Барлығы – 135 сағат



бет37/45
Дата11.11.2016
өлшемі3,54 Mb.
#1504
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45

Әдебиеттер:


  1. История России ХІХ- нач. ХХ века. Под ред. Федорова М. М., 1998 г.

  2. Левандовский А.А. «Россия в ХХ веке». М., 1997 г.

  3. Верт Н. «История Советского государства». М., 1992 г.

  4. Геллер М., Некрич А. «Утопия у власти». М., 2000 г.

  5. Поцелуев В.А. «История России ХХ столетия». М., 1997 г.

  6. Исингарин Н. «10 лет СНГ» (Проблемы, поиски, решения). Спб 2000 г.

  7. Лельчук В.С. Индустриализация СССР: история, опыт, проблемы.

  8. Реабилитация: Политические процессы 30-50-х годов. М.,1991.

  9. История России.ХХ век. Отв.ред.В.П.Дмитриенко. М.,1996.

  10. История Отечества: люди, идеи, решения в 2-х т. М.,1991.

  11. Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.

  12. Самсонов А.М. Вторая мировая война. М.,1989.

  13. Великая Отечественная война. 1941-1945: Энциклопедия. М.1985.

  14. Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.

  15. Н. И. Павленко, В. Б. Кобрин. В. А. Федоров. «История России с древнейших времен до 1861 года». М., 1989 ж.

  16. М. Мунчаев, В. М. Устинов. «История России». М., 2003 ж.

  17. История Российского государства. Ред. басқарған Ш. М. Мунчаев. М.,2000 ж.

  1. Ш. М. Мунчаев. М.,2000 ж.
  • Фашистік Германияның КСРО-ға басып кіруі. «Барбаросса» жоспары. Соғыстың бастапқы кезеңіндегі КСРО әскерінің сәтсіздікке ұшырауы;


  • Қырым, Украина, Кавказ территорияларындағы ұлттық антикеңестік қозғалыстар. Смоленск қозғалысы;

- Москва түбіндегі шайқас және оның маңызы;

- Ленинградты ерлікпен қорғаудың маңызы;


- 1942 ж. көктем және жаз айларындағы неміс әскелерінің шабуылдары, олардың нәтижелері;

- Тегеран конференциясы. ІІ Майданның ашылуы.


13 апта

37 кредит сағат

25 дәріс

Тақырып: ХХ ғ. ІІ жартысындағы КСРО. 1945-1991 жж.

Дәріс мазмұны


  1. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы Кеңес мемлекеті.

  2. 1953-1964 жж. «Жылымық кезеңі».

Дәрісте қарастырылатын негізгі мәселелер:

1. 50 ж. саяси және экономикалық қайта құрулар және олардың қорытындылары;

2. Н. Хрущев – Орталық Комитеттің тұңғыш хатшысы;

3. 1957-1958 ж.ж. реформалар:

а) Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салалары;

ә) Ғылыми-техникалық революция;

б) Тұрғын-үй құрылысы;

в) 1961 ж. ақша реформасы;

4. Сыртқы саяси бағыттар. Хельсинк процесінің басталуы;

5. Кеңес мемлекетінің сыртқы саясаты. Екі ірі саяси одақтың теке-тіресі. «Қырғи-қабақ» соғыс;


Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы Кеңес мемлекеті.

1-сұрақ.


Соғыстан кейінгі кезеңдегі КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық - саяси дамуы өте күрделі жағдайда болды. Ұлы Отан соғысындағы жеңіс орасан зор адам және материалдық шығындар нәтижесі болатын. Ел ұлттық табыстың 1/3 айырылды. Фашистік германияның КСРО-ға қарсы соғысы елді толық жою мақсатын қойды. Окупацияланған аудандардың барлық өндіріс орындары, әлеуметтік сфера түгел қиратылды. Гитлердің бір директивасында «жау территориясында өмірге қажетті бірде-бір өндіріс орыны, халқы, тұрағы қалмау керек» деген еді.

Соғыстан кейінгі жылдарда экономиканы бейбіт жолға салу негізгі міндет болып есептелінді. Бұл әрине орасан зор қажыр-қайратты, ұйымшылдықты қажет етті. 1945 ж. қыркүйекте елде орныққан төтенше жағдай жойылды, Мемлекеттік қорғаныс Кеңесі жұмысын тоқтатты. Елді басқарудың барлық функциялары ХК Кеңесіне берілді, бұл орган 1946 ж. наурызда КСРО министрлер Кеңесі болып қайта құрылды.

1945 ж. маусым айынан бастап – ақ 500 өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс қажеттерін өндіруге көшірілді, 8 сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді. Соғыстан бейбіт тұрмысқа көшудің тағы бір күрделі проблемасы армияны демобилизациялау болатын. 1945-1948 жж. 8,5 млн. адам бейбіт тұрмысқа қайта оралып, оларға мемлекет тарапынан әр алуан көмек берілді. КСРО Қарулы күштері 11,5 млн-нан 2 млн. 874 мыңға дейін қысқарды.

Соғыстан кейінгі кезеңдегі халық шаруашылығын қалпына келтірудің негізгі бағыттары халық шаруашылық жоспарларында анықталды. Партия1945 ж. тамызда Мемлекеттік Жоспарлау Комитетіне 1946 -1950 жж. аралығындағы бесінші халық шаруашылығын дамытудың жоспарын әзірлеуді тапсырды. Негізгі міндет – елдің халық шаруашылығын қалпына келтіру. Әсіресе тұтас экономиканың базасы болып саналатын ауыр өнеркәсіпті дамытуға ерекше мән берілді.

1946 ж. наурызда КСРО Жоғарғы Кеңес сессиясында бесінші бес жылдық жоспар бекітілді. Жоспар міндеттерін жүзеге асырудың ішкі, сыртқы қиындықтары бар. 1946 ж. бастап-ақ анти гитлерлік коалиция құрамындағы КСРО одақтастары «Қырғи қабақ соғыс» саясатына көшті. У. Черчилльдің Фултон қаласындағы сөйлеген сөзінде «қырғи қабақ» соғыс саясатының принциптерімен негізгі мазмұны айқындалған болатын. Батыс әлемінде орныққан антикомунистік саясат өзінің жаңа сатысына көтерілді. Сондықтан КСРО халық шаруашылығын қалпына келтіруде КСРО тек өзінің ішкі мүмкіндіктеріне ғана сүйенді.

Өте қысқа мерзімде халық шаруашылығы орнына келтірілді, жаңа өнеркәсіп орындары да салынды. Орал, Сібір, Орта Азия, Закавказье аудандарында алып өндіріс орындары іске қосылды. Барлығы 6200-дей өнеркәсіп обьектілері қалпына келтірілді. Сонымен қатар елдің Қарулы күштерін жаңадан қалыптастыру, елдің қорғаныс қабылетін күшейту бағытында да бірқатар шаралар жүргізілді. Бұл салаға бюджеттен финанс қаражаттары бөлінді, ғылыми потенциал мүмкіндіктері де ескерілді. Осы соғыстан кейінгі кезеңде әскери-өнеркәсіп комплексінің (ВПК) жаңа ғылыми жетістіктері негізінде көлемді қалыптасу жүзеге асты. Ракета құрылысына, авиацияны дамытуға ерекше мән берді. 1949 ж. тұңғыш рет атом бомбасы сынақтан өтті, сөйтіп атом бомбасы саласындағы монополия жойылды. 1948 ж. өнеркәсіп деңгейі соғысқа дейінгі сатыға жетті, ал 1950 ж. өнеркәсіптің барлық көрсеткіштері жоспардан асып түсті.

Төртінші бесжылдық ресми статистика мәліметтері бойынша 4 жыл 3 айда орындалды. Совет халқының қажырлы еңбегі және ел тағдырына деген патриотттық сезім еңбек энтузиазмын қалыптастырды. «Халық шаруашылығын қалпына келтіруге барлық күш жұмсалсын» деген ұран күнделікті өндіріс тәртібінің ережесіне айналды.

40-50 жж. тоғысында колхоздарды жаппай ірілендіру ісі басталды, 225 мың колхоздан 94 мың колхоз ұйымдастырылды. 1947 ж. карточкалық жүйе жойылды және күнделікті тұтыну тауарларына баға төмендетілді. Әрине әлеуметтік салада әлі де шешілмеген мәселелер көп болатын.

Соғыстан кейінгі кезеңде қоғамның рухани тұрмысында елеулі өзгерістер болды. 1946-1947 жж. партия жиналыстарында КСРО конституциясын және ВКП (б) Уставының жаңа жобаларын талқылау ұйымдастырылды. Конституция жобасында бірқатар прогрессивті идеялар айтылды:


  1. Жеке бас құқығы мен еркіндігін кеңейту.

  2. Қоғамдық тұрмысты демокритизациялау.

  3. Партия ішіндегі демократиялық принциптерді күшейту.

  4. Кадрларды ротациялау принципі. т.б.

Бірақ бұл идеялардың бірде-біреуі де жарияланбады.

Соғыстан кейінгі кезеңде репрессиялық саясат одан әрі күшейе берді. 1945 ж. ГУЛАГ жүйесінде 1,5 млн-дай адам болса, ал 1950 ж. 2,5 млн-дай адам болды.

1946 ж. көктемінен бастап интеллегенция үстінен саяси бақылау күшейтілді. Тамыз айында А.Ахматова, М. Зощенко шығармалары қатаң сынға алынды. ВКП (б) ОК «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы шықты. Сол сияқты «Драма театрларының репертуары» туралы және «Үлкен өмір» кинофильмі туралы қаулылар шықты. Бұл қаулыларда көрнекті мәдениет қайраткерлері сынға алынды. Д. Шостакович, С. Прокофьев, В. Мурадели, А. Хачатурян сияқты әлемге аты әйгілі композиторлардың шығармашылығы анти халықтық, формалистік бағытта деп айыпталды. 1948 ж. белгілі академик Т. Лысенко және т.б. ғалым-генетиктер қуғындалды.
2-сұрақ. Н.С. Хрущев «жылымық» кезеңі 1953-1964 жж.

1953 ж. 5- наурызда Сталин қайтыс болды. Миллиондаған совет халқы жеке басының трагедиясы деп есептеді. Сталиннің өлімі мен совет қоғамының ерлік және қасыретке толы тарихының кезеңі аяқталды. У. Черчилль Сталинді «Шығыс-тираны және Ұлы тұлға» деп есіне алатын. Сталин қайтыс болғаннан кейін партия ішінде саяси билік үшін күрес күшейді. Саяси билік басында Г.М. Маленков, Л.П. Берия, Н.С. Хрущев тобы отырды. Саяси күрес барысында Берия тұтқындалды. 1953 ж., 1955 ж. Совмин төрағасы Г.М. Маленков отставкаға кетті. 1958 ж. партия хатшысы Н.С. Хрущев КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

1956 ж. ақпанда партияның ХХ съезі шақырылды. Съезде «Жеке басқа табынушылық және оның салдарлары» деген баяндаманы Хрущевтің өзі жасаған болатын. Баяндамада Сталин психологиялық портреті сипатталып, саяси қызметіне баға берілді. Жеке басқа табынушылықтың салдарлары туралы айтылды. Баяндамада 1922-1923 жж. жазылған Ленинннің «Съезге хат» деген хатының мазмұндамасы жарияланды. Хатта партияның ОК мүшелерінің бірқатарына сипаттама берілген еді. Сонымен қатар Сталинді өте қатал, мейірімсіз адам ретінде бағалады. Мүмкіндігі болған жағдайда партияның бірінші хатшысы етіп басқа адамды тағайындау туралы айтылған еді.

1956 ж. ВКП (б) ОК «Жеке басқа табынушылық және оның салдарлары» деген қаулысы шықты. Бұл қаулыда жеке басқа табынушылықтың қалыптасуының себептері көрсетіледі. 1. Социолистік қоғам құрылысының қиыншылықтары саяси билікті бір қолға шоғырландыруды қажет етті.

2. Сталиннің жеке басының ерекшеліктері айтылады.

ХХ съезд елдегі «жылымық» дәуірінің басы болды. 1930-1950 жж. репрессияға ұшырағандар реабилитацияланды, жүздеген, мыңдаған адамдар елге қайтты. 1956-1957 жж. шешен, ингуш, балкар, қарачай, қалмақ халықтарының мемлекеттілігі қалпына келтірілді. Троцкий, Бухарин, Зиновьев, Рыков аттары әлі аталмай жатты.

ХХ съезден кейін қоғамдық сана мен мәдениетте үлкен өзгерістер болды, қоғамның рухани жаңғыруы жүрді.

ХХ съезден кейін қоғамдық сана мен мәдени тұрмыста елеулі өзгерістер жүрді. Әсіресе әдебиет саласындағы серпіліс нәтижесінде «Юность», «Наш современник», «Моладая гвардия», «Иностранное литература» журналдары шығарылып, қоғам тұрмысындағы проблемалар талқыланды.

Б. Пастернак, Д. Гранин шығармалары қалың қауымның назарына ілікті.

«Доктор Живаго» романы үшін Б. Пастернакқа Нобель сыйлығы берілді. Сол сияқты А.А. Вознесенский, Э.Н. Нейзвестный, М.М. Худциев т.б. мәдени қайраткерлердің аттары кеңінен танымал болды.

50 ж. басында КСРО-да халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі аяқталды. 50-60 ж. (6-7- бесжылдық кезеңі) экономикалық даму тұрғысынан алғанда ең сәтті кезең болып есептелінеді. Экономиканың дамуы 5-6 % өсті.

Халық шаруашылығын одан әрі дамытуда 50 ж. жүргізілген шаруашылық реформаларын атауға болады. 1953 ж. СОКП ОК қыркүйек Пленумы ауыл шаруашылығын дамытудың шараларын анықтады. Мемлекеттің ауыл шаруашылық өнімін сатып алу бағасы 3 есе өсті, үй жанындағы шаруашылыққа салынатын салық жойылды.

1954 ж. ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыты тың және тыңайған жерлерді игеру болды. Тыңды көтеру жылдарында 33 млн. гектар жер егістікке айналды. 1956 ж. 125 млн. тонна астық жиналды, соның 40% тың аудандарынан жиналған болатын. Тыңды көтеру науқанында көптеген қиыншылықтарға қарамастан, жалпы халықтық энтузиазм, рухани жаңғыру, патриоттық сезім тұтастай қоғамның рухани-психологиялық мазмұны болды деп айта аламыз.

1958 ж. МТС-ларды реорганизациялау туралы заң шықты. Техника түгелдей колхоздарға сатылды. Бір мезгілде колхоздар ірілендірілді, кейбір колхоздар совхоздарға айналдырылды.

Экономиканы басқаруды децентрализациялау үшін 1954 ж. әкімшілік реформасы жүргізілді. Көптеген одақтық және республикалық Министерстволар жойылып, республикалық және облыстық аймақтық халық шаруашылық Кеңестері құрылды. (СОВ нархоздар) Стратегиялық салалар: қорғаныс, авиация т.б. салаларда ғана орталықтанған басқару жүйелері сақталды. Бірақ бұл жүйе тиімді болмағандықтан 1956 ж. қайтадан министрлік жүйеге оралды.

1961 ж. СОКП-ның ХХІІ съезінде СОКП-ның ІІІ бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша 1980 ж. коммунистік қоғамның материалдық-техникалық базасын жасау белгіленді. Бағдарлама утопиялық мазмұндағы бағдарлама болатын.

1954 ж. Н.С. Хрущев барлық партия және мемлекеттік қызметінен босатылды. Хрущев дәуірінің өзіндік қиыншылықтары болды. Дағдарыстар, қарама-қайшылықтар айқын байқалды. Алайда бұл кезеңді «Жылымық» кезеңі деп атайды. Десталинизация процесі жүрді, сыртқы және ішкі саясаттың бұрынғы стереотиптері өзгерді. КСРО дамуының жаңа басым бағыттары айқындала түсті. Хрущев дәуірін тарихи әдебиетте субьективті саясат дәуірі деп те атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет