Справочно: в статье в ходе изучения химического состава почв г. Семея в полевой период
были извлечены грунты. В целях сравнения почв с Восточного поселка города был определен
химический состав. В качестве объекта исследования были отобраны пробы почвы от поселка
Восточный. В первую очередь, были выбраны благоприятные условия почвенного покрова данных
объектов.
Загрязнение почв опасно для окружающей среды, так как ядовитые вещества через
питательную цепь поступают из почвы в растительность, из растений на животное, из
животного в организм человека. Все процессы, происходящие в почве в нормальных естественных
условиях, находятся в равновесии, в которых происходит самоочищение. В процессе развития
хозяйственной деятельности человека происходит изменение состава почв, даже разрушение. В
настоящее время каждый человек на планете приходит с земли, которая достигает одного
гектара.
Ключевые слова: среда, природа, почва, проба.
ANALYSIS OF THE SOIL COMPOSITION OF THE EASTERN VILLAGE OF SEMIPALATINSK
M. Nurimanov, G. Kabysheva, A. Mursalimovа, R. Asakeeva
In the article in the course of studying the chemical composition of soils in Semipalatinsk in the field
were extracted soils. In order to compare the soils from the Eastern village of the city, the chemical
composition was determined. Soil samples from the village of Vostochny were selected as the object of
study. First of all, favorable conditions of soil cover of these objects were chosen.
Soil pollution is dangerous for the environment, as toxic substances enter through the nutrient chain
from the soil to the plant, from the plant to the animal, from the animal to the human body. Under normal
natural conditions, all processes occurring in the soil are in balance, and there are processes of spontaneous
purification. In the course of the development of human economic activity, there is a change and even
destruction of the soil composition. Today, every person on the planet has about one hectare of arable land.
Key words: environment, nature, soil, sample.
ISSN 1607-2774
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020
219
ҒТАХР: 65.09.33
А.Д. Рахымжанова, А.Н. Аралбаева, З.Ж. Сейдахметова, Е.Ж. Габдуллина
Алматы технологиялық университеті
ЗІМБІР МЕН ПЕРГА ЭКСТРАКТІЛЕРІНІҢ ОҢТАЙЛЫ АРАҚАТЫНАСЫН ТАҢДАУ
Андатпа: Сығындылардағы антиоксидантты заттардың белсенділігін зерттеу in vitro
жағдайында эритроциттер мембраналарының пероксидті гемолиз дәрежесімен анықталды.
Жұмыста зімбір мен ара нанының антиоксидантты қасиеттерін, сондай-ақ олардың
сығындыларын зерттеу нәтижелері көрсетілген: 40/60 (Композиция 1); 50/50 (Композиция 1); 60/40
(Композиция 1). Сығындылар жасуша мембраналарының зақымдайтын факторға − сутегі асқын
тотығына төзімділігін едәуір арттыратыны атап өтілді. Бастапқы материалдардың қатынасы
бар зерттелген сығындыдан 50/50 жоғары әсер көрсетті. Оның әсері зерттеу барысында
қолданылған барлық концентрацияда айқынырақ болды.
Құрғақ
шикізаттан
алынған
препараттардың
сығындыларын
қолдану
оңтайлы
арақатынасты дұрыс таңдау организмнің қоршаған ортаның агрессивті факторларына бейімделу
белсенділігін арттыру үшін әлдеқайда тиімді екенін көрсетті.
Түйін сөздер: ара наны, зімбір, сығынды, антиоксидантты белсенділік.
Кіріспе. Қазіргі заманда адамзат өмірінде түрлі стресс факторлардың әсеріне душар
болады. Әдетте ағза кез-келген стресс фактор әсеріне уақыт өте келе бейімделуге қабілетті.
Бірақ созылмалы стресс ағзада көптеген бұзылуларға әкеледі. Стресс күнделікті өмір
серігіне айналғандықтан, оның әсерін толық тоқтату мүмкіндігі болмайды. Осы себеппен
стресс бейімделуді жеңілдетуге арналған өнімдер жасау перспективті бағыт болып
табылады [1].
Стрессті төмендетудің әдістерінің бірі адаптогендерді − стресске жақсы бейімделуге
ықпал ететін механизмдерді реттейтін белсенді заттардан тұратын өсімдіктерді және жануар
текті өнімдерді қолдану [2].
Адаптогенді қасиеті бар биологиялық белсенді заттар және қоспалар қолайсыз
экологиялық жағдайда, психоэмоционалдық және физикалық жүктемелердің жоғарылауы,
авитаминоз т.с.с. жағдай кезінде сауықтыру құралы ретінде пайдаланылады [3,4].
Соңғы онжылдықта дүниежүзілік өндіріс тенденциясына байланысты және адам
денсаулығы үшін қауіпсіз табиғи өнімдерді тұтыну қажеттігі туындайды. Сонымен бірге
күнделікті стресс ауыртпашылығын жеңілдету мақсатында амалдарды іздестіру маңызды
мәселе. Соған орай біздің зерттеулеріміздің мақсаты адаптогенді қасиеттері жоғары өнімдер
зімбір мен перганың негізінде биологиялық белсенді қоспа жасап шығару үшін олардың
оңтайлы арақатынасын анықтау.
Зерттеу нысандары мен әдістері. Зерттеу объектісі ретінде перга мен зімбір және
олардың 40/60 (Композиция 1), 50/50 (Композиция 2), 60/40 (Композиция 3) қатынасындағы
экстрактілері алынды. Экстрактілерді әзірлеу үшін шикізатты тазалап, фарфор шыныда
ұсақтап, 50%-дық спиртпен бөлме температурасында экстракциялаймыз. Шикізат пен
экстрагенттің қатынасы 1:9. Экстракциялау уақыты 48 сағат.
Алынған экстрактілердің құрамындағы жалпы антиоксиданттық белсенді заттар
мөлшері және in vitro жағдайында клеткаларға әсері зерттелді.
Жалпы антиоксиданттық белсенді заттар мөлшері ЦветЯуза-01-АА құрылғысының
көмегімен анықталды [5].
Экстрактілердің клеткаларға әсерін зерттеу үшін олардың түрлі концентрацияларында
эритроцит мембраналарының асқын тотықтық гемолизге ұшырау дәрежесі анықталды.
Тәжірибелерде эритроциттер суспензиясы қолданылды. Тәжірибе жасалмас бұрын алдын
ала эритроциттер 20 есе буферлі ерітіндімен сұйылтылып, 37
о
С температурада 5 мин
термостатта қыздырылды.
Эритроциттердiң асқын тотықтық гемолизi (ЭАТГ) Эритроциттердiң асқын тотықтық
гемолизi (ЭАТГ) Мирошина Т.Н., Мурзахметова М.К. т.б. әдісімен анықталды [6].
Эритроциттер 5 есе сұйылтылып, 37
°
С температурада 2 сағат термостатта қыздырылып,
10
мин 1000 g жылдамдықта центрифугада айналдырылды. Сапониннің 0,1г/100 мл
концентрациялы ерітіндісіндегі эритроциттердің толық гемолиз деңгейін 100%-ға бағалап,
сутегі асқын тотығының 1М ерiтiндiсi қолданылып, қанның қызыл клеткасының асқын
ISSN 1607-2774
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020
220
тотықтық гемолиз деңгейі пайыздық қатынаста есептелінді. Оптикалық тығыздығы 540нм
толқын ұзындығында тіркелініп, эритроциттердің асқын тотықтық гемолиз деңгейі формула
бойынша анықталды.
А
=
ε·100
ТГ
ε – тәжірибе үлгісінің экстинкциясы, ТГ – толық гемолиз кезіндегі тәжірибе
экстинкциясы.
Зерттеу нәтижелері және оны талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін антиоксидантты
қасиеттері бар заттардың жалпы мөлшерін анықтау мақсатында жүргізілген анализ
нәтижелері 1- кестеде көрсетілген.
Кестеде көрсетілгендей антиоксиданттық қасиет көрсететін заттар мөлщері перга
экстрактісінде де зімбір экстрактісінде де болатындығы белгілі болды. Оларды
салыстырғанда шамалас деңгейде болатындығы анықталды. Шикізатты түрлі қатынаста
алып экстрагентпен өңдеу кезінде 50:50 қатынасында алынған экстракт құрамындағы
антиоксидантты заттар мөлшері 40:60 және 60:40 қатынастағы экстрактілерге қарағанда 57%
және 48% жоғары болды.
Эритроциттердің асқын тотықтық гемолизге ұшырау дәрежесі организмнің про- және
антиоксидантты тепе-теңдігін бейнелейтін сезімтал көрсеткіш ретінде қарастыруға болады.
Клетка мембранасының біртұтастығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым зақымдаушы заттар
әсеріне төзімді келеді, демек гемолиз дәрежесі төмендейді. Мембрана құрылымындағы
фосфолипидтердің асқын тотығу процессінің қарқындылығы оның біртұтастығына, яғни
клетканың өз қызметін толыққан түрде қызметін атқаруына әсер етеді.
Кесте1 – Зімбір мен перганың әртүрлі аралас экстрактісіндегі антиоксиданттық
белсенділігі бар заттардың жалпы мөлшері, мг/100 г
№
Көрсеткіштер атауы
Антиоксиданттық
белсенділігі
1
Перга экстрактісі
48,89± 0,11
2
Зімбір экстрактісі
46,57±0,09
3
Зімбір мен перганың 50:50 қатынасындағы аралас экстрактісі (Композиция 1)
66,91±0,02
4
Зімбір мен перганың 40:60 қатынасындағы аралас экстрактісі (Композиция 2)
29,37±0,02
5
Зімбір мен перганың 60:40 қатынасындағы аралас экстрактісі (Композиция 3)
35,0±0,01
Эритроциттерді инкубациялау ортасына зақымдаушы фактор ретінде сутектің асқын
тотығының ерітіндісін енгізу кезінде гемолиз деңгейінің едәуір жоғарылайтыны байқалады.
Пайыздық қатынаста ол көрсеткішті 100% деп есептесе, биологиялық активті заттар
қосылғандағы үлгілердің гемолизі осы көрсеткішке қатысты есептелді.
Сурет 1 келтірілгендей, барлық зерттеліп отырған экстрактілердің әсерінен Н2О2
ерітіндісі қосылған үлгілерде гемолиз қарқындылығының біршама төмендегені байқалады.
Онымен қоса, байқалатын заңдылық – экстрактілер әсері толығымен концентрациясына
қарай өзгеретіні анықталды.
Эритроциттер суспензиясына экстрактілерді 5 мкг/мл концентрацияда қосқанда перга
экстрактісінің және композиция 1 әсерінен гемолиз дәрежесі 4% төмендесе, зімбір
экстрактісінің мен композиция 2 әсерінен ол көрсеткіштің 7-8 %, Композиция 3 әсерінен 14 %
түскенін байқауға болады.
10 мкг/мл экстрактілердің әсерінен гемолизге ұшыраған эритроциттер саны перга мен
зімбір әсерінен 10 % және 13 %, Композиция 1, 2, 3 әсерінен 15%, 33% және 25 % кеміді. 25
мкг/мл концентрациясын енгізгенде перга мен зімбір экстрактілерінің құрамындағы
биоактивті заттардың оң әсері гемолиз деңгейінің 15% және 20%, ал композициялардың
антигемолитикалық эффектісі гемолиздің 25 %, 48% және 35% төмендеуімен сипатталады.
50 мкг/мл концентрациядағы перга мен зімбір экстракттарының әсерінен гемолизға
ұшыраған клеткалар санының 28% және 38% қысқарғаны және композициялар әсерінен
45%, 62% және 50 % азайғаны анықталды.
Қорытынды. Сонымен, экстрактілердің зақымдаушы фактор − сутектің асқын
тотығының әсеріне клетка мембраналырының төзімділігін біршама арттыратындығы
байқалды. Зерттелген экстрактілердің ішінде композиция 2 жоғары эффект көрсетті. Оның
әсері зерттеу барысында барлық концентрация шегінде басқаларымен салыстырғанда
жоғары дәрежеде көрінді. Аталған қатынаста антиоксидантты заттардың экстрактіге құрғақ
ISSN 1607-2774
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020
221
шикізаттан бөлініп шығу дәрежесі де едәуір көп болатындығы зерттеу барысында
анықталды.
Абсцисс өсімен: экстракт концентрациясы, мкг/мл; ординат өсімен: гемолиз деңгейі,%
Сурет 1 − Перга мен зімбір экстрактілерінің асқын тотықтық гемолизге қатысты
эритроциттердің төзімділігіне әсерін зерттеу
Әдебиеттер
1. McEwen B.S. The physiology and neurobiology of stress and adaptation, Central role of the brain. Physiol.
Rev. 2009;87:873-9047.
2. McKittrick C.R., Magarinos A.M., Blanchard D.C., Blanchard R.J., McEwen B.S., Sakai R.R. Chronic social
stress reduces dendritic arbors in CA3 of hippocampus and decreases binding to serotonin transporter sites.
Synapse. 2009;36:85–94.
3. Gianaros P.J., Jennings J.R., Sheu L.K., Greer P.J., Kuller L.H., Matthews K.A. Prospective reports of
chronic life stress predict decreased grey matter volume in the hippocampus. NeuroImage. 2009:35:795–
803.
4. Gould E., McEwen B.S., Tanapat P., Galea LAM, Fuchs E. Neurogenesis in the dentate gyrus of the adult
tree shrew is regulated by psychosocial stress and NMDA receptor activation. J.Neurosci. 2017;17:2492–
2498.
5. Аронбаев Д.М. Электрохимические методы и приборы для определения антиоксидантов / Д.М.
Аронбаев, С.А. Мусаева, С.Д. Аронбаев, А.А. Шертаева. − Текст : непосредственный, электронный //
Молодой ученый. − 2017. − № 3(137). − С. 16-24. − URL:
6. Мирошина Т.Н., Мурзахметова М.К., Утегалиева Р.С., Шайхынбекова Р.М., Михалкина Н.И.
Корригирующее влияние индоламинов на состояние мембран эритроцитов при действии ионов
кадмия // Вестник КазНУ. Сер.биол. – 2002 . № 3. – С.80-86.
ВЫБОР ОПТИМАЛЬНОГО СООТНОШЕНИЯ ЭКСТРАКТОВ ИМБИРЯ И ПЕРГИ
А. Рахымжанова, А. Аралбаева, З. Сейдахметова, Е. Габдуллина
Достарыңызбен бөлісу: |