1. Елдегі саяси жағдай. Ақтар қозғалысы және оның бағдарламасы. Л. Корнилов, А. Деникин;
2. Большевиктер партиясы. «Әскери коммунизм» жүйесі. Азық-түлік үстемдігі. Жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуы;
3. Азамат соғысының ошақтары. Ақгвардияшылар үкіметі;
4. Қызыл Әскердің қалыптасуы. «Демократиялық контерреволюциямен» күрес. Польшамен соғыс;
5. РСФСР-дің Эстониямен, Литвамен, Латвиямен, Финляндиямен келіссөздері. Врангельдің талқандалуы.
Әдебиеттер:
Россия многонациональная империя М., 1997 г.
История России ХІХ- нач. ХХ века. Под ред. Федорова М. М., 1998 г.
Левандовский А.А. «Россия в ХХ веке». М., 1997.
Верт Н. «История Советского государства». М., 1992.
Геллер М., Некрич А. «Утопия у власти». М., 2000 г.
Поцелуев В.А. «История России ХХ столетия». М., 1997 г.
История. Отв. ред. Самыгин П.С. Ростов-на-Дону, 2002 г.
Протопов А.С., Козьменко В.М., Еламанова Н.С. «История международных отношении и внешней политики России» (1648-2000). М., 2003 г.
- Елдегі саяси жағдай. Ақтар қозғалысы және оның бағдарламасы. Л. Корнилов, А. Деникин;
- Азамат соғысының алғашқы кезеңіндегі большевиктер партиясының ішкі саясаты. «Әскери коммунизм» жүйесі. Азық-түлік үстемдігі. Жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуы. Тұңғыш Кеңес Конституциясы. Кеңес билігінің әлеуметтік саясаты. Большевиктердің ішкі саясатының әлеуметтік аспектілері;
- Солшыл эсерлердің толқуы. Азамат соғысы мен шетел интервенциясы аумағының кеңеюі.
Азамат соғысының 1918-1920 ж.ж. ошақтары. Ақгвардияшылар үкіметі және оның саясаты. Қызыл Әскердің қалыптасуы. «Демократиялық контерреволюциямен» күрес. Польшамен соғыс.
- РСФСР-дің Эстониямен, Литвамен, Латвиямен, Финляндиямен келіссөздері. Врангельдің талқандалуы.
11 апта
31 кредит сағат
№21 дәріс
Тақырып: Кеңес қоғамының қалыптасуы (1921-1927 ж.ж.).
Дәрістің мазмұны:
Елдің 1921-1927 ж.ж. әлеуметтік-экономикалық дамуы. Жаңа экономикалық саясат және оның мәні. 1922-1924 ж. Ақша реформасы. Өндірістегі жеке кәсіпкерлік;
1920 ж. саяси күрес. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: барысы, әдістері, қорытындылары;
КСРО-ның Конституциясының қабылдануы. Әскери реформа;
КСРО-ның құрылуы; 30 ж. КСРО –ның әлеуметтік-экономикалық мәдени өзгерістер.
Совет қоғамының саяси жүйесі.
21-дәріс.
20-30 жж. Кеңес мемлекеті.
1-сұрақ. Жаңа экономикалық саясат жағдайындағы Кеңес қоғамы.
20 ж. басында азамат соғысы аяқталғаннан кейін елде күрделі жағдай қалыптасты. 7 жылға созылған соғыс елдің ұлттық байлығын 50 % жойып жіберді. 1920 ж. өнеркәсіп өндірісі 7 есе, шойын қорыту 33 есе, болат балқыту 22 есе қысқарды. Транспорт қирап, ауыл шаруашылығында да өте қиын жағдай қалыптасты. 1921 ж. ауыл шаруашылығының өнімі 1913 ж. 60% ғана берді.
Экономикалық күйзеліс жұмыссыздықты туғызып, жұмысшы табы пауперизацияланды. Экономикалық қиындықтар елде саяси дағдарыс туғызды. Жұмысшылар мен шаруалар «Әскери комунизм» саясатына қатты наразылық білдірді. Қалалар мен деревняларда әртүрлі деңгейде қобалжулар мен көтерілістер болды. Мысалы: 1921 ж. Орта Поволжье, Дон, Кубань, Батыс Сібір аудандарында шаруа қозғалыстары басталды, әсіресе Тамбов, Воронеж губернияларында эсер А. Антонов бастаған ірі көтеріліс болды. РСФСР территориясында 150 мың адам қатынасқан шаруа көтерілісі болды. Көтеріліс ұрандары «Азық-түлік салғырты жойылсын!», «Сауда еркіндігі!», «Комунистерсіз Кеңес!» деген ұрандар көтерілді. Армия мен флотта да қозғалыс болды. 1921 ж. наурыз айында Балтық флотындағы ең ірі әскери - теңіз базасы Кронштад мотростары көтеріліс ұйымдастырды. Бұл саяси ұрандармен ұйымдастырылған көтеріліс болатын.
Міне, осы оқиғалар «әскери комунизм» саясатының салдарлары болды. Марксистік теориямен қаруланған большевиктер еңбек құрал –жабдықтарына меншіктің жойылуы товар – ақша қатынасын жояды деп есептеді. Бұл социализм туралы концепция тұжырымдары еді. Бірақ өмір бұл көзқарасты өзгертуді қажет етті.
Кеңес үкіметінің басшылары мемлекеттің экономикалық саясатының мазмұны мен сипатын өзгертпейінше туындаған мәселелерді шешуге болмайтындығын түсінді. 1921 ж. РКП (б) Х съезінде азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру туралы шешім қабылдады. Азық-түлік салығының мөлшері күні –бұрын белгіленді және маусым бойында өзгермейтін болды. Салық төлегеннен кейінгі артып қалған өнімін шаруа енді рынокқа шығарып сатуға мүмкіндік алды.
ЖЭС мәні тек осымен ғана шектелмейді. Жаңа экономикалық саясаттың нақты көрінісі қандай еді?
Ұсақ товарлы өндіріс жағдайында саудаға еркіндік беру елде, сөз жоқ, капитализмді жандандырды.
Өнеркәсіп саласында әртүрлі формадағы мемлекеттік капитализмге (консессиялар, аралас мемлекеттік кәсіпорындар) рұқсат берілді. Жеке капитал өндіріске енгізіле бастады. Бірқатар орта және ұсақ дәрежелі өнеркәсіп орындары бұрынғы қожаларына қайтарылды. Мемлекеттік өнеркәсіп орындарында шаруашылық есеп енгізілді.
Еңбек ақы төлеу жүйесі өзгертілді, оның мөлшері еңбек өнімділігімен анықталды. В.И. Ленин ЖЭС-ның мәнін «Өндіріс күштерді жете дамыту және жұмысшы, шаруа жағдайын көтеру» деп есептеді.
ЖЭС белгілі – бір деңгейде капиталистік қатынастарды туындатып, дамытты. Бұл тұтастпй Кеңес мемлекетіне қауып те төндірді. Алайда Кеңес мемлекетінің қолында шешуші тұтқалар – ірі өнеркәсіп, банк, транспорт, жер, сыртқы сауда болды. Еркін сауда, жер арендасы, жалдамалы жұмыс күші белгілі – бір дәрежеде ғана дамыды. 1923 ж. жазылған Лениннің соңғы мақалаларында, атап айтқанда «Кооперация туралы», «Біз Рапкренді қалайша қайта құрамыз», «Аз да болса жақсы болсын» деген мақалаларында ЖЭС –тың ұзақ мерзімді саясат екендігі туралы айтады. Социолизм туралы көзқарасқа түбегейлі өзгеріс енгізу туралы айтады.
20 ж. ЖЭС бірте-бірте экономикалық тұрмысқа енді. Экономика нарықтық негізде қайта құрыла бастады. Бұл бағыт заң жүзінде бекітілді. Мысалы: 1923 ж. ВЦИК және СНК (Халық комиссарлар Кеңесі) қабылдаған «Комерциялық есепке негізделген мемлекеттік өнеркәсіп орындары туралы» деген Декретте ел экономикасының нарықтық моделінің құқықтық негіздері анықталады. 20 ж. 80 жалпы одақтық, 92 республикалық, 300 жергілікті трестер құрылды. Трестер синдикаттарға бірікті. Синдикаттар өнеркәсіп өнімін сатумен және трестер қажетін қамтамасыз етумен және оларды қаржымен жабдықтаумен айналысты. 1928 жылы 23 синдикат құрылды. Олардың қолында өнеркәсіп товарларын сатудың 90% жинақталды.
Мемлеекттің финанс жүйесін реттеп, тұрақты валютаны қалыптастыру маңызды міндет болды. Ақша реформасы жүргізілді. Реформа буржуазиялық финанс ғылымының ережелеріне сай жүргізілді. 1924 жылы валюта червонц рынокқа шықты. Ол АҚШ-тың 6 долларына тең болатын.
ЖЭС жылдарында Россия капиталистік елдермен экономикалық байланыстар орнатып, әлемдік шаруашылыққа кіріге бастады. Шет елдермен бірнеше келісімдерге қол қойылды. Мысалы: Орыс – Герман акционерлік қоғамы құрылды. Орыс – Австрия акционерлік қоғамы құрылды. Сыртқы сауда комиссариятының кірісі 128 мың долларға тең еді. Сол сияқты Орыс – Американ акционерлік қоғамы да жұмыс жасады.
20 ж. КСРО, Европа, Азия, Америка – 40- таған елдермен 40 мемлекетпен сауда келіссөздерін жасады. 112 келіссөздер жасалынып, 36 аралас акционерлік қоғамдар құрылды.
ЖЭС өте қысқа мерзім ішінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Елдің экономикалық жағдайы түзелді. 1922-27 ж. өнеркәсіп өнімі 30-40 %, ал ауыл шаруашылық өнімі 12% артты. 1925 ж. ірі өнеркәсіп 1913 ж. деңгейге жетті. Сол сияқты транспорт саласында да белгілі – бір ұтымды өзгерістер болды.
Әсіресе шаруа қожалықтары қалпына келіп дамыды. 1926-28 жж. астық өнімі 1913 ж. салыстырғанда 13 есе өсті. Мал басы 10 есе өсті. Сонымен ЖЭС –тың 5-6 жылында соғысқа дейінгі өндіріс көлемі қалпына келді. ЖЭС жылдарында экономиканың барлық уклаттары дамыды. Өнеркәсіптегі социоличтік сектордың үлесі әлде-қайда жоғары болса, ауыл шаруашылығында оның үлесі 1,5% болды. 20 ж. екінші жартысында елде бірқатар экономикалық күрделі жағдайлар туындады. Мысалы: 1926-27 жж. астық дайындау дағдарысы товар бағаларының өсуі т.с.с. Екінші жағынан Ленин қайтыс болғаннан кейінгі елдегі саяси биліктің бір адамның қолына шоғырлана бастауы жаңа экономикалық саясат мазмұнымен принципиальды түрде үйлеспеді.
20ж. аяғында ЖЭС-ның негізгі принциптері бұзылып, ел басқарудың әміршілдік-әкімшілдік жүйесіне қарай ойысты. ЖЭС-ның тоқырауының себептерін біз қоғамның саяси сферасынан іздейміз. Мемлекеттік директивалық экономика қалыптасты және қоғамның барлық жағына басқарушы партия бақылау орнатты. Ұйымдастырылған либералдық мазмұндағы реформа советтік саяси жүйені реформалаумен қатар жүрмеді. Саяси сферада әміршілдік әдіс үстемділігі орнығып, барлық мәселе күш тұрғысынан шешілді.
20 ж. аяғындағы саяси режим жағдайында тек қана директивалық экономика болуы қақ. 20 ж. большевиктердің экономикалық саясатының тарихи маңызы зор. Американ тарихшысы У.Дэвис айтқандай лениндік ЖЭС әлемдік экономиканың 3 элементін анықтап берді.
1. Экономиканы мемлекеттік саласынан реттеу.
2. Аралас экономика.
3. Жоспарлау.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін осы әдісті Германияда канцлр Эрхард қолданды. Бүгінгі таңдағы Қытай экономикасынан біз ЖЭС-тың принциптерін байқаймыз.
2-сұрақ. 30 ж. КСРО әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер.
20 ж. басында Кеңес одағы индустрилизация процесінің алғашқы сатысында ғана тұрды. І бесжылдық кезеңінде елде өндірілген ұлттық табыстың 20-25 % өнеркәсіп саласы берді, ал, ауыл шаруашылығы 50% берді. Егер Батыс елдерімен салыстыратын болсақ, КСРО-да электр энергиясын өндіру АҚШ-пен салыстырғанда 20 есе, болат қорыту 13 есе, шойын қорыту 13 есе кем болды.
Әлеуметтік және мәдени саланы алатын болсақ, 1926 ж. халықтың 43 % сауатсыз болды.
Сонымен елдің объективті дамуы тек қана индустрилизация жолында жатты. Индустрилизация КСРО-да социолизм құрудың ең басты міндеті болды.
Индустрилизация стратегиясы «Халық шаруашылығын дамытудың І бесжылдық жоспарының директиваларында» анықталды. 1928-1933 жж. қамтыған І бесжылдық жоспарында экономиканы жеделдету идеясы басым көрініс тапты.
И.В. Сталин баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде социолистік құрылыс пен индустрилизациялық қайта құру стратегиясының жаңа варианты ұсынылды. 20 ж. аяғында индустрилизация процесінің жетекші саласы болып, ауыр өнеркәсіпті дамыту міндеті қойылды.
30 ж. шаруашылық саясатты өзгертіп, ЖЭС саясатын демонтаж жасаудың себеп салдарлары қандай еді? 1927-28 жж. елде астық дайындау дағдарысы болды. Шаруалар мемлекет белгілеген бағаға астықтарын мемлекетке өткізуден бас тартты, нәтижесінде қалаларды, армияны нанмен қамтамасыз ету проблемасы пайда болды. ВКП (б) ОК шешімі бойынша деревняда төтенше саясат жүргізілді, ауқатты шаруалардан астық күшпен тартып алына бастады, мыңдаған комунистер деревняға жіберіліп, партия ұйымдарының жұмысына көмектесті.
Экономикалық саясаттағы күрт өзгерістер ВКП (б) ОК Саяси бюро мүшелер арасында пікір таласын туғызды. Бухарин Н.И., Рыков, Томский дағдарыстың басты себебі экономиканы ұйымдастыру механизмінде және баға саясатында жатыр деді. Олар дағдарыстан шығудың басты жолы экономикалық әдіс деп білді, ал, Сталин оны «кулак стачкасы» деп бағалады.
Социолизм дағдыры және шаруалар мәселесі жөніндегі саяси күштердің түпкілікті көзқарастарының алшақтығы 1929 жылғы апрель Пленумында байқалды. Бухарин ЖЭС –тың тоқырауының басты себебі Сталиннің позициясына байланысты екендігін айтты. Индустрилизация процесі ауыл шаруашылығымен қосарлана дамығанда ғана нәтиже беретіндігі айтылды.
Партия ішіндегі күрес, әрине, Сталиннің пайдасына шешілді. Н.И. Бухарин, А.И. Рыков, М.П. Томский Саяси бюро құрамынан шығарылды. Бұлар социолистік құрылыстың ұтымды стратегиясын ұсынған Сталиннің саяси оппоненттері болатын.
1929 ж. күзде Сталиннің ининситивасымен «ұлы төңкеріліс» саясаты ұсынылды, яғни, І бесжылдық жоспарының барлық көрсеткіштері өзгертілді, бұл бүкіл экономикалық байланыстардың жүйесін қиратты.
1933-1937 жж. ІІ бесжылдық жоспар міндеттерін анықтауда да осындай волюнтаристік саясат қолданылды.
Коллективизация процесі тездетілді. 1929 ж. орта шаруалардың колхоздарға кіруі аяқталды деп, жаппай коллективизация саясаты қанат жайды. Колхозға кірмегендерді кулак деп жариялады. Мал - мүліктерін тәркіледі. 1929 жылы шаруа қожалықтарының 3 % кулак қожалықтары болатын. Кулактардың 20 % репрессияланды, бұл 10 млн-дай адам болатын. Жаппай коллективизация негізінде кулактарды тап ретінде жою саясаты 30 жж. Ресей деревнясын ең трагедияға толы кезеңі болды.
Міне, осы саяси бағыт елді басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесін қалыптастырды.
20-30 жж. аралығында елдің мәдени тұрмысында елеулі өзгерістер болды. 1927 ж. 119 мың мектеп, 1200 жоғары оқу орындары мен техникумдар қызмет жасады. 1930 ж. маусым-тамыз айларындағы КСРО Халық комиссарлар Советінің «жаппай міндетті бастауыш білім және сауатсыздықты жою» туралы қаулыда білім саласындағы саясат анықталды. 1930-1931 жж. 4 жылдық бастауыш білім енгізілді. Сол сияқты жоғарғы білім беру және орта дәрежелі білім беру жүйесі дамыды. 1940 ж. елде 4600 –дай жоғарғы оқу орындары қызмет жасады. КСРО оқушылар және студенттер саны жөнінен әлемде бірінші орынға шықты.
Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында жаңалықтар ашылды. 1928 ж. химик С.В. Лебедев этил спиртінен синтетикалық каучук алу әдісін ашты. Ядорлық физика ғылымында космостық сәулелерді анықтау әдісі ашылды. 1930 ж. К.Э. Циолковский космосты игерудің теориялық проблемаларын зерттеді.
1922 ж. В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық академиясы ашылды. 1937 ж. елде 867 ғылыми – зерттеу институттары қызмет жасады.
Ғылым саласындағы репрессиялық саясаттың мазмұны, барысы көпшілікке мәлім. Мысалы: Н.И. Вавилов, С.П. Королев сияқты ғұлама ғалымдардың дағдыры осыған мысал.
Әсіресе, әдебиет және искусство саласында жағдай трагедиялық сипат алды. Шығармашылық әдістің бірден-бір әдісі «социолистік реализм» деген ұсынылды. Тоталитарлық мемлекеттің осы саясат шеңберіне симаған көптеген әдебиет, мәдениет қайраткерлері репрессияға ұшырады. (О. Мандельштан, Б. Пастернак, М. Булгаков).
Совет қоғамының саяси жүйесі.
20 жылдардың аяғы мен 30 ж. басында Сталиннің жеке билік режимінің бекуіне байланысты саяси жүйе деформациясы жүрді.
30 ж. совет қоғамының әкімшілдік-бюрократиялық жүйесінің басты құрамдас бөлігі партия аппараты қалыптасты. 1936 ж. жаңа конституция қабылданды. Атқарушы органдар заң шығарушы функцияларды өз қолына ала бастады. Мемлекеттік органдар құқықтық базасыз жазалау саясаттарын жүргізіп жатты.
1934 ж. партия ішінде репрессия басталды. Ленинград облыстық партия комитетінің хатшысы ОК Саяси бюро мүшесі С.М. Кировтың өлтірілуі жаңа репрессиялық толқынның басталуына сигнал берді.
1936 ж. конституцияның негізгі идеялары (демократия, азаматтар теңдігі, жеке тұлға құқығы т.с.с.) бұзылды. 1936 ж. КСРО-да социолистік құрылыс аяқталды деп жарияланды. Көптеген тарихшылардың пікірі бойынша «мемлекеттік социолизм» болатын, яғни, деформацияланған социолизм.
Достарыңызбен бөлісу: |