Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет129/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   199
Байланысты:
pub2 167

түрі анықталды. Олар өсімдіктердің мына тұқымдастарының – раушангүлділер, бұршақгүлділер, 
күрделігүлділер, лалагүлділер, қалампырлар, шатыршагүлділер және ерінгүлділер өкілдерін 
тозаңдандырады.  
Түйін 
сөздер: 
бунақденелілер, 
өсімдіктер, 
тозаңдандырушылар, 
қаттықанатты 
бунақденелілер. 
Бунақденелілердің табиғаттағы әрекеттерінің бірі – гүлді өсімдіктерді тозаңдандыру. 
Қорек ретіндегі тозаң және шырын үшін бунақденелілер гүлді өсімдіктерге жүйелі қонады. 
Сондықтан, 
бунақденелілердің 
өсімдіктерді тозаңдандыруда 
маңызы өте жоғары. 
Бунақденелілердің 
арасында 
өсімдіктерді 
тозаңдандыратын 
басты 
топтарға 
жарғаққанаттылар, қосқанаттылар, қабыршаққанаттылар және қаттықанаттылар жатады.
Қазақстан аймағында өсімдіктерді тозаңдандыратын бунақденелілердің әртүрлі 
отрядтары бойынша көптеген мәліметтер, еңбектер бар [1-3]. Ғылыми әдебиеттерге шолу 
нәтижелері 
барысында 
Семей 
өңірінің 
гүлді 
өсімдіктерін 
тозаңдандыратын 
бунақденелілердің түрлік құрамы бойынша мәліметтердің аздығы байқалды. Осы себепті, біз 
ғылыми жұмысымызға жоғарыда келтірілген мәселелерді негіз етіп алып отырмыз. 
Зерттеу 
жұмысымыздың 
мақсаты 
– 
Семей 
аймағында 
гүлді 
өсімдіктерді 
тозаңдандыратын қаттықанатты бунақденелілердің түрлік құрамын анықтап, түрлердің 
экологиялық ерекшеліктеріне сипаттама жасау. 
Зерттеу жұмыстарына материалдар Семей өңірінің әртүрлі биотоптарында 2019 және 
2020 жылдың жылы мезгілдерінде жинастырылды. Қаттықанаттылардың түрлерін анықтау 
үшін бунақденелілер бойынша әртүрлі анықтағыштар мен еңбектер пайдаланылды [4-6]. 
Сол сияқты, қаттықанатты бунақденелілер көмегімен тозаңданатын өсімдіктердің де түрлері 
арнайы еңбектермен, анықтағыштармен анықталынды [7-8]. 
Зерттеу нәтижелері. Қаттықанаттылар немесе қоңыздар – бунақденелілердің саны 
жағынан ең үлкен тобы болып табылады. Көптеген қоңыздар қоректену типі бойынша аралас 
қоректену мен жыртқыштық кездеседі. Сонымен қатар, жиі сапрофагтар, копрофагтар және 
некрофагтар да кездеседі. Қаттықанаттылардың фитофагтар ретінде рөлі өте жоғары. 
Себебі, олар қоректену барысында өсімдіктердің тозаңдануына да қатысады. Зерттеу 
жұмысының барысында гүлді өсімдіктерді тозаңдандыратын қоңыздардың түрлік құрамы
анықталды. Төменде олардың тізімі мен қысқаша сипаттамасы берілді (кесте 1). 
Тақтамұртты 
қоңыздар 
Scarabaeidae 
тұқымдасы. 
Бұл 
тұқымдасқа 
жататын 
қоңыздарда жалпы алғанда антофилия нашар байқалады.
1. Алтынтүсті қолақоңыз Cetonia aurata гүлдерге келіп, оған жиі қонушылардың бірі 
(сурет 1). Мамыр айының соңы мен тамыз айының басында 19 түрлі өсімдіктердің гүлдерінде 
осы түр өкілдерін байқауға болады. Маусым айында және шілде айының бас кезінде бұл 
қолақоңыз өте көп мөлшерде тіркелді. Шілде айының 10-нан кейін қоңыздардың саны күрт 
төмендеді. Бұл қоңыздар ірі және жартылай ашылған гүлдерді зақымдайды. Келесі 
өсімдіктердің гүлдерінде: кәдімгі мойыл, Алтай доланасы, қандауыр жолжелкен, кәдімгі 
сурепка, татар үшқаты, кәдімгі шәңкіш, түйнекті фломис, шәйқурай тобылғы, сібір шетені, 
түйінді валериана, егістік қарамық, қотыр раушан, қызғылт жуа, біржылдық күнбағыс, еңкіш 
түйетікен, қатаңқабық гүлкекіре, тақыржеміс шоңойна, жабайы сәбіз, кәдімгі сарықалуенде 
кездесті. 
2. Сасық қолақоңыз Oxythyrea funesta. Мамыр айының соңы мен маусым айының соңы 
аралығында кездесті. Келесі өсімдіктердің гүлдерінен байқалды: қандауыр жолжелкен, 
тышқан сиыржоңышқа, түйнекті фломис, қара жеміс ырғай, қотыр раушан, сібір шетені,
күйдіргі сарғалдақ, кәдімгі нивяник, ақ беде, түйінді валериана, атқұлақ қымыздық, егістік 
қарамық, еңкіш түйетікен, киіз шоңойна, қатаңқабық гүлкекіре, жабайы сәбіз, кәдімгі 
түймешетен. Қоңыздар кәдімгі сирень, ақ беде өсімдігінің гүлдерін зақымдайды. Басқа 
өсімдіктердің генеративті мүшелерінің зақымдалуы байқалған жоқ. 
3. Trichius fasciatus маусым айында жалпақжапырақты көкбас, қандауыр жолжелкен, 
кәдімгі көкбасгүл өсімдіктерінің гүлдерінде кездескені байқалды (сурет 2). 
Кішкене қоңыздар Malachidae тұқымдасы. Бұларда антофилия жоғары дәрежеде 
байқалды.
4. Жасыл кішкене қоңыз Malachius viridis. Қоңыздардың бұл түрлері өсімдіктердің 
гүлдеріне ең тұрақты келушілер. Жаз бойы келесі өсімдіктерден жинастырылды: алқызыл 
долана, қоңыраугүл, күйдіргіш қалақай, итмұрын, крената тобылғысы, астық тұқымдас 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
237 
өсімдіктерінің түрлерінде, егістік қарамық, сұр жусан, атқұлақ қымыздық, Алтай астрасы, биік 
андыз, сарбас жоңышқа және шатырлы саршатыр (сурет 3). 
5. Қостүсті кішкене қоңыз Malachius bipustulatus. Мамыр айының соңы мен шілде 
айының соңында әр түрлі өсімдіктерден жиналды: Алтай доланасы, иісті сылдыршөп, Алтай 
астрасы, астық тұқымдас өсімдіктерінің түрлерінде, егістік қарамық, дәрілік түймедақ және 
түйінді валериана. 
6. Кішкене қоңыз Malachius аеneus. Алдыңғы екі түрге қарағанда сирек кездеседі. Бұл 
қоңыз Алтай астрасы, шәйқурай тобылғыда және астық тұқымдасының өкілдерінде тіркелді. 
Зерқоңыздар Buprestidae тұқымдасы. Сүректі өсімдіктердің зиянкестері болып келеді. 
Антофилия сирек жағдайда кездеседі. Біздің зерттеуіміз кезінде өсімдік гүлдерінде бір түрі 
тіркелді.
7. Acmaeoderella flavofasciata tschitscherini кәдімгі мыңжапырақ өсімдігінен кездесті. 
Қанқыз қоңыздары Coccinellidae тұқымдасы. Ересектері мен дернәсілдері бітемен 
қоректенетін жыртқыштар болып келеді. Егерде қоңыздарды гүлдерден кездестірсек бітенің 
бар екендігін білдіреді. Бірақ, олардың кейбір түрлері гүлдің тозаңымен қоректенетіндігі 
анықталды.
8. Жетінүктелі қаңқыз Coccinella septempunctata. Дала жоңышқасы, кәдімгі 
сарықалуен, ащы жусан, тақыржеміс шоңойна, жалаң мия өсімдіктерінің гүлдерінде 
кездеседі. Жалпы Coccinella туысына жататын түрлерін гүлдерден аз мөлшерде кездестіруге 
болады. Дегенмен, олардың дернәсілдері де гүлдің тозаңдарымен қоректенеді.
9. 14 нүктелі қанқыз Coccinella quatuordecimpustulata. Шілде айының соңы мен тамыз 
айының ортасына дейін ащы жусан, Каспий андызы, шатырлы саршатыр, далалық 
шырмауық, кәдімгі сарықалуен, егістік пастернак өсімдіктерінің гүлдерінде өте көп мөлшерде 
кездесті. 
10. Coccinella divaricata. Жаз мезгілінде бухтарма либанотис өсімдігінің гүлінде 
тіркелді. 
Жіңішкеқанаттылар Oedemeridea тұқымдасы. Oedemera туысына жататын бір ғана 
түрі өсімдік гүлдерінде тіркелді.
11. Жасыл жіңішкеқанатты қоңыз Oedemera viridis маусым айының ортасы мен шілде 
айының соңына дейін қотыр раушан, кәдімгі нивяник, Британ андызы, егістік қарамық, дала 
жоңышқасы, шатырлы саршатыр кәдімгі түймешетен, кәдімгі мыңжапырақ өсімдіктерінде 
байқалды. 
Тозаңқоректі қоңыздар Alleculidae тұқымдасы.
12. Cteniopus flavus мамыр айы мен шілде айының соңында алқызыл долана, татар 
үшқаты, кәдімгі шәңкіш, егістік қарамық, сібір балдырғаны өсімдігінің гүлдерінде кездесті. 
Алагүлік қоңыздар 
Meloidae
тұқымдасы. Дернәсілдері басқа бунақденелілердің 
паразиттері, ал ересек қоңыздар жапырақ және шөптермен қоректенеді. 
13. Төрт нүктелі алагүлік қоңыз Mylabris quadripunctata нағыз қызылбояу, шатырлы 
саршатыр өсімдігінің гүлдерінде тіркелді (сурет 4). 
14. Өзгермелі алагүлік қоңыз Mylabris variabilis келесі өсімдік гүлдерінде байқалды: 
сібір балдырғаны, шатырлы саршатыр. 
15. Кішкене гүл алагүлік қоңызы Hycleus atratus кәдімгі мыңжапырақ өсімдігінің гүлінде 
байқалды.
16. Жіңішке мұртты алагүлік қоңыз Cerocoma schreberi. Шатырлы саршатыр және сібір 
балдырған өсімдігінен тіркелген қоңыз түрі. Оның ас қорыту жолы тозаң, күлте 
жапырақшалары мен жапырақтарға толы болатыны ғылымға белгілі.
Ұзынмұртты қоңыздар Cerambycidae тұқымдасы. Өте кең таралған бұл тұқымдастың 
кейбір туыстарында ғана антофилия жақсы байқалды. Олар Acmaeops, Strangalia, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет