Ұйқы (сон)
Ұйқы адамдар тіршілігінде өте маңызды о рын алады. Ұйқысы мен сергектігі тәулікте алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді (леонофазалық) деп атайды. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді- полифазалы ұйқы дейді.
Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұнда кейбір жануарлар (аю, тышқан) организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде ұйқылық жағдайда көшеді. Организм ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тыныс, жүрек соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасу мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді.
Ал ұйқы кезінде кейбір процестердің белсенділігі күшейеді, гипоталамуспен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды ферменттердің белсенділігі күшейеді. Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты.
Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқы мерзімі қысқарады. Жаңа туған перзент-21, 1 жастағы бөбек шамамен -14, 2-4 жастағы -16, 4-8 жастағы -12, 12-16 жастағы -8, ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды. Ұйқының бірнеші түрі бар: қалыпты физиологиялық, гипноздық, наркотиктік, ауытқулы және шартты рефлекс.
Модуль 10. Қозғыш тіндердің физиологиясы
Тақырып 14. Қозғыш тіндердің физиологиясы.
Адам денесіндегі бірнеше жүздеген триллион жасушалардың әр қайсысының құрылысы мен қызметі, өзін-өзі реттеу мүмкіншіліктері біркелкі болмайды. Олардың өзара қарым-қатынасы, әрекеттік жүйелердегі ағзалар мен тіндердің байланысы, бір-біріне көрсететін көпжақты әсерлерді де әртүрлі. Сондықтан белгілі бір қысқа мерзім милисекунд, минут арасында жасушалар мен тіндерде, жүйелерде сансыз, түрлі-түрлі күрделі үрдістер өтеді. Олардың бір-бірімен қосылуы, жалғасуы және керекті бағытта өтуі организмде ақпараттардың пайда болып таралуына байланысты. Ақпарат жасушаның өзінде немесе сыртқы және ішкі ортаның әсерінен туады. Бұлардың көбі орталық жүйке жүйесіне жеткізіледі және қайта қаралады, өңделеді және жауап ретінде әрекет серпіністері түзіледі. Олар жүйкелер арқылы кері қарай жасушалармен арасында ақпараттар алмасуы үзілмейді.
Ақпарат үш түрлі жолмен таралады. Біріншіден, бір жасушадан екінші жасушаға олардың түйіскен жерінен тікелей өтеді.Екіншіден, хабарларды қан мен лимфада және жасушааралық сұйықтықта еріген заттар жеткізеді. Үшіншіден, ақпараттың ең тез таралу жолы – электрлік сигнал түрінде яғни жүйке серпіністері (импульстері) арқылы керекті хабарларды бұлжытпайшеткі ағзалардан жеткізу. Ақпараттың электрлік сигнал түрінде таралуының басқа да қатысу жолдарынан тағы бір артықшылығы сигналды белгілеуге (кодтауға) болатыны. Көп жасушылы организмде кодталған ақпараттарды қабылдау,талдау,сақтау,беру және керегінде еске түсіруді қамтамасыз ететін арнайы жүйке өріс алды. Ол жүйкеге әсіресе адам баласының даму жолында ең жоғарғы сатыға жеткен жүйке жүйесі жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |