Барлығы – 135 сағат


Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары



бет4/8
Дата27.05.2017
өлшемі1,62 Mb.
#17058
1   2   3   4   5   6   7   8

Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.ХҮІ ғ. қолжазба кітап түрлері?

2.Россиядағы кітап баспа ісінің пайда болуының алғы шарттары қандай?

3.И. Федоров пен П. Мстиславецтің қызметі не?



Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник.-2-ое издание.- М.: Книга, 1984.- 247с.

2.Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.: 1988.- 310с.

3.История книги.\ Под ред. А.А. Говорова, Т.Г. Куприяновой.- М: Светотон, 2001.- 400с.

4.Книга: Энциклопедия. – М., 1999 .-. 799с.

5.Книговедение. Энциклопедический словарь.- М.: Книга, 1982. -664.

10 дәріс

А)Тақырып: ХҮІІ ғ кітап ісі.

В)Мақсаты: ХҮІІ ғ кітап ісі қарастыру

С)Негізгі сұрақтар:

1.Қолжазба кітаптың репертуары.

2.Мерзімді баспасөздің пайда болуы.

3.Москва баспа сарайының қызметі.



Мазмұны: XVII ғ. кітапбасылым ісінің дамуының әлеуметтік – саяси алғышарттары. Ғылыми ойлардың дамуы. Баспа кітаптарының тақырыптары. Баспа техникасының дамуы. Кітапқа бақылау ұйымдастыру. XVII ғасырда Москва мемлекетінің халықтарының жағдайы нашарлауына байланысты, таптық күрес күшейе түсті.Москва қоғамының эканомикалық ж/е мәдени дамуының қажеттігіне байланысты, оқу-білімнің дамуында жүзеге аса бастады.

Дворяндардың арасында білімге деген құштарлық өсіп, оқымысты адамдар шыға бастады.

Бұл білімді адамдар Украинамен Белеруссияданда шыға бастады, олар негізінен аудармашылар болып қызмет атқарды.

Мыс: Симеон Полоцкий, Епифаний Славинцкий сияқты адамдар Россияда мәдениеттің дамуына үлкен ықпал жасады. Шетелдік ғылыми ж/е көркем әдебиетіде орыс мәдениеті үшін ықпалы зор болды.

Москва мемлекетінде кітап басылым жұмысының жолға қойылуына қарамастан, қолжазба кітаптарда бұрынғысынша шыға бастады. Себебі кітап басылым жұмысының техника саласы өте нашар болды, типографияда басылып шыққан кітаптар қолжазба кітаптардан бағасы әлдеқайда жоғары болды.

XVIIғ. өзінде-ақ қолжазба кітаптарының ортлықтары болып бұрынғысынша-монастырлар болды. Кітап көшіріп жазушылар, қолөнершілер- шеберханаларда жұмыс істеді.

Кітаптардың тақырыбы: Жаратылыстану білімдерін насихаттайтын-белгілі бір өсімдіктердің емдік қасиетін насихаттайтын кітаптар болды.Астрономия ғылымына байланысты кітаптар шығарылды, бұл тақырыптағы кітаптар жыл қайыру үшін қолданылды. Мұнымен қатар, XVIIғ. Техникалық қолжазба кітаптары шығарылды.

Бұл кітаптарда, әскери ғылымға байланысты қажетті құралдар туралы, мыс: мылтықтар т.б. әскери құралдар туралы жазылды.

Географиялық сипаттағы кітаптарда көптеп шығарылды.XVIIғ. тарихи еңбектерде қолжазба кітап түрінде жарияланып тұрды.Мыс: бұл кітаптарда өткен кездің тарихи оқиғалары, т.б. туралы мәлімметтер жазылды. Тарихи кітаптармен қатар, тұрмыстық повесттерде дамыды, драмалық шығармалар басылды. Сатир, яғни сын әдебиетіде дамыды, бұл кітаптарда дворяндар мен дін иелерінің қарапайым халықты қанауы сынға алынды

XVIIғ. Орыстың мерзімді басылымы пайда бола бастады. Оның ең алғашқылары «Куранты» ж/е «Вести» атты мерзімді басылымдар саналады.

Куранты газеті негізінен өз мақалаларында әскери оқиғалар туралы, сауда-саттық, төтенше оқиғалар туралы мәліметтерді оқуға болатын.

Ең алғашқы Куранты газеті 1621ж. Шығарылды. Осы газеттің негізінде орыстың баспа газеті «Ведомости» пайда болды



Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Қолжазба кітаптың репертуары қандай?

2.Мерзімді баспасөздің пайда болуы?

3.Москва баспа сарайының қызметі қандай?



Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник.-2-ое издание.- М.: Книга, 1984.- 247с.

2.Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.: 1988.- 310с.

3.История книги.\ Под ред. А.А. Говорова, Т.Г. Куприяновой.- М: Светотон, 2001.- 400с.

4.Книга: Энциклопедия. – М., 1999 .-. 799с.

5.Книговедение. Энциклопедический словарь.- М.: Книга, 1982. -664.



6 апта

11 дәріс



А)Тақырып: ХҮІІІ ғ І жартысындағы кітап ісі.

В)Мақсаты: ХҮІІІ ғ І жартысындағы кітап ісін талдау

С)Негізгі сұрақтар:

1.Ғасырдың І ширегіндегі кітап және кітап ісінің қайта құрылуы.

2.Қолжазбалық дәстүрдің жалғасуы.

3.Ғылым Академиясының баспа қызметінің басталуы.



Мазмұны: Кітапбасылым ісінің одан әрі дамуының әлеуметтік -саяси және экономикалық шарттары. XVIII ғ. I- жиырма бес жылдығындағы баспа қызметі. Басылымдардың тақырыптары мен типтері. XVIII ғ. II - жиырма бес жылдығындағы баспа қызметі, мерзімді басылымдар. Кітап өндірісі және оны көркемдеу басында Россияда өте көп өзгерістер болды. Өндірістің түрлері дамып, ішкі ж/е сыртқы сауда жұмысы жақсы дамып ұлттық армия мен флот ұйымдастырылды, Батыс ж/е Шығыс елдерімен экономикалық ж/е мәдени байланыстар күшейді. Осындай өзгерістердің әсерінен ұлттық мәдениет, ғылым мен білім шұғыл дамыды. Мемлекеттік мектептер ашылды. Әдебиет пен өнердің дамуына жаңа жағдайлар жасалды. Мұнымен қатар, кітапты басып шығару ісі жолға қойылды. І Петрдің өзі кітап басып шығару ісін басқарды. Петербургте баспахананың пайда болуы І Петрдің есімімен тығыз байланысты ж/е орыстың алғашқы басып шығарылған «Ведомости» газетінің шығыуы да І Петрге байланысты болды.Орыс мәдениетінің жақсы бір дамуына бірден–бір себеп орыс әліппесінің реформасын жасау болды, оның баспа басылымдарының реформасы жасалды. Бұл реформа 1707-1710ж.ж. жүргізілді. Реформаның негізгі маңызы-ол бұрынғы өте қиын кириллица әліппесі бойынша жүргізілген жазуды жаңадан ойлап тапқан азаматтық әліппеге ауыстыру болып табылады. Бұлар қазіргі орыс тілінде қолданылып жүрген әріптер еді. Жаңа әріптер жазуғада әрі есте қалдыруға да оңай болды. Жаңа әріптерді өмірге келтірушілер сол кездегі кітап басып шығару ісінің көрнекті қайраткерлері. В.А. Киприяпов т.б. сияқты адамдар болды.ХҮІІІғ. екінші онжылдығында орыстыңастанасы – Петербургте типографиялар пайда бола бастады. Ең алғашқы 1710ж. Петербургте ұйымдастырылды.Оның ең бірінші шығарған кітабы сот тіртібіне байланысты болды. 1720ж. Петербургтің Александра Невский монастырінде екінші типография жұмыс істеді. Бұл типографияда оқулықтар Ф.Прокоповтың «Әліппесі» шығарылды.

а) ХҮІІІғ. Бірінші жартысындағы кітаптардың түрлері мен тақырыптары. Бұл кезеңдегі кітаптардың тақырыптық сан алуан болды. Саяси тақырыптағы ктаптар шығарылды. Мұнымен қатар указдар, монифистер жарияланды. Орыстың заң тәртібіне байланысты кітаптар жарық көрді. Орыс мектептерінің ашылуына байланысты оқулықтарда көптеп шығарылды. Сөздіктер және шетел тілдерін оқып үйренуге байланысты методикалық құралдарда шығару қажет болды. Математика ғылымы бойынша оқулықтар өте қымбат болды. Себебі бұл ғылымды білмейінше өндіріс, әскери-инженерлік және теңізді оқып үйрену жұмысын ұйымдастыру қиын болды. Оқытушы Л.Ф. Магницкийдің «Арифметика» атты оқулығы 1703ж. шықты. Бұл оқулықмаңызы жағынан өте көлемді оқулық болып есептел

б) ХҮІІІғ. бірінші жартысында ең алғаш баспа газет «Ведомость» шығарылып тұрды. Ең бірінші номері 1702 жылдың 16-17 желтоқсанында болды. Бұл газет төрт беттен тұрды, тиражда бірнеше мың экземплиярға дейін шығарылды. Газеттің тақырыбы көптген мәселелерді қамтыды. Мысалы, әскри, өндіріске де байланысты мақалалар жарияланды. Сонымен қатар, мұнда шетелдің өмірі туралы жазылды. Орыс көпестері үшін қажетті сауда-саттық мәселелері қамтылды.

ХҮІІІғ. ІІ-ж. Мемлекетті ІІ Екатерина басқарды. Бұл кезең дворяндардың крепостниктік мемлекетті одан әрі дамыту кезеңі еді, өндіріс жақсы дамып сауда-саттық жұмысының қызған шағы болды. Бірақ феодалдар мен шаруалар арасындағы күрестің күшейген кезі еді. Осындай қиын жағдайға қарамастан ІІ Екатерина өз билігін сақтап қалуға тырысты. 1765ж. жарлық шығарды, бұл жарлық бойынша помещиктер крестияндарды айдауғапровасы болды. Қоғамдық пікірді өзіне бағындыру мақсатында ІІ Екатерина кітап басу ісін қолға алды. 1783ж. «типографиялар бостандығы» туралы бұйрық шығарады. Бұл бұйрық бойынша жеке адамдар өздігінен типография ұйымдастырып, кітап шығаруға құқықтары болды. Бұл бұйрықтың жақсы жағы типографиялардың көбеюіне жол ашты.

1784ж. Петербургте, Москвада, Астраханда, Новгородта, Владимирде небәрі 17 губернияда жеке типографиялар ашылды. Бұл типографиялардан көптеп кітаптар басылып шығарылды, ол жалпы бұқара халықтың сауатын ашуға, крепостниктік құқыққа қарсылығын тудырды. Мұндай жағдайда ІІ Екатерина типографияларға қарсы цензураны күшейтті.

1796ж. типографияларды жабу туралы бұйрық шығарды.

1798ж. цензуралық мекемелер құрылды.

.Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Ғасырдың І ширегіндегі кітап және кітап ісінің қайта құрылуы?

2.Қолжазбалық дәстүрдің жалғасуы?

3.Ғылым Академиясының баспа қызметінің басталуы қашан?

Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник.-2-ое издание.- М.: Книга, 1984.- 247с.

2.Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.: 1988.- 310с.

3.История книги.\ Под ред. А.А. Говорова, Т.Г. Куприяновой.- М: Светотон, 2001.- 400с.

4.Книга: Энциклопедия. – М., 1999 .-. 799с.

5.Книговедение. Энциклопедический словарь.- М.: Книга, 1982. -664.

12 дәріс

А)Тақырып: ХҮІІІ ғ ІІ жартысындағы кітап ісі.

В)Мақсаты: ХҮІІІ ғ ІIжартысындағы кітап ісін талдау

С)Негізгі сұрақтар:

1.Жеке баспаханалардың пайда болуы және олардың ролі.

2.Баспагер- ағартушылардың қызметі. ( Новиков Н.Н. т.б. )

3.А.Н. Радищевтің, И.А. Крыловтың баспагерлік қызметі.



Мазмұны: XVIII ғ. II - жартысындағы кітап ісі. Саяси және экономикалық жағдайдың сипаты. Ерікті типографиялар туралы 1783 ж. Указ. Баспа ісі. Типографиялар. Н.И. Новиковтың кітапбаспа қызметі. А.К. Радищевтің әдеби – баспа қызметі. Мерзімді басылымдар. Бұл кезеңде ғылыми және оқулық кітаптар көптеп шығарылды. М.В. Ломоносовтың шығармаларының екі жинағы жарық көрді. Жаратылыстану мен техника туралы әдебиеттерге көп көңіл бөлінді. Мұнымен қатар ғылыми көпшілік және анықтамалық әдебиеттерде шығарылды. Ресейдің тарихы туралы оқымысты тарихшылардың В.Н. Татищевтің, М.В. Ломоносовтың, М.М. Щербатовтың еңбектері шығарылды.

ХҮІІІғ. ІІ-ж. Ресей халқының француз әдебиетіне деген ынта-жігері арта түседі. Әсіресе, көркем әдебиет көптеп аударылады. Мысалы: француз әдебиеттінің өкілдері – Руссо, Монтеске, Мольердің кітаптары халық арасында көптеп насихаттады.

1756ж. Москва университетінде типография ашылды. Осы жылы Ломоносовтың шығармаларының бірінші басылымы шықты. Москва универсетінің баспаханасы орыс жазушысының шығармаларын жариялауменде айналысты.

1767ж. Дидро және Д Аламбердің «Энциклопедиясының» үш томын басып шығарды. Москва университетінің оқулықтарды басып шығаруда ролі зор. Грузин және табар алфавитінің алғашқы әліппесі шықты.

1756-1779ж.ж. дейін университет мың кітап шығарды – оның жүз отызы шет тіліндегі әдебиеттер. 1756ж. бастап Москва университетінде «Московские ведомости» атты газет шығып тұрды. Көптеген тақырыптарда журналдар шығарылды.

Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Жеке баспаханалардың пайда болуы және олардың ролі қандай?

2.Баспагер- ағартушылардың қызметі. ( Новиков Н.Н. т.б. )

3.А.Н. Радищевтің, И.А. Крыловтың баспагерлік қызметі?



Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник.-2-ое издание.- М.: Книга, 1984.- 247с.

2.Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.: 1988.- 310с.

3.История книги.\ Под ред. А.А. Говорова, Т.Г. Куприяновой.- М: Светотон, 2001.- 400с.

4.Книга: Энциклопедия. – М., 1999 .-. 799с.

5.Книговедение. Энциклопедический словарь.- М.: Книга, 1982. -664.



7 апта

13 дәріс



А)Тақырып: ХІХ ғ І жартысындағы кітап ісі.

В)Мақсаты: ХІХ ғ І жартысындағы кітап ісін қарастыру.

С)Негізгі сұрақтар:

1.Кітап ісін дамытудың негізгі бағыттары.

2.Ақылы баспалардың , меценаттардың, декабристердің баспагерлік қызметі.

Мазмұны: Елдің экономикалық, саяси және мәдени дамуы. Баспа туралы цензура, заң. Кітап ісінің негізгі бағыттары. Буржуазиялық ақылы баспалар. Меценаттардың баспа қызметі. Декабристердің, Петрашевшілдердің әдеби- баспа қызметі. Басылымдардың тақырыптары, типтері. Мерзімді басылымдар, кітапты өндіру және көркемдеу ісі. ХІХғ. І-ж. кітап басу жұмысының ең ірі орталықтары – Казан, Астрахан, Смоленск, Орел сияқты провенциялды қала болды. Бұл кезеңде техника мен ауыл шаруашылығы туралы кітаптар көптеп шығарылды. Сонымен қатар, филасофиялық, жаратылыстану, экономика салалаларында да әдебиеттер көптеп дамыды.

ХІХғ. Басында дворяндар арасынан шыққан білім мәдениет қайраткерлері өздерінің барлық байлығын кітап басып шығару ісіне жұмсаған оқымысты – меценат адамдар болды. Бұлардың қатарына 1761-1836ж.ж. өмір сүрген Платон Пилапсоновты, Бекетовты айтуға болады.Бұл өзі Москвалық бай тарих. Ең әуелі армияда қызымет істеді, отставкаға шыққаннан кейін, 1801ж. бастап типография ж/е кітап дүкенін ашады. Бекетов негізінен көркем әдебиетті өте жақсы безендіріп шығарумен айналысты. Ол М.М. Харесковтың, Н.М. Карамзиннің, В.А.Жуковскийдің т.б. жазушылардың кітаптарын басып шығарды.

1806-1811ж.ж. Бекетов А.Н.Радиславтың 6 бөлімді шығармалар жинақтарын жариялады. Жалпы саны-100ге жуық.1812ж. Москвада болған өрт кезінде Бекетовтың баспаханасы түгелімен жанып кетті, бұдан кейін ол жұмысын қайта құра алмады.

Екінші бір ірі баспашы-меценаттың бірі, граф Николай Петрович Румянцев болды.(1754-1826).

Румянцев-оқыған мемлекеттік қайраткер, ірі дипломант, энциклопедиялықбілімді адам еді.

1814ж. мемлекеттікқызыметінен босап, кітаптарды жинап, оларды басып шығару жұмысымен айналысады. Ол орыс тарихы, орыс жазуының ескерткіштерін, ертедегі шежірелерді зерттеумен айналысты.Румянцевтің өте құнды да әрі еш жерде кездеспейтін қолжазбалардың кітапханаларын ұйымдастырды. Кейін ол өз музейінің негізін салуға, одан кейін қазіргі кездегі В.И. Ленин атындағы мемлекеттік кітапхана болып қалыптасады.



Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Кітап ісін дамытудың негізгі бағыттары қандай?

2.Ақылы баспалардың , меценаттардың, декабристердің баспагерлік қызметі?

Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник.-2-ое издание.- М.: Книга, 1984.- 247с.

2.Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.: 1988.- 310с.

3.История книги.\ Под ред. А.А. Говорова, Т.Г. Куприяновой.- М: Светотон, 2001.- 400с.

4.Книга: Энциклопедия. – М., 1999 .-. 799с.

5.Книговедение. Энциклопедический словарь.- М.: Книга, 1982. -664.

6. Баренбаум И.Е., Шомракова И.А. Всеобщая история книги: Учебник.- Ч.3.- СПб ., 2001.- 122с.

Дәріс№ 14

Тақырып: XIXғасырдың II ж кітап ісі.

В)Мақсаты: ХІХ ғ ІI жартысындағы кітап ісін қарастыру

С)Негізгі сұрақтар:

1.Кітап ісіндегі өзгерістер. Цензуралық саясат.

2.Кітап ісінің дамуының негізгі бағыттары.

3.Әмбебап және арнайы баспалар.



Мазмұны: Экономикалық – саяси, мәдени жағдай. Цензура және баспа туралы заң. Кітап ісінің негізгі бағыттары. Капиталистік типтегі универсальды баспалардың пайда болуы. А.И. Герценнің баспа ісі, жасырын типографиялардың пайда болуы және олардың қызметі. Басылымдардың тақырыптары, типтері. Мерзімді басылымдар, кітапты өндірісі және көркемдеп шығару. Орыс баспасының тарихы Қырым соғысының аяқталуы мен Николай І-нің (1853-1856) қайтыс болуына тұспа-тұс келді.

Қырым соғысындағы жеңіліс әлеуметтік-саяси құрлыстың ыдырауын дәлелдеп берді.Сонымен қатар, крепостниктік жүйенің жалпы күрделенуінің салдарынан 1859-1861ж.ж. шаруалар қозғалысына әкеп соқты. Таптық күрестің шиеленісуіне байланысты патша үкіметі крепостниктік прованы жоюға, реформалар жүргізуге мәжбүр болды.Сөйтіп,1861-1865ж.ж. Россияда жаңа капиталистік, қоғамдық-экономикалық форманың дәуірі басталды.ХІХғ. ІІж.халықшылдардың идеологиясы дамыды.

1879-1880ж.ж. Россияда қайтадан ревалюциялық жағдай туындады. 1881ж. халықшылдардың әрекеті негізінде ІІ Александр өлтірілді. Ал, патшалық өкімет бұл актіге қарсы халықшылдар ұйымын талқандады. Россиядағы капитализмнің дамуы, халықтың саяси қозғалысын күшейтті, рухани мәдениеттің өсуіне әсер етті.Халық ғылым, білімге ұмтылды.1868ж. Россияда студенттердің саны-6 мыңға жетті,1853жылмен салыстырғанда-2есе өсті.

ХІХғ.ІІжартысында орыстың ғылыми шығармашылығы жоғары деңгейге көтерілді. Бұлардың қатарында орыс жаратылыстанушылары-А.Н.Бекетов, И.М.Сеченов,А.Г.Столетов т.б. болды.

60-жылдары ірі-ірі кітап баспалары, полиграфиялық ж/е кітапсату мекемелері қалыптаса бастады.Ғылым мен техниканың дамуы, жаратылыстану мен медицинаның табыстары ірі универсалды кітапсауда ж/е баспа фирмаларының пайда болуына себепші болды. Мұнымен қатар, шағын арнаулы мекемелер 2-3 ғылым салалары бойынша әдебиеттерді шығарумен айналысты.

Баспа продукциясының өсуіне байланысты жаңа баспаханаларда пайда болды. Әдебиеттердің тақырыбы да сан алуан түрде басылды.Оқулықтар, діни кітаптар шығарылуымен қатар, әлеуметтік-экономикалық, жаратылыстану, ғылыми әдебиеттерде шығарылды.

Демократиялық журналдарда, жеке басылым болып Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добралюбовтың,Д.И.Писаревтің, М.Е.салтыков-Щедриннің,Д.И.Менделеевтің т.б. ғалым қайраткерлердің еңбектері шығарылды.Ауыл шаруашылығы мен техника саласындағы әдебиеттер шығарылғанымен, әдебиеттің жалпы салмағы бойынша аз мөлшерде болды. 70-80ж.ж. діни тақырыптағы кітаптар көптеп басылып шыққанымен, қоғамдық ж/е экономикалық саладағы әдебиеттерді шығару жұмысы бәсеңсіді.

ХІХғ.ІІж. кітап басу ісінің негізгі орталығы Петербург ж/е Москва қалалары болып саналды, онан кейін Киев,Одесса,Харьков қалалары еді.

1890ж. Россияның 141 қаласында кітап шығарылса,1892ж.163ке жетті.Ал, кейбір губерниялық қалалар – Тамбов,Владимир т.б. қалаларда жылына 1 кітаптан 5 кітапқа дейін басылды. Бұлардың ішінде тарихи, этнографиялық, археологиялық әдебиеттер болды.

80-жылдың аяғы, 90жылдың бас кезінде Россияда баспахана ісінің алға қарай дамуын көрсетті.1891ж. 149 типография болса,1895ж. 185ке жетті.



Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Кітап ісіндегі өзгерістер. Цензуралық саясат?

2.Кітап ісінің дамуының негізгі бағыттары қандай?

3.Әмбебап және арнайы баспалар?



Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Атабаев Д.А., ЕсенғалиеваӘ.Г Қазақстандағы мәдени құрылыс тарихынан/ Қазақстанның кітап баспа ісі үлгісінде.- Алматы,2000.-148б.

2.БаренбаумИ.Е. История книги . Учебник.-2-ое изд.-М.: Книга, 1984.-24с.

3.Баренбаум И.Е., Шомракова И.А. Всеобщая история книга: Учебник.4.3.-СПб.,2001.-122с.

4. Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.:1988.-310с.

5.Ганзикова Г.С. Книгоиздатель А.Ф. Девриен и каталог "Книги-падарок"//Мир библиографии.2002.-№1, с.24-27.

6. История книги./Под . ред. А.А. Говорова, Т.Г . Куприяновой.М.: Светотон,2001.-400с.

7.Закревский Ю.А. И Д.Сытин- издатель, проветитель, меценат //Мир библиографии.-2000.-№6.-с.6-10.

Апта 8

Дәріс №15

А)Тақырып:ХХ ғ басындағы кітап ісі.

В)Мақсаты: ХХ ғ басындағы кітап ісін талдау.

С)Негізгі сұрақтар:

1.Кітап ісінің негізгі бағыттары.

2. Акционерлік баспа мекемелері. Ғылыми, әдеби және көркем бірлестіктердің баспа қызметі.

3.1905-1907 жж революция және бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі баспа ісі.



Мазмұны: Жұмысшы қозғалысының пайда болуына орай жұмысшы баспасының өмірге келуі. Цензура және баспа туралы заң. Кітап ісінің негізгі бағыттары, ірі полиграфиялық мекекмелердің пайда болуы. «Знание» баспасын ұйымдастыру, М. Горькийдің «Парус» баспасын құрудағы қызметі. Саяси баспалардың қызметі. Басылымдардың тақырыбы мен типтері. Мерзімді басылымдар, кітапты көркемдеу, өндірілуі1869жылдың аяғында әр апта сайын шығып тұратын «Нива» атты журналдың шығарылуына рұқсат беріледі. Бұл журнал білімді қауымға арналды,қалалық чиновниктерге, оқытушыларға, дәрігерлерге, бай саудагерлерге, провенция помещиктеріне арналды. Маркс журналды өте мазмұнды етіп шығаруға тырысты. Мұнда тарихи ж/е жағырафиялық очерктер, ғылым мен өнер туралы көпшілікке арналған мақалалар, медицина, шаруашылыққа арналған мақалалар жарияланды. Маркс орыс авторларының ішінде Л.И.Толстой, И.С.Тургенев, Д.В.Григорович, А.П.Чеховтың шығармаларын көптеп басып шығаруға үлкен назар аударды. Бірақта, оқырмандардың назарын әлемдегі ірі оқиғалар туралы фотокорреспонденциялар мен үлкен суретшілер: И.К.Айвазовский, т.б. суреттері басылды.

Маркстің «Нива» журналына жазылу өсті-250 данаға жетті. Сонда Маркс Петербургте ең үлкен де ірі баспахана ұйымдастырды.

1894-1904ж.ж. «Нива» журналында Ломоносовтың, В.А.Жуковскийдің, Н.В.Гогольдің, М. Достоевскийдің, А.П.Чеховтың, Г.И.Успенскийдің, Г.П.Данилевскийдің толық шығармалар жинағы шығарылды.

Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Кітап ісінің негізгі бағыттары қандай?

2. Акционерлік баспа мекемелері. Ғылыми, әдеби және көркем бірлестіктердің баспа қызметі?

3.1905-1907 жж революция және бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі баспа ісі?



Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник. – 2-ое издание. М.: Книга ,1984.-247с.

2.Баренбаум И.Е.,Шоракова И.А. Всеобщая история книги: Учебник.-4.4-СПб.,2004.-159с.

3. Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.:1988.-310с.

4.История книги./Под . ред. А.А. Говорова, Т.Г . Куприяновой.М.: Светотон,2001.-400с.

5.Книговедение и библиопсихология: Рукописное наследие Н.А.Рубакина.// Мир библиографии.-2003.-№.-с.27-30.

Дәріс №16

А)Тақырып:1917-1920ж.ж кітап ісі.

В)Мақсаты: 1917-1920ж.ж кітап ісін қарастыру.

С)Негізгі сұрақтар:

1.Баспа ісіндегі мемлекет саясаты.

2.Кеңестік кітап басылым жүйесінің қалыптасуы.

3.Ұлттық кітаптардың басылымы.



Мазмұны: Елдегі саяси жағдайдың сипаты. Кітап базарының сипаты. Кітап ісінің негізгі бағыттары. Алғашқы кеңес баспалары. Ұлттық әдебиеттердің басылып шығарылуы. Кітап басылымдарының типтері мен негізгі тақырыптық бағыты. Мерзімді басылымдар, кітапты өндіру және көркемдеу ісі. Типографияларды, кітап қорларын ұлттық сипатқа көшіру . Ұлы Октябрь Социалистік революциясы капиталистік және помещиктік қанауды, әлеуметтік теңсіздікті жойды, Россиядағы барлық халықтар мен ұлттардың еркін дамуына жағдай жасалды.

Соғыстан кейінгі ауыр жағдайға қарамастан, жас совет республикасы социолистік шаруашылықтың негізін салуға көшті. Нағыз халық мәдениеті қалыптаса бастады. Жұмысшылар өздерінің қолдарына фабрика мен заводтарды алумен қатар, мәдени ошақтарды, сонымен қатар баспа жұмысын одан әрі дамытуға ат салысты.

Ревалюциядан кейін әліде буржуазиялық баспа орындары түгелімен жойыла қоймаған еді.

1917ж. 10 қарашада В.И.Ленин «Баспа туралы декретке» қол қойды. Осы декреттің шығуына байланысты буржуазиялық баспасөзбен күрес жұмысы басталды. Жаңа өкіметке бағынбауды үндейтін көптеген буржуазиялық прессалар жабылды.

а) Полиграфиялық өндірістің жағдайы.

Совет өкіметінің алғашқы жылдарында газет, плакаттар шығаратын қағаздар жетіспеді, типографиядағы шрифтілер ескірген, сондықтанда басылып шыққан газеттердің бояуының нашарлығынан оқуға өте қиын болды.

Баспаханалардың қызыметін жақсарту үшін ең алдымен оларды мемлекеттің меншігіне өткізу жұмысы жүргізілді, полиграфиялық және қағаз шығару жұмысы дұрыс жолға қойылды.

Бұл бағыттағы жұмысты В.И.Ленин өзі қадағалап отырды.1920жылдан бастап баспаханалардың жұмысы жақсара бастады. 1918-1920 жылдар советтік баспалар жұмысындағы ең ауыр кезең болсада, соған қарамастан кітаптар, газеттер шығарылып отырды.



Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Баспа ісіндегі мемлекет саясаты қандай?

2.Кеңестік кітап басылым жүйесінің қалыптасуы?

3.Ұлттық кітаптардың басылым түрлері?



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет