Бас редакторы: Даукенова Айдана



бет8/48
Дата22.04.2022
өлшемі1,72 Mb.
#140396
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
Байланысты:
Жаркын болашак

Информатика пәнінен оқушылардың білімін тексеруге арналған тапсырмалар арқылы шығармашылықтарын дамыту. Оқушылардың ой-өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім сапасының мейлімше өсуіне оқушылардың қаблетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор. Мен өз тәжірбем арқылы, сынып оқушыларының білім дәрежесіне қарай оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетіндігіне көзім жетіп келеді.Саралап оқытудың көп пайдасы бар.Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді.Әрбір деңгейдегі бала білуге құмарта түседі,
1 – денгейден 2-деңгейге, 2–денгейден 3-деңгейге өтуге талпыныс жасайды.
Мұндағы мақсатым – өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушыны тәрбиелеу.Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлануын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына көмектеседі.Әр оқушы кемінде мемлекеттік деңгей алуына кепілдік береді.
Аталған жаңа бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді.Ол үшін сабақтың соныңда жиналған ұпайларына сәйкес нүктені оқушы өзі «даму мониторингі» бетіне, белгілеуі тиіс.Және осы ұпайға сәйкес бағаны сынып журналына қойып отыру керек.Бұл жағдайда әр оқушы әр тақырып бойынша бағаланады.Ал ұстазға сабақтан тыс уақытта оқушымен жеке жұмыс істеуі үшін үлгерімі төмен оқушыға қажет тақырыпты анықтауына және оқу сапасын көтеруіне мүмкіндік туады.
Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін:

  • информатика сабағында оқушылардың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу;

  • берілген тапсырмалардың тәсілдерін біліп, оны ұғыну;

  • қосымша әдебиеттер оқып, білім деңгейін толықтыру;

Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында ойын элементерін пайдалану.
Информатика пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының бірі – практикалық (қолданбалы) мақсаты.Бұл оқушыларды практикалық қызметке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау болып табылады
Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік бақылау және қосымша тапсырмалардың, пысықтау сұрақтарының және қызметты есептердің жиынтығы болып табылады. Мұндағы жұмыстар әр сыныптағы информатиканы оқытудың жалпы тақырыптық жоспарына сәйкес жазылуы тиіс. Оқу құралы мұғалімнің жазба жұмыстарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсету және оқушылардың біліміне, біліктілігіне, дағдысына қойылатын талаптардың бағдарын анықтауға мүмкіндік жасай алады. Дидактикада оқу әдістемелік кешенінде нақты пән бойынша бағдарламада көрсетілген білімді меңгеруге және тәрбиелік міндеттерді неғұрлым толық іске асыру мақсатында құрылатын және оқушылардың жеке басының дамуына жәрдемдесетін дидактикалық оқу құралының жүйесін түсіндіреді. Бұндай кешенді оқулық басты рөл атқарады.
Оқу әдістемелік кешеніне мыналар жатады:

  • Жұмыс дәптері;

  • Мұғалім үшін әдістемелік материалдар;

  • Оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін дидактикалық материалдар;

Жұмыс дәптерінің міндеті – бағдарламада берілген оқу материалдарының мазмұны мен көлемін бөлшектеп алу және білім беруді жүйелеу болып табылады. Оқушылардың әр қайсысына жұмыс дәптерін тарата отырып, олардың білімін өтілген материалдар бойынша қаншалықты игергенін тексеріп, бағалау өте тиімді әдіс болып саналады.Жұмыс дәптері оқушылардың білімін, өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттырып, өтілген материалдарды пысықтауға, бекітуге және оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруына көмектесіп, оқушылардың білімдерін тексеруге арналып жасалынады. Орта мектепте жұмыс дәптерін қолдану оқушылардың шығармашылық белсенділіктеріне сәйкестенділіліп, олардың жас екершеліктерін ескеріліп жасалынуы тиіс. Жұмыс дәптерінде ұсынылатын қосымша тапсырмалар және сұрақтар өте анық, түсінікті, оқушылар ой тұжырымдарын жасауға ыңғайлы болуы тиіс.
Қазіргі кезде қазақ тілінде информатика пәніне арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдардың тапшылығы белгілі.Информатика пәні сабақтарында оқушылардың қызығушылықтарын дамытуға арналған дидактикалық материал ретінде осы жұмыс дәптерін, деңгейлік тапсырмалар қолданудамыз.
Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылар нені үйренді?

  • оқушы өзінің білімі мен біліктілігін оқу процесінде меңгергенің көрсетеді;

  • оқушының өз бетінше білім алу дағдысын қалыптасады;

  • жеке тұлға тұрғысынан қарағанда оқушы өзінің жеке білімін жасауды үйренеді;

  • кез-келген дағды мен білік ол практикада немесе теорияда болсын оқушының меңгерген іс-әрекетінің әдісі болады;

  • оқушы бос уақытын тиімді пайдалана алады;

Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау.Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады.Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Оқушының дамына әсер етуші әлеуметтік фактор негізінде оқушы, мұғалім, ата-ана, басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс.Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымана зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет