Барлығы – 135 сағат



бет39/45
Дата11.11.2016
өлшемі3,54 Mb.
#1504
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45

Дәрістің мазмұны:


  1. Қайта құру саясатының басталуы М.С. Горбачев.

  2. 87-90 жж. қоғамдық қатынастар жүйесін реформалау.

  3. Саяси жүйені реформалау.

Әдебиеттер:


  1. Левандовский А.А. «Россия в ХХ веке». М., 1997 г.

  2. Верт Н. «История Советского государства». М., 1992 г.

  3. Геллер М., Некрич А. «Утопия у власти». М., 2000 г.

  4. Поцелуев В.А. «История России ХХ столетия». М., 1997 г.

  5. Исингарин Н. «10 лет СНГ» (Проблемы, поиски, решения). Спб 2000 г.

  6. Реабилитация: Политические процессы 30-50-х годов. М.,1991.

  7. История России.ХХ век. Отв.ред.В.П.Дмитриенко. М.,1996.

  8. История Отечества: люди, идеи, решения в 2-х т. М.,1991.

  9. Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.

  10. Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.

  11. М. Мунчаев, В. М. Устинов. «История России». М., 2003 ж.

  12. История Российского государства. Ред. басқарған Ш. М. Мунчаев. М.,2000 ж.

- 50 ж. саяси және экономикалық қайта құрулар және олардың қорытындылары. И. Сталиннің өлімі (1953 ж. 5 наурыз). «Ескі» және «жаңа» гвардиялар. Ұжымдық басқару. Л. Берияның тұтқындалуы;

- Н. Хрущев – Орталық Комитеттің тұңғыш хатшысы. КПСС-тің ХХ съезді (1956 ж.). Маленковтың, Молотовтың, Кагановичтің Сталинге қатысты оппозициясы. КПСС-тің ХХІІ съезі (1961 ж.) және партияның жаңа бағдарламалары. Жылымық. Елдің мәдени өмірі.

- 1957-1958 ж.ж. реформалар:

а) Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салалары;

ә) Ғылыми-техникалық революция;

б) Тұрғын-үй құрылысы;

в) 1961 ж. ақша реформасы;

- Сыртқы саяси бағыттар. Хельсинк процесінің басталуы;

- Кеңес мемлекетінің сыртқы саясаты. Екі ірі саяси одақтың теке-тіресі. «Қырғи-қабақ» соғыс;



27-дәріс

«Қайта құру» 1985-1991 жж. КСРО.

1-сұрақ


Қайта құру саясатының басталуы М.С. Горбачев.

1985 жылы СОКП ОК сәуір Пленумында М.С. Горбачев Бас хатшы болып сайланды. Тұтастай Кеңес қоғамын реформалаудың нақты жоспары болмағанымен қалыптасқан дағдарыс белгілерін жойып, КСРО қоғамдық жүйесінің дамуына қарқынды сипат беріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету міндеттері тұрды. Өндірісті интенсификациялау және ғылыми – техникалық прогресті жеделдету қайта құрудың басым бағытына айналды. Әсіресе машина жасау саласын 1,5, 2 есе өсіріп, жаңа буынды машиналармен, құрал-жабдықтарды дамытуға ерекше мән берілді.

Халық тұтынатын тауарларды өндірудің Кешенді бағдарламасын дайындауға да басым бағыт берілді.

Қоғамдық саяси салада өзгерістер жасау партияның басты міндеті деп саналды. 1985-1986 жж. Брежнев дәуірінің партия Кеңес қайраткерлері- Г.А. Алиев, В.В. Гришен, Д.А. Қонаев, Г.В. Романов, Н.А. Тихонов жұмыстан босатылып, партия аппаратына жаңа адамдар – Н.И. Рыжков Е.К. Лигачев, Э.А. Шеварнадзе, Л.М. Зайков және Б.Н. Ельцин келді. 1987 ж. басында Саяси бюро мүшелерінің 70%, облыстық партия ұйымдарының хатшыларының 60%, СОКП ОК мүшелерінің 40% өзгерді, ал қалалық және аудандық комитет басшыларының 70% өзгерді.

Жасы ұлғайған кәрі басшылардың орнына жас, қайратты, өзгерістерге бейім кадрлар келді. Басқарудың «геронтократиялық» кезеңі аяқталды.

1985-1986 жж. экономикадағы қалыптасқан тоқырау мен дағдарысты негізінен әкімшілік әдістермен шешуге әрекет жасалды, міндеттерді шешудің экономикалық механизмдері туралы жалпылама айтылды.

Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету бағытында бірнеше шаралар жүргізілді. 1) Ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу. Бұл бағытта бірнеше жаңа құрылымдар пайда болды. Машина жасау саласында КСРО министрлер Кеңесінің Бюросы құрылды, техника мен информатика саласында мемлекеттік комитет құрылды (21- наурыз 1986 ж.), сала аралық ғылыми-техникалық комплекс құру туралы шешім қабылданды (22- қаңтар 1986 ж.), 1985 ж. 22- қарашада ГОСАГРОПРОМ құрылды.

1985-1986 жж. әлеуметтік саланың негізгі міндеттері айқындалды. Білім беру, денсаулық сақтау, жалақы, тұрғын үй құрылысы т.б. салалардағы саясатты белсенді жүргізу көзделді. 1986 ж. мамырда зейнетақы өсті, қыркүйекте Отан соғысы ардагерлеріне қосымша жеңілдіктер берілді және 1986 ж. 17- қазанда жалақының жаңа тарифі енгізілді. «Тұрғын үй – 2000» бағдарламасы қабылданды.

1980 ж. ортасында сыртқы саясатта «Жаңаша ойлау тактикасы» басталды. КСРО-ның Афганстандағы соғысы қоғамдық деңгейде үнемі наразылық туғызған еді. АҚШ админстрациясы коммунизмге қарсы «Крест жорығын» жариялады. Олар СОИ (Стратегическая Оборонная Инициатива) және «Жұлдызды соғыс» саясаты негізінде қару-жарақ шығарудағы жарысты космосқа көшіруді көздеді. Бұл КСРО шаруашылығы үшін өте ауыр жағдайларды қалыптастырды.

Сыртқы саясатта жаңа концептуалдық өзгерістерді енгізу міндеттері тұрды. Халықаралық аренадағы саясат мазмұны мен стратегиясын елдің ішкі сұраныстарына бейімдеп, әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешу көзделді. Осы күрделі міндеттерді шешу жолында жаңа доктрина «Жаңа саяси ойлау» шешуге тиісті болды.

Кеңестік марксизмнің базалық теориясы – дүниежүзілік революциялық процесс теориясынан бас тарту осы жаңа доктринаның басты белгісі болды. Ресми доктринаға сай КСРО-ның халықаралық саясаттағы екі басты принципі айқындалды.


  1. Пролетарлық интернационализм.

  2. Қоғамдық құрылысы әр алуан мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ету.

Бірінші принцип бойынша дүниежүзіндегі коммунистік және жұмысшы партиялар қозғалыстарын қолдап, көмек беру және «үшінші әлем» шеңберіндегі дамып келе жатқан мемлекеттердегі «антиимпериалистік» тенденцияларды қолдап, оларға «социалистік бағыт» беру.

Екінші принцип бойынша КСРО-ның капиталистік мемлекеттермен қарым-қатынастағы саясат бағыттарын анықтау болды.

«Бейбітшілік үшін күрес» кеңестік сыртқы саясатта басты маңызды орын алып, оны тап күресінің бір формасы ретінде қарастырды. Сондықтан да сыртқы саясатта ұлттық мүдделерді жүзеге асыру идеялогиялық күреспен қатар жүрді. Сыртқы саясаттағы дәстүрлік әдістерден бас тарту барысында І орынға жалпы адамзаттық құндылықтар деген шықты. «Қырғи қабақ» кезеңге тән «күштер арақатынасы» деген тезистен «мүдделер арақатынасы» деген саясатқа бет бұрды. Сыртқы саясаттағы «жаңаша ойлау» тактикасы ең ақырында КСРО-ның, социолистік жүйенің қирауына алып келді.
2-сұрақ.

87-90 жж. қоғамдық қатынастар жүйесін реформалау.

1987-1988 жж. қайта құру саясатындағы маңызды кезең болды. 1987 ж. СОКП ОК қаңтар Пленумында саяси жүйені өзгерту мәселесі қарастырылды. М.С. Горбачев баяндамасында 80 ж. елде тоқырау механизмінің қалыптасқандығы туралы айтылып, оның себептері көрсетілді.

1. Социалистік мемлекеттің институттарының қызметіндегі елеулі кемшіліктер.

2. Саяси және теориялық көзқарастардың ескіруі.

3. Басқару механизмінің консервативтік сипаты.

Сондықтан тежеу механизмін жою үшін ең алдымен социалистік демократизмді тереңдету, халықтың өзін-өзі басқару принциптерін дамыту. Барлық саяси және қоғамдық ұйымдар жұмысын қайта құрып, азаматтық құқық пен еркіндікті қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Пленум «жариялық» саясатын ұсынды. Жариялық қоғамдағы саяси белсенділікті және революциялық қайта құру ұмтылыстарын күшейтті. Қоғамдық белсенділік артты, жаңа әлеуметтік көңіл-күй қалыптасты, көптеген қалаларда дискуссиялық клубтар ашылды, қоғамдық бірлестіктер топтары құрылды. 1987 ж. Ленинградта «Қайта құру» клубы құрылды. Оның мүшелері белгілі экономистер, социологтар, философтар болатын – И.Б. Чубаис, Е.Т. Гайдар, Г.Х. Попов, Н.Я. Петраков т.б. клуб отырыстарында Г.Х. Поповтың «Экономист көзқарасы», Н.Я. Петраковтың «Экономиканы басқару және демократизациялау» деген баяндамалар тыңдалды. Жариялық жағдайында балама баспасөз қалыптасып дамыды. 1987 ж. күзінде елде 100-ден астам бейресми газеттер мен журналдар шықты.

1987 ж. күзінде КСРО-дағы қоғамдық саяси ахуалдың дамуында елеулі өзгеріс болды. Қазан революциясының 70 жылдығына байланысты «Қазан және қайта құру: революция жалғасуда» деген М.С. Горбачев баяндамасында ленинизм идеаларының творчестволық сипатын атай келе, өмір сұраныстарына сай келмейтін догмалардан бас тарту туралы айтты. Сонымен қатар партия ішіндегі дискуссияларды дамытып жаңа шешімдердің озық жобаларын дайындау туралы айтты.

Горбачев баяндамасы қоғамды одан әрі жікке бөліп, әр алуан көзқарастардың қалыптасуына, кейін саяси топтардың құрылуына себеп болды. Әртүрлі саяси компаниялар жүзеге асты. 1988 ж. қаңтарда СОКП ОК жанында 30 ж. репрессияға ұшырағандарды ақтау комиссиясы құрылды.

Кейбір баспасөз беттерінде КСРО-дағы социалистік құрылысқа күмән келтіріле бастады. 1988 ж. басында қайта құру саясатының әртүрлі бағыттары анықталды.



  1. Радикалды бағыт. Оның лидері Б.Н. Ельцин.

  2. Консервативтік бағыт. 1988 ж. Н.А. Андреваның «Принциптерімнен бас тарта алмаймын» деген мақаласы жарияланды. Бұл мақалада қайта құру саясатын бүркемелеп, реформаторлар социализм мүдделерінен бас тартып жатқандығы туралы айтылды. Горбачев тобы бұл пікірлермен келіспейтіндігін жариялады. Б.Н. Ельцинді Москва қалалық партия комитетінің хатшылығынан босатты.

1988 ж. басты оқиғасы ХІХ партия конференциясы болды. Горбачев баяндамасында адам құқығы, құқықтық мемлекет, саяси билік қанаттары, парламентаризм туралы идеялар ашық айтылып, болашақта азаматтық қоғам құру міндеті қойылды.

1988 ж. күзінен бастап ХІХ партия конференция шешімдерін жүзеге асыру жұмысы басталды. А.А. Громыко зейнеткерлікке жіберілді, М.С. Горбачев КСРО ЖК Президиумын басқару міндетін алды. КСРО Конституциясына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды, бұл болашақ саяси жүйені реформалауға заңнамалық негіз болды.

1988 ж. ІІ жартысында антикомунистік бағыттағы қозғалыстар күшейді. Демократиялық одақ әртүрлі саяси оқиғаларға байланысты митингілер ұйымдастырып жатты. Мысалы: 1968 ж. Чехословакияға совет әскерлерін енгізудің 20 жылдығына байланысты және «қызыл террордың» 70 жылдығына байланысты оқиғаларды атап өту тұтастай советтік социалистік жүйеге қарсы күреспен үндесіп жатты.

Тұңғыш рет КСРО-дағы қалыптасқан қоғамдық құрылысты күштеп жою әрекеті жасалынды. Прибалтика республикаларында бейресми қозғалыстар өте жоғары деңгейде жүрді 1988 ж. күзде Латвияда, Эстонияда, Литвада Халық майдандары құрылды. Негізгі жау КСРО болды.



3-сұрақ

Саяси жүйені реформалау.

1989 ж. қайта құру тарихының шешуші кезеңі болды. Антигорбачовтік, антикоммунистік кең арналы оппозициялық қозғалыстың обьективтік алғышарттары қалыптасты. Экономиканың дамуындағы негативтік тенденциялар одан әрі күшейіп, тереңдеді. Әлеуметтік мәселелер шиеленісті. 1989-1990 жж. ереуілдік қозғалыстарда экономикалық талаптармен қатар саяси талаптар қойыла бастады. Закавказье, Орта Азияда әскери қақтығыстар бой көрсетіп, Прибалтика республикаларында сепаратизм күшейді. 1989 ж. КСРО халық депутаттарының І съезінің жұмысын маңызды саяси оқиға дейміз, себебі саяси системаны реформалаудың шешуші сатысы осы съезде анықталды.

А.Д. Сахаров КСРО Конституциясындағы 6- статьяны жою туралы және саяси билік туралы Декрет қабылдау жөнінде ұсыныс жасады.Сонымен қатар ұлтаралық қатынастар жөнінде мәселе талқыланады (Тбилиси оқиғалары).

Прибалтика республикаларының делегациясының ұсынысы бойынша 1939 ж. Молотов-Риббентроп пактысы кезіндегі құпия документті талдау жөнінде комиссия құру жөнінде шешім қабылданды.

Съезд барысында ұйымдасқан саяси оппозиция қалыптасты. 150 адамнан тұратын Аймақаралық депутаттар тобы құрылды. Жаз айларында оның саны 388 жетті. Оның 286 РСФСР өкілдері болатын. 29- шілдеде 1989 ж. Аймақаралық депутаттар тобының конференциясы ұйымдастырылды. Конференция жұмысы барысында тең праволы 5 төраға сайланды: Ю.Н. Афанасьев, Б.Н. Ельцин, В. Пальм, Г.Х. Попов, А.Д. Сахаров. Бағдарламалық тезистер жөнінде Б.Н. Ельцин сөз сөйлеп, мынандай принципиальды идеяларды ұсынды:


  1. Жеке меншікті мойындау.

  2. Саяси билікті децентрализациялау.

  3. Республикалардың экономикалық және шаруашылық суверенитетін мойындау.

1989 ж. 2- тамызда СОКП құрамында Демократиялық платформа құрылды. Оның лидерлері В.Н. Лысенко, И.Б. Чубайс, В.Н. Шостаковский көппартиялық жүйені қалыптастырып, СОКП-ны радикалды түрде демократизациялау идеясын ұсынды (демплатформа). Демплатформа КСРО Конституциясының 6-статьясын жою туралы, партия ішінде фракциялық плюрализмді қалыптастыруды, Ресей компартиясын, СОКП парламенттік партияға айналдыру туралы ұсыныстар жасады.

1990 ж. наурызда халық депутаттарының ІІІ-съезінде КСРО президенті лауазымы енгізілді және Конституцияның 6-статьясы өзінің күшін жойды. М.С. Горбачев бұл өзгерістерге баға бере келе «Бұл төңкеріліс, саяси жүйені өзгертудің толық аяқталуы» деген болатын.

Саяси жүйені реформалаумен бір мезгілде Ресей суверинитетін қалыптастыру жөнінде қозғалыс басталды. Бұл одақтық деңгейдегі өте маңызды оқиға болатын.

Саяси жүйенің реформалаудың негізгі мақсаты азаматтық қоғам құру болып табылады. Азаматтық қоғамның басты принциптері саяси билік бұтақтары: заң шығарушы, атқарушы, сот органдарын құру болып табылады.


1988-1991 жж. КСРО мемлекеттік құрылымын реформалау.

1985 1991

Жоғарғы билік (заң шығарушы)





КСРО ЖК (РСФСР)

КСРО ЖК президиумы

(РСФСР)




КСРО халық депутаттар съезі (РСФСР)

КСРО президенті (РСФСР)




Орталық атқарушы билік





КСРО Министрлер Кеңесі




КСРО Министрлер Кеңесі, КСРО Министрлер кабинеті.




Сот билігі





Халық соттары, КСРО Жоғарғы соты.




Халық соттары, КСРО Жоғарғы соты, КСРО Конституциялық соты.




Күштеу құрылымы.





КСРО Жоғарғы Кеңесі,

КСРО МБК, КСРО ІІМ




КСРО Жоғарғы Кеңесі, КСРО МБК, КСРО ІІМ

РСФСР МБК, РСФСР ІІМ.




Шіркеу саясаты





Шіркеу мемлекеттен бөлек.




Шіркеуге көңіл аударыла бастады.




Азаматтық қоғам.





СОКП басшылығымен жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдар.




Көппартиялық, қоғамдық ұйымдардың белсенділігінің артуы, бейресми қозғалыстар.


41 кредит сағат

28 дәріс

Тақырып: Қайта құру және оның қорытындылары. КСРО-ның ыдырауы.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет