Үгіттеуге қойылатын талаптар:
үгіттеудің мазмұны мен формасы тұлғаның жас ерекшелік деңгейіне сәйкес болуы, оқушыларға түсінікті және қол жетерлік деңгейде ұсынылуы;
үгіттеу оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылуы тиіс;
үгіттеу бірізділікке, қисындылыққа, дәлелдікке ие болуы шарт;
үгіттеуде жалпылама қағидалармен (ұстанымдар, ережелер) қатар нақты фактілер, мысалдар, көрнекілік, үлгі қолданылуы тиіс;
басқаны үгіттей отырып, тәрбиеші өзінің айтқанына сенуі керек.
Үгіттеудің тиімді шарттары:
Үгіттеудің күштілігі оның мазмұндылығына және үгіттеушінің беделіне тәуелді.
Үгіттеудің тиімділігі үгіттелушінің психикалық ерекшеліктеріне (қызығушылықтары, қажеттіліктері, талғамы, ойлау ерекшеліктері), олардың үгіттеуде есепке алынуына тәуелді.
Үгіттеуші мен үгіттелушінің өзара әрекеттесуі барысындағы интеллетуалдық-эмоциональдық күйіне тәуелді.
Үгіттеудің мораль оқудан айырмашылығы – үгіттеуде белгілі бір қағида дәлелденсе, моральда тек ұсынылады, мысалы: «оқушы міндетті...», «ұят болады...» және т.б.
4. Сендіру, немесе суггестия (латын сөзі – сендіру) – бір адамның басқа адамға немесе адамдар тобына психологиялық ықпал етуі. Оның мақсаты – айтылған сөздерді, ондағы ойларды және ерікті сынға алмай қабылдау және сіңіру.
Сендіру – бірнеше ғылымдар (жүйке жүйесінің физиологиясы, психология, әлеуметтік психология) зерттейтін күрделі құбылыс. Сендіру құбылысы «сендіруші – сенуші» күрделі жүйесі болып табылады. Онда өзара байланысқан үш элементтер ажыратылады: іс-әрекеттік (сендіру ықпалы), процессуалды (осы ықпалды сенушінің қабылдауы), нәтижелік (сенушінің жауабы, реакциясы).
Суггестивті ықпал жасаудың басты құралы – сөз және сөздік емес факторлар (қимыл, мимика).
Әлем әдебиетінде сендірудің мына түрлері ажыратылады: ояу кезінде сендіру, гипноз кезінде сендіру, ұйқы кезіндегі сендіру. Педагогикалық практикада сендірудің бірінші түрі қолданылады, оның болжамды және болжамсыз түрлерін көрсетеді. Болжамды сендіру – бұл суггестордың кімге нені сендіру керектігін білетін, алдын-ала ықпал ету тәсілдерін таңдап алатын,саналы түрде ұйымдастырылып, мақсаты белгіленетін психологиялық әсер ету. Болжамсыз сендіруде мұғалім оқушыға белгілі бір ойды, әрекетті және т.б. сендіруді мақсат тұтпайды, бірақ оның ескертулері («Сен ешқашанда түзелмейсің!», «Сен, әдеттегідей, дұрыс нәрсе айтпайсың!») оқушының бойында жағымсыз, қажетсіз күйлерді, ерекшеліктерді қалыптастыруы мүмкін.
Сендірудің жағымды және жағымсыз түрлерін белгілейді. Ықпал ету тәсілі бойынша сендірудің тікелей және жанама деп анықтайды.
Тікелей сендіруге
өсиет айту - императивті формада, ешқандай аргументсіз берілетін педагогтың сөзі, оқушылардың «орындаушылық» әрекетін талап етеді. Ол оқушының сеніміне, санасыз мотивтеріне, эмоционалдық саласына тікелей әсер етеді. Оның сөздік формалары – бұйрық беру, нұсқау, тыйым салу. Оның тиімділігінің шарттары: мұғалімнің беделі, мұғалім мен оқушының арасында тұрақты конфликтінің болмауы, сыныптағы жағымды микроклимат.
команда, бұйрық дәл және тез орындаушылықты талап етеді. Олар қысқа да нұсқа формада берілетін вербальды ықпал етудің ерекше түрі. Мектеп практикасында команда және бұйрықтар дене шынықтыру сабақтарында, ойындарда, шепте, оқушыларды тәртіпке шақыру ситуацияларында кең қолданылады.
Жанама сендіру түрлері: білдіру (намек) – оқушының эмоциясына және сеніміне әзіл, мысқыл, кеңес, аналогия арқылы ықпал ету.
Үгіттеу және сендіру мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің негізгі формалары ретінде өзара біріктіріле, бір-бірімен байланыса қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |