Бас редакторы: Даукенова Айдана


ТӘУЕЛСІЗДІК – БАСТАУЫ БАР БАҚЫТЫҢ



бет4/48
Дата22.04.2022
өлшемі1,72 Mb.
#140396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Жаркын болашак
formUDO

ТӘУЕЛСІЗДІК – БАСТАУЫ БАР БАҚЫТЫҢ


Темиртау қаласы 10 ЖББМ КММ


Тарих пәнінің мұғалімі

Сыдыкова Жулдызай Тасболатовна


Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, құндылығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел бостандығы. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.


«Теміртау қаласының №10 ЖББМ» КММ 2021-2022 жылы Тәуелсіздікке орай көптеген іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар мен жобалардың басты мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ұғыну арқылы қазақстандықтардың патриоттық сезімін күшейту.
«Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты сынып сағаттары 1-11 сынып аралығында өткізілді. 5-11 сыныптар арасында «Если бы я был президентом» тақырыбында видеоклип түсірілді. «Елбасы және ел тәуелсіздігі» тақырыбында эссе сайысы орын алды. Қараша-желтоқсан айларында «Дәуірдің дара тұлғасы», «Қазақстан Республикасының Президенті» әдебиеттері көрмесі өткізілді. Онымен қоса, мұғалімдер арасында «Слет Адал Ұрпақ» қалалық байқауға қатысқандар марапатталды. 2021-2022 оқу жылында «Жас Ұлан» «Жас Қыран» Жасөспірімдер мен балалар ұйымы құрылды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің – 30 жылдығына орай өткізілген «Жас Ұлан, Жас қыран» бірыңғай жасөспірімдер мен балалар ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді.
«Жас ұланның» міндеттері: Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтыңбойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жатқан жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет