Барлығы – 135 сағат



бет33/45
Дата11.11.2016
өлшемі3,54 Mb.
#1504
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45

Дәрістің мазмұны


1. ІІ Николайдың 1914 ж. 20 шілдесіндегі халыққа үндеуі. Соғыс қарсаңындағы патриоттық сезімнің оянуы;

2. Соғыстың алғашқы кезеңіндегі әскери қаруланудың кемшіліктері. Әскери кезеңдегі заң шығару. Мемлекеттік мекемелер. Транспорт. Банктер.Әскери-өндіріс комитетері және оладың міндеттері. Азық-түлік мәселесі;

3. Патша және Мемлекеттік Дума. Ондағы маңызды саяси процестер.

Әдебиеттер:


  1. История России ХІХ- нач. ХХ века. Под ред. Федорова М. М., 1998 г.

  2. Левандовский А.А. «Россия в ХХ веке». М., 1997.

  3. Верт Н. «История Советского государства». М., 1992.

  4. Геллер М., Некрич А. «Утопия у власти». М., 2000 г.

  5. Поцелуев В.А. «История России ХХ столетия». М., 1997 г.

  6. Уткин А.И. «Россия и Запад: История цивилизаций». М., 2000 г.

  7. Протопов А.С., Козьменко В.М., Еламанова Н.С. «История международных отношении и внешней политики России» (1648-2000). М., 2003 г.

  8. Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.

  9. Н. И. Павленко, В. Б. Кобрин. В. А. Федоров. «История России с древнейших времен до 1861 года». М., 1989 ж.

  10. М. Мунчаев, В. М. Устинов. «История России». М., 2003 ж.

  11. История Российского государства. Ред. басқарған Ш. М. Мунчаев. М.,2000 ж.

- ІІ Николайдың 1914 ж. 20 шілдесіндегі халыққа үндеуі. Мемлекеттік кеңестің және Мемлекеттік Думаның 1914 ж. 26 шілдесіндегі төтенше отырысы. Соғыс қарсаңындағы патриоттық сезімнің оянуы. Ресейдегі саяси партиялар және олардың соғысқа қатысы. Ресейдегі ағартушылықтың жолдары мен соғыс туралы орыс философтарының концепциялары. В. В. Розанов, Н. А. Бердяев, П. Б. Струве.

- Соғыстың алғашқы кезеңіндегі әскери қаруланудың кемшіліктері. Әскери кезеңдегі заң шығару. Ерекше отырыстар. Мемлекеттік мекемелер. Транспорт. Банктер. Кәсіпкерлердің съезі. Әскери-өндіріс комитеттері және олардың міндеттері. Азық-түлік мәселесі. Соғыс жылдарындағы ауыл шаруашылығы. Аймақтардың мамандандырылуы.

- Патша және Мемлекеттік Дума.


10 апта

28 кредит сағат

19 дәріс

Тақырып: 1917 ж. Ресейдегі революциялық оқиғалар.

Дәріс мазмұны:


1. 1917 ж. Ресейдің әлеуметтік және саяси дамуындағы өзгерістер;

2. Ақпан буржуазиялық революциясының алғышарттары. Петроградтағы халық толқулары;

3. Уақытша үкіметтің құрылуы. Монархияның құлауы.

4. 1917 ж. көктеміндегі қоғамдық-саяси жағдай. Көппартиялық жүйе және саяси күрес;

5. Уақытша үкіметтің ішкі және сыртқы саясаты.

Әдебиеттер:


  1. Шелохаев В.В. Либеральная модель переустройства России. М.,1996.

  2. Аврех А.Я. Столыпин и Третья Дума. М.,1968.

  3. Аврех А.Я. П.А.Столыпин и судьба реформ в России. М.,1991.

  4. Зырьянов П.Н. Петр Столыпин: Политический портрет. М.,1992.

  5. Бовыкин В.И. Очерки истории внешней политики России. Конец ХІХ в. –1917 г. М.,1960.

  6. Чапек В.Н. «История России». Ростов-на-Дону, 2002 г.

  7. Уткин А.И. «Россия и Запад: История цивилизаций». М., 2000 г.

  8. Семенникова Л.И. «Россия в мировом сообществе цивилизаций». Брянск, 2000 г.

  9. История. Отв. ред. Самыгин П.С. Ростов-на-Дону, 2002 г.

  10. Захарова Л.Г. Самодержавие и отмена крепостного права в России. 1856-1861. М.,1984.

  11. Ленин В.И. Развитие капитализма в России./Полн.собр.соч. 5-е изд. М.,1967. т.3.

  12. Соловьев Ю.В. Самодержавие и дворянство в конце ХІХ века. Л.,1973.

  13. Боханов А.Н. Крупная буржуазия России. Конец ХІХ в. 1914 г. М.,1992.

  14. Балуев Б.П. Либеральное народничество на рубеже ХІХ –ХХ вв. М.,1995.

  15. Истори политических партии в России. Под ред.А.И.Зевелева. М.,1994.

  16. Шелохаев В.В. Либеральная модель переустройства России. М.,1996

  17. История России ХІХ-начале ХХ вв. Учебник под ред.Д.А.Федорова. М.,2000.

  18. Соловьев Ю.В. Самодержавие и дворянство в конце ХІХ века. Л.,1973.

  19. Боханов А.Н. Крупная буржуазия России. Конец ХІХ в. 1914 г. М.,1992.

  20. Балуев Б.П. Либеральное народничество на рубеже ХІХ –ХХ вв. М.,1995.

  21. Бовыкин В.И. Очерки истории внешней политики России. Конец ХІХ в. –1917 г. М.,1960.

  22. Советская историческая энциклопедия. М.1961-1976. Т.1-16.

  23. История России ХІХ-начале ХХ вв. Учебник под ред.Д.А.Федорова. М.,2000.

  24. История России: Ролссия в мировой цивилизации. Учебное пособие. М.,1998.

  25. История России.ХХ век. Отв.ред.В.П.Дмитриенко. М.,1996.

  26. История Отечества: люди, идеи, решения в 2-х т. М.,1991.

  27. Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.

  28. Н. И. Павленко, В. Б. Кобрин. В. А. Федоров. «История России с древнейших времен до 1861 года». М., 1989 ж.

  29. М. Мунчаев, В. М. Устинов. «История России». М., 2003 ж.

  30. История Российского государства. Ред. басқарған Ш. М. Мунчаев. М.,2000 ж.

- Империалистік блоктардың құрылуы. І д.ж.с.: басталуы, басты себептері, жүру барысы. 1914-1916 ж.ж. соғыс қимылдары;

- Ресейдегі революциялық жағдайдың алғышарттарының пісіп- жетілуі;

- 1917 ж. ақпан революциясы: себептері, барысы. Революция барысындағы үш саяси дағдарыс. Революция нәтижелері;

- Қазан революциясы. Кеңестер мен большевиктер. ІІ Жалпыресейлік кеңестер съезі және оның декреттері;

- Советтер және Құрылтай жиналысы: саяси дамудың балама жылдары. Революция қайраткерлері.



1917 ж. Россиядағы Ақпан және Қазан революциялары.
1-сұрақ Ақпан революциясы және оның тарихи маңызы.
1917 ж. Ақпан революциясы 1905-1907 жж. тарихи циклды аяқтап шыққан буржуазиялық - демократиялық революция болды және буржуазиялық революцияға тән міндеттерді шешті.

1. Конституциялық құрылысты қалыптастырды.

2. Азаматтық және саяси бостандықтарды орнатты.

3. Капиталистік қатынастардың дамуына қолайлы жағдайлар туғызды.

Россиядағы 2 буржуазиялық-демократиялық революциялардың арасында логикалық байланыс бар. Елдің капиталистік эволюциясының ерекшеліктері революциялар себептеріне айналды, яғни, самодержавиялық үкімет күні жеткен әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларды шешуге қабылетсіз болды. 2 революциялар барысында патша үкіметі бұрын- соңды кездеспеген жаппай оппазициялық қозғалысқа тап болды.

Екі революцияларды туғызған жалпы себептермен қатар (жұмысшы табын қанау, шаруалардың жерсізденуі, полицайлық және рухани қанау) Ақпан революциясы І-дүниежүзілік соғыс туғызған дағдарыстарға байланысты басталған да болатын.

Соғыс Россияны экономикалық күйреу шегіне алып келді. Күн сайынғы әскери шығын 50 млн. сомға жетті. Өнеркәсіп өндірісі 20% және одан да көп деңгейде қысқарды. Соғыс жылдарында 1000-дай өнеркәсіп орыны жабылды. Транспорт, жағармай өндірісінің жағдайы қиындады. Нарықтық байланыстар бұзылды.

Экономикалық дағдарыс саяси дағдарысқа ұласты. Қоғамның моральдық жағдайы күрделенді. Материалдық жағдайдың төмендеуі патша үкіметіне қарсы саяси наразылықты туғызды. Елде әртүрлі бағыттағы оппазициялық қозғалыстар күшейді. Буржуазия саяси билікке ұмтылды. Радикалды оппазиция кәсіподақтарды құрып, жұмысшы партияларының қызметін ресімдеуді талап етті.

Соғыс жылдарында жұмысшы шаруа қозғалысы күшейді. Оппазициялық көңіл-күй армияны қамтыды. 11 млн-дық армия негізінен жұмысшылар мен шаруалардан тұрды. Сонымен 1917 жылдың басында елде терең әлеуметтік-экономикалық, саяси дағдарыс қалыптасты.

Революция 1917 ж. 23-ақпанда басталды. 120 мың Петроград жұмысшылары «Нан!», «Соғыс тоқтатылсын!» деген ұрандармен көшеге шықты. Қозғалыс тез қанат жайып, 25-ақпан күнгі ереуілге 305 мыңдай адам қатынасты. Бұл Петроград жұмысшыларының 80% болатын. 27-ақпанда Петроград гарнизоны көтерілісшілер жағына шықты. Бұл революцияның жеңісі болып есептелінеді. Революция барысында большевиктер жұмысшы депутаттар Кеңесін құру туралы шешім қабылданды. 27-ақпан күні жұмысшы депутаттар Кеңесінің І отырысы ашылды. Кеңес төрағасы болып, меньшевик Н.С. Чхеидзе және оның құрамына А.Ф. Керинский (эсер) және М.С. Скоблев (меньшевик).

(846 депутаттың 50-і большевиктер).

Кеңес «Ресей халқына үндеу» қабылдады. Елде құрылтай жиналысын шақырып, тең, тіке сайлау өткізу жөнінде шешім қабылданды.

2- наурыз күні Уақытша үкімет құрылды. Төрағасы Г.Е. Львов. Үкімет құрамына 12 адам – 6 кадет, 5-октябрис кірді. А.Ф, Керинскии юстиция министрі болып тағайындалды.

3-наурызда Уақытша үкімет Декларация қабылдады. Декларацияда:

1) өлім жазасына тыйым салынды.

2) Саяси амистия.

3) Сөз, жиналыс жасау бостандығы жарияланды.

Ақпан буржуазиялық-революциясы ерекше саяси жағдаймен аяқталды. Қос үкімет құрылды.



    1. Революциялық-демократиялық (Петроград кеңесі).

    2. Буржуазиялық уақытша үкімет.

1917 ж. 2-ақпанда Николай ІІ тақтан бас тартатындығы туралы монифеске қол қойды. 300 жылға созылған Романовтар династиясының тарихы аяқталды. Ақпан революциясының ең басты тарихи маңызы саяси жүйе ретіндегі монархияны жойды. Алайда елде екі типтегі мемлекеттілік қалыптасты. 1. Буржуазиялық республика.

2. Кеңестер республикасы.

Бұндай қосарланған саяси биліктің ұзаққа созылуы мүмкін емес. Мәселе түбегейлі Құрылтай жиналысында шешілуге тиісті болды.


2-сұрақ.

Қазан революциясы. Ресей қоғамы.

Қос үкімет жағдайында елдің дамуының екі жолы болды.



  1. Буржуазиялық реформистік жол.

  2. Пролетарлық демократиялық жол.

Ақпан революциясы нәтижесінде билік орыс буржуазиясының қолына көшті. Алайда қос үкімет жағдайында ішкі, сыртқы мәселелер тиімді шешілмеді. Жергілікті билік органдарын құруда Кеңестердің ролі орасан зор болды. 1917 жылы қазанда 1429 Кеңестер құрылды. Ал Уақытша үкімет қолындадағы билік шеңбері өте тар болды.

Орыс буржуазиясының басты партиясы – кадеттер партиясы болатын. Оның құрамында шамамен 65-80 мыңдай адам болды. 370-тей жергілікті комитеттері болды. Партия лидері П.Н. Милюков.

Кадеттер партиясының негізгі стратегиялық саясаты Уақытша үкіметтің бірден-бір билігін орнату еді. Тактикалық бағытта мынандай міндеттерді қойды:


  1. Қоғамда бірыңғай тәртіпті қалпына келтіру.

  2. Экономикалық, саяси дағдарысты жою.

  3. Буржуазиялық-парламенттік республиканы құру.

  4. 1917 ж. тамыз айында кадеттер монархиялық құрылысқа қарай бет бұрды.

Елде жұмысшы депутаттардың ролі күшейді. Большевиктер партиясы басты саяси күшке айналды. 1917 ж. ақпанында большевиктер партиясының қатарында 24 мыңдай адам болса, жылдың аяғында 350 мыңға жетті.

В.И. Ленин 3-сәуірде Швейцариядан Петроградқа оралды. Революцияның ең маңызды мәселелерін атақты «Апрель тезистерінде» анықтап берді. Тезистердегі негізгі ой

1) Буржуазиялық-демократиялық революция аяқталды.

2) Буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революцияға ұластыру.

3) Негізгі саяси ұран «Барлық үкімет билігі Кеңестерге берілсін!»

4) «Уақытша үкімет жойылсын!»

1917 ж. сәуір айында елде тағы да дағдарыс басталды. Уақытша үкімет күн тәртібіндегі бірде-бір мәселені шешпеді. Маусым айындағы орыс әскерлерінің майдандағы шабуылы сәтсіздікпен аяқталды. Елде жаңа саяси дағдарыс басталды. Шілде айының басында Родикалды күштер (солдаттар, мотростар қарулы көтерілісті ұйымдастыруға әрекеттенді). Большевиктер партиясы бұл әрекетті бейбіт демонстрацияға айналдыруға күш салды. Осы жағдайда Уақытша үкімет контр революциялық төңкеріліс ұйымдастырды, кең арналы антибольшевиктік кампания басталды.

Қос үкімет кезеңі аяқталды. Жұмысшы солдат Кеңестері жабыла бастады. Большевиктерге қарсы репрессия ұйымдастырылды.

Жаңа коалициялық Үкімет құрылды. Төрағасы А.Ф. Керенский. Осы кезеңде елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қоғамның барлық консервативтік тобы елде төтенше шараларды жүргізуді талап етіп отырған генерал Корниловқа үміт артты. Бұл Керенскийдің саяси роліне қауып төндірді. 1917 ж. жазда Корнилов пен Керенский әртүрлі саяси тенденциялардың өкілдері болды, біріншісі контрреволюциялық бағыт ұстаса, екіншісі либералдық-демократиялық мазмұндағы буржуазиялық–демократиялық бағытты ұстанды.

Саяси жағдай шиеленіскен сипат алып, Керенский Корниловты бас қолбасшылықтан түсіріп, сатқын деп жариялады, сөйтіп Петроградқа бағыт алған Корнилов әскери бөлімдері тоқтатылып, Корнилов тұтқынға алынды.

Большевиктер партиясы Керенский Үкіметіне нақты талаптар қойды, сөйтіп, Үкімет дағдарысын туғызды. Большевиктер партиясының саяси ролі, ықпалы күшейді. Большевиктер партиясы бірыңғай социалистік Үкіметті құруға шақырды. 31-тамызда РСДРП (б) ОК «Билік туралы» резолюциясы жарияланды. Бұл резолюцияда негізгі органы Кеңестер болатын революциялық демократиялық билікті орнатуға шақырды. Сонымен қатар бұқара талаптары негізінде іс-қимыл бағдарламасы туралы айтылды.



  1. Бейбіт келіссөз жасау.

  2. Шаруаларға помещик жерін бөліп беру.

  3. Жұмысшы бақылауын орнату.

  4. Мемлекеттік құрылымды демократизациялау.

Қос Үкімет дәуірі аяқталғаннан кейін революцияның бейбіт даму мүмкіндіктері жойылды, сондықтан да большевиктер партиясы қарулы көтерілісті ұйымдастыру мәселесін күн тәртібіне қойды. РСДРП (б) ОК –нің 10,16 - қазанда екі отырысында, қарулы көтерілісті ұйымдастырудың барлық мәселелері қаралып шешім қабылданды.

25-қазан күні большевиктер көтеріліс ұйымдастырып, Қысқы сарайды алды. 25-қазан күні Смольныда Бүкілроссиялық Советтердің ІІ-съезі ашылды. Делегаттар құрамы:

большевиктер-300,

эсерлер-193 (солшыл эсерлер – 100)

меньшевиктер-68,

меньшевик – интернационалистер-14 т.б. ұсақ саяси партия өкілдері. Советтердің ІІ-съезі өте маңызды екі құжат қабылдады:



  1. Бітім туралы Декрет.

  2. Жер туралы Декрет, және барлық билікті

Советтерге беру.

Жер туралы Декрет бойынша 150 млн. гектар шаруаларға ақысыз, пұлсыз берілді. Съезд жұмысшы шаруа Үкіметін – Халық Комиссарлар Советін сайлады (СНК). Үкімет төрағасы болып В.И. Ленин сайланды. Съезд сонымен қатар Жалпыроссиялық Орталық Атқару Комитетін сайлады (ВЦИК) төрағасы болып Л.Б. Каменов, кейін Я. М. Свердлов сайланды.

Тарихи әдебиетте Қазан революциясы туралы әртүрлі пікірлер айтылып, әртүрлі баға беріледі.

Бірінші. 1917 жылы қазанда социалистік Революция жүзеге асты. Ұлы Қазан революциясы әлемдік тарихтың жаңа бетін – капитализмнен социализмге өту дәуірін бастап берді.

Екінші. Қазан революциясы большевиктер бүлігі, Ақпан революциясының демократиялық нәтижелері жойылды. Бұндай пікір негізінен эмигранттық әдебиетте және бүгінгі таңдағы публицистикада тараған. Бұл бағытта не айтуға болады? Әрине бүлік белгілері бар: көтеріліс жоспары жасалынды, революцияның қарулы күштері жасақталды т.б. Алайда Қазан революциясы бұқараның белсенділігінің нәтижесі болды. Ғасырлар бойы шешілмей келе жатқан әлеуметтік-экономикалық мәселелер бұқара қозғалысын туғызды. Ресейдің 100 губерниясының тек 16-да ғана көтеріліс ұйымдастырылды, сондықтан да бұл оқиғаны «Бұқара революциясы» деп те атауға болады.

Үшіншіден. Қазан революциясы революция жолына түскен армия мен флоттың бір бөлігіне сүйенген большевиктердің «әскери төңкерілісі» бұл көзқарас А.Богданов (А.А. Малиновский – большевизм ерте дәуірінің өкілі) еңбектерінде кездеседі.

Төртіншіден. Анархиялық бунд, «Люмпендер революциясы» деп те баға беріледі. Алайда 150 млн. халқы бар Ресейде люмпендер революция ұйымдастырды деу шындықтан тым алыс жатыр.

Россиядағы революция – тарихын обективті түрде зерттеп, баға беру әлі де жалғасуда.



29 кредит сағат

20 дәріс

Тақырып: Азамат соғысы және шетел интервенциясы (1917 ж. қараша – 1920ж.)

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет