Чапек В.Н. «История России». Ростов-на-Дону, 2002 г.
Барсенков А.С., Вдовон А.И. «История России» (1917-2004). М., 2005 г.
Уткин А.И. «Россия и Запад: История цивилизаций». М., 2000 г.
Семенникова Л.И. «Россия в мировом сообществе цивилизаций». Брянск, 2000 г.
История. Отв. ред. Самыгин П.С. Ростов-на-Дону, 2002 г.
Хрестоматия по истории России. «Россия, которую мы не знали?». Под ред. Профессора Главацкого М.Е. Челябинск, 2003 г.
Антонио Рубби «Ельциниада». М., 2004 г.
Протопов А.С., Козьменко В.М., Еламанова Н.С. «История международных отношении и внешней политики России» (1648-2000). М., 2003 г.
Верт Н. «История Советского Государства». М., 1998 г.
- Елдің 1921-1927 ж.ж. әлеуметтік-экономикалық дамуы. Жаңа экономикалық саясат және оның мәні. 1922-1924 ж. Ақша реформасы. Өндірістегі жеке кәсіпкерлік;
- 1920 ж. саяси күрес. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Оның барысы, әдістері, қорытындылары. «Үлкен секіріс» кезеңі. Ұлттық-мемлекеттік құрылым және саяси жүйе, оның ерекшеліктері.
- КСРО-ның Конституциясының қабылдануы. Әскери реформа;
- КСРО-ның құрылуы;
- 1921-1927 ж.ж. КСРО-ның сыртқы саясаты. КСРО-ның Европа және Азия мемлекеттерімен дипломатиялық байланыс орнатуы.
32 кредит сағат
№22 дәріс
Тақырып: 30 жж. Кеңес мемлекетіндегі әлеуметтік-экономикалық саяси процестер.
Дәрістің мазмұны: ЖЭС дағдарысы. Экономиканы біртұтас басқарудың жолдары;
Елді индустрализациялау және әлеуметтік-экономикалық жағдай;
КСРО-ның ауыл шаруашылығы. Күштеп ұжымдастыру және оның әдіс-тәсілдері;
1930 ж. аштық және оның себептері;
Кеңес қоғамының басты әлеуметтік топтары.
Әдебиеттер:
Чапек В.Н. «История России». Ростов-на-Дону, 2002 г.
Барсенков А.С., Вдовон А.И. «История России» (1917-2004). М., 2005 г.
Уткин А.И. «Россия и Запад: История цивилизаций». М., 2000 г.
Семенникова Л.И. «Россия в мировом сообществе цивилизаций». Брянск, 2000 г.
История. Отв. ред. Самыгин П.С. Ростов-на-Дону, 2002 г.
Хрестоматия по истории России. «Россия, которую мы не знали?». Под ред. Профессора Главацкого М.Е. Челябинск, 2003 г.
Антонио Рубби «Ельциниада». М., 2004 г.
Протопов А.С., Козьменко В.М., Еламанова Н.С. «История международных отношении и внешней политики России» (1648-2000). М., 2003 г.
Верт Н. «История Советского Государства». М., 1998 г.
Лельчук В.С. Индустриализация СССР: история, опыт, проблемы.
Реабилитация: Политические процессы 30-50-х годов. М.,1991.
1921 ж. дағдарыс. Шаруалар және билік. Большевиктерге қарсы көтерілістер. РКП (б)-ның Х съезі. Жаңа Экономикалық Саясаттың басты белгілері. Экономиканы біртұтас басқарудың жолдары.Елді индустрализациялау және әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- КСРО-ның ауыл шаруашылығы. Күштеп ұжымдастыру және оның әдіс-тәсілдері;
- 1930 ж. аштық және оның себептері;
- Кеңес қоғамының басты әлеуметтік топтары.
12 апта
34 кредит сағат
№ 23 дәріс
Тақырып: Екі дүниежүзілік соғыстар арасындағы халықаралық қатынастар.
Дәрістің мазмұны:
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Версаль-Вашингтон жүйесі және Кеңестік Ресей.
Соғыс қаупы күшею жағдайындағы халықаралық қатынастар.
И. С. Сталиннің жеке тұлғасының қалыптасуы. 1936 ж. Конституция;
КСРО-ның Ұлттар Лигасына кіруі. КСРО-ның АҚШ-пен дипломатиялық байланыс орнатуы;
Шығыс мәселесі жөніндегі пакт. 1938-1939 ж.ж. Таяу Шығыстағы әскеи тоқыруалар.
Әдебиеттер:
История России ХІХ- нач. ХХ века. Под ред. Федорова М. М., 1998 г.
Левандовский А.А. «Россия в ХХ веке». М., 1997 г.
Верт Н. «История Советского государства». М., 1992 г.
Геллер М., Некрич А. «Утопия у власти». М., 2000 г.
Поцелуев В.А. «История России ХХ столетия». М., 1997 г.
Исингарин Н. «10 лет СНГ» (Проблемы, поиски, решения). Спб 2000 г.
Лельчук В.С. Индустриализация СССР: история, опыт, проблемы.
Реабилитация: Политические процессы 30-50-х годов. М.,1991.
История России.ХХ век. Отв.ред.В.П.Дмитриенко. М.,1996.
История Отечества: люди, идеи, решения в 2-х т. М.,1991.
Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.
КСРО халқының және Кеңес қоғамының әлеуметтік дамуы. Ішкі саясат және мамандану құрылысы. Әскери саланы мамандандыру;
Күштеу аппаратының түбегейлі қалыптасуы. Ұйымдасу оппозициясының орнауы. Кировтың өлтірілуі. 1937-1938 ж.ж. жаппай қуғын-сүргін;
И. С. Сталиннің жеке тұлғасының қалыптасуы. 1936 ж. Конституция;
1930 ж. КСРО-ның сыртқы саясаты және халықаралық сахнадағы орны;
Ұлттар Лигасының құрылуы және атқаратын қызметі. КСРО-ның Ұлттар Лигасына кіруі. КСРО-ның АҚШ-пен дипломатиялық байланыс орнатуы. Шығыс мәселесі жөніндегі пакт. Республикалық Испанияға КСРО-ның көмегі. 1938-1939 ж.ж. Таяу Шығыстағы әскери тоқыраулар;
КСРО-ның Ұлыбританиямен және Франциямен дипломатиялық байланыстары. Кеңес-герман келіссөздері;
Шығыс мәселесі жөніндегі пакт. 1938-1939 ж.ж. Таяу Шығыстағы әскеи тоқыруалар.
23-дәріс. ІІ дүниежүзілік соғыстар арасындағы халықаралық қатынастар.
1-сұрақ.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Версаль – Вашингтон жүйесі және Кеңестік Ресей.
Қазан революциясы және І дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік күштер ара қатынасында елеулі өзгерістер болды. Біріншіден, ең басты фактор мүлде жаңа қоғамдық саяси жүйе Кеңес мемлекетінің өмір сүруі болатын. Екіншіден, соғыс Европа континентінде күштердің ара салмағын өзгертті. Күрес жүргізген екі коалицияның бірі австро-герман блогы жеңілді. Европалық саяси аренаға Англия және Франция, АҚШ шығып, халықаралық саяси жүйедегі анықтаушы күштерге айналды.
ІІ дүниежүзілік соғыс арасындағы халықаралық қатынастар Версаль-Вашингтон жүйесі негізінде дамыған болатын. 1919 ж. қаңтарда Париж қаласындағы соғыста жеңген елдердің конференциясы ашылып, негізгі күрделі мәселелер қаралды. Конференцияға 1000-нан астам қоғам қайраткерлері, дипломаттар, әскери қолбасшылар, юристер, экономистер, тарихшылар, барлығы Антанта жағында соғыс жүргізген 27 елдің өкілдері қатысқан болатын. Негізгі мәселелерді «үлкен үштік» - АҚШ президенті Вильсон, Англия премьер -министрі Ллойд Джордж, Француз үкіметінің басшысы Клемансо шешкен еді.
Версаль жүйесінің басты құрамдас бөлігі халықаралық ұйым - Ұлттар лигасын құру болатын. Ұлттар лигасы уставында лига мүшелері «халықаралық құқық нормаларын қатаң бақылап, қалыптасқан қарама-қайшылықтарды бейбіт жолмен шешуге ұмтылады» делінген. Әсіресе ұлттар лигасы мүшелерінің территориялық тұтастығы мен суверенитетін мойындау және қатаң қадағалап, кепілдік беру туралы статья ерекше маңызды болды. Ұлттар лигасының ең жоғарғы органы Бас Ассамблея және Лига Кеңесі. Ұлттар лигасының қызмет жасау орыны Женева қаласында болды. Лига уставына 44 ел қол қойды.
Конференциядағы негізгі мәселе Германиямен бейбіт келіссөз жүргізудің принциптері туралы мәселе болды. Негізгі мақсат Германияны саяси бақталас ретінде әлсірету болды. Алайда одақтастардың өз ішінде әртүрлі көзқарастар мен пікірлер болды. Мысалы: Франция қатаң максималды позиция ұстанса, АҚШ-Англия күштер балансын сақтау Европа тұрақтылығының кепілі деп есептеді.
1919 ж. 28-маусымда Версаль бейбіт келіссөзіне қол қойылды. І дүниежүзілік соғыс де – юре аяқталды. Келісім шарттарына сай Германия өз территориясының 1/8 бөлігінен айырылды. Эльзас, Лотаринге, Францияға қайырылды, Бельгия және Данияға да бірқатар территориялар берілді. Келісім шарттарда Чехословакияның тәуелсіздігі жарияланды және Аврияның суверендік праволарын қатаң құрметтеу қарастырылды. Германия барлық колонияларымен ықпал ету аймақтарынан айырылды және әскери күштер қысқартылды. Армия 100 мыңнан аспау керек. 1921 ж. 132 млд. Алтын марк мөлшерінде репарация көлемі анықталды, оның 52% Францияға, 22% Англияға, 10% Италияға тиесілі болды.
Париж келісім шарттары кейіннен ұйымдастырылған бірнеше конференциялар шешімдермен толықтырылды. Мысалы: 1921 ж. Вашингтонда қару-жарақты тежеу, тынықмұхит, қиыршығыс мәселелерін қарастырған конференция өтті. Бұл конференцияға 9 мемлекет қатынасты. Осы аймақтағы ірі күштердің бірі Кеңес мемлекеті конференцияға шақырылмады. АҚШ, Жапония, Ұлы Британия және Франция Тынық мұхиттағы территорялық мүдделерді бірігіп, шешу туралы келісті.
Париж және Вашингтон конференциялары соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесінің негізін салды. Версаль жүйесі Батыс Европадағы проблемаларды реттеу механизмін жасаса, Вашингтон конференциясы Қиыр шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы қайшылықтарды шешудің жолдарын реттеуге әрекеттенді. Тұтастай алғанда Версаль-Вашингтон жүйесі күштердің жаңа ара қатынасының ерекшеліктерін анықтады. Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу процесі аяқталып, халықаралық қатынастардың біркелкі тұрақты дамуына жағдайлар жасалынды.
Кеңес мемлекеті Версаль- Вашингтон жүйесінің сыртында қалды, бірде-бір келісім құжаттарына Ресей қол қойған жоқ. Социолистік революция жеңісінен кейін құрылған жаңа моделдегі социалистік мемлекетке қалған әлем қарсы тұрды. Екі система құрылды, және олардың арасында қарым-қатынас тенденциялары конфронтациялық мазмұнда болды.
1921 ж. большевиктердің азамат соғысындағы жеңісінен кейін Ресей империясының негізгі бөлігінде совет үкіметі орнықты. 1920-1921 жж. Совет республикаларының батыс шекараларын анықтаған бірнеше келісімдерге қол қойылды. Мысалы: Советтік Россия Эатониямен, Латвиямен, Финляндиямен, Польшамен келіссөздер жүргізді. 1921-1922 жж. Англиямен, Австриямен, Германиямен, Норвегиямен, Италиямен, Швециямен сауда келісімдеріне, 1921 ж. РСФСР Иран, Авганистан, Түркия елдері арасында келісімге қол қойылды.
Советтік республиканың батыс елдерімен қарым-қатынасты реттеуде 1922 ж. Генуя конференциясы үлкен роль атқарды. Конференция барысында совет-герман келіссөзіне қол қойылды. Келісім қалыпты дипломатиялық қатынастарды орнықтырып, сауда-экономикалық байланыстарды қалыптастыруды қарастырды. Советтік Ресей 1920 ж. 7 елмен сауда келісімін жасаса 1928 ж. 28 елмен келісім шарттар жасады.
2- сұрақ. Соғыс қаупы күшею жағдайындағы халықаралық қатынастар.
1929-1930 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс капиталистік елдер арасында күрделі саяси өзгерістер жасап, сыртқы саясат мазмұнын өзгерте бастады. Күштер «демократия-тоталитаризм» түсініктері бағытында бөліне бастады. Тоталитарлық мемлекеттер-Германия, Италия, Жапония сыртқы саяси міндеттерді күшпен шешуге ұмтылды. Олар І дүниежүзілік соғыс қорытындыларын қайта қарап, әлемге жаңа күштер ара салмағын қалыптастыруға ұмтылды. Қиыр Шығыс аймағында Англия және АҚШ мүдделері түйісті. Негізгі мәселе қытай рыногы болатын. 1931 ж. Жапонияның әскери бөлімдері Қытайдың солтүстік - шығыс провенциясы Маньчжурияға басып кірді. Жаңа дүниежүзілік соғыстың алғашқы ошағы пайда болды.
1933 ж. Германия үкіметінің басына фашистік партияның келуі Европада жаңа жағдайды қалыптастырды. Национал-социалистердің сыртқы саяси бағдарламасының негізі континентальдық Европада «Ұлы Германияның» үстемдігін орнату болды. Герман халқын «Жоғарғы расса» деп жариялап, жаңа «өмірлік кеңістікті батыл және қатыгездікпен жаулап алу құқығы немістерге беріледі» деп жарияланды. Ең жоғарғы саяси мақсат Кеңес одағына қарсы соғыс жариялап, Орал тауларына дейінгі территоряны бағындыру болды. 1933 ж. Герман ұлттар лигасынан шықты. 1935 ж. «әскери ауа» күштерін құру туралы шешім қабылданып жалпыға бірдей әскери міндеткерлікті енгізген декрет қабылданды. Бұл Версаль шарттарын бұзу болатын. Батыс мемлекеттері Германиядағы саяси өзгерістерге онша мән берген жоқ. 1935 ж. Германияның әскери флот құру құқығын мойындаған ағылшын-герман келіссөзіне қол қойды. 1930 ж. ортасында Германия Европадағы стратегиялық жағжайын және ықпалын күшейтті. 1935 ж. фашистік Италия Абиссиния (Эфиопия) жеріне басып кірді.
1936 ж. кортес (парламент) сайлауында солшыл күштер блогы – Халық майданы жеңіске жетті. Испан республикасының үкіметі құрылды. Оңшыл партиялар Германия және Италияның әскери күштеріне сүйене отырып, генерал Франко басшылығымен бүлік ұйымдастырды. Елде азамат соғысы басталды. 27 Европа елдері испан мәселесіне араласпау туралы келісімге қол қойды. Ал, шын мәнінде германия-италия өз міндеттерін бұзып, Францистерді қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастыра берді. Кейін ашық интервенция барысында Испания жеріне 250 мың легионерлерін түсірді. Совет мемлекеті Испания үкіметін 85 млн. доллар кредит берді. Теңіз және әуе жолы арқылы қару-жарақ тасылды. Испания республикасы жағында мыңдаған совет қызметкерлері күрес жүргізді. Дүниежүзінің 54 елінен 10 мыңдаған еріктілер интернационалдық бригадалар құрамында күрес жүргізді. Республика 1937 жылы республика құлады Франко режимі орнады.
1938 ж. Германия тікелей агрессиялық актыларды ұйымдастыруға кірісті. Австрияның Герман рейхының провенциясы деп жариялап, өзіне қосып алды. (Аншлюс).
Европаның орталығында өте маңызды стратегиялық ролі бар Чехославакия гитлер саясатының келесі обектісіне айналды. Чехославакияның негізінен немістер тұратын Судет облысын Германияның құрамдас бөлігі деп жариялады. Чехославакия өнеркәсәбә дамыған мықты армиясы бар мемлекет болғандықтан Австрия сияқты біржақты саясат жүргізуге болмайтындығын гитлер жақсы түсінді. Чехославакия жерін окупациялау үшін Францияның және Англияның бейтарап саясаты қажет болды.
1938 ж. 29-30 қыркүйекте Германия, Ұлыбритания, Франйия, Италия және Чехословакия өкілдері қатынасқан конференция өтті. Гитлер, Чемберлен, Даладье, Муссолини Судет облысын окупациялауға мүмкіндік беретін келісімге қол қойды. 30-қыркүйекте Гитлер мен Чемберлен бірі мен бірі соғыспау және пайда болған мәселелерді кеңесе отырып, шешу туралы ағылшын-герман деклорациясына қол қойды. 1938 ж. желтоқсанда осыған ұқсас деклорацияға Герман мен Франция қол қойды. Бұл халықаралық саясат тарихындағы опасыздық символы ретіндегі конференция болатын.
Қалыптасқан ғылыми-саяси концепцияда ІІ дүниежүзілік соғыстың басталуындағы бет бұрысты осы Мюнхен келіссөзімен байланыстырады. Бұл гитлердің өте ірі дипломатиялық жеңісі болды, сөйтіп континентте жаңа саяси ахуалды қалыптастырып, фашизм жоспарларын жүзеге асырудың мүмкіндіктерін туғызды.
1938 жылдың күзінен бастап Европада Германия гегемондығы орнады деп айтуға болады. Өз күшін сезген Гитлер экспансиялық саясатын жүзеге асыруға кірісті. 1939 ж. 15-наурызда неміс әскерлері Прагаға келіп кірді. Чехославакия тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Германия қысымымен Литва, Балтық теңізіндегі маңызды порт Клайпеданы және іргелес аудандарды Германияға берді. 1939 ж. сәуірде герман – поляк пактісі күшін жойды, Польшаға басып кірудің «Вайс» жоспары бекітілді. 1939 ж. сәуірде фашистік Италия Балқан бағытында шабуыл жасаудың пладцдарымы ретінде Алванияға басып кірді.
Осыған ұқсас оқиғалар Қиыр Шығыста да жүріп жатты. 1937 ж. Жапония Қытайға қарсы соғыс ашып, елдің маңызды экономикалық және стратегиялық аудандарын басып алды. 1939 ж. мамыр- тамыз айларында Жапония Халхин-Гол өзені маңында КСРО және Монғол республикасына қарсы әскери қимылдарын бастады. Г.К. Жуков қолбасшылық еткен Қызыл армия бөлімдері Жапон әскерлерін ойсырата жеңді.
Фашистік агрессияның күшеюі Ұлыбритания мен Франция басшыларының Европалық тепе-теңдікті сақтаудың басқа жолдарын іздеуге мәжбүр етті. 1939 ж. көктемінен бастап агрессорларды бейтараптандыру саясатынан колективтік қарсылық көрсету саясатына ауысып, Англия мен Франция өзара әскери көмек жөнінде ноталар қабылдады.
КСРО тарапынан колективтік қауыпсіздік жүйесін құру туралы бірнеше ұсыныстар жасалды. КСРО Ұлыбритания және Франция үкіметтеріне үшжақты қорғаныс пактысын құру туралы сөйтіп Орталық және Шығыс Европа елдерінің қауыпсіздігіне кепілдік беру саясатын ұсынды.
Бұл мемлекеттердің үшжақты әскери кеңестері барысында совет әскерлерінің Польша және Румыния территориясы арқылы өту мәселесі шешілмейтін түйінге айналды. Поляк үкіметі өз территориясы арқылы Қызыл армия әскерлерінің өтуіне қарсы шықты.
Осы кездесулер мен консултациялардың сәтсіз аяқталуы КСРО-ны халықаралық изоляция жағдайына алып келді. 1939 ж. көктемінен бастап германия мен КСРО арасында байланыс орнату әрекеттері басталды. Нәтижесінде 1939 ж. 23-тамызда Москвада өзара соғыспау туралы совет –герман пактысына қол қойылды. Бұл тарихта Молотов – Риббентров пактысы деп аталады. Келісім құжаттарына құпия протокол деген қосылды. Бұл Шығыс Европадағы ықпал ету аймақтарын өзара бөлісу туралы құпия протокол болатын. КСРО-ның ықпал ету аймағына Прибалтика, Финляндия, Бессаравия аудандары кірді.
Сонымен 30 ж. ІІ жартысында халықаралық қатынастағы жағдайлар шегіне жете шиеленісті. Совет-герман пактысы КСРО-ның сыртқы саясатындағы күрт бет бұрыс болды, әлемдегі әскери саяси ақуал түбегейлі өзгерді.
35 кредит сағат
№ 24 дәріс
Тақырып: Ұлы Отан соғысының басталуы. Неміс әскерлерінің алғашқы соққылары және Ұлы Отан соғысының маңызды шайқастары.
Дәрістің мазмұны:
Достарыңызбен бөлісу: |