Бас редакторы: Даукенова Айдана



бет12/48
Дата22.04.2022
өлшемі1,72 Mb.
#140396
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
Байланысты:
Жаркын болашак

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. К.Киматова «Сольфеджио оқыту әдістемесі»

  2. М.Гайсина «Сольфеджио, музыка теория негіздері»

  3. И. Способин «Элементарная теория музыки»

  4. Б.Калмыков. Г.Фридкин Сольфеджио 1 часть



ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ


Ақтобе қаласы

«Ақтөбе мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»


«Геолог» мәдениет үйі

«ШОЛПЫ» қыз балалар клубының жетекшісі Акжигитова Бибигуль Жаксибаевна


«Қыз – өріс, ұл-қоныс» деп білгендіктен қазақ өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген.
«Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруды парыз санайды. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып,
«Қызға қырық үйден тыйым» жасайды. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата- бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының:
«Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін
халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ», – деп айтқан.
Сонымен қатар Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Бiз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сiңген, бүгiнде тамырымызда бүлкiлдеп жатқан iзгi қасиеттердi қайта түлетуiмiз керек» деген еді.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің көпшілікпен жұмыс және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, «Шолпы» клубының идея авторы әрі жетекшісі – Алмагүл Сарыбай Сүндетқызы 2012 жылы 2 наурызда музей жанынан құрылып, жұмыс жасап жатқан «Шолпы» қыздар клубының идея авторы, әрі жетекшісі. Биыл 10-шы жыл жұмыс жасауда.
Ақтөбе облысы бойынша аудандар мен қала мекептерде, колледждерде, ЖОО-да сонымен қатар, 2020 жылы Ақтөбе қалалық
«Геолог» мәдениет Үйінде «Шолпы» қыз балалар клубының тұсауы кесіліп, жұмыс жоспары бойынша шаралар өткізіп, «Шолпы» қыз балалар ән ұранын Үлгілі «Мұрагер» вокалдық тобының мүшелерінің орындауында
«Шолпы» қыз балалар клубының гимінінің тұсауы кесілді. Гимннің сөзін жазған: Жібек Абдуллина, әнін жазған:Орынгүл Исмағұлова, орындаған: «Геолог» МҮ Үлгілі «Мұрагер» вокал тобының мүшелері Адия Қожамырза, Еркеназ Жалмуханова, Аруна Қожамырза,
Акерке Мұрат, Назерке Сағидолла ән ұранды нағышына келтіріп шырқады.
«Шолпы» қыз балалар клубының мақсаты: Қыздарды әдемілік әлемінің сұлулығын көзбен көре, жанмен түсіне білуге, сұлулық сырын тілмен жеткізе, көңілге тоқи білуге, зерделі болуға үйрету. Қазақ қызының бойындағы дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік, ептілік сияқты жан- жақты ұлттық асыл қасиеттерді бойға сіңіру. қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Осы мақсатта «Геолог» мәдениет үйінде қыз бала тәрбиесіне байланысты облыстық «Шолпы» қыздар клубымен бірлескен жылдық жоспар
бойынша игі іс-шаралар облыс,қала бойынша жоспарлы өтеді. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, қоғам және де бүкіл ел жауапты болу керек.
Ал, қазір жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Соңғы кезде бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала мен ер бала тәрбиесіне қоғам кінәлі деген сөз жиі айтылады.
Ал осы қоғам сіз бен бізден, ата-аналар мен ұстаздардан, тәрбиешілерден құралмай ма? Қазір таңда тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Шынында мына заманда қыз бала тәрбиесіне бейтарап қарауға болмайды. Баланы сәт сайын қадағалап, қазіргі заман талабы мен тәрбилеп, білімді болуына, үлкенді сыйлауға,кішіге қамқорлық жасауға, жүріс тұрысын бақылап отыру қажет. Бала тәрбиесі мектеп кезінде ғана емес, мектеп жасына дейін де, одан кейін де басты назарда болуы шарт. Үйдегі бір — екі баланың тәрбиесімен айналыса алмасақ , онда қандай ата
— ана болғанымыз. Ал мұғалімдердің қарауында қаншама оқушылар бар. Олардың әрқайсысының мінездеріне, еркеліктеріне төзіп, олардың әрқайсысына білім мен тәрбие берудің өзі оңай емес. Білім мен тәрбие егіз ұғым. Кейбір ата — аналар
«Бала тәрбиесіне ұстаздар жауапты, олар сол үшін айлық алады» деп бар жауапкершілікті мұғалімдердің мойнына арта салады.
Біздің халықта ежелден келе жатқан ұғым – тәлімде өнегелі қыздың ер жетіп өсуі ата — анаға және оның тәрбиесіне байланысты. Данышпан ақын Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білек» деген еңбегінде « Қызға үлгі көрсет, ерлік ізгілікті басшылықа ала отырып, әдеп пен инабаттылықты үйрет. Сұрағанын бер, көз алдыңнан таса қылма, мықтап күзет. Мезгілі жеткенде тұрмысқа бер» дей келе қыз баланың барлық талап – тілегін орындау арқылы қатал ұстауды міндеттеген.
Өмірдің бар қызығы бала деген. Өміріміздің қызығы — балаға дұрыс тәрбие бере алмасақ, оның келешегіне де үміт артпай — ақ қояйық. Күндіз – түні тынбай еңбектенсеңіз мол ақша табуыңыз мүмкін, ал есейген балаңыздың бойына сіңіре алмаған тәрбиені күндіз қолыңызға шырақ алып іздесеңіз де таппайсыз. Сондықтан да басты назарды бала тәрбиесіне аударайық. Ағашыңыздың жемісін жегіңіз келсе, шыбық кезінде дұрыстап қараңыз. Сонда ғана еңбегіңіз еш кетпейді.
«Қызым үйде, қылығы түзде» дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, үлгі — өнеге көрсету қажет. Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді.
«Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген, ел сенімін ақтап, болашақ ана болар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, тәрбиелі, инабатты, сыпайы, әдепті қыз бала тәрбиелеу ұлы парызымыз
деп білейік. «Шолпы» қыз балалар клубын ашу мақсатым, қыз балалар тәрбиесіне өз үлесімді қосу менің Парызым деп санаймын !!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет