Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет117/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   199
Байланысты:
pub2 167

Аңдатпа: Мақалада Семей қаласының экожүйенің ластануы, топырақтың қызметі 
Экожүйенің ластануы – оның бұзылысының бір түрі, топырақтың ластануы – топырақтардың 
және жалпы экожүйенің бұзылысының ең қауіпті түрлерінің бірі және экожүйедегі антропогенді 
әрекеттің барлық жағдайларындағы бұзылыстар әсер ету көзiнен қашықтығына да тәуелдi 
болатындығы жазылған. 
Экожүйеге антропогенді әрекеттің барлық жағдайларындағы бұзылыстар әсер ету көзiнен 
қашықтығына да тәуелдi болады. Көпшілік жағдайда барлаушылық (рекогносцирлік) зерттеу 
кезінің өзінде де топырақтардың қарқынды бұзылу аймақтары және жартылай бұзылған 
топырақтардың таралу аймақтары анықталады. Бұл аймақтардың екеуін де бақылау 
нысандарының тізіміне қосу керек. Басым көпшілік жағдайда буферлiк аймақтың топырақтарының 
аудандары қарқынды түрде бұзылған жерлердің аудандарынан едәуір көп, әрі мониторинг кезінде 
олардың күйiн бағалау қажет. 
Түйін сөздер: орта, экожүйе, топырақ, ластану. 
 
Экожүйенің ластануы – оның бұзылысының бір түрі, топырақтың ластануы – 
топырақтардың және жалпы экожүйенің бұзылысының ең қауіпті түрлерінің бірі. Ластаушы 
заттар дегеніміз – қоршаған ортаға өзінің табиғи деңгейінен асатын мөл шердекеліп түсетін 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
207 
шығу тегі антропогенді заттар. Топырақтардың ластануы дегеніміз – топырақтардың 
антропогенді бұзылысының бір түрі. Мұнда антропогенді әсерге ұшыраған топырақтардағы 
химиялық заттардың құрамы олардың топырақтағы құрамының табиғи аймақтық фондық 
деңгейінен артады. Бұл анықтамада «топырақтың ластануы» деген ұғымды ашу үшін қажетті 
және жеткілікті құрамды бөлімдер бар. Біздің пікірімізше, ластағышзаттардың түсінігіне 
анықтама енгізудің, олардың шамадан артық мөлшерлерінің тірі ағзаларға қаупін атап 
көрсетудің қажеттілігі жоқ, өйткені шамасынан артық мөлшердегі кез келген заттар ағзалар 
үшін зиянды. 
Экожүйеге антропогенді әрекеттің барлық жағдайларындағы бұзылыстар әсер ету 
көзiнен қашықтығына да тәуелдi болады. Көпшілік жағдайда барлаушылық (рекогносцирлік) 
зерттеу кезінің өзінде де топырақтардың қарқынды бұзылу аймақтары және жартылай 
бұзылған топырақтардың (буферлiк аймақтың топырақтары) таралу аймақтары анықталады. 
Бұл аймақтардың екеуін де бақылау нысандарының тізіміне қосу керек. Басым көпшілік 
жағдайда буферлiк аймақтың топырақтарының аудандары қарқынды түрде бұзылған 
жерлердің (жиi техногендi шөлдер деп аталатын) аудандарынан едәуір көп, әрі мониторинг 
кезінде олардың күйiн бағалау қажет. 
Топырақтың экологиялық қызметтері биосфера қызметтерінің жалпы үйлесімділігінде 
қарастырылады. Биосфераның негізгі қызметі – Жер бетінде тіршілікті қамтамасыз ету. 
Топырақтың негізгі қызметі – тірі заттың тіршілігі мен қайта қалыптасуын қамтамасыз ететін, 
яғни біздің планетамызда тіршіліктің сақталуын қамтамасыз ететін биосфера режимін 
қалыптастыру. Бұл қызмет Жер шарының Ғаламшармен ұласу аймағындағы топырақтың 
алатын орнына, біздің планетамыздың тірі және өлі табиғатының байланысындағы оның 
алатын орнына негізделген. Топырақ – биосфераның негізгі құрамды бөлігі, оның маңызды 
қоры, сонымен қатар ол жалпы биосфера тіршілігінің әрі шарты, әрі факторы болып 
табылады. 
Құрлықта 
педосфера, 
тіршіліктің 
туындауымен 
және 
биосфераның 
қалыптасуымен қатар пайда болып, кембрийге дейінгі дәуірден бастап, әсіресе девоннан 
кейін, өсімдіктер құрлықты игере бастағаннан бері дамыған. Өткен жылдардың топырақтары 
геологиялық үдерістермен бірнеше қайтара көмілген немесе бұзылған, қазіргі кездегі 
топырақ қабатының абсолюттік жасы жүзжылдықтар мен бірнеше мың жылдықтардан бастап 
1-2 млн. жылдарға дейінгі уақытты қамтиды. Педосфера – өзіндік даму қабілеттілігі бар, 
жалпы планеталық биоэнергетикалық және биогеохимиялық жүйе.
Мониторингтің таңдалған нысандары нақты тiркелiп, картаға (немесе үлгі-картаға) 
енгізіліп белгіленуі керек, бұл талданатын көрсеткiштердiң уақыт кеңістігіндегі өзгерiстерін 
қадағалау мүмкiндiгiн қамтамасыз етеді. Сонымен, барлық деңгейлерде жүргізілетін 
мониторинг кезіндегі бақылау нысандары болып табылатындар:
– бұзылмаған (немесе ең аз шамада бұзылған) табиғи (қорықтық) экожүйелер; 
– жартылай түрөзгеріске ұшыраған табиғи экожүйелер (әлдеқайда кең таралғандар); 
– жасанды деп атауға болатын, өзінің табиғи белгілерін толықтай дерлік жоғалтқан, адаммен 
түрлендірілген нақты антропогенді, техногендi жер бедерлері (өсiмдiктер жойылған, су, 
топырақ ластанған) 
Топырақтың негізгі қызметі биосфералық үдерістердің нақты механизмдерін реттеуде 
топырақтың қатысуын 
қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады, бұл топырақтың негізгі ғаламдық қызметінің 
орындалуымен байланысты. Биосферадағы топырақ қабатының қызметтері өзіндік ерекше, 
бірегей, өте құнды. 
Ластануды сезінетін, экологиялық жүйе үлгі блоктардан тұрады: 
1 ластаушы көз атмосфера топырақ – өсімдік – жер бетіндегі сулар жерасты сулары су 
түбіндегі шөгінділерінен тұрады. 
Бұл блоктың байланыстары талданады. Поллютанттардың техногендік көздерден 
түсетіні белгілі. Өндіріс айналысына поллютантар үнемі және бір тегіс таралуда, бұл 
ластаушы заттардың жылдық тығыздығының кез келген нүкте аумағындағы тастанды 
интенсивтілігі бірдей. Атмосфераға түскен ластаушы заттар тартылыс күшінің шөгу 
үдерістері, жауын-шашындармен конвекция мендиффузия нәтижесінде одан бөлініп 
шығады. Аэрозол дисперстілігі, атмосфералық жауын-шашынмен олардың жуылуы мен 
бөлінуі, әртүрлі көлемдегі бөлшектердің орын ауыстыру жылдамдығы мен тағы басқа 
көрсеткіштерді өлшеуде есепке алынады, Табиғи жер үсті суларын ластаушы заттар 
атмосфералық жауындардан, құрамында жер үсті және топырақ ішіндегі ағындар бар жер 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
208 
асты суларынан түседі. Жер үстіндегі суды ластаушы заттар топыраққа, өсімдіктер мен 
жануарларға, донна қалдықтарына, атмосфераға ауысады. Топыраққа ластаушы заттар 
атмосфералық жауын-шашындардан, өсімдік шірінділерінен, транспирация кезінде, су 
қоймаларындағы тасқындардан, топырақты суарғанда түседі. Топырақтан бұл заттар 
өсімдіктермен тігінен және жер үсті ағындары арқылы шығады. 
Урбандалған ландшафттарда топырақтың қорғаушылық (протекторлы) қызметі 
ерекше маңызды (1 сурет). Өзіндік ерекше биогеохимиялық қасиеттер мен жұқа диспертік 
бөлігінің белсенділігі жоғары беткі қабатының арқасында топырақ ластаушы заттарды бөгеп 
қалатын «депоға» айналады, және де ластағыш заттардың көпшілігі үшін (ауыр металдар, 
пестицидтер, мұнай өнімдері және т.с.с.) бір мезетте қаланың атмосфералық ортасынан жер 
асты суларына және өзен торабына өту жолдарында маңызды биогеохимиялық бөгет 
болады. 
Топырақты зерттеу нәтижелерi олардың ластану деңгейiн белгілегенде және 
тұрғылықты елдi мекендердегi адамдардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайлары үшін 
туындайтын қауiп қатерлердiң болжамын құрастыруда, топырақтарды қайта өңдеу 
(рекультивация) бойынша іс-шаралар жүргізу кезінде, адамдардың ауру-сырқаттарының 
алдын алу, денсаулықтарын сақтау шараларын өткізгенде, су жинақтайтын аумақтарды 
қалпына келтіру және қорғау бойынша техникалық шешiмдердi жетілдіру кезінде, сауықтыру 
іс-шараларының кезектiлiгiн бекіткенде және тағы басқа жағдайларда ескеріледі. Елдi 
мекендердегі бақылауды олардың пайдаланылатын аймақтарын есепке алып өткiзедi. Ең 
алдымен тұрғылықты халықтың денсаулығына әсер етудің жоғары қауіп-қатері бар 
аумақтардың (бала бақша, мектепке дейінгі, мектеп және емдеу мекемелерінің маңындағы 
топырақтар, қоныстану (селитебті) аумақтары, су көздерін санитарлық қорғау, ауыз суымен 
қамтамасыз ету аймақтары, ауылшаруашылық жайылымдық жерлер, рекреациялық 
аймақтар) топырақтары тексеріліп зерттеледi.
Топырақ сынамаларын алу нүктелерiн ластану көзiнен ластаушы заттардың таралуын 
қамтамасыз ететiн, яғни жел айналымын, бағытын, жергілікті жер бедерін, өсiмдiк 
жамылғысын және гидрологиялық жағдайларды есепке алумен орналастырады. Ластану 
көзіне жақын маңда сынама жинау нүктелерінің орналасу жиілігі жоғары (50, 100, 150, 300 м 
қашықтықта), одан алшақтаған сайын жиiлiгі төмендейдi. Топырақтардың автокөлiк 
күрежолдарымен ластануын бақылаған кезде, сынақ алаңдарын аталған факторларды 
ескерумен жолдың бойындағы жолақтарда орналастырады. Сынақтарды негізгі жолдан 0-10, 
10-50, 50-100 метр қашықтықта орналасқан ұзындығы 200-500 метр болатын жіңішке 
жолақтардан 0-150 см тереңдіктен алады (кесте 1). 
Кесте 1 − Топырақтың ластану тереңдігіне байланысты (К3) коэффициенті 
Жердің ластану тереңдігі, см 
Кr 
0-20 
1,0 
0-50 
1,3 
0-100 
1,5 
0-150 
1,7 
0 - > 150 
2,0 
Бірақ ғаламдық экологиялық дағдарысты жою немесе төмендету тек адамзаттың 
саналы түрде қоршаған ортамен қарым-қатынасын өзгерткенде ғана мүмкін. Бұл мәселе тек 
технология облысында ғана емес, адам психологиясы мен идеологиясына да қатысты. 
Сурет 1 − Семей қаласының экожүйесіндегі топырақтың қызметтері 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
209 
Әдебиеттер 
1. Панин М.С. Экология почв. Алматы, 2008. − 41-42 л 
2. Белобров.В.П., и др. География почв с основами почвоведения. 2004. − 97-99 стр 
3. Жамалбеков Е.У.; Бильдебаева Р.М., Бигалиев А.Б. Жалпы топырақтану/ Алматы, 2001. − 156-169 
бет 
4. Қабышева Ж.К. Топырақтану / Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2013. − 160 бет 
5. МЕМСТ 11.4.3.01-83. «Табиғатты қорғау. Топырақ. Сынама алудағы жалпы талаптар». 
6. МЕМСТ 11.4.4.02-84. «Табиғатты қорғау. Топырақ. Химия-лық, бактериологиялық және 
гельминтологиялық сараптама үшін сынам дайындау мен алу әдістері». 
7. РД 52.18.166-89. Әдістемелік нұсқау «Табиғатты қорғау. Топырақ. Топырақтың сынамалары, өсімдік 
өсуін реттеу және пестицид алу әдістерінің талаптары». 
8. РД 52. 18.286-91. Әдістемелік нұсқау «Топырақ сынамаларын атомдық-абсорбциялық сараптама 
арқылы су еритін металл формалары (мыс, қорғасын, цинк, никель, кадми, кобальт, хром, марганец) 
массалық бөлігін өлшеу әдісі» 
СОСТОЯНИЕ ПОЧВ В ЭКОСИСТЕМЕ ГОРОДА СЕМЕЙ 
Ж.К. Кабышева, Л.С. Бакирова, Р.У. Ашакаева, Б.Ж. Имамова


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет