Дәріс №4
А) Тақырып: Қоғамдық- саяси ғылымдардың библиографиялық ақпараттық көздерін жіктеу.
В) Мақсаты: Қоғамдық- саяси ғылымдардың библиографиялық ақпараттық көздерін жіктеуді қарастыру.
С) Негізгі сұрақтар:
1. Қоғамдық- саяси ғылымдардың ақпарат көздерін жіктеу, баға беру, тұтыну.
2. Мақсаттық және оқырмандық бағытына байланысты жіктеу түрлері.
3. Қоғамдық ғылымдардың библиграфиялық құралдар жүйесі.
Мазмұны: Қоғамдық саяси тақырыптағы библиографиялық ақпарат көздері осы басылым массиві мен жаңа әдебиеттер мен жарияланбаған құжаттар бойынша библиографиялық қызмет ұйымдастыруда үлкен роль атқарады. Бұл информация арқылы белгілі бір топ оқырмандары үшін, олардың ақпараттық қажеттіліктеріне орай әдебиеттерді сұраптау, оған баға беру, әрі кеңінен насихаттау жұмысы жүргізіледі.
Оқырмандар саны жағынан өте көп мөлшерде библиографиялық құралдарды, отандық және шетелдік библиографиялық көрсеткіштерді пайдалана алады.
Қоғамтанымдық зерттеулерде, қоғамдық ғылымдарды оқып-үйренуде ретроспективті ақпараттың алатын орны ерекше, себебі көптеген библиографиялық еңбектер, ұзақ жылдар бойы өзінің акқпараттық құндылығын сақтайды.
Библиографиялық құралдарды жіктегенде олардың әртүрлі ерекшеліктері ескеріледі:
Библиографиялық мәліметтердің түрі бойынша
Мақсаттық және оқырмандық бағытына байланысты библиографиялық құралдар үш түрге бөлінеді:
Қызметтік мақсатына байланысты – ағымдағы, ретроспективті және перспективті библиграфиялық көрсеткіштер болып бөлінеді.
4) Библиографияландыру объектісінің түрлеріне байланысты-
көрсеткіштер, тізімдер, шолулар болып бөлінеді.
Бұларда әртүрлі типегі әдебиеттер мен басылымдар түрлері жарияланады.
Мұндай түрлердің қатарына, анықтамалық басылымдар, кандидаттық, докторлық диссертациялар, библиографиялық құралдарды айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |