Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет119/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   199
Байланысты:
pub2 167

Как приводятся результаты исследования в статье важная составляющая комплексной 
системы контроля качества окружающей природной среды – экологический мониторинг почв. 
Почва может стать более реальным и устойчивым индикатором техногенного загрязнения 
экосистемы, чем вода и атмосферный воздух, являющиеся миграционными (переменными) 
средами. 
Вместе с тем, важной составной частью комплексной системы контроля качества 
окружающей природной среды является экологический мониторинг почв. Почва может стать 
более реальным и устойчивым индикатором техногенного загрязнения экосистемы, чем вода и 
атмосферный воздух, являющиеся миграционными (переменными) средами. Почва прямо и точно 
отражает эмиссии загрязняющих веществ и их распространение в составной 
Ключевые слова: окружающая среда, биолог, природа,миграция, загрязнение, мониторинг. 
ENVIRONMENTAL SERVICES AND MONITORING OF SOILS OF THE CITY OF SEMEY 
G. Kabysheva, A. Ghanadilov, L. Bakirova, О. Sarsembenova 
As the results of the study in the article an important component of a comprehensive system of 
environmental quality control – environmental monitoring of soils. Soil can become a more real and 
sustainable indicator of anthropogenic pollution of the ecosystem than water and air, which are migratory 
(variable) environments. 
At the same time, an important component of the integrated system of quality control of the natural 
environment is the ecological monitoring of soils. Unlike water and atmospheric air, which are migratory 
(variable) environments, soil can be a much more realistic and stable indicator of man-made ecosystem 
pollution. The soil directly and accurately reflects the emission of pollutants and their distribution in the 
constituent parts of the terrain. In most cases, frequent observations of soil chemical contamination limit 
monitoring of soil conditions. 
Key words: environment, biologist, nature, migration, pollution, monitoring. 
 
 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
213 
ҒТАХР: 87.21.15 
Ж.К. Кабышева, Б.Ж. Имамова, Р.У. Ашакаева, А.К. Мурзалимова
Cемей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
СЕМЕЙ ӨҢІРІНІҢ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 
 
Аңдатпа: Мақалада Семей қаласының топырағының ластануына, экологиялық жағдайына 
және механикалық құрамына баға берілген. Топырақты құрамын зерттеу және талдау болып 
табылады. Топырақтың экологиялық қызметі оның химиялық, физикалық және биологиялық 
ерекшеліктерімен байланысты. Шығыс Қазақстан өндірістік өңірлерінде топырақ жамылғысының 
техногенді бүлінуімен уытты химиялық заттармен ластанады. 
Адам баласы ең алғаш жерді егіншілкке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік 
болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше мыңдаған 
жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүз жылдықта туған проблемалар 
ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің 
жетіспеуі, эрозия, құрғақтану, топырақтың құнарлылығының азаюы, тағы басқа осындай 
мәселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла бастады. 
Түйін сөздер: топырақ, ластану, тыңайтқыштар, табиғи ресурс. 
Зерттеу объектісі: Семей өңірі 
Мақсатқа жету үшін мәселені шешу қажет: топырақтың құрамын анықтау. 
Зерттеудің мақсаты: топырақ құрамын зерттеу және талдау болып табылады. 
Мақсатқа жету үшін мәселені шешу қажет: топырақтың құрамын анықтау. 
Туған жерге деген сүйіспеншілік оның тау-тасын, өзен-көлін, тарихы мен байлығын, 
жалпы алғанда географиясын білуден басталады. Осынау өркениетке ұмытылып отырған 
кезеңде өз жеріміздің әрбір объектілерін білу және олардың қыр сырына үңілу басты міндет 
болып саналады. Қазақ халқы жерді – ана, егістікті – асыраушы деп атайды, өйткені адамзат 
қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты өсімдік және жануарлар көмегімен топырақ 
арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу қажет, оның 
құнарлылығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл 
мәселелерді шешу жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді. 
Адам баласы ең алғаш жерді егіншілкке пайдалана бастағанда, топырақ туралы 
түсінік болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше 
мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүз жылдықта туған 
проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын 
алуы, жердің жетіспеуі, эрозия, құрғақтану, топырақтың құнарлылығының азаюы, тағы басқа 
осындай мәселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла бастады. 
Осы тұрғыда жергілікті Семей өңірінің топырақ экологиясын зерттеу мол ізденіс пен 
асқан жауапкершілікті қажет етеді. 
Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызын анықтау. 
Топырақтың экологиялық қызметі оның химиялық, физикалық және биологиялық 
ерекшеліктерімен 
байланысты. 
Шығыс 
Қазақстан 
өндірістік 
өңірлерінде 
топырақ 
жамылғысының техногенді бүлінуімен уытты химиялық заттармен ластанады. Сонымен қоса 
бұрынғы Семей ядролық полигоны аумақтарындағы топырақ радиоактивті ластанған. 
ШҚО жерінде ендік зоналылық анық байқалатындықтан топырақ жамылғысы алуан 
түрлі. Солтүстіктен оңтүстікке қарай қара қоңыр (құрғақ дала), ашық қоңыр (шөлейт) және 
қоңыр топырақ зоналары бірін-бірі алмастырады. 
Шыңғыстау, Қалба жотасы, Алтай, Тарбағатай тауларының биік бөктерлерінде ендік 
зоналылық биіктік белдеуге ауысып, сұр топырақ, субальпілік тау шалғындарына өзгереді. 
Қара қоңыр топырақ – Ертістің оң жағалауын алып жатыр. Қара қоңыр топырақтың 
үлесіне облыс ауданының 9-10% тиеді. Олар құрамына байланысты саздақты, құрылысына 
қарай кесек болып келеді. Бұндай топырақтар гумусқа өте бай, мелиорациялауды қажет 
етеді. 
Ертістің оң жағалауындағы қара қоңыр топырақ шығыстағы Алтай бөктеріндегі қара 
топырақпен алмасады. Ертістің оң жағалауын бойлай кең алқапты құм алып жатыр. Ол 
батысында құмдақты далаға ауысады. Бұл өлкенің топырағы эрозияға тез ұшырайды. 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
214 
Ашық қоңыр топырақ – облыстың ұсақ шоқылы бөліктеріне таралып, Ертістен Алакөл 
қазаңшұңқыры мен Балқаш бойы үстіртіне дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып 
жатыр. Ашық қоңыр топырақ қабаты жұқа, құрамында гумусы аз, ұсақ тасты болады. Бұл 
топырақ облыстың 1/3 бөлігін алып жатыр. Қоңыр топырақ зонасы – облыстың оңтүстік 
бөлігіндегі кең алқапты алып, Балқаш үстірті мен Алакөл қазаңшұңқырын қамтиды. Қоңыр 
топырақтың жекелеген ірі массивтері Зайсан қазаншұңқырында кездеседі. Топырақ қабаты 
жұқа, гумусы аз, көпшілік бөлігі сортаң. Барлық тау жотасының етегінде жақындаған сайын 
топырақ ұсақ түйіршікті болғандықтан, егіншілікке қолайлы болады. 
Топырақ жамылғысы өзінің физикалық-механикалық қасиетіне байланысты, ауадағы 
зиянды заттектерді өзіне сіңіріп, өзінің құрамында екіншілік ластану көздерін қалыптастыруға 
бейім геологиялық ортаның, ұзақ мерзімдік зиянды заттектерді тасымалдайтын орта болып 
табылады. Ластанған топырақтың табиғи ортада қалпына келуі жүздеген жылдарға 
созылады, ал жасанды жолмен қалпына келтіру – күрделі жұмыстарды жүргізуді қажет етеді. 
Қара алтын қорына бай Семей өңірінің топырақ экологиясын зерттеу-кезегін күтіп тұрған 
мәселе.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғасырдың 
басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі 
реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы 
мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап 
көрсеткен [2]. Семей қаласында өндіріс орындары орналасқан. Сондықтан да мұнда 
экологиялық проблемалар жиі туындап тұрады. Топырақтың механикалық фракциясының 
беткейлі өлшемі және минерологиялық құрамы 1 кестеде көрсетілген. Топырақ экологиясы 
табиғи және антропогендік жағдайлармен тікелей байланысты. 
Қуаңшылық әсерінен жердің тақырға айналуы құмды көшкін табиғат жағдайы әсерінен 
келетін экологиялық проблема болса, мұнай қалдықтары мен топырақтың ластануы, 
топырақтың тұзды сорға айналуы адам қолымен жасалған залал болып табылады. 
Сусымалы құмды Мирный ауданында үнемі құм көшкіні болып тұрады. 
Кесте 1 – Топырақтың механикалық фракциясының беткейлі өлшемі және 
минерологиялық құрамы 
Фракция және 
диаметр, мм 
d бөлшектер 
мм 
1 г – дағы 
бөлшектер 
Жоғарғы беткей 
өлшемі см²/г 
Минералдар 
Ірі құм1,0-0,5 
1,0 
7,1*10² 
21,6 
Кварц, жыныстар 
Ұсақ құм 0,25 – 0,05 
0,1 
7,1*10⁵ 
216 
Кварц дала шпаты 
Орташа құм 
0,01 
7,1*10⁸ 
2160 
Кварц, дала шпаты, слюдалар, 
балшықты минералдар 
Шламдар,≤0,001 
0,001 
7,1*10¹¹ 
21600 
Кварц, балшықты минералдар 
Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, 
құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша – қыртысты 
күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, 
күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық 
(горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты.
Топырақ ешнәрсеге айырбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылым әлі күнге 
дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсімдіктерді 
топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды. 
Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса 
маңызды проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу, сақтап 
қалуға барынша жағдай жасау. Сол себепті осы мәселе тақырыптың өзектілігін айқындайды 
[3]. 
Топырақтың механикалық құрамы. Топырақтың механикалық құрамы оның сулы-
физикалық, физикалық-механикалық, ауалық және жылулық қасиетіне, қышқылдану қалпына 
келу жағдайына, сіңірулік қасиетіне, топырақта азоттың жиналуына әсер етеді. 
Механикалық құрамына байланысты топырақта оны өңдеудің, егістік жұмыстардың 
жүргізілуіне, тыңайтқыш шашу мөлшеріне және ауылшаруашылық өнімдерін себу 
жағдайлары өзгереді: Егер құмды және құмдақ топырақтар жылдам өңделгенмен, оларда 
гумуспен пен ылғал аз болады және олар жел эррозиясына төзімсіз келеді [5]. 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
215 
Аудан жерінен сылақ жұмысы үшін қажет ақ топырақ, тас басу үшін қара және қызыл 
саз, құрылыс құмы (ПГС), кірпіш тас шығаруға қызыл саз көбірек алынуда. 
Семей қаласы Шығыс кенті саз топырақ өте біріккіш және отқа төзімді, әрі тұтқырлығы 
басым. Сондықтанда екі ауылдан алынған топырақты аудан орталығындағы кірпіш зауытына 
апарып, қызыл тас өндіріп шығарады. Жалпы алғанда саз топырақ кірпіш өндірісі үшін 
таптырмас шикізат көзі. Судың біріккіштік қасиетін байқау мақсатында мынадай тәжірибелік 
жұмыс жасалды: сазды суға езіп, еленді. Оны әбден елеп болғаннан соң отқа қойып 
күйдірілді. Ұзақ уақыттан кейін ол кәдімгі қызыл кірпішке ұқсады. Сындырып, уату мүмкін 
болмады. Бұл оның біріккіштік және беріктік қасиетін көрсетеді. Ақ топырақты ерте кездері 
сылақ жұмысы үшін шымтезекпен араластырып үйдің қабырғасын сылаған. Бұндай 
топырақтан соғылған сылақ ұзақ уақыт сақталады. Аудан жерінен қайыршақты топырақ та 
кездеседі. Топырақтың бұл түрі өте таза болады, әрі батпақты жерлердің орнын қайта 
қалпына келтіреді. Сондықтан да асфалтсыз жерлерге қайыршақты топырақ төселеді. 
Қара және қызыл сазды қамысты шөппен илеп, саман тас басу үшін қолданады. 
Құрылыс құмын қайыршақпен араластырып, цементтік қоспаға қосып, тас қалау үшін қажетке 
жаратады [1]. 
Әдебиеттер 
1. Қаженбаев.С. Табиғатты қорғау. − Алматы;1993 ж. − 3-8 б. 
2. Баешов.А.және т.б., Экология негіздері.-Түркістан, 2000 ж. − 12-15 б. 
3. Қабышева Ж.К. Топырақтану / Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2013. − 173бет 
4. Есназарова. Ұ.Ә. «Қазақстанның физакалық географиясын оқыту» әдістемелік құралы. − Алматы: 
2004 ж. 5-6 б. 
5. «География және табиғат» журналы 2005. − № 6. 11-14 б.
6 Панин М.С. Экология почв. Алматы, 2008. − 41-42 л. 
ЭКОЛОГИЧЕСКОЕ СОСТОЯНИЕ ПОЧВ СЕМИПАЛАТИНСКОГО РЕГИОНА 
Г.К. Кабышева, Б.Ж. Имамова, Р.У. Ашакаева, С.К. Мурзалимова


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет