Барлығы – 135 сағат



бет5/8
Дата27.05.2017
өлшемі1,62 Mb.
#17058
1   2   3   4   5   6   7   8

Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник. – 2-ое издание. М.: Книга ,1984.-247с.

2.Баренбаум И.Е.,Шоракова И.А. Всеобщая история книги: Учебник.-4.4-СПб.,2004.-159с.

3. Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.:1988.-310с.

4.История книги./Под . ред. А.А. Говорова, Т.Г . Куприяновой.М.: Светотон,2001.-400с.

5.Книговедение и библиопсихология: Рукописное наследие Н.А.Рубакина.// Мир библиографии.-2003.-№.-с.27-30.
Апта 9

17 Дәріс



А)Тақырып:ХХ ғ 20 жылдардағы КСРО – дағы кітап.

В)Мақсаты: ХХ ғ 20 жылдардағы КСРО – дағы кітап ісін талдау.

С)Негізгі сұрақтар:

1.Баспа ісінің негізгі бағыты.

2.Кеңестік баспа жүйесінің құрылуы.

3.Мемлекеттік баспаның қызметі.

4.Тақырыптық бағыт және кітап басылымдарының типтері.

Мазмұны: Елдің экономикалық, саяси және мәдени дамуы. Кітап ісінің негізгі бағыттары. Кеңестік баспа ісінің құрылуы. Мемлекеттік баспаның қызметі, мемлекеттік және кооперативтік, жеке баспалар. Ұлттық кітаптардың басылуы. Кітап басылымының жағдайы. Негізгі тақырыптық бағыттар мен кітап басылымының негізгі типтері. Мерзімді басылымдар, кітапты өндіру және көркемдеу ісі. Полиграфиялық және қағаз өндірісін қайта құру, нығайту және одан әрі дамыту. Кітап басылым ісінің жалпы деңгейі. 1919ж. 20-мамырында бүкілресейлік мемлекеттік баспа ұйымдастырылды. Бұрынғы ЛИО Петроград және Москва советінің және «Коммунист» сияқты баспалар біріктірілді. Мемлекеттік баспаның редакциялық коллекциясының мүшелері болып – И.И.Скворцов-Степанов, Покровский т.б. болды. Мемлекеттік баспа партияның миссиялық идеологиялық жұмысында үлкен роль атқарады, олардың саясатын насихаттайтын кітаптар шығарды. Мемлекеттік баспаның жұмысына В.И. Лениннің өзі басшылық жасап отырды. Ол басылымдардың санына, дұрыс көркемделіп шығарылуына үлкен мән берді.

а) Қоғамдық саяси кітаптың басылып шығарылуы

Советтік баспалар өздерінің құрылған күндерінен бастап, марксизм-ленинизм классиктерінен шығармаларын дайындап шығаруды жолға қойды.

К.Маркстің, Ф.Энгелстің, В.И. Лениннің шығармаларын басып шығару үшін қиындықтар кездесті. Себебі марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын жинақтап, зерттейтін ғылыми мекеме болмады.

1918ж. К.Маркс пен Ф.Энгелстің шығармаларын жинақтап дайындау үшін, жұмыс басталғанымен, мүмкіндік болмаған соң, шығарылмады. В.И. Лениннің революциямен азамат соғысы жылдарындағы жазылған еңбектері «Мемлекет және Революция», «Совет үкіметінің кезекті міндеттері» т.б. еңбектері басылып шығарылды.

1920ж. партияның ІІ съезінің шешіміне және В.И. Лениннің туғанына 50жыл толуына байланысты мемлекеттік баспа В.И.Лениннің алғашқы шығармалар жинағын басып шығарды. Бұл үшін арнайы комиссия құрылды.

1920ж. төртінші басылымның І-томы шығарылды, ал 1926ж. төртінші басылым түгелдей жарияланды.

Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Баспа ісінің негізгі бағыты қандай?

2.Кеңестік баспа жүйесінің құрылуы?

3.Мемлекеттік баспаның қызметі?

4.Тақырыптық бағыт және кітап басылымдарының типтері қандай?

Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник. – 2-ое издание. М.: Книга ,1984.-247с.

2.Баренбаум И.Е.,Шомракова И.А. Всеобщая история книги: Учебник.-4.4-СПб.,2004.-159с.

3. Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.:1988.-310с.

4.История книги./Под . ред. А.А. Говорова, Т.Г . Куприяновой.М.: Светотон,2001.-400с.

5.Книговедение и библиопсихология: Рукописное наследие Н.А.Рубакина.// Мир библиографии.-2003.-№.-с.27-30.

18 Дәріс



А)Тақырып:ХХ ғ 30 жылдардағы КСРО – дағы кітап.

В)Мақсаты: ХХ ғ 30 жылдардағы КСРО – дағы кітап ісін талдау.

С)Негізгі сұрақтар:

1.Баспа ісінің дамытудың негізгі бағыттары.

2.Біріктірілген мемлекеттік баспаны ұйымдастыру.

3.Баспалардың типтері және оларды бір жерге шоғырландыру.

4.Ғылым Академиясының баспа қызметі.

5.Ұлттық кітапты басып шығарудың жүйесін қайта құру.



Мазмұны: Мемлекеттің баспа туралы шешімдері. Ғылым мен мәдениетті дамыту. Кеңестік баспа жүйесінің дамуы.(Техникалық баспа бірлестігі). Ұлттық кітаптар басылым ісін қайта құру. Кітап ісінің негізгі бағыттары мен типтері. Мерзімді басылымдар: партиялық, көркем басылымдар, қоғамдық –саяси, балаларға арналған полиграфиялық және қағаз өндірісін қайта құру. 1923ж. партия совет баспалары бірігіп, «Совпартииздат» атты жаңа баспа құрды. Бұл баспаға 64ең ірі мекемелер, сонымен қатар, Мемлекеттік баспа да құрамына біріктірілді. Бұл біріккен баспа- шығаратын басылымдардың сапасын жақсартуға, кітаптардың белгілі бір жүйеге байланысты шығарылуына байланысты жағдай жасады.Сонымен қатар, полиграфия және кітап сауда ісімен , баспалардың жұмысын жоспарлаумен шұғылданды. Ең үлкен орталық баспа болып - Мемлекеттік баспа боп есептелінді. 20ж. басынан бастап, Мемлекеттік баспа негізінен әлеуметтік- экононмикалық және оқулықтар мен ғылыми еңбектер шығарумен айналысты. 1922ж. наурызынан бастап мемлекеттік баспаға оқулықтар шығаруға рұқспт берілді, ал басқа баспалар тек мемлекеттік баспаның рұқсатымен шығара алатын болды. 1924. Мемлекеттік баспаға бірнеше баспалар келіп қосылды.Сондықтан да, Мемлекеттік баспа универсалды әдебиеттерді басып шығарумен қатар, саяси, оқулық және көпшілікке арналған кітаптарды жарыққа шығарды. 1924- 27ж. Мемлекеттік баспаның кітап продукциясы елімізде жалпы шығарылатын кітаптардың 17% жетті, ал тиражы бойынша, 33% болды. Елдегі басқа баспалардың шығаратын кітап продукциясымен Мемлекеттік баспаның басылымы 1,5-2 есе өсті.

Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Баспа ісінің дамытудың негізгі бағыттары қандай?

2.Біріктірілген мемлекеттік баспаны ұйымдастыру?

3.Баспалардың типтері және оларды бір жерге шоғырландыру?

4.Ғылым Академиясының баспа қызметі қандай?

5.Ұлттық кітапты басып шығарудың жүйесін қайта құру?



Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник. – 2-ое издание. М.: Книга ,1984.-247с.

2.Баренбаум И.Е.,Шомракова И.А. Всеобщая история книги: Учебник.-4.4-СПб.,2004.-159с.

3. Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.:1988.-310с.

4.История книги./Под . ред. А.А. Говорова, Т.Г . Куприяновой.М.: Светотон,2001.-400с.

Апта 10

19 Дәріс



А)Тақырып: Ұлы Отан соғыс жылдарындағы КСРО- дағы кітап.

В)Мақсаты: Ұлы Отан соғыс жылдарындағы КСРО- дағы кітап ісін қарастыру.

С)Негізгі сұрақтар:

1.Баспа ісінің жүйесін қайта құру.

2.Ірі баспалардың қызметі.

3.Ұлттық республикаларда баспа қызметін күшейту.

4.Жаулап алған территориядағы баспа қызметі.

Мазмұны: Соғыс жағдайына байланысты баспалар жүйесін қайта құру осы күрделі жағдайға байланысты баспалардың міндеті. Басылымдардың негізгі бағыттары мен типтері. Мерзімді басылымдар. Майдан газеттерін шығару. Полиграфиялық базаның жағдайы. ҰОС басталған кезде, полиграфиялық өндірістің жағдайы нашар болды. Украина, Балтық жағалауы елдерін жау басып алғаннан кейін, типографиялар және полиграфиялық машина жасау зауыттары қиратылды. П олиграфиялық материалдар - шрифттер, қағаздар, бояулар, картон, кітаптарды түптеуге қажетті маталар табу қиынға түсті. Көптеген полиграфиялық және қағаз шығаратын мекемелер өз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. 1943ж. Жау тылында жұмыс істеуге ыңғайлы баспа машинкасы ойлап шығарылды. Осы жылы 3 завод іске қосылды. Пензада, Рыбинск, Щадринск қалаларында. Бұл заводтарда полиграфияық құралдар шығарылатын болды.

Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Баспа ісінің жүйесін қайта құру?

2.Ірі баспалардың қызметі қандай?

3.Ұлттық республикаларда баспа қызметін күшейту?

4.Жаулап алған территориядағы баспа қызметі қандай?

Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник. – 2-ое издание. М.: Книга ,1984.-247с.

2.Баренбаум И.Е.,Шомракова И.А. Всеобщая история книги: Учебник.-4.4-СПб.,2004.-159с.

3. Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.:1988.-310с.

4.История книги./Под . ред. А.А. Говорова, Т.Г . Куприяновой.М.: Светотон,2001.-400с.

5. Коваль Л.М. Книга тоже воевала// Библиотека.- 2005.- №1.- с. 66-68.

20 Дәріс



А)Тақырып: 1946-1959 жж КСРО- дағы кітап ісі.

В)Мақсаты: 1946-1959 жж КСРО- дағы кітап ісін қарастыру.

С)Негізгі сұрақтар:

1.Халық шаруашылығын қайтадан қалпына келтірумен әрі қарай дамытудағы баспасөздің ролі.

2.Баспа тораптарының әрі қарай дамуы.

3.Кітап репертуары.



Мазмұны: Елдің экономикалық, саяси, мәдени жағдайы. Кітап ісінің негізгі бағыттары. Баспа ісін қайта құру. Баспалар жүйесін кеңейту. Басылымдардың негізгі бағыттары мен типтері. Мерзімді басылымдар. Газет- журналдар жүйесін қалыптастыру. Кітапты көркемдеп шығару өндірісі. ҰОС жеңістен кейін Совет халқы бейбіт өмір мақсатында халық шаруашылығын қалпына келтіруге кірісті. Соғыстан кейінгі жылдары баспа ісін, үгіт-насихат, ғылым, әдебиет пен өнер, мәдениет саласын қайтадан жандандыруға партия, үкімет тарапынан көптеген шаралар алынып, жүзден аса бастады.

Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Халық шаруашылығын қайтадан қалпына келтірумен әрі қарай дамытудағы баспасөздің ролі қандай?

2.Баспа тораптарының әрі қарай дамуы?

3.Кітап репертуары?



Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник. – 2-ое издание. М.: Книга ,1984.-247с.

2.Баренбаум И.Е.,Шомракова И.А. Всеобщая история книги: Учебник.-4.4-СПб.,2004.-159с.

3. Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.:1988.-310с.

4.История книги./Под . ред. А.А. Говорова, Т.Г . Куприяновой.М.: Светотон,2001.-400с.

Апта 11

21 Дәріс



А)Тақырып: 1960-1980 жж КСРО- дағы кітап.

В)Мақсаты: 1960-1980 жж КСРО- дағы кітап ісін талдау

С)Негізгі сұрақтар:

1.Баспалардың жаңа жүйесін құру.

2.Негізгі бағыты және кітап басылымдарының типтері.

3." Библиотека всемирной литературы" атты серия және басқалары.

4.Одақтас республикалардағы кітап басылым.

Мазмұны: Полиграфиялық базаның жағдайы. Кітапбасылым ісінің жалпы жағдайы. Әртүрлі сала әдебиеттерінің шығарылуы. Басылымдардың тақырыптары. Мерзімді басылымдар, басылып шығарылуы. Полиграфиялық базаның жағдайы. 60-70ж. арасында полиграфия базасының жағдайы біршама жақсарды. 70ж. ортасында Москва, Киев, Минск, Баку, Тула қалаларында 150 астам жаңа полиграфиялық баспалар іске қосылды. 1979ж. мәлімет бойынша елде 3200 астам полиграфиялық комбинаттар жұмыс жасады. Қазіргі заман талабына сай жабдықтарман қамтамасыз еткен, жаңа типтегі машиналарды қолданылады. Баспа басылымдарда, көркемдеуде түрлі- түсті фотография, кинматография, теледидардың мүмкіншілігі көптеп пайдаланылы бастады.

Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Баспалардың жаңа жүйесін құру?

2.Негізгі бағыты және кітап басылымдарының типтері қандай?

3." Библиотека всемирной литературы" атты серия және басқалары?

4.Одақтас республикалардағы кітап басылым түрлері?

Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник. – 2-ое издание. М.: Книга ,1984.-247с.

2.Баренбаум И.Е.,Шомракова И.А. Всеобщая история книги: Учебник.-4.4-СПб.,2004.-159с.

3. Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.:1988.-310с.

4.История книги./Под . ред. А.А. Говорова, Т.Г . Куприяновой.М.: Светотон,2001.-400с.

5. Наша организация нужна обществу ( международ. Союз обществ объединений книголюбов ).// Библиотека.- 2004.- №10.- с. 51-53.

22 дәріс

А)Тақырып: Қазіргі кезеңдегі кітап ісі.

В)Мақсаты: Қазіргі кезеңдегі кітап ісін қарастыру.

С)Негізгі сұрақтар:

1.Баспаны демократияландыру.

2.Кітап рыногының дамуы.

3.Қосалқы баспа тораптарының пайда болуы.

4.Кітап репертуары.

Мазмұны: Баспалардың кітап басып шығару саясаты және кітапбасылым мәселелері. Кітап репертуарын қалыптастыру ерекшеліктері, қазіргі кезеңдегі кітап бизнесінің негізгі даму тенденциясы. 60ж. бастап, кітапбасылым жұмысы жаңа деңгейге көтерілді. Министрлер Советі жанындағы баспа комитеті барлық баспалар мен типографияларға басшылық жасады. Мұнымен қатар, баспалардың жүйесі де ретке келтірілді. Кейбір ұсақ баспалар ірі баспалармен біріктірілді. Мұның нәтижесінде, үлкен баспалар пайда болды. Олар: «Мысль» , «Наука», «Колос», «Мир» сияқты небары 44 ірілендірілген арн.аулы баспалар пайда болды. Осы жұмыстардың нәтижесінде барлық саладағы кітаптар, оның ішінде көркем әдебиетті шығару жақсы деңгейге жетті. 1977ж. көркем әдебиет 20млн. астам болса 1980ж. 44% дейін өсті. Бұрынғы Советтер Одағында дүние жүзінің 136 мемлекетінің 80 тілінде шығарылды. ЮНЕСКО-ң мәліметі бойынша бұрынғы Одаққа англиямен салыстырғанда 5 рет көп, ал АҚШ, Франция елдерімен салысты рғанда 2 рет көп шығарған болатын. Шетел әдебиетін орыс тіліне ғана емес, т.б. халықтар тіліне аударып шығарды. Мұнымен қатар, осы кезде біздің ел әдебиетті жетілдіруге аударылып,жарияланып тұрды. Бұл басылымдарды шет тілінде жариялауда үлкен роль атқаратын баспалар «Новости»,«Мир», « Прогресс» баспалары болды. Жыл сайын бір мыңнан астам кітап пен брошюралар шығарылды. Кітап баспа жұмысының қызметкерлері шетелдік әріптестерімен творчестволық байланысты нығайтуда үлекн роль атқарды.

Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Баспаны демократияландыру?

2.Кітап рыногының дамуы?

3.Қосалқы баспа тораптарының пайда болуы?

4.Кітап репертуары қандай?

Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Авторы, издатели, книго продавцы: международ. акты, соглашения, деклорации: сборник нормативных и рекомендательных документов для работников библиотек, издательств и книготорговых организации.- М.: Либерия, 2002.- 304 с.

2.Бакейкин С.Д. Книжный рынок и фонды библиотек: Проблемы взаимосвязи ( 90- е г.г. ХХв ) -// Библиотековедение.- 2004.-№5.- с. 118-124.

3.Баренбаум И.Е.,Шомракова И.А. Всеобщая история книги: Учебник.-4.4-СПб.,2004.-159с.

4.Издатели, книготорговцы и библиотеки в едином информационным пространстве.// Библиография.- 2005.- №1.- с.103-110.

5.Санжарова Л.Б. Книга как источник информации в современном процессе. // Кітапхана.- 2004.-№3.- с.12-16.

6.Книгоиздание: проблемы и перспективы развития.// Система средств массовой информации России.- М.: Аспект пресс.- 2003.- с.228-251.

Апта 12

23 дәріс



А)Тақырып: Ертедегі халықтардың жазуы және жазба ісі.

В)Мақсаты: Ертедегі халықтардың жазуы және жазба ісін қарастыру

С)Негізгі сұрақтар:

1.Жазудың тарихи жүйесі.

2.Ертедүние және антика дәуірі нің кітаптары мен кітапханалары.

Мазмұны: Жазудың дамуының негізгі кезеңдері. Қолжазба кітаптарының маңызының әртүрлілігі. Қолжазба кітаптардың материалдары мен түрлері. Татар – монғол шапқыншылығы кезеңіндегі кітаптардың жаппай жойылып кетуі. XVI ғ. аяғымен XV ғ. басындағы кітап ісінің қайта жандануы ХІ-ХІІІғ.ғ. қолжазба кітаптардың көбі біздің кезеңге дейін сақталмаған. ХІғасырдың кітабынан – 33 қолжазба, ХІІғасырдан- 85 қолжазба кітаптар ғана сақталған. Мұның себептері өте көп, мысалы қолжазбаларды өрттен сақтап қалуға мүмкіндік болмаған. Сол сияқты татар-монғол шапқыншылығы кезеңінде көптеген тарихи құнды қолжазбаларды сақтап қала алмады, себебі басқыншылар жүрген жерлерін өртеді, өте көптеген кітаптар сондықтан жойылып кетті. Мысалы: 1571ж. Дәулеткерейдің жауынгерлерінің Москваға шабуылы кезеңінде сан мыңдаған қолжазбаларды сақтауға жағдай болмады. Ертедегі кітаптың ең бір тамаша үлгілері саналатын «Остромирововангелисі» болды. Қазіргі кезде Солтыков-Щедрин атындағы бұқаралық кітапханада сақталуда.

Екінші бір ертеорыс кітабының ескерткіштерінің тамаша үлгісі болып есептелінетін -1073жылғы «Святославтың жинағы». Бұл жинақты бірінші орыс энциклопедиясы деуге болады, себебі мұнда діни әдебиеттермен қатар ботаника, зоология, медицина, астрономия,грамматикаданда мақалалар жарияланған.

Татар-монғол шапқыншылығы, Ертедегі Русьте кітап ісінің одан әрі дамуына кері әсерін тигізді. Орыстың ертедегі кітап орталықтарының күйреуіне әкеліп соқтырды.

ХІҮғ. аяғында бұрынғы кітап орталықтарымен қатар, жаңалары пайда бола бастады. Мысалы: Тверь, Ростов,Суздаль қалалары . Бұрын тек Новгород және Псков қалалары еді.

Орыс мемлекетінің жаңа орталығы-Москва қаласында ірі-ірі қолжазбалардың шеберханалары жұмыс істеп, мұнда кітапты көшіріп жазушылар, редакторлар, суретшілер және кітапты мұқабалаушылар штат бойынша қызмет атқарады.

ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. орыс мәдениетіне славяндардың және грек славяндардың ықпалы үлкен әсер етеді. Бұл әсер негізінен әдебиетпен жазба ісінде қолданылады.



Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Жазудың тарихи жүйесі қандай?

2.Ертедүние және антика дәуірі нің кітаптары мен кітапханалары?

Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник. – 2-ое издание. М.: Книга ,1984.-24

2. Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.:1988.-310с.

3.Елеукено.в Ш. Кітаптану негіздері: оқу құралы.- А.: Санат, 1997.- 176б.

4. История книги./Под . ред. А.А. Говорова, Т.Г . Куприяновой.М.: Светотон,2001.-400с

5. Книга. Энциклопедия.- М., 1999.- 799с.

6. Книговедение: Энциклопедический словарь.- М.: Книга.- 1982.-664с.

24 дәріс



А)Тақырып: Орта ғасырдағы кітап.

В)Мақсаты: Орта ғасырдағы кітап ісін талдау

С)Негізгі сұрақтар:

1.Орта ғасырдағы қолжазба кітап.

2.Орта ғасырдың айтулы көне ескерткіштері.

Мазмұны: ХҮІғ. 40-50жылдарында алғаш Новгородта, содан кейін Москвада ірі шеберханалар құрыла бастады, бұл шеберханаларда қолжазба кітаптар дайындалды.

Орыс мәдениетін ж/е кітап ісін алға қарай дамытуда өз заманының ағартушысы, метрополист Макарийдің ролі ерекше.

ХҮІғ. Ортасында Москва мемлекетінде публицистикалық әдебиеттер жақсы дамыды. Олардың авторлары болып Максим Грек, Иван Грозный, Андрей Курбский сияқты әртүрлі қоғамдардың өкілдері болды.

Мұнымен қатар дін туралы жазылған әдебиеттерде кітап шығарылды. Қолжазба кітаптардың шығуы кітап сауда жұмысының дамуына әсер етті. Иван Грозныйдың бұйрығымен Москвада салтанатты кездерде кітап сату жұмысы жолға қойылды.

ХҮІғ. ортасында Москвада кітап басып шығару ісі дамыды. Сондықтанда Москвада типографиялар салынып, кітап басып шығаруға қажетті техникалар әкелінді. Бұл іс – Иван Грозныйдың (ХҮІғ. 50-60ж.) саяси шараларының бірі болды. Шіркеулерге діни кітаптардың қажеттігінен кітап басып шығару ісін дамыту керек болды.

Осы жылдары кітап басу ісіне шетелдік адамдарды қатыстырды, бірақ одан ешқандай нәтиже шықпады. Сондықтанда типографиялық өнерді үйрену үшін өз адамдарын үйрету қажет болды. Ол үшін жазушы – публицист Максим Грек шетелдік кітап басылым ісімен танысу мақсатында ХҮғ. аяғымен ХҮІғ. басында Италияға барып, осы іспен толық танысып, Москваға шетел кітаптарының үлгілерін әкелді.



Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Орта ғасырдағы қолжазба кітап?

2.Орта ғасырдың айтулы көне ескерткіштері қандай?

Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник. – 2-ое издание. М.: Книга ,1984.-24

2. Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.:1988.-310с.

3.Елеукено.в Ш. Кітаптану негіздері: оқу құралы.- А.: Санат, 1997.- 176б.

4. История книги./Под . ред. А.А. Говорова, Т.Г . Куприяновой.М.: Светотон,2001.-400с

5. Книга. Энциклопедия.- М., 1999.- 799с.

6. Книговедение: Энциклопедический словарь.- М.: Книга.- 1982.-664с.

Апта 13

25 дәріс



А)Тақырып: Кітап басылымының алғашқы ғасырындағы кітап. ( ХҮ- ХҮІғ)

В)Мақсаты: Кітап басылымының алғашқы ғасырындағы кітап ісін қарастыру ( ХҮ- ХҮІғ)

С)Негізгі сұрақтар:

1.Европадағы кітап басылымын ісінің басталуы

2.Инкунабулалармен палеотиптер.

3.И. Гуттенбергтің қызметі.



Мазмұны:Кітапбасылым ісінің пайда болуы. Кітапбасылым ісінің әлеуметтік – экономикалық және мәдени алғы – шарттары. И. Федоров пен П. Мстиславецтің қызметі. XVI ғ. Қолжазба кітаптар. Татар-монғол шапқыншылығы, Ертедегі Русьте кітап ісінің одан әрі дамуына кері әсерін тигізді. Орыстың ертедегі кітап орталықтарының күйреуіне әкеліп соқтырды.

ХІҮғ. аяғында бұрынғы кітап орталықтарымен қатар, жаңалары пайда бола бастады. Мысалы: Тверь, Ростов,Суздаль қалалары . Бұрын тек Новгород және Псков қалалары еді.

Орыс мемлекетінің жаңа орталығы-Москва қаласында ірі-ірі қолжазбалардың шеберханалары жұмыс істеп, мұнда кітапты көшіріп жазушылар, редакторлар, суретшілер және кітапты мұқабалаушылар штат бойынша қызмет атқарады.

ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. орыс мәдениетіне славяндардың және грек славяндардың ықпалы үлкен әсер етеді. Бұл әсер негізінен әдебиетпен жазба ісінде қолданылады.

ХІҮ-ХҮғ.ғ. кітап жазу ісінің ескерткіштерінің бірі саналатыны – Лавректев шежіресі. Бұл кітапты монах Лавректев 1377ж. Ұлы князь Дмитрий Константиновтің (заказы) сұранысы бойынша жазған. Қазіргі уақытта бұл кітап М.Е. Салтыков – Щедрин кітапханасында сақталуда. ХІҮғ. Кітаптарды пергаментке көшіріп жазды. Оны жас қозы, бұзау, ешкілердің терісін илеу арқылы жасап отырды. Мұнымен қатар, ағаштың (березта) қабықтары пайдаланылды. Қолжазбаны сиямен және әртүрлі сырлармен жазды. Кітаптағы басты әріптер, аттары, кісінің инициялдары қызыл сырмен жазылатын еді. Термин(«красная строка») обзацтан бастап жазу осыған байланысты. Жазу құралы – қаламұштардың орнына – құстардың (гусыня перья) қанаттары пайдаланылды.

Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Европадағы кітап басылымын ісінің басталуы қашан?

2.Инкунабулалармен палеотиптер?

3.И. Гуттенбергтің қызметі қандай?



Е)Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Баренбаум И.Е. История книги. Учебник. – 2-ое издание. М.: Книга ,1984.-24

2. Владимиров Л.И. Всеобщая история книги.- М.:1988.-310с.

3.Елеукено.в Ш. Кітаптану негіздері: оқу құралы.- А.: Санат, 1997.- 176б.

4. История книги./Под . ред. А.А. Говорова, Т.Г . Куприяновой.М.: Светотон,2001.-400с

5. Книга. Энциклопедия.- М., 1999.- 799с.

6. Книговедение: Энциклопедический словарь.- М.: Книга.- 1982.-664с.

26 дәріс



А)Тақырып:Буржуазиялық революциялар кезеңіндегі және ХҮІІ- ХҮІІ ғ кітап.

В)Мақсаты: Буржуазиялық революциялар кезеңіндегі және ХҮІІ- ХҮІІ ғ кітап ісін қарастыру

С)Негізгі сұрақтар:

1.Европаның баспагерлері және баспа фирмалары.

2.Солтүстік Американың баспагерлері және баспа фирмалары.

3.Басылымдар репертуары.



Мазмұны: XVII ғ. кітапбасылым ісінің дамуының әлеуметтік – саяси алғышарттары. Ғылыми ойлардың дамуы. Баспа кітаптарының тақырыптары. Баспа техникасының дамуы. Кітапқа бақылау ұйымдастыру. XVII ғасырда Москва мемлекетінің халықтарының жағдайы нашарлауына байланысты, таптық күрес күшейе түсті.Москва қоғамының эканомикалық ж/е мәдени дамуының қажеттігіне байланысты, оқу-білімнің дамуында жүзеге аса бастады.

Дворяндардың арасында білімге деген құштарлық өсіп, оқымысты адамдар шыға бастады.

Бұл білімді адамдар Украинамен Белеруссияданда шыға бастады, олар негізінен аудармашылар болып қызмет атқарды.

Мыс: Симеон Полоцкий, Епифаний Славинцкий сияқты адамдар Россияда мәдениеттің дамуына үлкен ықпал жасады. Шетелдік ғылыми ж/е көркем әдебиетіде орыс мәдениеті үшін ықпалы зор болды.

Москва мемлекетінде кітап басылым жұмысының жолға қойылуына қарамастан, қолжазба кітаптарда бұрынғысынша шыға бастады. Себебі кітап басылым жұмысының техника саласы өте нашар болды, типографияда басылып шыққан кітаптар қолжазба кітаптардан бағасы әлдеқайда жоғары болды.

XVIIғ. өзінде-ақ қолжазба кітаптарының ортлықтары болып бұрынғысынша-монастырлар болды. Кітап көшіріп жазушылар, қолөнершілер- шеберханаларда жұмыс істеді.

Кітаптардың тақырыбы: Жаратылыстану білімдерін насихаттайтын-белгілі бір өсімдіктердің емдік қасиетін насихаттайтын кітаптар болды.Астрономия ғылымына байланысты кітаптар шығарылды, бұл тақырыптағы кітаптар жыл қайыру үшін қолданылды. Мұнымен қатар, XVIIғ. Техникалық қолжазба кітаптары шығарылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет