1) меланоцит (пигмент жасушалар) тері жасушалардың қызметін тежеп, теріні түссіздендіреді
2) гипофиз арқылы әсер етіп жыныс бездерінің қызметін тежейді.
3)ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда эпифиз организмде биологиялық «сағат» ролін атқарады, яғни биологиялық процестердің белсенділігі күн мен түннің ауысуына қарай өзгеріп тұрады.
4) барлық зат алмасуға қатынасы бар
5) сонымен қатар эпифиз организмнің сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына бейімделуіне қатысады деп есептеледі.
Модуль 12. Сезім мүшелері.
Тақырып 17. Сезім мүшелерінің анатомиясы.
Сезім мүшелері немесе анализаторлар деп жүйке жүйесінің сыртқы ортадан, сондай-ақ дененің өз мүшелерінің тітіркенулер алатын және бұл тітіркенулерді сезімдер түрінде қабылдайтын мүшелерді айтады.
Алты сезім мүшесі – жанасу, сезу, көру, дәм мен иіс сезу, жердің тарту күші адамға оны қоршаған дүние туралы жан-жақты мәлімет береді.
Көру мүшесі.
Көру мүшеге көзбен көру жүйке жатады. Көз, көз алмасы мен қосымша аппараттан тұрады. Көз алмасы көз шарасында орналасқан шар тәрізді дене. Көз алмасы оның ішкі ядросын қоршап жатқан үш: талшықты, тамырлы, торлы қабықтардан құралады.
Талшықты қабық - сыртқы, екі бөлімі бар: артқы-склера, көздің ағы деп атайды және алдыңғы – мөлдір.
Тамырлы қабық - ортаңғы, үш бөлімнен тұрады: нұрлы, кірпікті дене және меншікті.
Нұрлы қабықтың дөнгелек қарашық деп аталатын тесігі бар. Нұрлы қабық көзге келетін жарық түскенде жиырылып, жарық азайғанда үлкейеді. Көздің түсі нұрлы қабықтың қабаттарындағы пигменттің мөлшеріне қарай қалыптасады. Егер пигмент көп болса, көздің түсі қара мен қоңыр, ал аз болса көгілдір, жасыл болып келеді. Нұрлы қабықтың өз ұлпасында орналасқан бұлшықеттер арқылы қимыл-қозғалыстар жасайды. Бұл бұлшықеттер бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан тұрады, олардың бір бөлігі қарашықты айналады - ол қарашықты тарылтады, ал екінші бөлігі радиарлы тарайды - ол қарашықты кеңейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |