Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет39/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері

Бүйрек үсті бездері
Бүйрек үсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан . Олардың салмағы 6 – 12г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қызметі жағынан әр түрлі. Салмағы аз болғанымен тіршілікке маңызы өте зор.Қыртысты қабаты 40-тан астам гормондар түзеді- кортикостероидтар деп аталады.
Физиологиялық қызметіне қарай кортикостеридтар 3- топқа бөлінеді:

  1. Глюкокортикостероидтар.

  1. Минералокортикостероидтар.

  1. Андрокортикоидтар.

Глюкокортикоидтар
1. Көмірсу алмасуына әсер етеді: барлық тіндерде, әсіресе ет тінінде (алдымен қаңқа бұлшықетінде) көмірсудың ыдырауы күшейеді.
2. Майдың алмасуы әсерінен тіндегі май ыдырап қышқылдарын бауырға өткізеді.
3.Бауырда көмірсу алмасуына да әсер етеді. Олар бауырдағы глюконеогенезді күшейтеді, сондықтан гипергликемия, тіпті глюкозурия пайда болуы мүмкін.
4. Гормонның қабынуға, аллергияға қарсы тұру қабілеттерін арттыру, иммунодепрессивтік әсерінің маңызы ерекше.Осы қабілетіне байланысты гормон емханаларда көп қолданылады.
Минералокортикоидтер - су мен тұздардың алмасуына ықпал жасайды. 2 Жыныс гормондарына қарағанда бұлар анағұрлым әлсіздеу келеді. Бұлардың маңызы әсіресе балалық, кәрілік шақта зор болады.
1. Андрокортикоидтер – эстрадиол және прогестерон жатады. Милы қабатының гормондары: 2 гормон жатады – адреналин мен норадреналин. Адреналин бүйрек үсті безінде ғана түзіледі, ал норадреналин басқа да ағзаларда пайда болады және қозуды өткізетін медиатор ретінде де бөлінеді. Адреналин жүрек- қан тамырлар жүйесіне өте күшті әсер етеді:
а) Жүрек жұмысын күшейтіп соғу ырғағын тездетеді, қозғыштығын ұлғайтып, өткізгіш жүйесі бойынша импульстің өтуін жақсартады. Басқа қан тамырларын тарылтады. Дененің әр жерінде тамырларының адреналинге сезімталдығы әр түрлі мысалы: ішкі ағзалардың қан тамырларының қабырғасын босаңсытады, сондықтан ол оған байланысты келетін қанның мөлшерін көбейтеді. Жүректін тамырларын кеңейтеді де, жүректі қанмен қамтамасыздандыруын жақсартады. Қан тамырларының тарылуына байланысты қан қысымы көтеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет