Дәрістің мазмұны:
Одақтық жаңа келісім шартты даярлау.
1991 жылғы 19-21-тамыздағы саяси дағдарыс.
КСРО-ның мемлекеттік саяси құрылымдарын жою.
28-дәріс
Қайта құру және оның қорытындылары. КСРО-ның ыдырауы.
1-сұрақ
Одақтық жаңа келісім шартты даярлау.
1991 ж. 12-маусымда Ресей Федерациясының Президент сайлауы өтті. Б.Н. Ельцин сайлаушылардың 57,3% дауысын алды.
Н.И. Рыжков 16,8%
В.В. Жириновский 7,8%
А.М. Тулеев 6,8%
А.М. Макашов 3,7%
В.В. Бакатин 3,4%
Ресей Федерациясының Президент сайлауына балама қатысқандардың нәтижелері міне осындай. 1991 ж. көктеміне қарай М.С. Горбачевтің саясаты «оңнан» да «солдан» да сынға алына бастады. КСРО халық депутаттарының съездерінде «Одақ» тобы президентке қарсы саясат ұстанып, мемлекеттілікті әлсіретіп, сыртқы саясатта өте маңызды позицияларда Батыстың алдында тізе бүкті деп айыптады.
КСРО құрылымын сақтау мақсаты мен М.С. Горбачев 1991 ж. қаңтарда жалпыодақтық референдум өткізу идеясын ұсынды. 1991 ж. 17-наурызда өткен референдумда бір ғана сұраққа жауап берілді. «Советтік Социалистік республикалар Одағын сақтауды қажет деп санайсыз ба?».
Сайлау учаскелеріне азаматтардың 80% келіп, солардың 76,4% «иә», 20,7% «жоқ» деп дауыс берді.
Жалпыодақтық референдумның ықпалдастық бағыттағы нәтижелеріне қарамастан РСФСР-да, Украинада т.б. республикаларда сепаратизм тенденциялары күшейді. Мысалы, РСФСР-да азаматтардың 70% республикада президент лауазымын енгізуді талап етті. Украинада УССР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша жалпыодақтық референдум кезеңінде халыққа анкета таратып, «Украинаның мемлекеттік суверенитеті туралы Декларация негізінде Советтік суверендік мемлекеттер Одағының құрамында Украина болу керек пе?» деген сұрақ қойылды. Респонденттердің 80,17% республикандық бюллетенде «иә» деп дауыс берді, яғни, Одаққа қарсы пікір айтылды. Қазақстанда өткен референдумд «Тең праволы суверендік мемлекеттер Одағы ретінде Советтік социалистік республикалар Одағын қажет деп санайсыз ба?» деген сұраққа республика азаматтарының 94% «иә» деп жауап берді.
Референдум қорытындылары негізінде КСРО президенті жаңа Одақтық шартты дайындау шараларына кірісті. 1991 ж. 23-сәуір - 23-шілде аралығында өткен Жаңа-Огарев процесінде позитивті қорытындылар жасауға мүмкін болмады. Одақтық шартқа 15 Одақтық республиканың 8-і ғана кіретіндігін мәлімдеді. Келісім шартта мынандай қорытындылар жасалынды:
Шартқа қатынасқан республикалар суверендік мемлекеттер деп жарияланды.
Советтік Суверендік Республикалар Одағы «Суверендік федеративтік демократиялық мемлекет» деп жарияланды.
Одақ салық жинау функциясынан айырылды.
Құжатта жаңа Одақтық заң қабылдау мерзімі айқындалмағандықтан Одаққа қатысушы мемлекеттер ешқандай жауапкершілікті мойындамады.
Сонымен, келісім шарт мазмұнынан республикалардың суверендік праволарының бірінші қатарға шыққанын және КСРО құрамынан шығудың «жұмсақ» варианты екенін байқаймыз.
1991 ж. 19-тамызда құрамында 15 мүшесі бар эксперттер тобы келісім шарт жобасына құқықтық баға бере келе, бұл документтің ішкі қарама-қайшылықтарын анықтап, «Федерациялық құрылымды мойындау тіпті конфедерациялық құрылым деңгейіне көтеріле алмайды, бұл жәй мемлекеттер клубы» болады деген қорытынды жасады.
2-сұрақ
1991 ж. 19-21-тамыздағы саяси дағдарыс.
1991 ж. ортасында елдегі деструктивтік процестер қарқындай дамып, дағдылы шаралармен елді басқаруды қалпына келтіру мүмкін болмады. Мұны, әрине, барлық саяси күштер өте жақсы түсінді. Елді дағдарыстан шығару үшін күресте саяси биліктің айқын екі тобы қалыптасты. Бірі Одақтық басқару жүйесі. Екіншісі, Ресей лидерлері. Әрқайсысында жеке амбициялармен қатар елді дамытудың экономикалық, саяси ұлттық - мемлекеттік жолдары туралы жеке пікірлері болды. Біріншілері социалистік даму жолын таңдап, Одақтық жүйені бекітіп, КСРО шеңберінде бірыңғай мемлекетті сақтау болса, екіншілері экономиканы либерализациялап, Кеңестік жүйені өзгерту қажеттіліктерін ұсынып, мемлекеттердің конфедеративтік Одақ шеңберінде дамуын талап етті. КСРО жоғарғы басшылары 20-тамызда қол қойылатын Одақтық келісім шартқа өзгерістер енгізу туралы пікірлерін Горбачев қолдамағаннан кейін, өз беттерімен шара қолдануға кірісті.
КСРО президенті М.С. Горбачев Қырымда демалып жатқан кезде 18-тамызда төтенше жағдай туралы Мемлекеттік комитет құрды (ГКЧП). Оның құрамына О.Д. Бакланов (КСРО Қорғаныс Кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары), В.А. Крючков (КСРО МКК төрағасы), В.С. Павлов (КСРО премьер министрі), Б.К. Пуго (КСРО ішкі істер министрі), В.А. Стародубцев (КСРО Шаруалар Одағының төрағасы), А.И. Тизяков (Мемлекеттік кәсіпорындар Ассоциациасының президенті), Д.Т. Язов (КСРО Қорғаныс министрі), Г.И. Янаев (КСРО вице-президенті).
19-тамыз күні таңертең вице-президент Г.И. Янаевтің М.С. Горбачевтің денсаулығына байланысты президенттік қызметті атқара алмайтындығы және мемлекет басшысы міндетін Янаевтың атқаратындығы туралы указы шықты. Бұл бірінші документ.
Екінші документ «Кеңес басшыларының Мәлімдемесі» жарияланды. Мәлімдемеде 19-тамыздан бастап алты айға КСРО-ның жекелеген
аудандарында төтенше жағдай енгізіліп, басшылықты ГКЧП атқарады делінген. Үшіншіден «Совет халқына Үндеу» деген документте бұл шешімнің
басты себебі ретінде КСРО-ны жоюға бағыт алған экстремистік күштердің
пайда болуы деп көрсетілді.
Төртінші «ГКЧП –ның № 1 Қаулысы» деп аталатын документте бірінші кезектегі шаралар комплексі көрсетілген.
КСРО Конституциясына қайшы келетін билік және басқару құрылымын жою.
Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар қызметін тоқтату.
Мемлекет, қоғам, азаматтар қауыпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асыру.
Бұқаралық ақпарат құралдарына бақылау орнату.
Б.Н. Ельцин бастаған Ресей басшылары бұған қарсы кең ауқымды күрес ұйымдастырды. КСРО Үкімет үйі Ақ үйдің маңына 90 мыңдай халық жиналып, ГКЧП әрекеті «мемлекетті төңкеріліс» деп бағаланды. Бірнеше шешімдер қабылданды.
Біріншіден қуатты ақпараттық жұмыс ұйымдастырылды.
Екіншіден қоғамдық қозғалыстар, саяси күштер әрекеті бір арнаға топтастырылды.
Үшіншіден Б.Н. Ельцин «Мемлекетті төңкеріліс» жағдайында Одақтық органдар қызметі заңнан тыс деп жарияланып, КСРО-ны басқару органдарын өз қолына бағындырып, бірнеше указдар жариялады.
ГКЧП әрекеті сәтсіздікпен аяқталды. 19-21-тамыздағы оқиғаларды саяси дағдарыстың айқын белгісі және мемлекеттік төңкеріліс әрекеті деп қарауға болады. М.С. Горбачев 21-тамыз күні Москваға келіп, ГКЧП саясатын қолдамайтындығын мәлімдеді.
3-сұрақ
КСРО мемлекеттік - саяси құрылымын жою.
1991 ж. тамыз айының аяғынан бастап, одақтық саяси және мемлекеттік құрылымдардың қызметін тоқтату басталды. 1991 ж. 2-6- қыркүйекте КСРО халық депутаттарының Ү- кезектен тыс съезі өтіп, съезд қабылдаған құжаттарда КСРО Конституциясы өз күшін жояды делінді. Съезд «Өтпелі дәуірдегі КСРО мемлекеттік билік органдары туралы» Конституциялық заң қабылданып, КСРО мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органы – съезд және жоғарғы Кеңес жұмысын тоқтату белгіленді.
1991 ж. 23-тамызда Б.Н. Ельцин «РСФСР Коммунистік партиясының қызметін тоқтату туралы» үкімге қол қойды. Тамыздың аяғына дейін Беларуссияда, Грузияда, Киргизияда, Эстонияда компартиялар қызметі тоқтатылып, Украинада, Молдавияда, Литвада компартия қызметтеріне тиым салынды. 1991 ж. қыркүйектің ортасында республикалардағы «департизация» процесі аяқталды.
25-тамызда Горбачев үкімі бойынша КСРО министрлер Кеңесі жойылды, оның орнына халық шаруашылығын оперативті басқару Комитеті құрылып, оны Ресей премьер-министрі И.С. Силаев басқарды. 1991 ж. аяғына дейін азаматтық органдар, әскери прокуратура финанс министрлігі және КСРО мемлекеттік жоспарлау комитеті Ресей юрисдикциясына көшті.
1991 ж. 24- тамызда Украина, Беларуссия ұлттық тәуелсіздігін жариялады, 27-сінде Молдавия, 30-да Азербайджан, 31-де Киргизия және Өзбекистантәуелсіздіктерін жариялады. Латвия, Литвия, Эстония Жоғарғы Кеңестері 20-21-қыркүйекте тәуелсіздіктерін жариялап, 1940 ж. Конституцияны қайта күшіне енгізді.
1991 ж. 8-желтоқсанда Беларусь Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы С.С. Шушкевич, РСФСР президенті Б.Н. Ельцин, Украина президенті Л.М. Кравчук, Минск қаласының маңындағы Белая Вежада «Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын» құру туралы Келісімге қол қойды. Келісім преамбуласында «КСРО халықаралық құқық субьектісі және геосаяси шындық ретінде өмір сүруін тоқтатады» делінген. 1991 ж. 21-желтоқсанда Алма-Атадағы кездесуде Беловежие келісіміне құрылтайшы құқығы ретінде тағы 8 республика қосылды.
23-желтоқсанда М.С. Горбачев пен Б.Н. Ельцин кездесуі барысында одақтық құрылымдарды жою туралы мәселе қарастырылды. 1991 ж. 25-желтоқсанда РСФСР Жоғарғы Кеңесі республиканың жаңа атын – Ресей федерациясы (Ресей) бекітті.
КСРО-ның күйреуі.
|
Экономикалық саяси дағдарыс.
Ұлттық сепаратизм.
Комунистік идеологияның дағдарысы, қайта құрудың ғылыми негізделген концепциясының болмауы.
Батыстың КСРО аймағында демократиялық өзгерістерге мүдделілігі.
|
|
|
КСРО күйреуінің себептері
|
|
- СОКП ұлттық саясатын сынау (1988-1989).
- Демократиялық қозғалыстардың қалыптасып дамуы.
- КСРО құрамынан Прибалтика республикаларының шығуы ( март 1990 ж.).
- Республикалар суверинететінің шеруі (1990 ж.).
- Одақтық жаңа келісімді даярлау (1991 ж.).
- ГКЧП (тамыз 1991 ж.)
- 1991 ж. Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы.
|
|
|
|
Тоталитарлық жүйенің күйреуі.
Ұлтаралық қарама-қайшылықтардың шиеленісіп жаңа жан-жалдардың шығуы.
Демелитаризация барлық республикалардың қорғаныс қабылетінің әлсіреуі.
КСРО көлеміндегі халықтардың тұрмыс жағдайының төмендеуі.
КСРО аумағындағы демократиялық процестерге қажетті алғы шарттардың қалыптасуы.
Орталық биліктің әлсіреуі, Ресейдің өзінің бөлініп кету қаупының туындауы.
|
|
|
КСРО күйреуінің салдарлары.
|
Достарыңызбен бөлісу: |