Барлығы – 180 сағат



бет1/14
Дата11.09.2017
өлшемі2,71 Mb.
#31995
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


«Бекітемін»

" Институт директоры"м.а.

Маулетова С.А.

«__»__________ 200_ж.

"Мәдениет және өнер" институты

" Театрлік-хореографиялық өнер және кітапханатану" кафедрасы



040509 – " Хореография"

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

IМТ «Әлем театрының тарихы»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс – 1,2

Семестр –1, 2, 3, 4

Кредит саны – 4

Дәріс – 60 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 60 сағат

СӨЖ – 60 сағат

Емтихан – 2, 4-ші семестрде

Барлығы – 180 сағат




Орал

2010 ж.

Кредиттік оқу жүйесінде оқитын 1-2 курс студенттеріне арналған «Әлем театрының тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (2006ж) шығарған Жоғары кәсіптік білім – бакалавриат «Хореография» мамандығына арналған типтік бағдарламасы негізінде жасалды. Бағдарлама №7 оқу корпусының оқу залында.

Келісілді: ОҮҰ және ОӘЖБ жетекшісі А.А.Какимова

Құрастырушы: Қ.Д.Айтқалиева өнертану кандидаты, доцент

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
"Театрлік-хореографиялық өнер және кітапханатану" кафедрасының отырысында талқыланды.

“ __ ” __ 2010 ж. № ___хаттама.


Кафедра меңгерушісі___________ Қ.Д.Айтқалиева

(қолы) (аты-жөні)


"Мәдениет және өнер "институтының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.

“ ” 2010 ж. № __ хаттама.


Институттың оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы _______________ С.С.Гусманов

(қолы) (аты-жөні)

1. «Қазақ және шетел хореографиясының тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (2006ж) шығарған Жоғары кәсіптік білім – бакалавриат «Хореография» мамандығына арналған типтік бағдарламасы. Бағдарлама «ТХӨжК» кафедрасында.


2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

«Әлем театрының тарихы» 1,2, 3, 4 семестр, 4 кредит.

Кредиттік оқу жүйесінде оқитын 1-2 курс студенттеріне арналған «Әлем театрының тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (2006ж) шығарған типтік бағдарламасы негізінде жасалды. Бағдарлама «ТХӨжК» кафедрасында.
Оқытушы туралы мәлімет

Оқытушының аты–жөні: Айтқалиева Қарлығаш Дайырғалиқызы - өнертану кандидаты, доцент

Офис: кафедра атауы: «Театрлік-хореографиялық өнер және кітапханатану»

Жұмыс мекен-жайы: БҚМУ, «Мәдениет және өнер»институты.

Жұмыс телефоны:507804

Кафедрада болатын уақыты: сабақ кестесі бойынша сағ. 800-1700

Курстың аты, саны(код), кредит саны: «Әлем театрының тарихы», 4 кредит

Курсты өткізу орны мен уақыты: Ж.Молдағалиева көшесі – 19, «Хореография» мамандығы № 25 ауд.
Пән туралы мәлімет

Пән атауы: Әлем театрының тарихы

Семестр 60 оқу аптадан және 8 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 2 кредит сағат қарастырылған (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат 1 байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және 2 сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.

Кредиттің аптаға бөліну кестесі (4 кредит мысалында келтірілген):


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағат 1 (дәріс 1)

50 мин

ОЖСӨЖ,СӨЖ

50+50 мин

Байланыс сағат 2 (дәріс 2)

50 мин

ОЖСӨЖ,СӨЖ

50+50 мин

Байланыс сағат 1 (дәріс 1)

50 мин

ОЖСӨЖ,СӨЖ

50+50 мин

Кредит саны – 4

Өту орны: мысалы, Ж.Молдағалиева көшесі – 19, «Хореография» мамандығы, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме: (мысалы 4 кредитке)


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


1,2

1- 2-3-4

4

60

-

60

60

180

2- 4 семестрде емтихан


Курстың қысқаша сипаттамасы
Аталмыш бағдарлама Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында «Әлем театрының тарихы» пәнін оқытуға арналған.

Курс мақсаты: Өнер қоғамдық сананың формасы ретінде. Басқа өнер түрлерінің арасындағы театрдың орнын білу. Театр синтетикалық өнердің ерекше түрлерінің ретінде, театрдың тууы мен даму процесін оқыту. Мұнда өмір шындығы сахналық әрекеттерімен, актерлік өнермен, драматургия және кескіндеме өнерімен беріледі. Аталмыш бағдарлама студенттерді сөз, музыка және би өнерінің қайдан туатынынан хабардар ететін ғажайып әлемге енгізеді. Театр өнерінің өзіне-өзінің тән ерекшеліктерімен, оның басты кезеңдерімен таныстыру. Студенттерге жекелеген актерлер, режиссерлер, драматургтер туралы ғана емес, көрнекті театр спектакльдері жайында толық мағлұмат берілуі керек. Театр тарихының лекциясын, семинарлық сабақтар, көрсетілімдер мен спектакльдерді талдау. Көркем мәдениет қалыптастыру мен адамгершілікке тәрбиелеудегі театрдың ролін білу.

Курс міндеті: Төмендегі мәселелерді оқып үйрену болып табылады.


  1. Театр өнері - әлем халықтарын мәдени жақындастыратын форма.

  2. Тарихи кезеңге қысқаша сипаттамасы.

  3. Театрдың құрамдас бөлігі болып саналатын драматургия туралы жан-жақты мәліметтер, сахна тәжірибесіне байланысты материалдар.

  4. Батыс-Еуропа театры дамуына әсер еткен басты желілерді яғни, романтизмді нығайту үшін күрес, сыни реализм, символизмнің бағыттары, интеллектуальдық драмалар мен авангардизм.

  5. Әлем театрының ірі өкілдерінің – драматургтер, режиссерлер, актерлер, театр декорациясы шеберлерінің шығармашылықтары.

  6. 1789 -1917 жылдар аралығындағы батыс еуропа театр мәдениеті, шетел драматургиясы, актерлік және режисерлік өнердегі прогрессивті дәстүрлердің тарихы.

  7. ХІХ ғасыр театр өз уақытының ең озық мәдениетімен сусындап, көрермендер контингентінің жоғары талғамына жауап.

  8. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы сахналық өнерде өмір құбылыстарын әр қырынан бейнелеген әртүрлі тенденциялары. Ірі театр қайраткерлері театр өнеріндегі бүгінгі ғылыми ойлармен сусындана отырып, ХІХ ғасырдың соңында режиссерлік өнерді дамытушыларды даярлайды.

Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер негізінде жүргізіледі және алынған түсініктер пысықталып отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық т.б. оқу құралдарында берілген тестілеуді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.

Пререквизиттер: өнер, әлем тарихы мектепте өткен пәндер

Постреквизиттер: әлем халықтарының билері, халықтық – сахналық би


Пән бойынша оқыту бағдарламасы

1 апта

1 кредит сағат

Дәріс № 1

Тақырып: Ежелгі театр. Грецияның классикалық театры (біздің дәуірге дейінгі V – IV ғасыр)

Дәрістің мазмұны: Бұл тақырып бойынша алдымен студенттер ертедегі гректердің драматургиялық жанрының пайда болу жолдарын зерттейді. Олар трагедия, комедия, сатирлік драма.

Тақырыпты меңгеру үшін әсіресе грек мифологиясының көне грек театр өнерінің дамуына тигізген әсерін, рөлін, мәнін түсіну шарт. Әсіресе көне театр дамуында кездесетін драмалық кейбір элементтер грек салт-дәстүрінен алынғанын мойындаймыз.

Одан әрі ежелгі трагедияның пайда болып қалыптасу дәуірін аудиторияға түсіндіру шарт.

Студенттердің оқып үйренуіндегі мақсаты ертедегі грек трагедиясындағы ерекшелігі мен Эсхил театрының ерекшелігін айыра білу. Грек трагедиясының көш басында Эсхил шығармашылығы тұрғанын оның рөлі мен маңыздылығын айыра білу, драматургиясының ерекшелігін түсіну міндеттелуі керек.

Софокл шығармашылығындағы трагедия жанрының қалыптасып енуіне көңіл бөліп, әсіресек Софоклдың театрландырылған реформасын ерекше атап айтамыз.

ОЖСӨЖ мазмұны: Ежелгі грек трагедиясы. Тақырыпты пысықтау.

СӨЖ мазмұны: Шығармалармен танысу:

Эсхил «Парсылар», «Бұғауланған Прометей», «Орестея».

Софокл «Эдип патша», «Антигона», «Электра».

Әдебиет:


  1. Головня В.В. История античного театра. М., 1972.

  2. Гончарова Т. Еврипид. М., 1984.

  3. Каллистов Д.П. Античный театр. Л., 1970.

  4. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

  5. Преображенский Г.Ф. Теренций и его время в кн.: В мире античных идей и образов. М.,1965.

2 апта

2 кредит сағат

Дәріс №2

Тақырып: Ежелгі театр. Грецияның классикалық театры (біздің дәуірге дейінгі V – IV ғасыр)

Дәрістің мазмұны: Бұл тақырыпты зерделей отыра көне грек трагедиясының Эсхилдан Еврипидқа дейінгі даму жолы назарда болғаны дұрыс. Аристотельдің «Поэтика» трактаты осы жөніндегі дұрыс бағыт береді.

Тақырыпты студенттер кеңірек түсіну үшін ертедегі грек комедиясының шығуын, өсуін білгені дұрыс, әсіресе Аристофанның шығармашылығына тереңірек көңіл бөліп, оның комедиясының саяси – мазақ, күлкі әдісін байыптап сезінген дұрыс. Қысқасы көне типтік құрылымын анықтау қажет.

Қорыта келгенде, аудиторияға көне грек театр ойынының қойылу жүйесі, театр құрылымы, актер шеберлігінің ерекшелігі түсіндіріледі.

ОЖСӨЖ мазмұны: Шығармалармен танысу:

Еврипид «Медея», «Ипполит», «Ифигения Авлидте».

Аристофан «Ахерняне», «Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Бақалар»

СӨЖ мазмұны: Ежелгі грек трагедиясы.

Әдебиет:


  1. Головня В.В. История античного театра. М., 1972.

  2. Гончарова Т. Еврипид. М., 1984.

  3. Каллистов Д.П. Античный театр. Л., 1970.

  4. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

  5. Преображенский Г.Ф. Теренций и его время в кн.: В мире античных идей и образов. М.,1965.

3 апта

3 кредит сағат

Дәріс №3

Тақырып: Эллинизм дәуіріндегі театр (біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырлар)

Дәрістің мазмұны: Алдымен бұл тақырыпқа бармас бұрын, студенттерге, эллинизм дәуір қалай түсіну керектігі туралы сипаттама беріп анықтап алуымыз қажет. Эллинизм мәдениеті механизімін Александр Македонский жауынгерлерінің елді бағындырған тұсымен астастыра қараған дұрыс. Соған байланысты сол дәуірдегі ежелгі грек мәдениетіне оның ішінде драмамен театрға енген өзгешіліктерді айтамыз.

Жаңа аттикалық комедия жанрының пайда болу процесіне студенттердің назарын барынша аударамыз. Оның тақырыбына, құрылысына, мазмұны мен мағынасына атап-атап тоқталу керек. Еврипид драматургиясынан басталған ауқымды мәселелерден ауытқып күнделікті тұрмыс тақырыбына жеке өмірге көбірек көңіл бөліне бастағаны ерекше түсіндіріледі. Соған байланысты аманат есебіндегі жетістік мәселесін жаңа аттикалық комедиядан көрінуі шұқшия зерттеудің өте көрінетін тұсы Менандр (342-292) шығармашалығында ашыла түсті.

Студенттерге мұқият түсіндіретін жәй, ол жайлы толыққанды мінездеме, еркін сөз қағыс, адами филантропалық – жөн сілтеу Менандр драматургиясына тән екендігі болуға тиіс.

Эллинистік театр сахна техникасының өзгеруіне, оның құрылысы ерекшелігіне сонымен қоса актерлік шеберліктің және сол кезеңдегі жаңа театр жанрларының пайда болуына көңіл бөлу керек.



ОЖСӨЖ мазмұны: Менандр «Күңкілдек», «Аралық сот».

СӨЖ мазмұны: Ұсынылған әдебиеттермен танысу.

Әдебиет:

  1. Головня В.В. История античного театра. М., 1972.

  2. Гончарова Т. Еврипид. М., 1984.

  3. Каллистов Д.П. Античный театр. Л., 1970.

  4. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

  5. Преображенский Г.Ф. Теренций и его время в кн.: В мире античных идей и образов. М.,1965.

4 апта

4 кредит сағат

Дәріс №4

Тақырып: Ертедегі Рим театры

Дәрістің мазмұны: Бұл тақырыпты меңгеру үшін Рим театры мен драмасының қайнар көзінен бастаған жөн. Әсіресе олардың шығу тегі бай. Карнавалды ойын сауықтардан басталатыны баса айтылады. Тақырыптың негізі ертедегі грек мәдениетімен дауымен салыстыра қаралады, себебі римдіктер театрдың дайын формасын (қаңқасын) жасауды гректерден қабылдаған. Плавт пен Теренциийдей ертедегі рим театры жарқын қайраткерлерінің шығармашылыған студенттердің көңілін аударған дұрыс. Біздің ғасырымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырдағы ертедегі рим драматургиясының даму деңгейін комедияда анықтайды. Әсіресе байқайтынымыз Плавтың комедиясында жасанды жол динамикасына көп жол берілсе, ал Терецияда көбінесе психологиялық мінездемеге терең көңіл бөлінеді.

Ертедегі рим театры жанрлары мұқият қаралады. Студенттерге, гректерден өзара ықпал еткен жаңа аттикалық комедиядан сүзгіден өткен паллит жанры өзіндік римдік жанры пайда болғанын түсіндіру керек олар – тогата комедиясы, ателлана әдебиеті және басқалар.

Сенека шығармашылығын қарастырғанда оның драматургиясын тереңірек түсіну үшін, пьесаларын грек трагедиясымен салыстыра қараған абзал. Құрылымы жөнінен бірінен-бірін айыра да алмаймыз, хор партиясы бас кейіпкерлер партиясымен алма-кезек ауысып отырады да және де олар сахнада бір мізгелде үш актерден ойнайды. Бірақ, Сенека үшін ең бастысы аса ыждаһатты іңкәрлік сом – мінез, оны «Федра» мен «Медея» трагедияларынан байқаймыз.

Түптеп келгенде ертедегі грек және ертедегі рим театрларының даму өсу процесін салыстыра отырып олардың өзгешелігі мен ұқсастығын табу.



ОЖСӨЖ мазмұны: Шығармалар:

Плавт «Мақтаншақ», «Қойма», «Менехмалар».

Теренций «Ағайындар».

Сенека «Федра», «Медея».



СӨЖ мазмұны: Ежелгі грек комедиясының тууы және өрлеуі.

Әдебиет:

  1. Головня В.В. История античного театра. М., 1972.

  2. Гончарова Т. Еврипид. М., 1984.

  3. Каллистов Д.П. Античный театр. Л., 1970.

  4. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

  5. Преображенский Г.Ф. Теренций и его время в кн.: В мире античных идей и образов. М.,1965.

5 апта

5 кредит сағат

Дәріс №5

Тақырып: Орта ғасыр театры

Дәрістің мазмұны: Еуропалық орта ғасыр теары дамуының логикалық бастапқы тармағы тарихи жағдайлармен дамуын және орта ғасырлық қазығын анықтаумен шешіледі. Жалпы орта ғасыр театрының даму тенденциясын – діни көзқарастан ақсүйектікке бейімделе бастағанына студенттердің көңілін аудару қажет.

Орта ғасыр жанрын үйрене отырып, миракль, мистерия, моралите, фарстардың еуропа сахна өнеріндегі рөлін студенттерге түсіндіру.

Фарстың туындау ерекшелігі оның қайнар көзі халықтан шыққандығында. Ренессанс комедиясының қалыптасуына фарс әсерінің болғанын байқаймыз.

ОЖСӨЖ мазмұны: Шығармалар:

Жан Бодель. «Әулие Николай туралы ойын»

Рютбеф «Теофил жөніндегі шаралар»

Адам де ла Аль «Робен мен Марион туралы ойын»

Адвокат Патлен (белгісіз анонимді фарс ХV ғасыр)

СӨЖ мазмұны: Ежелгі Грециядағы театр қойылымдарының ұйымдастырылуы.

Әдебиет:


  1. Закс Г. «Жұмақтағы Школяр».

  2. Орта ғасырдағы Француз фарсы. М., 1981.

  3. Батыс еуропа театры тарихының хрестоматиясы. Ред. Мокульский Т. М., 1953.

6 апта

6 кредит сағат

Дәріс №6

Тақырып: Қайта өрлеу дәуіріндегі Еуропа театры

Дәрістің мазмұны: Қайта өрлеу дәуіріндегі Еуропалық театр мен бұрын болған театр жанрларының байланысын студенттерге түсіндіру керек. Оның ішінде жоғарғы топтың адами қалыптасқан мәдениетінің өзгешелігін дөп басу шарт ежелгі мәдениеттің өзгешелігімен салыстыру шарт. Ежелгі мәдениеттегі алғашқы бағыт – бағдарының орнына, қайраткерлер, жаңа идеялар ұсына бастағанын студенттерге қадап айтқан жөн. Әсіресе, адамның іс-әрекеті мен ой-бостандығы үшін болған күрестің алға шықпағандығына мәне беру керек.

Адами ренессанстың даму процесін үйренуге көп көңіл бөлінеді. Ренессанс дүниетанымының қалыптасуы мен оған лайық эстетикалық жүйені қайта өрлеудің алғашқы кезеңіндегі даму процесін әлемнің үйлесімді тұжырымдамасын және жоғары қайта өрлеу мәдениетіндегі адамның тұлғасы есебінде табиғи жетілу идеясын студенттерге айғақтаймыз. Қайта өрлеудің соңғы өнерінде ренессанс елесі қамалы алынып, дүниемен және өз-өзімен тартысқа түскен трагедиялық тұлға концепциясы айғақталады. Студенттерге ең керегі ренессанс өнегесінің логикалық тууын тану және қайта өрлеу өнерінің заңды бағыт – бағдарын дөп басу.



ОЖСӨЖ мазмұны: Қайта өрлеу дәуріндегі Еуропа театры тақырыбын талдау.

СӨЖ мазмұны: Әдебиеттерді зерделеу.

Әдебиет:

  1. Бахтин М.М. Творчество Француа Рабле и народная культура средневековья и Ренессанса. 1965. История западноевропейского театра. Т.1. М., 1956. Мольер. М., 1957. Мольер. Исторические пути формирования жанра. Высокой комедии. М., 1976. Вечно прекрасный театр эпохи Возрождения. М., 1973. Гений Мольера. Выступ.статья к собр.соч. Мольера в 4-х т. Т.1. М., 1965.

  2. Добролюбов Н.А. О Плавте и его значении для изучения римской жизни. Соб.соч.т.1. М., 1961.

  3. Державин К. Вступит.статья в кн. «Лопе де Вега. Избранные драматические произведения» в 2-х т. М., 1955.

7 апта

7 кредит сағат

Дәріс №7

Тақырып: Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия театры

Дәрістің мазмұны: Бұл тақырыпта қайта өрлеу дәуіріндегі Италия театры туралы айтамыз. Олар адами білімдарлық театрымен дель арте комедиясы. Ұлттық драматургияның қалыптасуына адами қайраткерліктің рөлі мен тигізген әсеріне толығырақ тоқтаған абзал, ол жаңа типтегі драматургия оқу комедиясының келуі. Студенттердің тағы бір білетіні сол кезеңдегі италия драматургиясында трагедия мен пастораль жанрының дамуы.

ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. «Оқу комедиясының» Италияндық дамуы.

  2. Дель арте комедиясының пайда болуы, өзіндік ерекшелігі, жанр өзгешеліктері.

  3. Дель арте комедиясының маскаларын таңдау, оның классификациясы.

  4. Еуропа театр мәдениетіне дель арте комедиясының әсері.

СӨЖ мазмұны: Шығармалармен танысу:

Полициано «Орфей туралы аңыз».

Ариосто «Ауыстырылғандар», «Сандық туралы комедия».

Әдебиет:


  1. Баткин Л.М. Итальянские гуманисты: стиль жизни, стиль мышления. М., 1976.

  2. Бахтин М.М. Творчество Француа Рабле и народная культура средневековья и Ренессанса. 1965. История западноевропейского театра. Т.1. М., 1956. Мольер. М., 1957. Мольер. Исторические пути формирования жанра. Высокой комедии. М., 1976. Вечно прекрасный театр эпохи Возрождения. М., 1973. Гений Мольера. Выступ.статья к собр.соч. Мольера в 4-х т. Т.1. М., 1965.

  3. Бурхгардт Я. Культура Италии в эпоху Возрождения в 2-х т. Спб., 1905-1906.

  4. Булгаков М. Жизнь господина Мольера. М., 1962.

  5. Бурхгардт Я. Культура Италии в эпоху Возрождения в 2-х т. Спб., 1905-1906.

  6. Дживелегов А.К. Итальянская народная комедия. М., 1954. Возрождение. М.-Л., 1925.

8 апта

8 кредит сағат

Дәріс №8

Тақырып: Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия театры

Дәрістің мазмұны: Келесті басты тақырып – дель арте комедиясы. Ең бастысы дел арте комедиясының негізі – маска импровизация, диалекті, буффонада түрінде. Одан да тереңірек түсіну үшін масканың типтік мінез – құлқының солтүстік, оңтүстік, әртүрлі топтарға жіктелуін және кейбір маскалардың классификациясын ұғындыру қажет.

Нәтижесінде актер өнерінің кәсіби негізі қаланған еуропа театры мәдениетінде дель арте комедиясы алғашқы рөл атқарады.



ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. Тақырыпты пысықтау; Дель арте комедиясының пайда болуы, өзіндік ерекшелігі, жанр өзгешеліктері.

  2. Дель арте комедиясының маскаларын таңдау, оның классификациясы.

  3. Еуропа театр мәдениетіне дель арте комедиясының әсері.

СӨЖ мазмұны: Шығармалармен танысу:

Макиавелли Н. «Мандрагора».

Бруно Дж. «Подсвечник».

Тассо Т. «Аминта».



Әдебиет:

  1. Баткин Л.М. Итальянские гуманисты: стиль жизни, стиль мышления. М., 1976.

  2. Бахтин М.М. Творчество Француа Рабле и народная культура средневековья и Ренессанса. 1965. История западноевропейского театра. Т.1. М., 1956. Мольер. М., 1957. Мольер. Исторические пути формирования жанра. Высокой комедии. М., 1976. Вечно прекрасный театр эпохи Возрождения. М., 1973. Гений Мольера. Выступ.статья к собр.соч. Мольера в 4-х т. Т.1. М., 1965.

  3. Бурхгардт Я. Культура Италии в эпоху Возрождения в 2-х т. Спб., 1905-1906.

  4. Булгаков М. Жизнь господина Мольера. М., 1962.

  5. Бурхгардт Я. Культура Италии в эпоху Возрождения в 2-х т. Спб., 1905-1906.

  6. Дживелегов А.К. Итальянская народная комедия. М., 1954. Возрождение. М.-Л., 1925.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет