Логикалық эквиваленттілікті логикалық заң деп те атайды.
Математикалық логикада ең негізгі болып есептелетін 22 логикалық заң бар.
Сұрақтар:
Үшіншінің болмау заңын, қайшылық заңын жаза білу керек, мағынасын түсіну керек.
Де Морган заңдарын, жұтымдылық заңдарын жаза білу керек, мағынасын түсіну керек.
Контрапозиция заңын жаза білу керек, мағынасын түсіну керек. Қолданылуын білу керек.
Әдебиеттер: [3], [8], [14].
Тақырып: Жиындар теориясының негізгі элементтері.
Жиын ұғымы математикада негізгі (анықтауға болмайтын, бастапқы) ұғым болып саналады. Сондықтан оны тек мысалдармен ғана түсіндіруге болады. Мысалы, қайсібір класс оқушыларының жиыны туралы, мектепте қойылатын бағалар жиыны туралы, әлемдегі планеталар жиыны туралы, натурал сандар жиыны туралы айтуға болады.
Жиынды құрайтын кез келген нәрселер (адамдар, кітаптар, сандар т.б.) оның элементтері деп аталады. Жиындарды А, В, С, ... әріптермен, элементтерін a, b, c, …, x, y, .. әріптерімен белгілейді. Жиындар сөзбен, барлық элементтерін көрсету арқылы, элементтерінің сипаттамалық (характеристикалық) қасиетін көрсету арқылы беріледі. Мысалы, А – БҚМУ студенттерінің жиыны, В=, С=-натурал сан және .
Достарыңызбен бөлісу: |