Лекция 6
Отбасындағы бала тәрбиесі
Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасынан басталады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Отбасының ең негізгі қызметі ұрпақ жалғастыру болса, екінші кезекте сол ұрпағына дұрыс тәрбие беру қызметі тұрады.
Отбасындағы тәрбиелік кызметі бұл — отбасының аса маңызды кызметінің бірі болып табылады. Себебі, отбасынан алған тәрбиені, қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, мәселе оған әлеуметтік-мәдени ортанын құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру, яғни дүниеге келулеріне себеп болған балаларын, өздерін қоршаған ортаға және адамзатқа, өз қоғамына пайдалы мүше етіп жеткізу.Ата-ананың, отбасының басқа да мүшелерінің, әсіресе естияр ұрпақтың беделі, өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруы, бір-біріне кұрметті бәрі де үлкен тәрбие мектебі.Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ: «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді. Мұның да үлкен тәрбиелік мәні бар.Отбасының тәрбиелік қызметімен тікелей байланысты жағы - оның дамушылық қызметі. Оның мәнісі мынада. Ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктеріне ертерек назар аударуы керек. Сонда ғана балалар өздерінің табиғи қабілеті мен дарындылығын көрсете алады. Жас күнінен бастап балалардың қабілетін танып, соған сәйкес тәрбие, бағыт-бағдар берудің маңызы айрықша. Балалардың ақыл-ой, еңбек қабілетін іске асыруы отбасында қалыптасады. Бұл балаға да, отбасының естияр мүшелеріне де тікелей катысты. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беру жөнінде қоғам алдында жауапкер.
Отбасы — қоғамның бастапқы ұясы. Ол әлеуметтік, қоғамдық дамуда маңызды рөл атқаратын құрылымның негізі. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар ерекше міндеттерге негізделеді. Бұларды тәртіп бойынша орындағандар — қоғамныңжалғасуына, нығаюына қызмет еткендер, ал орындамағандар болса, олар - қоғамның тәртібін бұзған, әлеуметтік тәрбиеден үлгі ала алмаған бақытсыз жандар.
Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл XXI-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек. XXI-ші ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді қарастыру менің ғылыми жұмысымның мақсаты болып табылады.Еліміздегі әлеуметтік жетімдіктің негізгі көздерінің бірі жаңа туған сәбиден ерте бас тарту болып табылады. Бүгінгі күні баладан бас тарту саны орын басу қамқорлығының мүмкіндіктерінін асып отыр. Перезентхана қалдырылған балалардың көбісі балалар үйінің тәрбиеленушісіне тапсырылып, әлеуметтік жетімдер санын көбейтуде. Нәрестесін перезентханада қалдыру бала үшін баланы ересек кезінде отбасынан айырудағы қасіреттен де артық болмаса кем емес. Осыған байланысты, баланы қағып-бағуға мүмкіндігі бар баланың өзінің қандай отбасын сақтап қалу стратегиялық маңызға ие.
Баладан бас тартудың негізгі себебі – баланы өсіре алмаудың объективті жағы баспанасының жоқтығы, оны алу мүмкіндігінің болмауы сондай-ақ анасының балаға және өзінің аналығына деген қатынасының ерекшелігінде. Нәрестесінен бас тартудың тағы бір себебі, ананың шешімі өзінің көзқарасы бойынша амалсыздықпен, қиыншылыққа төзе алмаушылығы, терең жабығумен де сипатталады. Осындай жағдайларға байланысты белгілі бір уақыт өтіп, ананың жағдайы қалыпты бола бастаған соң өзінің бас тартуын, тағы өз көзқарасы бойынша, аталған мәселені түзетуге болмайтын қате ретінде санай бастайды. Осындай мәселелерге және басқа да жағдайларға байланысты баладан бас тарту бойынша қауыпті жағдайда тұрған жүкті және жаңадан өмірге нәресте әкелген аналармен жұмыс жасау қажет екендігі туындайды.Осыдан келе негізгі мәселе туындайды, баладан бас тартуды болдырмау немесе оны қандай отбасына қайтару әрекеті қаншалықты мақсатқа лайықты, бұл жағдайда бала жоспарланбаған, қалаусыз бола тұра өзіне әлеуметтік және психологиялық қауыпті ортаға түсуі мүмкін. Егер бас тарту бойынша қауіпті топтағы аналармен әлеуметтік жұмыс жасауды тек бас тарту ды алдын алу деп қарамай, оны ана мен баланы кешінді түрде қамтамасыз ету, яғни әлеуметтік-тұрмыстық, материалдық, медициналық және психологиялық мәселелерді шешуде анаға көмектесуді және ананы балаға қарауға, онымен эмоционалдық қарым-қатынаста болуға үйретуді, сондай-ақ аналық сезімін оятуды түсіну қажеттігін қарастырғанда ғана бұл сұраққа жауап табылады.
Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махаббаттық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арасындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және экономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатыны мәлім. Осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұра бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады.
Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады.
Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Қазақтың ұлы ақыны Абай отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-
аналарды сынайды.Қорыта келе отбасындағы бала тәрбиесі бойынша әлеуметтік педагогикалық
тұрғыда ата-аналардың мақсат міндеттері туралы баяндай отырып, отбасында қолданылып жүрген салт-дәстүрлер мен ырымдарды, ағартушылардың көз қарастары тәрбие туралы, әлеуметтік мәселерді шешудің қазіргі заманда қалыптасқан тәрбиелік құралдарды қолдана білу ретінде қолданудың мүмкіндігін көрсету болып табылады.Отбасы өзінің отбасылық және демографиялық құрылымы арқылы әлеуметтік-тарихи дамуға өзіндік ықпалын тигізеді. Сонымен, отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат тарихында маңызды рөл атқарады. Ол баланың дүниеге келіп, өсіп-жетілуін қамтамасыз етіп, отбасы мүшелерінің тіршілігін қолдап, ұрпақтардың физикалық және әлеуметтік мәдени жалғастығы арқылы социумның өмір сүруінің базалық алғышарттарын
жасайды. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады.Қорыта келе адам баласы қасиетті борыштарын — үлкендерге құрмет, кішілерге мейірімділік, сондай-ақ адамгершілік және отансүйгіштік сезімдерін ананың құшағында, әкенің қара шаңырағында табады. Отбасы -сүйіспеншіліктің, инабаттылықтың, бастау бұлағы. Олай болса отбасының мәні зор.
Лекция 7
Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Балалардың дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.Мектепке дейінгі ұйымдарында, мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
2. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
3. Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
4. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.
5. Балаларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
СӨЖ-дің күнтізбелік - тақырыптық жоспары
№
|
Тапсырмалардың мазмұны
|
Тапсыру мезгілі
|
Бақылау түрі
|
1
|
ӨЖ №1.
Қазақстан Республикасындағы көпмәдениеттік тәрбие туралы ұлттық саясат
Этнопедагогиканың тәрбие берудің мәні
|
6 апта
|
Реферат
Мысалдар келтіру
|
|
ӨЖ № 2
Қазақстандағы этнопедагогиканы ғылымының қазіргісі мен болашағы
Халық педагогикасының құралдары – жұмбақтар; факторлары ретінде- табиғат, ойын, сөз
|
11 апта
|
Слайд құру
реферат
|
Пайдаланылған негізгі әдебиеттер тізімі:
С. Қалиев., Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. А.1999
Г. Н.Волков Этнопедагогика., Чебокссары.1994
Қ. Жарықбаев. С.Қалиев Үлгілі үйдің ұл - қызы., А., 2001.
Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Алматы., 1996
Педагогикалық энциклопедия. Москва. 1966.
Ә.Табылдиев. Әдеп әліппесі. Алматы 1997.
М. Рүстемов. Дәстүріңді сақтай біл. Шымкент, 1993.
А. Естенов., Жігіттің үш жұрты А. 1994
С. Кенжеахметов. Жеті қазына., А., 2000.
Этнопедагогика народов Казахстана. А., 2001.
К. Қожахметова Қазақ этнопедагогикасы, методология, практика. А,1999.
Р. Мустафина. Қазақтың салт-дәстүрлері.А.,1992
Ә. Сәрсенбаев. Салт-дәстүр және қоғамдық өмір. А., 1998
Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. А., 1974
Қ. Жарықбаев. Аталар сөзі ақылдың көзі. А. 1998
С. Дорженов. Инабаттылық иірімдері.А. 1997
К. Оразбаева. Отбасы психологиясы. А. 1999.
К. Оразбаева. Иман және инабат., А. 1996.
С.Қалиев. Халық педагогикасындағы ауыз әдебиетінің көрінісі. А. 1987.
Қ. Жарықбаев. С.Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі., Алматы. Рауан., 1996.
Ә. Табылдиев. Халық тағылымы., А. 1992.
Ж. Дәуренбеков. Қазақтың бақсы-балгерлері. А. 1995.
Ж. Бәшірова. Иман-тәрбие негізі., А. 1998.
М. Жолдасбеков. Асыл арналар., А., 1986.
С.Кенжеахметов. Жеті қазына . 2-кітап. А., 2002.
Ш.Уәлиханов. Шығармалар. т-1.,Алматы 1984.
М. Жұмабаев. Педагогика. А. 1995.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
Аймауытулы Ж. Психология / Араб жазуынан көшірген А.Акажанова.- Алматы: Рауан, 1995.- 312 б.
А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы., А., 1998.
Ж. Қоянбаев. Педагогика. А. 1999.
Қазақстан Республикасының этномәдени білім беру тұжырымдамасы., 1996.
З. Ахметова. «Кәусар бұлақ» А. 1995.
М. Құрсабаев. «Атамекен» авторлық бағдарламасы.А/1992.
С. Бержанов. Педагогика тарихы., Алматы 1998.
Әдептілік қағидалары. А 1997.
Біз қалай туыспыз. А., 1994.
А. Құнанбаев Қара сөздер., А., 1996.
Қ. Жарықбаев Этнопедагогика және этнопсихология. А., 1998.
Ж. Баласағұн Құтты білік Алматы, «Жазушы», 1986.
40. Ұлағат // 2006 №5. Исламның Европада биіктеуі
41. Қазақстан әйелдері 2004 // №6 саны «Ақиқатты исламнан таптым»
42. Қайнар журналы 2003 / №3 М.Дулатов
43. Қазақстан әйелдері. // 2007 №7 «Текті әулеттің тұяғы» (М.Жұмабаев).
«Этнопедагогика» пәнінен аралық бақылау сұрақтары
1. «Этнопедагогика» терминін ғылымға ең алғаш енгізген ғалым
2.Қазақ этнопедагогикасының методологиялық негізі
3. Ғылыми педагогика, халық педагогикасы және этнопедагогиканың
бір-біріне қатынастары
4. Қазақ этнопедагогикасының теориялық қалыптасу тарихын зерттеген ғалымдар
5.Қазақстанда табылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері
6.«Қазақ хрестоматиясы» еңбегі
7.Шілдехана, қырқынан шығару, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу дәстүрлері
8.Әкесінен бастап ағайын-туысы, нағашы жұртын, ата тегін, ел-жұртын білдіруге бағытталған ұлттық тәрбие дәстүрі
9. Ұлттық дәстүрге сәйкес келіннің толғағы басталғанда болатын жаралығы-
10. Халықтың педагогикасын зерттеу, оны этнопедагогиканың зерттеу объектісіне айналдыру мәселесін алғаш қарастырған-
11. Қазақ тарихы туралы жазылған «Тарихи Рашиди» (Рашидтің тарихы) атты алғашқы төлтуманың авторы, Ортағасырлық Қазақстанның дулат тайпасынан шыққан жыршы.
12. Орта ғасырдағы қазақтардың қоғамдық ой-пікір тарихындағы елеулі тұлға, феодалдық заманның перзенті болған жырау
13. Қазақстанда халық педагогикасының теориялық және практикалық жағынан алғаш зерттеген-
14. Халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс.
15.Қазіргі кезде С. Қалиев қазақ этнопедагогикасының дамуын неше кезеңге бөледі.
16. Ж. Баласағұнның тәлім-тәрбие мәселесі жөніндегі еңбегі-
17. Ауыл, ата-аймақ, ру, арыс, ұлыс, жүз, хандық бұлар-
18. Баланы «атқа мінгізерде» арнайы дайындалған ер ағаш-
19. Шығыстың екінші ұстазы аталған әмбебап ғалым, ойшыл-
20. Қалыңдықтың басына киетін ұлттық бас киім-
21. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығындағы төрт түлік атаулары-
22. Кеңестік жылдары «Халықтар достығының зертханасы» атанған мемлекет –
23. Қылыш, найза, шоқпар, семсер....-
24. Су әкелу үшін әдейі жасалған құрал, мойынағаш, әпкіш-
25. Кимешек, бұл-
26. Ішік, тон бұл-
27. Кебіс пен мәсі, бұл-
28. Аттам жер, бөрік тастам жер, айшылық жер, қырық күншілік жер, ит өлген жер - бұл
29. Күмбез, бұл-
30. Малшылардың мал ұстауға арналған қысқы мекен-жайы-
31. «Тегіне қарап қызын ал» - бұл қазақ дәстүріндегі қыз таңдаудың қай талабы-
32. Қазақ дәстүріндегі қалыңдықтың апасына берілетін 1-7 түйе. Қыз әкесінің ата күшіне төленетін ақы-
33. Бала тәрбиелеу дәстүрінде бала бірінші рет үйінен алыс жолаушылағанда жүргізілетін-
34. Арқан артыс, ақ сүйек, санамақ, бұл....-
Достарыңызбен бөлісу: |