Үйтапсырмасын тексеру. Тоника және басқыштары мен құрылуы.
Тоника (гр tonos- дауыстың жоғарылауы, күшейту, негізгі мағынасы қатайту) – Ладтың басты тұрақты дыбысы. Ол әуеннің соңында немесе бір бөлімінде тұрса аяқталғандық сезім тудырады. Тональдікте тоника I басқыш.
№1 жаттығу 2/4 дирижерлап әндету.
Ойлантап. «Тоника» сөзінен құралған сөзжұмбақты шешу.
Музыкалық шығармаларда кездесетін музыкалық үзіліс.
Жаңасабақ. До мажор тональдігі. Оның тұрақты, тұрақсыз және енгізбе дыбыстары.
Жалпы тональдік дегеніміз тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі.
Ал мажор – (ит Maggiore, фр majeur, лат. Major – үлкен) тұрақты дыбыстары (I.III.V) үлкен (мажорлық) үшдыбыстық құратын лад. Мажор көңілді болып келеді. Мажордың параллелі минор.
До мажор тональдігі- 1 октаваның до мен 2октаваның до дыбысы аралығындағы дыбыстар.
До мажордың тұрақты дыбысы I.III.V басқыштары, яғни до-ми-соль дыбыстарын құрайды. Ал тұрақсыз дыбысы II.IV.VI.VII басқыштар, олар ре-фа-ля-си дыбыстары. . Тұрақсыз дыбыстар тұрақтыға шешіледi. Тұрақсыз дыбыстардың іші боялып жазылады.