Барлығы – 180сағат


Тақырып: Адамның психодинамикалық ерекшеліктері диагностикасы



бет98/191
Дата06.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#35981
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   191
Тақырып: Адамның психодинамикалық ерекшеліктері диагностикасы
Дәріс мазмұны:

  1. Жүйке жүйесінің қасиеттеріне жалпы сипаттама

  2. Жүйке жүйесінің қасиеттерінің диагностика әдістері

  3. Теппинг тестісі

Мақсаты:Адамның психодинамикалық ерекшеліктерін диагностикалау әдістерін олардың жүргізілу жолдарын ашу.
Теппинг – тест Е.П.Ильина (Жұмыс қабілетіндегі жүйке жүйесінің күшін анықтау)
Зерттелушілерге 8 бірдей квадрат салынған бланктер таратылады (немесе өздері қағазға схеманы салып алады) 1-сурет

1

2

3

4

8

7

6

5

Зерттелушілерге тапсырманы орындау үшін нұсқау беріледі. Оң (оңқайлар үшін) және сол (солақайлар үшін) қолға қарындашты мынадай жағдайда, үлкен саусақ қарындаштың жоғарғы бас жағын басып ұстайды. (2-сурет). Кейбір жағдайда ғана, жоғарғы жағында басқышы жоқ қаламсапппен жұмыс істеуге болады. Қарындаштың жоғарғы жағын пластырмен орап алған абзал. Шынтақты столға салмағын түсірмей ұстау керек. Тапсырма мынадай түрде беріледі: экспериментатордың бұйрығымен әрбір квадратқа 5 сек. Максималды темпте көп нүкте қоюы керек.
«Ары қарай» деген экспериментатордың бұйрығымен келесі квадратқа көшу керек (оңқай үшін – 3 сурет, солақай үшін-4 сурет).
3-сурет



1



2

3

4

8



7

6

5

4-сурет




4



3

2

1

5



6

7

8

Экспериментатор зерттеуші «Жылдам, тағы жылдам!» «Тез-тез, тырысыңдар!» «Енді аз қалды, жарайсыңдар, жылдамырақ!» т.б. қатты дауыспен айтып, жігерлендіріп отыру керек. Жүмыс үлкен физикалық қысыммен байланысты болғандықтан, соңында зерттелуші шаршауы мүмкін.
Эксперименттің соңында зерттелушілерге өз бетінше қажетті есептеулер беріледі. Әрбір квадраттағы қойылған нүктелер саны саналып, нәтижелері әрбір квадраттың бұрышына жазылады. Содан кейін график құру қажет. Асцисса осін (горизонталь сызық) квадраттың нөмірлері белгіленеді (немесе жұмысқа кеткен уақыт), ордината осіне (вертикаль сызық) әрбір квадратқа қойылған сандар белгілі бір масштабпен белгіленеді. Ары қарай әрбір квадраттағы зерттелуші қойған абсцисса осіндегі санның ордината осіндегі санға сәйкес келуімен перпендикуляр тұрғызылады. Нүктелердің қиылысқан жердегі перпендикуляр сызықтармен жалғасып график түзіледі.
Мысалы: нәтижедегі 1 квадратта – 35 нүкте; 2- 29; 3- 42; 4- 31; 5- 38; 6- 30; 7- 27; 8- 25 болса, график мынадай үлгідеболады. (5 сурет).
45

40


35

30


25

20


1 кв 2 кв 3кв 4 кв 5 кв 6 кв 7 кв 8 кв
Содан кейін, 1 квадраттағы нүктелер саны белгіленген ордината осіндегі нүктелерден перпендикуляр құрылады (горизонталь сызық) және осы сызыққа қатысты алынған жеке графика талданады.
Е.П.Ильина жүйке жүйесінің 5 типіне сәкес графиктің бес типін бөліп көрсетеді:
І. – күшті (дөңесі бар график);
ІІ – ортадан күшті;
ІІІ – орта (тең аралық график);
ІV – ортадан әлсіз (иілген);
V - әлсіз (төмен түскен график);
6- суретте әрбір тип графигінің жалпы түрі берілген (жеке графикерді өңдеген кезде бірінші квадраттағы нүктелердің санын көрсететін ордината осінен басталатын горизонталь сызықта орналасқан орнына көңіл аудару керек).

І тип
ІV тип


ІІ тип
ІІІ тип

6-сурет



Теппинг – тест жүйке жүйесі (әлсіз, күшті немесе аралық) типтеріне экспресс- диагностика жүргізуге, сонымен бірге жұмыс қабілетінің ерекшеліктерін көрсетуге («өңдеп шығару» күшті типті көрсетеді, өніділікті төмендетпей көп қысымды ұстьау қабілеті, сонымен бірге іс-әрекетті меңгергеннен кейін жоғарылайды; шаршау және үлкен қысым кезіндегі іс-әрекет өнімінің төмендеуі жүйке жүйесінің әлсіз типіне тән). Әдістеме нәтиже іс-әрекет темпі мен ритмін сипаттайтын психодинамика мен нейродинамиканың жалпы көрінісін береді. Мысалы: 6-суреттегі ІІІ график іс-әрекет темпінің тең еместігін көрсетеді, яғни адам «жұлқынып» жұмыс істейді, өзін уақытша мобилизация жасайды, бірақ бұл темпті ұзақ мерзімде ұстау қиынға соғады; жұмыс қабілетінің төмендеуі жылдам болады.
Әдістеменің нәтижелерін өңдеуде күшті және әлсіз типтердің өзіндік кемшілігі мен жетістіктері бар екеніне көңіл аудару керек. Күшті типтің жетістігіне жұмыс қабілетінің жоғарылығы, жоғалтпау қабілеті, стрестік жағдайлардағы ұстамдылығын, тұрақтылығын айтуға болады. Әлсіз типтің жетістігі – жоғары сезімталдық, әлсіз интенсивті сигналдарды ұстау қабілеті. Шығармашылық кәсіптегі адамдар – музыканттар, суретшілер, актерлер жүйке жүйесінің әлсіз типіне жатады. Өз ағзамыздың ерекшеліктерін ескеріп және өмірді жүйке жүйемізге шамадан тыс қысым түсірмейтіндей етіп ұйымдастыруымыз керек.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет