Бас редакторы: Даукенова Айдана



бет10/48
Дата22.04.2022
өлшемі1,72 Mb.
#140396
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Байланысты:
Жаркын болашак

Сабақтың жүрісі.



    1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабақ құралдарын тексеру. Сабаққа әзірлеу.

    2. Сергіту сәті: Дауысқа жаттығу жасау. Гамманы әндету, 2/4 өлшемде дирижерлау. Жартылық, ширектік, сегіздік ноталармен әндету.



    1. Үй тапсырмасын тексеру. Тоника және басқыштары мен құрылуы.

Тоника (гр tonos- дауыстың жоғарылауы, күшейту, негізгі мағынасы қатайту) – Ладтың басты тұрақты дыбысы. Ол әуеннің соңында немесе бір бөлімінде тұрса аяқталғандық сезім тудырады. Тональдікте тоника I басқыш.
№1 жаттығу 2/4 дирижерлап әндету.

    1. Ойлан тап. «Тоника» сөзінен құралған сөзжұмбақты шешу.

  • 2 ширектіктен құралған нота ұзақтығы

  • 1 дыбыстың келесі сегізінші басқышта қайталануы

  • 4 үлестен тұратын нота ұзақтығы

  • 1-3 сызыққа дейінгі дыбыстарда оң жағында жоғары, 3 сызықтан бастап сол жағында төмен қарай орналасқан таяқша

  • 2 сызықтан басталып жазылатын бірінші октаваның соль дыбысын білдіретін кілт

  • Музыкалық шығармаларда кездесетін музыкалық үзіліс.

    1. Жаңа сабақ. До мажор тональдігі. Оның тұрақты, тұрақсыз және енгізбе дыбыстары.

Жалпы тональдік дегеніміз тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі.
Ал мажор – (ит Maggiore, фр majeur, лат. Major – үлкен) тұрақты дыбыстары (I.III.V) үлкен (мажорлық) үшдыбыстық құратын лад. Мажор көңілді болып келеді. Мажордың параллелі минор.
До мажор тональдігі- 1 октаваның до мен 2октаваның до дыбысы аралығындағы дыбыстар.

    • Тоникасы До

    • Кілттік белгі болмайды.

    • Параллельді тональдік ля минор

    • Тоникалық үшдыбысы До ми соль

До мажордың тұрақты дыбысы I.III.V басқыштары, яғни до-ми-соль дыбыстарын құрайды. Ал тұрақсыз дыбысы II.IV.VI.VII басқыштар, олар ре-фа-ля-си дыбыстары. . Тұрақсыз дыбыстар тұрақтыға шешіледi. Тұрақсыз дыбыстардың іші боялып жазылады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет