Бас редакторы: Даукенова Айдана


ОРТА МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ



бет13/48
Дата22.04.2022
өлшемі1,72 Mb.
#140396
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
Жаркын болашак

ОРТА МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ


ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Шымкент қаласы Абай ауданы Сабыр Рақымов атындағы №53


Жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі

Жұмагул Назерке Байназарқызы


ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасымыз Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарында барлық білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандыру мен электрондық оқытуды жаппай енгізу бағдарында білім беруді түбегейлі жаңартудың басым бағыты болып электрондық оқыту деп атап айтқаны белгілі.


Физика курсы әрқашан өте күрделі, қабылдауы оңай емес біршама ұғымдардан тұратындығы белгілі. Ғылым дамуының жылдам қарқыны мұндай ұғымдардың, айғақтардың, идеялар мен заңдылықтардың ұлғаюына әкеледі. Мектеп оқушыларымен қатар жоғары оқу орнының студенттері үшін де ғылыми- зерттеу орталықтары мен өндірісте қолданылатын қондырғыларда орын алатын аса күрделі құбылыстарды елестетіп, олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіру көптеген қиындықтарды туғызады. Осындай қиындықтардан шығуда ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады.

Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үдерісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.


Физика пәні техникада, қоғамды компьютерлендіруде, өндірісті автоматтандыруда маңызды ғылым болғандықтан жастарды тәрбиелеуде, қабілеттерін дамытуда алатын орны ерекше. Қоғамның дамуымен пайда болған жаңа физикалық ұғымдар білім алушының қабылдауына еніп, оларды шығармашылық қолданып және өзінің практикалық қызметінде жетістіктерге жетуі үшін физиканы оқыту әдістемесін үздіксіз дамытып отыруды қажет етеді.
Білімді ақпараттандыру саласындағы тұжырымдарға қорытынды жасай келе, білім беру саласындағы ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы мен әдістерін атап өтсек:

  • білім алушы үшін пәндік қиыншылықтар ығыса түседі;


  • білім алушы компьютер қолданылған сабақтарға көбірек қызығып, олармен жұмыс істегенде өздерін ыңғайлы сезінеді;

  • білім алушылар арасындағы қатынастың сипаты өзгереді;

  • өзіндік жұмыс жасай алу қабілеті мен компьютердің де мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алу қабілеті артады;

  • компьютерлік желіде жұмыс істегенде әдептілік, жауапкершілік дағдылары қалыптасады, басқа адамдардың ұстанымын ескере отырып, өз мінез-құлқына ие бола алады.

Қазіргі білімді ақпараттандыру саласы дамыған қоғамда физиканы оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында, жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы зор.

Электрондық-білім беру ресурстарының түрлерін классификацияласақ:





    1. Тесттік бақылау бағдарламалары. Бұл білім беру саласындағы электрондық оқу құралдарының ішіндегі көп қолданыстағы түрі, мұнда білімалушы тесттің жауабын таңдау арқылы жауап береді. Тесттің тапсырмасы экранда шығады, компьютер білім алушылар жауабын, уақытын тағы басқабелгілеп алады.Соңынан білім алушының алған бағасын (балын) экранда көрсетеді.

    2. Электрондық анықтамалық жүйелер (ЭАЖ). Мұндай жүйелерде негізінен классикалық энциклопедиялар сақталады. Мысалы, американдық«Britania», ресейлік «Үлкен советтік энциклопедия», классиктердің шығармаларының жинағы, техникалық, физикалық анықтамалар тағы басқа«Физика А-дан Я-ға дейін» библиографиялық анықтамасы, Физикалық энциклопедия (5-том) тағы басқа

    3. Тренажерлар. Бұл бағдарламалар, белгілі бір жүйе бойынша білімалушыларға тапсырмалар береді, орындалған тапсырманың нәтижесін қадағалайды. Тренажерлар, үлкен көлемдегі ақпаратты есте сақтауда, белгілі бір іс-әрекетке дағдыны қалыптастыруда пайдалы.

    4. Виртуальдық лабораториялық кешендер. Эксперимент жүргізу немесе тақырып материалымен танысу, физикалық, математикалық және тағы басқа ғылымдардың нақты заңдары экрандық

«виртуальдық» әлемде орындалады.Мұның негізгі ерекшелігі білім алушы экранда таңдап алған экспериментті орындап, уақытты жылдамдатып немесе баяулатып, обьектінің парметрлерінөзгертіп, параметрлердің мәндерін өлшеп және графикалық бейнесін ала алады.
Виртуальдық лабораториялық кешен (ВЗК) - бағдарламалық-ақпараттық ортаның тұтастығы болып табылады. Ол оқу әрекетінің көріністерін жүзеге асыратын, арнайы дайындалған білімнің, белгілі бір құрылыммен жасалған ақпаратпен тапсырмаларды меңгеру мен бекітуден құралған компьютерлік бағдарламалар жүйесі.
Виртуальдық лабораториялық кешендерді пайдаланып оқытудың артықшылықтарын атасақ: - білім сапасын арттырып, көптеген оөушыларға бір
мезгілде сабақ жүргізу мүмкіндігі; практикалық және лабораториялық жұмыстарды орындау барысында алынған білімдер мен дағдылардың біртіндеп
қалыптасуы; практикалық кешендер мен бақылау тапсырмаларын қолданып,білім деңгейі мен дағдылардың бекітілуі.Бұл кешендер арқылы кез келген сандық-құрылымдық параметрлерінөзгерте отырып өлшеу жұмыстарын атқаруға, графиктері мен схемаларды құрастыруға, талдау жасауға, осциллограммаларын алуға, көруге болады.Оларды білім алушылар қолданып, өздерінің физикалық білімдерін тереңмеңгеруде жүзеге асыруда.

    1. Компьютерлік оқыту ойындары. Бұл білім алушыларға ойын түріндебілімді меңгеруге мүмкіндік беретін бағдарлама. Физика сабағында компьютерді әртүрлі оқыту бағдарламаларынан бастап эксперимент барысын басқаратын, түрлі құралдардағы деректерді жинақтайтын жүйе ретінде эксперименттерде пайдаланумен аяқталатын, түрлі амалдармен қолдануғаболады. Осы аталғандардың барлығын жүйелеп, электронды оқулыққа жинақтап физиканы оқытуда тиімді қолдануға болады. Бұл электронды оқулықтарды қолданудың басты ерекшеліктері болып табылады.




Бөлім:

8.3А Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде

Педагогтің аты-жөні:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет