Екі БҚ-қа композициялау амалы қолданылады, ол 2 орынды (бинар) амал. БҚ-тар жиындар болғандықтан оларға, жиындарға қолданылатын қималау, біріктіру, азайту, толықтыру амалдарын қолдануға болады.
Сұрақтар:
1) n-ар қатыс қалай анықталады?
2) Нуляр, тернар қатыстар деген не?
Әдебиеттер:
[8], [9], [14], [25], [28].
Тақырып: Эквиваленттік қатыс
Анықтама. Жиында берілген рефлексивті, симметриялы, , транзитивті БҚ-ты эквиваленттік қатыс деп атайды. Белгілеуі ~(ирек немесе тильда деп оқимыз).
Түзулердің параллельдігі, үшбұрыштардың ұқсастығы, бүтін сандардың модуль бойынша салыстырмалылығы, адамдардың құрдастығы эквиваленттік қатыстар.
Егер ~ болса, оны ~ деп жазып, элементтері эквивалентті деп оқимыз. Анықтама. Жиыннан алынған элементіне эквивалентті элементтердің жиынын « элементі арқылы жасалған эквиваленттік класы » деп атайды. [] деп белгілейді.
10. Кезкелген екі эквиваленттік класы немесе беттеседі, немесе қиылыспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |