-Балалар қазір көңіл күйге байланысты бір ойын ойнайық. Мен сендерге көңіл күйге байланысты сұрақ қоямын, ал сендер бет әлпеттеріңмен, ыммен білдіресіңдер.
-Балалар сендер қалай ойланасыңдар? (ойланып тұрады)
-Қорыққанда не істейсіңдер? (үрейленеді)
-Қалай ашуланасыңдар? (қабақ шытады)
-Ренжігенде ше? (бұртияды)
-Таңғалғанда ше? (көздерін бақырайтып таң қалады)
-ұялғанда ше? (сызылады)
-Ал, қалай қуанасыңдар? (алақай деп өз эмоцияларын білдіреді)
Негізгібөлім: Балалар осы керемет көңіл – күймен ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастаймыз.
Балалар қазір біз үш топқа бөлініп үстел үстіндегі ойын тапсырмаларын орындаймыз, ол үшін мына сиқырлы қорапша ішіндегі пішіндерді қолмен сипап сезу арқылы қандай пішін екенін атап, сосын мына кедергілерден өтіп, қолдарыңдағы пішінге сәйкес үстелге отырамыз