Хронаксия. Хронаксия деп тінді қоздыратын екі реобоза тең күш әсерінің ең қысқа уақытын (ОҒ) айтады. Қозғыш тіннің хронаксиясы қысқа болады. Оның мөлшер хронаксиметр аспабымен өлшенеді, мс. есебімен (сигмамен) белгіленеді. Хронаксиметр аспабымен адам тіндерінің әтбір морфологиялық элементтерінің қозу дәрежесін өлшеуге болады. Бұл медицинада жиі қолданылады. Мысалы, көздің торлы қабатындағы фотоқабылдағыштардың, ішкі құлақта орналасқан есту қабылдағышы – Корти мүшесінің хронаксиясын өлшеп білуге болады.Ұзақ жылдар бойы қорғасын өнеркәсібінде істейтін адамдарға уақытында сақтық шаралар қолдану үшін олардың жүйке хронаксиясы тексеріліп отырады.
Лабилдік. Лабилдік (құнақылық, тұрақсыздық)-белгілі тіннің қозғыштық дәрежесін көрсететін өлшемдердің бірі. Лабилдік деп тітіркендіру жиілігіне сәйкес 1 секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды) әрекеттік ширақтығын айтады. Ол герц өлшемімен белгіленеді. Мәселен, жүйкенің лабилдігі 1000гц демек, онда жүйке секундына 1200 рет тітіркендірілсе де бұдан пайда болатын қозу саны 1000-нан аспайды. Тін неғұрлым қозғыш болса, оның лабилдігі соғұрлым жоғары болады.
Лабилдік – қозу үрдісінің – ең қарапайым физиологиялық әсерленістің қаншалықты ұзақ екенін көрсетеді. Қозу үрдісі қысқарса, белгілі уақыт ішінде (сек,мин) пайда болатын қозу саны көбейеді де тін лабилдігі арта түседі. Әдетте, 1 секундта пайда болатын қозу саны тітіркендіру санына немесе күшіне сәйкес болады.
Лабилдік тіннің абсолюттік рефрактерлік кезеңіне байланысты. Абсолюттік кезең ұзақ болса, тін лабилдігі төмен болады, өйткені абсолюттік рефрактерлік кезеңде тін қандай күшпен тітіркендірілсе де жауап бермей қояды. Сондықтан тітіркендіру аралығы абсолюттік рефрактерлік кезеңінен ұзағырақ болуы керек,сонда ғана тін келесі импульске сәйкес қозғалады.
Оптимум және пессимум жиілік Қозғыш тіндердің жауап әсерлінісі тітіркендіргіштің күшіне және тітіркендіру жиелігіне байланысты. Тітіркендіру жиелігіне сайын белгілі бір шекке дейін бұлшықеттің жиырылу шайқалымы арта түседі, одан да жиі тітіркендірілсе, белгілі бір мәрігі жеткен сәтте ол мүлде жиырылмай қояды. Бұлщық еттің сіресіп жиырылуын қатты күшейтетін ең жоғарғы тітіркендіргіш саны оптимум – оңтайлы жиілік, ал сіресу күшін төмендететін не жауапсыз қалдыратын тітіркендіргіш шамасы пессимум – күйректік жиелік деп аталады. Тітіркендіргіш күші неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ондағы қозу өседі. Сондықтан оптимум және пессимум күш деген ұғым бар. Н.Е. Веденскийдің пайымдауынша, мұндай әр түрлі жиіліктер негізінен тітіркендіргіштер әсерінің көбі бұлшықеттің рефрактерлік не субнормалды кезеңдеріне тап болуына байланысты: тітіркендіргіш әсері супернормалды кезеңінде жетсе, ет жиырылу барынша күшейеді, абсолюттік рефрактерлік кезеңінде жетсе, ет мүлде жиырылмай қояды.
Оптимиум және пессимум жиілігі мен күшінің табиғаты бір. Өйткені тітіркендіру күшейген сайын тінде пайда болатын қозу үрдісі өседі