Ешқандай элементі жоқ жиын құр (бос) жиын деп аталады, Ø деп белгіленеді. - х элементі А жиынына тиісті деп оқылады.
Егер А және В екі жиын бірдей элементтерден тұратын болса, онда оларды тең жиындар деп атайды және А=В деп жазады. Мысалы, және жиындары өзара тең, өйткені бірдей элементтерден тұрады. Элементтерінің орындарын ауыстырғаннан жиын өзгермейді.