырды өзі шығарып, өзі айтушы адамды жырау деп, ал жырды айтушы, таратушы адамды жыршы деп атады. Балаларға ертегілердің түрлері көп. Батырлық - эпостық, хайуанаттар жайында, тазша бала, өтірік өлең. Ал батырлық ертегілер арнайы жанрда қарастырылып жүр. Міне, сол дәстүр негізінде қазақ фольклористері соңғы жылдары батырлық ертзп жанрын бөліп алып, оны қиял-ғажайып ертегімен новеллалық ертегінің сондай-ақ қиял-ғажайып ертегімен қаһармандық эпостың аралығындағы жанр деген пікірге келді.Қазақтың батырлық ертегілері екі сипатта болады. Бірі - көне заманда туған миф пен хикаялар, нанымдар мен ғажаиып ертегілер негізінде пайда болып дамыған көркем ертегілер.Мысалы, "Ер төстік", "Керқұла атты Кендебай " сияқты классикалық фольклор үлгілері. Бұл қиял - ғажаиып ертегілерінен кейінгі жанырдың үлгілері. Сол себепті мұндаи архаикалық элементтер көп. Екінші - қаһармандық эпостық ертеп түріне айналған нұсқалары. Олардың ішінен бір жағынан көне түрлері яғни жырға жақындай, бірақ толық ертепге аиналып үлгірмеген шығармалар бар. Ал екінші жағынан классикалық батырлар жырының қара сөзге ауысқан үлгілері кездеседі. Мысалы; "Қабанбай батыр", "Алпамыс алып"," ЕрТарғын шығармаларын атауға болады. Көптеген ертегілер мынадан деп басталады;Ерте,ерте,ертеде ешкіжүні бөртеде.Қырғауыл жүзі қызылда,Балақ жүні ұзындаАтақты бір бай бопты. Төрт түлігі сай болыптыДеп басталатын ертегілердің құлақ күйінде барлық байлық дүн дүниесі сайлық алдамшы көңіл жайлық түптің - түбінде ұрпақ игілігінің қасында түкке тұрғысыз екендіпн бабаларымыз бастан-ақ өсиет етіп ерекше ескерткендей. Бабалар дәстүрін тәуелсіздік алған алғашқы күннен бағдарлы басшылықа алынган іргелі егемен еліміз, мұрагерлер мүдесін үнемі назарда ұстаумен келеді.Әлем балалар әдебетінің 50 томдық асыл қазынасынан қазақ тілінде басып шығаруды жедел қолға алуда соның бір айқын айғағы шытырманы көп мына заманда адалдық, мейрімділік, іскерлікке, отан сүйгіштік, бауырмалдыққа баулитын ертегілер.Халық ертегілері - халық өмірін бейнелейтін фонтастикалық негізге құралған оқиғалы көркем шығарма. Онда еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжрибесі, оның мәденетімен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібімен түрлері, тілінің шебер ерекшеліктері қамтылған. Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген неше алуан қызметі айтылады. Үстем тап өкілдерінің зұлымдық қастандық әрекеттері халық ертегілерінің негізгі өзінің тыңдаушысына ақыл -парасаты баяндайды. Адам арманның жарқын болашағына қол сілтейді. Өмір күресіне бастайды. Ол сондықтан "халық жанның айнасы" - деп атаған.Халық ертегісінің ішінде балалардың сүйіп оқитын олардың жас еркшеліктеріне тән мұралар өте көп, халық ертегісі ғасырлар бойы балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әсер беріп көңілін шаттық күлкіге бөлеп қуантады. Халық ертегілерінің бай фонтастикалық балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан қияпатын танытады, сана - сезім, ақыл - ой қызметінің ерте дамуына, ерте қалыптасуына жәрдемдеседі.Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитын барлық ықыласынасы сүйсіне тыңдайтын, оның ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа айтылып, әбден текшелеп халықтың тапқыр ой -пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде.
Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген болады. Кейіпкерлердің ең терең, ең айқын және көркемдігі жағынан әбден жетілген түрлері, типтері фольклорда, еңбекші халықтың ауыз әдебетінде жасалған. Көптеген халықтардың ертегілерін атап айтуға болады. Мәселен; "Тоғыз құйрықты ақ түлкі" Қытай халық ертегісі, "Тылсым Тауыс" Үнді ертегісі,"Ата мұра" Парсы ертегісі. Міне, бұлардың бір-бірінен ерекшеліктері әр халық өз тұрмыс тіршілігіне қарай ертегілер, аңыз, әңгімелер пайда болады.
Халық ертегілері ішінде балалар арасында кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңцайтын хайуанаттар жайындағы ертегілер. Табиғат жайында ең бай матералдар, кең түсініктер балаларға алғаш осы хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы берілеген "Бармақтай бала","Қотыр торғай", "Мақта қыз бен мысық". Хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер кейіпкерінің өзі қызық. Сол күлкілі, қызық кейіпкерлердің өмір сүру өмірге икемді болуы жолындағы қақтығыстармен қарым -қатнастар олардың айла - тәсілдері жас өспірімдерге өмір жолын танытады. Кішкентай, болымсыз тіршілік иөлерінің өмірге икемділігін, жеңгіштігін көрсету тақырыбы балаларға арналған қазақ ертегілерінің барлығына да ортақ. Бұл ертегілер балалардың ой - санасын оятып, олардың өздерінің күш -жігеріне сене білуге, тапқырлыққа баулиды, мақсат жұртына жетуге үйретеді. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та балалардың ұғымына сай, түсінуі жеңілде, күлкілі қызық болып айтылады. Хайуанаттар жайындағы ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық екі түрлі сипат бар, бірінші олардың мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. Есіту арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екінші, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы соны мысал ете отырып, адамдар арасында болатын тартыстардың сыр-сипатын байқайды. Үстем тап өкілдерінің қарапайым момын елді қалай алдайтынын, арбайтынын, күш көрсетіп қанайтынын неше алуан зұлымдық әрекеттері жасайтынын біледі. Сондықтан халықтың шығармалары ішіндегі хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер түгел дерлік балалар фолькулорының мұрасы деп қараймыз.
Бұған "түлкі мен тауық" деген ертегіні мысал етіп көрейік. Бір түлкі жортып, тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында отырған тауықты көреді де, бұл тауықты алдап, қақпаныма түсірейін деп ойлайды. Түлкі:
-Тауығым, биікте неге отырсың? Тілімді алсаң, жерге түс, дос болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнап - күлейік -дейді. Тауық:
- Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр, оята ғой -дейді.
Жердегі тауықты жеймін ғой деп жүгіріп барса,бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнелді. Тауық оны намазға шақырады "Байтал түгіл бас қайғы", тазы түлкіні қуып жетіп, алқымынан алады. "Біреуге ор қазба, өз басыңа келер" деген апырмай, тауық қандай түлкі қандай түлкіні тауық па еді алдағандай. Осының өзі балаларға үлгі өнеге боларлық терең ойлар айтылған.