Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет139/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   199
Байланысты:
pub2 167

арттыру жұмыстары жүргізілді. Қазақстанның, оның ішінде Семейдің далалы әсіресе сортаң 
топырақтарында өсетін, галофиттер топтарына кіретін халық арасында «қызыл мия» 
атауымен белгілі, Жалаңаш мия (Солодка голоя-Glycyrrhiza glabra L) өсімдігі алынды.
Түйін сөздер. Glycyrrhiza glabra L, холестерин, курдючный жир, Солодка голоя. 
Адамның тамақ рациондарының компонентері белок және көмірсулармен қатар, май 
түрлері де ең қажетті органикалық заттардың бірі болып есептеледі. 
Жер шарының барлық аймақтарында тамақ өнімдерінде өсімдіктің сұйық 
гидрогенизациялау технологиясы арқылы алынған қатты май түрлері қолданылады. Бұл 
жасанды трансизомерлі май түрлері тағамдардың ұзақ уақыт бұзылмай сақталауына әсер 
етеді 
[1,2].
Оларға тамақ өнеркәсібіндегі күнделікті қолданатын кулинарлық және кондитерлік 
май өнімдері негізінде алынатын (конфет, сүт, пирогтар, балмұздақтар, торт, печенья, 
попкорн, чипса, соустар және т. б. ) тағамдық шикізаттар жатады.
Осыған байланысты, адам организміне пайдалы, тағамдық құндылығы жоғары 
жануарлардан алынатын, әсіресе қой малынан алынатын табиғи майларды қолдану 
қажеттілігі туындауда.
Шығыс халқы қойдың құйрық майын қоректік сапасы жоғары тағам ретінде және емдік 
қасиеттеріне байланысты ерте кезден бастап пайдаланған 
[4].
Бұл тағам өнімінің ең басты 
қасиеті көптеген қабынған ауру түрлеріне, әсіресе жоғары тыныс алу органдарының 
ауруларына қарсы пайдаланылады. Әсіресе суық тигенде, фарангит, бронхит, созылмалы 
көк жөтел, тымау тәрізді көптеген ауру түрлеріне қарсы қолдану жолдары белгілі болған. 
Көбінесе құйрық майын адамдардың терісінің сыртқы қабаттарына жағу, ысқылау түрінде де 
пайдаланған.
Орта Азия тұрғындарының Америка мен Европа тәрізді шет мемлекеттердің 
жергілікті тұрғындарымен салыстырғанда семіздікпен ауырмайтындығы, олардың қойдың 
құйрық майын тағам өнімі ретінде жиі қолдануларына байланысты деп көрсеткен
.
Қазіргі 
кезде бұл май түрін заманауи технологиялық процестерге байланысты түрлі косметикалық 
заттардың құрамына кіргізеді. Әсіресе шаш пен тері күтімдеріне байланысты бағыттарда көп 
қолданылады.
Бұл майдың негізгі қасиеттерінің бірі жартылай қатпайтын май ретінде белгілі, 
сонымен қоса ыстық аймақтарда тез бұзылмай ұзақ сақталу қасиеттеріде жоғары 
бағаланады
.
Қойдың құйрық майын үй температурасында (30
0
С жоғары кезде қатады) 
қатпайтындығына орай, оларды әртүрлі тағам өнімдеріне қосып жасау технологиясы жиі 
қолданылады. Құйрық майдың химиялық құрамын анықтау барысында А, Е, В
1
дәрумендері, 
каротин, табиғи лалонин (балауызы), антиоксидант – селен, май қышқылдары, стерин эфир 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
249 
майы болатынғы көрсетілген 
[5].
Құйрық май өте жақсы консервант болып табылады, тіпті 
жоғары температурада да оның құрамындағы компоненттері бұзылмайды, әрі ұзақ уақыт 
сақтауға да қолайлы. 
Зерттеу жұмысының сынамасы ретінде алынған қойдың құйрық майы құрамындағы 
май қышқылдарының түрлері мен мөлшері әртүрлі химиялық әдістерді қолдану арқылы 
анықталған (кесте1,2). 
Кесте 1 − Қойдың құйрық майының құрамындағы май қышқылдарының түрлерінің 
сандық көрсеткіші 
Реті 
Қаныққан май қышқылдары 
% көрсеткіш 
Қанықпаған май қышқылдары 
% көрсеткіш 

пальмитин 
19,4 
олеин 
32,3 

стеарин 
9,7 
Линол 
4,4 

Миристин 
1,2 
Пальмитолеин 
4,4 
Ескерту: Ойдовсурэн Отгонтогоо, Доржбал Энхжаргал және т. б. ғылыми зерттеу жұмысынан алынған 
көрсеткіш (6). 
Авторлар зерттеу жұмыстарында (1-кесте) қойдың құйрық майының құрамындағы 
қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының түрлері, олардың пайыздық мәндерін 
анықтаған. Бұл зерттеу көрсеткіштерінде қанықпаған май қышқылының мөлшері қанныққанға 
қарағанда екі еседе жоғары екендігі көрсетілген.
Кесте 2 − Үй жануарларының май құрамдарындағы холестерин мөлшерінің көрсеткіші 
Реті 
Мал атауы 
Мг/ % 

Сиыр майында 
75 

Шошқа майында 
74,5-126 

Қой майында 
29 
Ескерту: Мороз Т. зертеу жұмысынан алынған (7) 
Зерттеу жұмыстарының тағы бір бағыттары ретінде авторлар үй жануарлары сиыр, 
қой және шошқаның майларының сапалық құрамын анықтаған. Ең бастысы қазіргі кезге дейін 
диетология саласындағы және тамақ өнеркәсібі саласындағы кейбір мамандар қойдың 
майын қортылу төмен ауыр май ретінде көрсетеді. Май қышқылдары құрамындағы 
холестериннің сандық көрсеткіштерін анықтап, оларды салыстырып қараған. Қой майының 
құрамындағы холестеринін салыстырып қарағанда сиыр майында холестерин 2,5 есе, ал 
шошқаның ең жоғарғы мәнімен салыстырып қаралса 4,4 есе жоғары екендігін көрсеткен (2-
кесте). Жоғарыдағы авторлардың қойдың құйрық майының химиялық құрамы негізінде 
жасаған зерттеу жұмыстарының қортындыларына сәйкес, бұл май түрінің адам организіміне 
пайдасы жоғары екендіндігін тағы бір дәлелі ретінде қабылданды.
Зерттеу жұмысында қойдың май сынамасын екінші рет пісіру процесінде 
Қазақстанның мемлекеттік фармакопиялық реестерінде тіркелген дәрілік Жалаңаш мия 
(Glycyrrhiza glabra L) өсімдігінің тамыр үгіндісін қосу арқылы, құйрық майдың емдік қасиетін 
арттыру жұмыстары жүргізілді. Ол үшін Қазақстанның, оның ішінде Семейдің далалы әсіресе 
сортаң топырақтарында өсетін, галофиттер топтарына кіретін халық арасында «қызыл мия» 
атауымен белгілі, Жалаңаш мия (Солодка голоя-Glycyrrhiza glabra L) өсімдігі алынды.
Мия өсімдігінің тамырының тәттілігі оның латынша атауында сәйкес, құрамындағы 
глицирризин қышқылына байланысты. Жалаңаш мияның химиялық құрамында биологиялық 
белсенді заттардан сахаридтер, пектинді заттар, флаваноидтар, липидтер мен крахмал 
бары анықталған. Ең басты биологиялық белсенді зат ретніде тамырындағы тритерпенді 
сапонин- глицирризин қышқыл мөлшері 8-24 % құрайтындығы және жөтелге қарсы 
қолдантын дәрілік өсімдік ретінде қолдану жолдары көрсетілген 
[8,9].
Өсімдіктің тамыр сабақтарынан алынған экстаркттар сироп, кофе, халва, карамель 
және т.б. тағам өнімдеріне қосады. Жапония мен Египетте мия өсімдігін фунгицидтік және 
бактерицидтік қасиеттеріне байланысты тамақ өнімдеріне қосады 
[10,11].
Медицинада қызыл мияның көбінесе жер асты тамырсабағы қолданылады. Сүректі 
жуан келген тамыры қатты тармақталып топырақтың терең қабаттарында жайылып өседі. 
Тамыр және тамырсабақтары қоңыр түсті, көлденең кесіндісі сарғыш түсті болып келеді.
Жұмыстың мақсатына сәйкес құйрық майдың еріген бөлігіне қосуға арналған дәрілік 
өсімдік қызыл мия тамыры лабораториялық жағдайда үгіту арқылы жүзеге асырылды. 
Қойдың құйрық майының консистенциясы 15-20
0
C температурада қоймалжың болады. 
Қойдың құйрық майы организмге сіңімділігі өте жоғары (80-90%) деп есептелінеді. 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
250 
Дәрілік өсімдік қызыл мия тамыры IKA* A100 basic лабораториялық ұнтақтағышта 3-4 
минут аралығында өте ұсақ бөлшектерге бөлініп алынды. 
Жұмысының міндеттер мен мақсаттарына сәйкес қойдың құйрық майын еріту процесі 
жүзеге асырылды. Ол үшін құйрық майды өте ұсақ бөлшектерге бөліп, арнаулы ыдыста 
шыжығы сарғайғанға дейін ерітіліп алынды. Сынама түрінде алынған қойдың құйрық майын 
180º С температурада 8-10 минут аралығында ерітіп, сапалық құрамы белгілі әдістерді 
қолдану арқылы анықталды. 
Құйрықтың майы ыдыраған ұлпа қалдықтары екінші реттік өнімі шыжық, майдың еріген 
бөлігінің түбінде тұнба түрінде астыңғы бөліктерінде жинақталады. Бетінде жиналған сұйық 
құйрық майы бөлек бөліп сүзілініп алынды. Құйрық майдың өзіне тән иісі және жеңіл 
қуырылған дәмі сақталды. Ерітілген қойдың құрық майы мөлдір сары түсті болды. Майды 
еріту уақыты 5 минут аралында жүргізілді. Сүзілген ыстық құйрық майдың үстіне үгітілген 
Жалаңаш мияның ½ бөлік мөлшері салынып 1 минут маймен аралыстырып екінші рет қайнау 
процесі жүзеге асырылды. Мия тамыры қосылған майдың қайнау кезінде қатты көпіру 
процесі байқалды. Бұл қызыл мия құрамындағы сапониннің әсеріне байланысты екендігі 
тұжырымдалды. Екінші кезекте суытылған бұл май ерітіндісінен мия қалдықтарының ұсақ 
бөліктері жеке сүзіліп ажыратылды. Зерттеуге алынған дәрілік өсімдікті құйрық майдың 
қоспасының сұйық түрінің органолептикалық көрсеткішіне байланысты майдың сары түсі қою 
қоңыр түске өзгерді. Сонымен қатар, ерітілген құйрық майдың иісі өте әлсіз болды, керісінше 
алынған еріген май өнімінде өсімдік иісі басым болуына қарай, өткірлеу келген мия 
тамырының иісі басымдылық көрсетті. Дәмі алғашында тәтті қант сияқты болды да, тез 
арада өте ащы күйге ауысты. Бұл май құрымындағы эфирлі май қышқылдары мен мияның 
тамырындағы глицирризин қышқылдарының қыздыру барасында жүрген реакциясына 
байланысты. Сонымен қатар, белгілі уақыттан кейін дәрілік өсімдік қосып қайнату арқылы 
алынға май ерітіндісінде, өсімдік қою қоңыр түсті тұнба түрінде төменгі бөлігінде шөкті, ал 
май ақшыл қоңыр түсті болып беткі бөлігіне орнықты. Оның себебі майдың меншікті 
салмағының жеңілдігіне байланысты екендігі белгілі. Соған қарамастан майдың бұл бөлігінде 
де өсімдік қоспасы әсерінің бар екендігін оның түсі мен дәмінен байқауға болады. 
Зерттеу жұмысының обьектісі ретінде алынған қойдың құйрық майының химиялық 
құрамы мен Жалаңаш мия тамырының химиялық құрамынның толық зерттелгендігі көптеген 
ғылыми зерттеу жұмыстарында толығымен дәлделденген. Қойдың құйрық майы және 
Жалаңаш мия тамырының жекеленген күйлерінде адам организіміне тигізетін әсерлерінің 
толық зерттеуден өтіп қолданыста болуына сәйкес, эксперименттік түрде алынған осы 
жұмыс нәтижелері адам организіміне пайдалы болатындығына сенімдіміз. Осыған 
байланысты қақырық түсіретін, жөтел, бронхит ауруларында дәрігерлердің тағайындаған 
препараттарына қосымша биологиялық активті заттар ретінде қолдануға болады.
Кесте 3 − Зерттеуге алынған қойдың құйрық майының органолептикалық баға беру 
көрсеткіші 
Атауы 
Түсі 
Иісі 
Шикілей алынған құйрық майы 
Ақшыл – сарғыштау түсті 
жұмсақ және май қыртыстары 
біркелкі бүлінбеген
Шикі құйрық майға тән 
Шикі құйрық майы дәмдеуіштерді 
қолдану, ашық ауада кептіріп, сүрлеу 
Ақшыл сары түсті
Сүрленген еттің иісіне 
ұқсас 
Ерітілген құйрық май 
Түсі ақшыл қаннықан сары түсті Піскен жағымды май иісі 
Ерітілген құйрық май+ Жалаңаш 
мияның ұнтақталған бөлігімен бірне 
қайнатылған
Кою қоңыр түсті.
Иісі өткір шөптің иісі, дәмі 
өте ашты
Алынған өнім тыныс алу органдарының жұмысын жақсартатын медициналық 
қосымша құйрық майлы өсімдік өнімі ретінде, алғаш рет практика жүзінде қолдану ұсыналды. 
Яғни қойдың еріген құйрық майына, фармакологияда қолданысқа рұқсат етілген дәрілік 
өсімдіктерді қосу процестерін жүргізу арқылы құйрық майдың емдік қасиеттері арттырылды.
ҚОРТЫНДЫ
Жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерден Бұршақ (Бобовые- Leguminosae) тұқымдасына 
жататын Жалаңаш мия (Солодка голоя-Glycyrrhiza glabra L) түрінің тамыры лабораториялық 
ұнтақтағышта өте ұсақ бөлшектерге үгітілді. Сынама ретінде алынған қойдың құйрық майын 
ерітілу кезінде түзілген шыжығы бөлек сүзіліп алынды. Ерітілген құйрық майды екінші рет 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
251 
пісіру процесінде Қазақстанның мемлекеттік фармакопиялық реестерінде тіркелген дәрілік 
Жалаңаш мия (Glycyrrhiza glabra L) өсімдігінің тамыр үгіндісін қосу арқылы, құйрық майдың 
емдік қасиеті арттырылды. Алынған өнім тыныс алу органдарының жұмысын жақсартатын 
медициналық қосымша майлы өсімдік өнімі ретінде қолдану ұсыналады.
Әдебиеттер 
1. Абдыжалелов Б.Б, Кужамбердиева С.Ж, Асемов А.Б, Мустафа А.Т. Получение глицирризоновой 
кислоты из сладкового корня. Межународный журнал экспериментальгного образования. Химия. 2016 
г. № 5.(часть1) С. 100-104. 
2. Association between serum trans-monounsaturated fatty acids and breast cancer risk in the EЗN-EPIC 
study/ V. Chajes// Am.J. Epidemiol.-2008. V.167.– P.1312-1320. 
3. Белков С. Жирный вопрос // Журн. Популярная механика. − 2013. − № 11. – C. 17-20 
4. Быков В.А. Биомедицинская концепция создания лекарственных препаратов на основе солодки./ 
В.А. Быков, Г.Г. Запесочная // Труды НПО «Биомедицинские технологии» .Вып 3,М.,11996. С31-46 
5. Егоров М.В. Исследование в плане совершенствованиея стандартизации сырья и препаратов 
солодки/ М.Е. Егоров // Аспирантские чтения − 2004: Регинальная медицинская наука тенденция и 
перспективы развития. Самара. СамГМУ − 2004. – С. 474-475.
6. Мороз Т. Овцы разведение содержание уход. Из серий: Подворье (АСТ) 2012 г. с. 250 
7. Ойдовсурэн Отгонтогоо, Доржбал Энхжаргал, Чойжил Отгонбаяр, Цэвээн Даваасурэн. 
Исследование курдючного жира монгольского барана // Сибирский медицинский журнал. – Иркутск. – 
2014. − № 37. – С. 28-297 
8. Пулатов А.С., Сарибаева Д.А, Екубжанов Е.Г. Некоторые константы и содержание жирных кислот в 
бараньем курдючном жире // Ежемесячный научный журнал. Издательство молодой ученый. – 
Казань. − 2014. − (79). − № 20. − С. 211-213 
9. Резеньков О.В. Изучение влияния экстракта солодки голой на процессы адаптаций организма. 
Автореферат диссертаций на соискание. кан биолог наук. 2003 г. – С. 120. 
10. http://www.who.int/nutrition/topics/sfa-tra-public-consultanion- 4may 2018/en/
11. https://qamshy.kz/article/48602-qoydynh-quyryq-mayynynh-biz-bilmeytin-qanday − paydasyp-bas 
УЛУЧШЕНИЕ ЛЕЧЕБНЫХ СВОЙСТВ КУРДЮЧНОГО ЖИРА 
Б.М. Силыбаева, А.М. Рахимжанова 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет