Барлығы – 90 сағат


Дәрістің мазмұны : 1 Адам фигурасының динамикалық және құрұлымдық негізі



бет6/6
Дата07.05.2017
өлшемі0,56 Mb.
#15841
1   2   3   4   5   6

Дәрістің мазмұны :

1 Адам фигурасының динамикалық және құрұлымдық негізі

2. Адамның психологиялық мінезін ,пропорциясын табу

3. Кеңістікте адам фигурасының орналастырып салу жолдары .

Әдебиет:


Н.В.Одноралов «Материалы, инструменты и оборудование в изобразительном искусстве»

М., « Просвещение» 1988г.



ОЖСӨЖ мазмұны:

Алдын ала адам фигурасын жұмсақ материалдармен салу, салмақ пен күш түсетін нүктелерін анықтау.



СӨЖ мазмұны: Адам фигурассын салу, кәдімгі эскиздерді пайдалана отырып күш түсу нүктелерін анықтау

және графикалық тұрғыда орындау.



Әдебиет:

Г.В.Беда. «Бейнелеу сауаты негіздері» М.; 1981 208-211 беттер


Дәрістің мазмұны :

1 Адам фигурасының динамикалық және құрұлымдық негізі

2. Адамның буын-буынға бөлінуі,пропорциясы


Кілт сөздері: көру бұрышы, көру нүктесі, көкжиек сызығы, сәйкестіктер, үшөлшемділік, ауа және сызықтық перспектива, екі өлшемді жазықтық, жарық көлеңке, орналастыру, симметрия. Ауа және сызықтық перспектива, екі өлшемді жазықтық жарықкөлеңке орналастыру ассиметрия, абстракция: көру бұрышы, көру нүктесі, көкжиек сызығы, зат жазықтығы, картина жазықтығы.

Негізгі сұрақтар:

  1. «Сурет» пәнінің көркемсурет және педагогикалық салада маман дайындауда атқаратын міндеттері.

  2. Үшөлшемділік, көлем, пішін

  3. Бас сүйектің адам басын салудағы өзіндік ерекшелігі

  4. «Көру бұрышы», «көру нүктесі», «көкжиек сызығы», «зат жазықтығы», «картина жазықтығы», т.б. сызықтық перспектива заңдылықтары мен негізгі түсінігі.

  5. Адам басын салардағы қолданатын заңдылықтар.

  6. Сызықтық және ауа перспективасының негізгі заңдылықтары.

  7. Адам басын саларда еске сақтайтын сәйкестіктер.

Сурет – тек бейнелеу өнерінің дербес түрі емес, сонымен қатар живопись, гравюра, плакат, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер және басқада өнер түрлерінің негізі. Салынатын шығарманың алғашқы ойлары да осы сурет арқылы қағазға түседі.

Сурет салудың зандылықтары мен ережелерін игеру үшін нұсқамен жұмыс жасауға саналы түрде бару керек. Алдын-ала қойылымды мұқият зерттеп, пішінді шынайы түсініп алғаннан кейін ғана, сурет салушы нұсқаны қағазға түсіргені абзал.

Кез келген зат үш өлшемдік бірлікпен анықталады: ұзындығы, ені және биіктігі: көлемі дегенде заттың үш өлшемдік бірлігін түсінсек, пішін дегенде – заттың сыртқы түрін, ішкі сұлбасын ұғынамыз.

Бейнелеу өнері негізінен заттың көлемі мен пішінін зерттеуге көбірек көңіл бөледі. Демек, сурет салуда көлем мен пішінді жетекшілікке ала отырып, сезімді жеткізетін әдіс – тәсілдердің барлығын осы екеуіне бағындыруымыз керек.

Портрет салуда немесе белгілі бір үлкен тақырыпта композициялық шығарма жазуда адам анатомиясын жетік білу өте қажет. Ол суретшіге адам денесінің құрылысы жайында ең қажетті мәліметтер береді. Суретшінің назарының адамның кейпі мен қозғалысын байқап, ұға білуге осы кейіпке тән ерекше белгілерді екінші дәрежелі детальдардан айыр білуге көмектеседі.

Сәйкестік жөніндегі әңгімеге қайта оралсақ, заңдылықтарды ескерген жағдайда, мысалы берілген нұсқаның көзі қаншалықты бір-бірінен алшақ немесе жақын екендігін анықтау оңайға түседі. Ересек адамның бас сүйегі (иектен төбеге дейін) тұтас тұлғаның шамамен 1/7-1/8 биіктігін құрайды. Сондықтан өзіміз белгілеген тік сызықтың кесіндісін сегіз бастың өлшеміне тең етіп, сегіз бөлікке бөлеміз.

1.бастың жоғарғы нүктесінен иекке дейін;

2. иектен бастап төс сүйегінің ұшына дейін;

3. төс сүйектің ұшынан кіндікке дейін:

4. кіндіктен шап айырығына дейін;

5. шап айырығынан жамбас сүйекке дейін;

6. жамбас сүйектің ортаңғы бөлігінен тізенің төменгі жағына дейін;

7. тізенің төменгі жағынана балтырдың төменгі жағына дейін,

8. балтырдың төменгі жағынан табанға дейін.

Бас пен кеуде адам бойының жартысы болып табылады. Иықтың ені екі бастың биәктігіне тең. Бірақ бұл сәйкестік ауытқи да береді, көбінесе кем болып та шығады. Адам суретінің жарық пен көлеңкесін айырғанда ең әуелі оның жалпы аумағын негізгі штрих сызықтармен белгілеп алып, сонан кейін ғана адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анықтауға кірісу керек.

Сегіз бастың өлшемін бойы ұзын адамдарға, бойы аласа адамдарға жеті бас өлшемі көлемінде қолданады.

Отырған адамды суретке салу қиынырақ, өйткені адам мүшелері қалыптағыдан өзгереді. Сондықтан отырған адамның тұлғасын ең әуелі оңайлау көріністе салып дағдыланған дұрыс. Біршама жаттыққаннан кейін қимыл-қозғалысты адам бейнесін салуға көшу керек.

Сурет салушының бейнеленетін нысанының жарық түсіп тұрған жағы жарық деп, екінші, қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтарында меншікті көлеңке пайда болады. Қойылған заттан екінші бір заттың, яғни жазықтықтың бетіне түскен көлеңкені құлай түскен көлеңке деп атаймыз. Бұл көлеңке әрқашанда дененің көленкесінен қоюға болады.

Жарықтан көлеңкеге ауысар жерін жартылай жарық немесе шала көлеңке дейміз.

Дененің шет жағында (көлеңке жағында) басқа денеге түскен жарықтың әсер етуінен пайда болатын әлсіз жарықты – рефлекс дейді.

Көру нүктесі – деп сурет салушының затты суретке салып отырған орнын атайды. Егер студент бір орнынан қозғалмай отырып, немесе түрегеліп тұрып сурет салатын болса, онда қарау нүктесінің деңгейі де соған сәйкес не жоғары, не төмен болады. Мәселен, сурет салушы оңға немесе солға қарай орнын өзгертсе, соған байланысты оның қарау нүктесі де өзгеріп қоймай, салынып жатқан сурет те өзгеруі қажет.

Перспектива – сөзі (латын сөзінен шыққан) арғы бергі жақты көруді білдіреді. Перспектива – бақылаушыдан түрлі қашықтағы заттарды бейнелеуді сызықтық құру заңдарын зерттейтін ғылым. Сондықтан әдетте сызықтық песпектива туралы айтады. Сондай – ақ осы заңдар бойынша құрылған бейненің өзін де перспектива деп айтады. Сызықтық перспективадан басқа, ауа перспективасы деген бар.

Жарық пен көлеңкенің кереғарлық дәрежесі, заттың көлемдігі, оның нұсқасының айқындығы, түстік бояуы, өңі ол сурет салушыдан алыстаған сайын күрт өзгеріп отырады. Қашықтау дәрежесіне қарай олардың қара-қошқыл және бозғылт жерлерінің кереғарлығы барған сайын біртіндеп жұмсарады, заттар неғұрылым жайпақтана түскендей болады да, ақырында көкжиекте зорға ажыратылатын силуэттерден тұратын бір реңкті мұнарға айналады. Сонымен бір мезгілде олардың түс бояуы да өзгереді. Осы құбылыс ауа перспективасы деп аталады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


  1. Рисунок, живопись композиция.

Хрестоматия. (уч. Пособие для студентов ).

Құрастырған Н.Н. Ростовцев. М.;»Просвещение», 1989ж

2. Н.В.Одноралов «Материалы, инструменты и оборудование в изобразительном искусстве»

3. Н.П.Костерин «Учебное рисование» М.; «Просвещение» 1980ж.

4. Бейнелеу өнері мектебі.

5.Рисунок / под ред. А.М.Смирнова

6. Ростовцев.Н.Н. Академиялық сурет дәріс курсы 1983г.

7. Беда.Г.В. Бейнелеу сауаты негіздері, сурет, кескіндеме, композиция. М.; 1981

8. Радлов. Н.Э. Нұсқадан қарап сурет салу 3-ші басылымы

9. Барчай.Е. Анатомия для художников. Будапешт. 1982г.

10. Барщ. А.О. Рисунок в средней художеств школе – М. Академия Художеств. СССР, 1963г.

11. Бернштейн. М.Д. Проблема учебного рисунка. –М, искусство, 1940г.

12. Савицкий Г.К. Жас суретшілерге шеберлік жайлы

13. Волков. Н.Н. Восприятие предмета и рисунка. –М, АПН, РСФСР, 1950г.

14. Н.В.Кузин «Нобайлар мен суреттемелер» М.; «Просвещение» 1981г.

15. С.В.Шорохов «Композиция негіздері» М.; «Просвещение»1979г

16. Б.Әлмұханов, Ж. Балкенов. «Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері» Алматы мектеп 1987ж.

17. Қ. Н. Мәдір «Сурет салудың негізгі заңдылықтары мен ережелері» Орал; БҚМУ БО, 2006 ж.

18. Қ.Н. Мәдір «Натюрморт салу жолдары» Орал; БҚМУ БО, 2007 ж.
6. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырып

Практикалық жұмыс мазмұны

Апта

Әдебиет

1.

2.



3.

4.

5.


6.


7.

Отырған әйел адам бейнесі ( қолымен )



Экорше Гудон. Гипстен құйылған :

анатомиялық модель.2-көрініс.

Адамның анатомиялық құрұлымы ,

бұлшық ет. Торс.

Адамның жалаңаш денесін салу

Адамның аяқтарын, қолдарын әр түрлі қимылда салу.

Жалаңаш модельді бір аяғына күш т

Динамикалық тұрғыда отырған жалаңаш ер адам бейнесі.


а) композициялық орналастыру;

ә) конструктивті құрылысы;

б) сызықтық перспектива заңдары ескерілген құрылысы;

в) перспективалық заңдылықтары;

г) денелердің қысқару заңдылықтарын оқу;

ғ) өң туралы ұғым, өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;

д) үлкен жазықтықты өң арқылы шығару;

е) пішіннің жарық көлеңкелік моделировкасы;

ж) жинақтау, қорытындылау, қосалқының бастыға бағынуы


а) композициялық орналастыру;

ә) экоршенің конструктивті құрылысы;

б) сызықтық перспектива заңдары ескерілген құрылысы;

в) перспективалық заңдылықтары;

г) өң туралы ұғым, өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;

ғ) үлкен жазықтықты өң арқылы шығару;

д) пішіннің жарық көлеңкелік моделировкасы;

е) жинақтау, қорытындылау,


а)композициялық ойлау;

ә) конструктивті құрылысы;

б) адам басының пішінін жалпылама сомдау;

в)бас көлемін қалыптастыратын жазықтықтарды анықтау;

г) өң туралы ұғым, өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;

ғ) материалын беру,жинақтау.


а)композициялық ойлау;

ә) конструктивті құрылысы;

б) адам басының пішінін жалпылама сомдау;

в)бас көлемін қалыптастыратын жазықтықтарды анықтау;

г) өң туралы ұғым, өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;

ғ) материалын беру,жинақтау.


а) бет бөлшектерінің конструкциясын және олардың бейнелеу тәсілдерін беру;

ә) адам басын бейнелеу тәсілдерімен әдістемелік кезеңдерін оқу;

б) бас пішінімен бет бөліктерін нақтылау;

в) жалпылама пішінді жарықкөлеңке моделировкасы;

г) бас пішіннің бөлшектік жұмыстары, кеңістіктің жоспарын беру;

ғ) көлемін, материалын беру;

д) қосалқылардың бастыға бағынуы,.
а)композициялық орналастыру;

ә) конструктивті құрылысы;

б) өң туралы ұғым, өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;

в) адам саусақтарының склеттерін, бұлшықеттерін

салу;

г) материалын беру,жинақтау


а)портрет салу жүйесіндегі алған білімдерін тексеру; ә) интерьердегі кеңістік аясын беру тәсілдерін оқу, композизициялық орталығын шығару;

б) сызықтық перспектива заңдылықтары ескерілген конструктивті құрылысы;

в) сәйкестік заңдылықтарын сақтау;

г) перспективалық сызығымен конструктивтік негізін есепке алу;

ғ) конструктивті негізін нақтылау;

д) пішіннің жарықкөлеңкелік, өңдік моделировкасы;


1-6


7-11

12-15

1-4

5-8


8-10

11-15


(17) беттері

3-26

(18) беттері



3-24

(7) беттері 208-211


(6)
(14)
(11)

(17) беттері

3-26

(18) беттері



3-24

(7) беттері 208-211


(6)
(14)
(11)

(17)


(18)
(7)
(6)

(14)

(11)
(7)

(6)
(14)


(8)
(2)
(3)

(7)

(6)

(14)
(8)



(2)

(3)


(5)
(11)
(14)
(8)
(2)
(3)

(7)
(6)

(14)
(8)

(2)
(3)






7. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемілік нұсқаулар

Бейнелеу өнері мамандығында оқитын студенттердің сурет салып үйренулерінің тиімді жолына – нұсқадан қарап сурет салу әдістемесі жатады.

Суреттің түпкі мақсаты – студентті кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Міндеті – студенттердің эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық, практикалық қабілеттерін дамыту, композициялық – шығармашылық қызметтерін арттыру. Осы мәселелерді тиімді шешу үшін төмендегі үш қызметке баса назар аудару қажет:

- аудиториялық жұмыс;

- оқытушылардың жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы;

- өздік жұмыс немесе үй жұмысы.
Бұл үш түрлі жұмыстар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыру принципін атқарады. Сурет сабағында нұсқадан қарап сурет салу, сонымен қатар арнайы тақырыптарға дәрістер оқылады. Аудиториялық және өздік жұмыстары оқытушылардың қадағалауымен жүргізіледі.

Оқу жұмысын төменгідей топтарға бөлуге болады:

- нұсқадан сурет салу, нобай, жылдам салынатын долбарлар, ұзақ мерізімге арналған жұмыстар;

- ой арқылы, еске түсіру арқылы, қиял арқылы салынған, жазылған жұмыстар;

- композициялық түрдегі жұмыстар – сюжетті іздеу барысындағы ізденіс нобай – долбарлар. Бұған белгілі тақырыпты ашу барысындағы, идеялық – образдық шешімге келу жолындағы ізденістер, пластикалық құрылымды іздеу барысындағы жасалған жұмыстар жатады.

Бұл айтылған жұмыстар жанрдың қай түрі болмасын (натюрморт, портрет, пейзаж, т.б.), сурет техникасының қандайы болмасын арнайы аудиторияда немесе аудиториядан тыс жерлерде де қолданыла беріледі.



Студенттердің өздік жұмысы - әр-түрлі бағытта дамуы мүмкін, яғни, нұсқа арқылы әр-түрлі суреттемелер салу, композициялық ізденіс, әр-түрлі жастар көрмелеріне қатысу, әр-түрлі техникада өз күшін, ептілігін байқап көру, т.б. Бұлар жиналып сурет өнерінен студенттердің шеберлігін, икемділігін арттырады.

Ұзақ мерзімге арналған қойылымдардың орындалу жолын екі кезеңнен қарастырған дұрыс: оның алғашқысы – дайындық, екіншісі – орындалуы. Бірінші кезең мына қызметтерді қамтиды. Оқытушының студентке қойар талабы: нұсқаны көзбен талдау жасау, графикалық, түрлі нобайлар жасау, қағаз бетіне орналастыру, құрастыру, композициялық шешімін табу, формат көлемін анықтау, өңдік байланысын табу, нұсқаның күрделі тұстарын зерттеу, т.б. Сонымен қатар дайындық кезеңінде нұсқаның қағаз бетіндегі (графикалық бейнесі) бейнесіде жатады.



Оқытушының жетекшілігімен өткізілетін - дайындық кезеңіндегі жұмыстарға атүсті қарамаған абзал, себебі жұмыстың жақсы шығуы осы қызметке де тығыз байланысты. Орындалу кезеңінде салынған графикалық бейне, көлем, материалдардың бір-бірімен байланысы, жарық мөлшері, тұтастық заңдылығын сақтау, материалдық образды, бейнені шығару жолдары рет-ретімен жүргізіледі.

Сурет салғанда неден бастау керек және де неден бастап штрихтау керек деген заңды сұрақ туады. Бұл жөнінде көптеген оқулықтарда түрлі әдістеме, әр-түрлі тәсілдер айтылады. Біреулері көлеңкелі жерлерден штрихтаған дұрыс десе, енді біреулері ашық, жарық жерден бастаған абзал деген пікірде, үшіншісі кереғар тұстарды көрсеткен дұрыс дейді. Мүмкін, әдістемелік тұрғылан бұл пікірлер дұрыс та болар. Дегенмен штрихтағанда алдымен жалпы рең, өңді ұстауға ұмтылу керек, денелердің гармониялық байланысынан бастаған жөн. Мейлі ол композициялық пластикалық ізденіс, мейлі жеке дене формасы болсын, нұсқадағы жалпы реңдік қатынасты бірден таппай, кіші бөлшектерге көшуге болмайды. Тіпті кейде кіші бөлшектерді салу процессідеде үлкен масса, үлкен ауқымға да жиі-жиі оралып отырған жөн. Бұл әрине, қиынға соғуы ықтимал, дегенмен тұтас көру, тұтас салу суреттің басты заңдылықтарының бірі. Сурет салғанда осыларды ескерген дұрыс.


8. ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ЖОБА ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Бұл тарау типтік бағдарламада қарастырылмаған



9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

  1. Адам бас сүйегінің нобайлары.

  2. Портреттік гипстік бас

  3. Шарждар, нобайлар салу.

  4. Аяқ басының, қолдың суретін салу (сүйегімен).

  5. Адам бейнесін жұмсақ материалмен салу.

  6. Бұрылған гипсті бас салу.

  7. Адам бейнесін жұмсақ матамен салу..


10.ОҚУ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАНДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Бұл тарау типтік бағдарламада қарастырылмаған



11. СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ

Әр семестрден кейін студенттердің білімдерін бағалау:

Оқыту негізінен практикалық жұмыс түрінде жүріп, оқу материалдарының мазмұны, үйренген, алған білімдері сол арқылы көрініс табатындықтан емтихан көрме түрінде (выставление) өтеді.

Студенттердің алған білімдері жекелеген семестрлік тапсырмалар, үй тапсырмалары, т.б. сол көрмеге қойылып, оны кафедра оқытушыларынан құралған комиссия бағалайды.

Емтихан көрмесіне қойылатын негізгі жұмыстарға, соңғы орындалған аудиториялық жұмыс талапқа сай безендіріліп , күнделікті долбар, нобайлар, нұсқадан, қиялы бойынша да салынған суреттер қойылады (үй тапсырмаларын қарындаш, ұштық, тушь, жұмсақ материалдар, фломастер, акварель бояуының қара түсімен орындауға болады).

Бұндағы қойылатын негізгі талаптарға:

- үйлестіру, орналастыру жағдайын – сәйкестік заңдылықтарын;

- қойылым кеңістігін көрсету, перспективасы мен ауа перспективасын;

- заттардың неден жасалғандықтарын, яғни материалдарын көрсету;

- жазықтыққа дұрыс орналасуын, орындау техникасы мен ұқыптылығын, т.б.

жатқызамыз.

Комиссия әр оқу семестрінде емтиханда үздік деп танылған, сәтті деген жұмыстарды таңдап алып, оқу ғимараты дәлізіне көрмеге іледі.
Негізгі сұрақтар:
1.Сызықтық және ауа перспективасының негізгі заңдылықтары

2. Көкжиек сызығы деп нені атаймыз

3. Түйісу нүктесін қалай түсінеміз

4. Шеңбер перспективасы қалай дұрыс тұрғызылады



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Рисунок, живопись композиция.

Хрестоматия. (уч. Пособие для студентов )

Құрастырған Н.Н. Ростовцев. М.;»Просвещение», 1989ж

2. Н.В.Одноралов «Материалы, инструменты и оборудование в изобразительном искусстве»

3. Н.П.Костерин «Учебное рисование» М.; «Просвещение» 1980ж.

4. Бейнелеу өнері мектебі.

5.Рисунок / под ред. А.М.Смирнова

6. Ростовцев.Н.Н. Академиялық сурет дәріс курсы 1983г.

7. Беда.Г.В. Бейнелеу сауаты негіздері, сурет, кескіндеме, композиция. М.; 1981

8. Радлов. Н.Э. Нұсқадан қарап сурет салу 3-ші басылымы

9. Барчай.Е. Анатомия для художников. Будапешт. 1982г.

10. Барщ. А.О. Рисунок в средней художеств школе – М. Академия Художеств. СССР, 1963г.

11. Бернштейн. М.Д. Проблема учебного рисунка. –М, искусство, 1940г.

12. Савицкий Г.К. Жас суретшілерге шеберлік жайлы

13. Волков. Н.Н. Восприятие предмета и рисунка. –М, АПН, РСФСР, 1950г.

14. Н.В.Кузин «Нобайлар мен суреттемелер» М.; «Просвещение» 1981г.

15. С.В.Шорохов «Композиция негіздері» М.; «Просвещение»1979г

16. Б.Әлмұханов, Ж. Балкенов. «Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері» Алматы мектеп 1987ж.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

1.Көкжиек сызығынан төмен орналасқан, геометриялық денелер тобының суретін салу.



  1. Заттардың анық іздері көріну үшін әйнектің үстіне қойылған геометриялық денелер тобының суреті.

  2. Геометриялық денелер тобының жоғарыдан қарағандағы суреті

  3. Көкжиек сызығынан жоғары орналасқан геометриялық денелер тобының суреті

  4. Табиғи жарық түсіп тұрған заттардың пішінін шығару.

  5. Матаның материалын беру, шаршаудың (драпировка) суреті

  6. Пішіні мен өң жағынан әртүрлі тұрмыстық заттардан құралған натюрморттың суреті.


12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру.

№ 7 оқу ғимараты № 309 дәрісхана



13. Арнаулы дәрісхана, кабинет және лаборатория

№ 7 оқу ғимараты № 301-313 шеберханалар





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет