Жоғарғы жүйке іс- әрекетінің типтері.
Біз күнделікте өмірде адамдардың бірдей жағдайда, өздерін әр түсті ұстайтындығын бақылаймыз. Өткені адамның психикасы мен мінез-құлығының ерекше кескінін, олардың табиғи темпераменті мен бойындағы мінезі жасайды. Адам мінезін бірнеше негізі типке бөлуге болады. Адам темпераментінің осы күнге дейін маңызы жойылмаған жіктерін ең алғаш грек ғалымы Гиппократ жасады.
I. Сангвиник (ширақ) – мінезі жайдарлы, іскер, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам. Ол өз максатына жетуде жігерлілік көрсетеді, нысанты, өзін-өзі ұстай біледі. Өзінің тіршілік дағдысының өзгерістеріне төзімді. Сыртқы әсерлерге тез бейімделеді және сәтсіздікті, көңілсіз жағдайларды оңай жеңеді.
II. Холерик (ұстамсыз) – албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам. Оның мінезі қызба, өте белсенді, қимылдары қайратты, қөңіл-күйі көтеріңкі болады. Холерик тіршіліктің жайлы жағдайларында тынымсыз жұмыс істей алады. Бірақ тіпті шамалы бөтен тітіркендіргіштер оларда жиі ашу тудырады.
III. Флегматик (салмақты, инертті) – сабырлы, байсалды еңжар, сылбыр мінезді, салмақты, табан қимылды келеді. Мұндай адамдар зор жұмыскерлі, жігерлігімен көзге түседі. Өз мақсатына жету үшін жайбарақат басқа кісілермен қиын ұласады, күнделікті дағдыларының өзгерістеріне қиындау бейімделеді. Әдеттері қатаң, дәстүрлі, түсініктері бар, олардың сезімдері және қөңіл-күйі тұрақты келеді.
IV. Меланхолик (әлсіз) – жұмсақ мінезді, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұнды, жасқаншақ, жауапкершіліктен сескенгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық касиеті болады. Өмірінің өзгерістеріне қиын бейімделеді. Сөздік және сезімділік белсенділігі төмен, тұйык мінезді келеді. И. П. Павлов иттерде шартты рефлекс пайда болғанда байқаған: бір итте рефлекс тез байқалады, баска итте бәсеңдеу, біреулерінде рефлекс мықты болады, басқасында әлсіз. Сондыктан И. П. Павлов жүйке жүйесін типтерге бөлгенде козу мен тежеудің үш қасиетіне караған: күшіне, тепе-теңдігіне және козғалтқышына.
Достарыңызбен бөлісу: |