Көрнекіқұралдар: Жануарлардың атрибудтары. Ертегіні сахналауға керекті заттар. Қима суреттер.
Әдіс-тәсілі:Тосын сәт, ертегіні әңгімелеу, түсіндіру, сахналау, үстел-үсті ойыны. Сұра-жауап.
Кіріспе бөлім:Шаттық шеңбері: Күлімде күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
Тосын сәт: Есік қағылып музыка әуенімен қоян қонаққа келеді.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге ертегілер әлемінен қонаққа келдім. Сендер мен туралы не білесіңдер?
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе қоян! Қош келдің төрлет! Балалар бұл қандай аң? Ол немен қоектенеді?
Қоян: Балалар сендер мен туралы және аңдар туралы қандай ертегілерді білесіңдер? Балалардың жауаптары.
-Ал, енді осы жануарлар туралы ойын ойнайық. Қимылды ойын: «Бұл қай аңның жүрісі?»
Шарты: Жұмбақ жасырылады. Жұмбақ шешуін балалар қимыл-қозғалыспен, әр аңның жүрісін әуен ырғағымен салып көрсетеді.
1.Бал іздеп бір аң жортады. 2.Құйрығы бұлаң-бұлаң етеді
Негізгібөлім: «Тапқыр қоян» ертегісін әңгімелеу.
Ертегі желісі бойынша сұрақ-жауап.
Ертегі кейіпкерлерін атаңдаршы?
-Неге барлық аңдар ыстық суды ішуден бас тартты?
-Егер біз ыстық суды ішсек не болады?
-Қоян шын мәнінде ыстық суды ішті ме жоқ па?
-Басқа аңдарды қалай алдады?
-Қоянды тапқыр десек бола ма?
-«Тапқыр» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Әр аңға ыстық суды апарып жүргенде, ыстық суға не болды?
-Суды неде қайнатты?
-Арыстан қоянға неге жомарттық жасады? Бұл сөзді қалай түсінесіңдер?
-Ертегі қалай басталды?
Сергітусәті: Ұзын құлақ сұр қоян, Қарап еді артына Естіп қалып сыбдырды. Қиығын сап көзінің,
Ойлы-қырлы жерлермен. Келе жатқан томпаңдап, Ытқып-ытқып секірді. Көжегі екен өзінің.