Басқару жүйесіндегі мотивация және оның теориялары
Мотив дегеніміз - адамдардың белгілі бір іс-қимыл (әрекет) жасауларына итермелейтін себеп (негіз). Мотив адамның ішкі хал-ахауалының жеке тұлғалық сипат алуы болып табылады.
Мотивациялау - бұл адамдардың бойындағы мотивтерді қозғау арқылы әсер ету процесі.
Мотивациялаудың екі типі бар:
сыртқы күштердің әсерінен адамдардағы белгілі іс-қимыл мотивтерін қозғау (ояту). Екі жақ бір-біріне мүдделі қарым-қатынаста болмаса мотивациялық процесс болмайды;
адам бойында белгілі мотивациялық құрылымның қалыптасуы. Бұл тип- тәрбиелеу және оқыту процесіне байланысты. Адам еңбегінің нәтижесіне де байланысты.
Мотивация қызметнің төмендегідей сипаттамаларына ықпал етеді:
ынта-жігер;
талпыну, тырысу;
табандылық;
жауакершілік;
бағыттылық.
Қорыта айтқанда , мотивация дегеніміз- бір бағыттағы мақсатқа жету үшін адамдардың белгілі бір дәрежеде жұмыстағы ынта-жігері, көрсеткен табандылығы және талпыну деңгейі немесе әркімнің өз мақсаттарына және ұйым мақсаттарына жетуі үшін өзін және өзгелерді қызметке тарту процесі.
Мотивация теориялары
Біз әр түрлі мотивация теорияларынекі категорияға бөлеміз: мазмұндылық және процессуалдық.
Мотивацияның мазмұндылық теориялары адамдарды солай әрекет жасауға мәжбүр ететін ішкі оянуларға негізделеді. Бұл орайда Абрахам Маслоу, Дэвид Мак Клелланд, Фредерик Герцберг еңбектері қарастырылады.
Психологтардың айтуынша, адамдар физиологиялық және психологиялық жетіспеушіліктер салдарынан қажеттілікті сезінеді. Қажеттіліктер пайда болса, онда ол адамның ынта- жігерін оятады.
Ояну- бұл белгілі бір бағыттағы жетіспеушілікті сезіну. Қажеттілікті қанағаттандыру үшін адам алдына мақсат қояды.
Сыйлықтар тапсыру (марапаттаулар). Адамдарды тиімді қызметке тарту үшін сыйлықтар тапсыру қолданылады. Адамдардың талғамдары әр түрлі болғандықтан сыйлықтар да әр түрлі болуы қажет.
Ішкі және сыртқы марапатаулар. Ішкі марапат жұмыстың өзінен алады. Мысалы, нәтижеге қол жеткізу сезіміөзін құрметтеу. Жұмыс барысындағы достық пен қарым –қатынас.
Сыртқы марапатауды ұйымдар жүзеге асырады. Мысалы, еңбек ақы, қызметті жоғарылату, мадаұтау және қосымша төлемдер (демалыс, жеке кабинет беру). Ішкі және сыртқы марапаттарды анықтау үшін, әкімшілік жұмысшылардың қажеттігін ажырата білуі қажет. Бұл мотивацияның мазмұндалық теориясының мақсаты болып табылады.
Мотивацияның процессуалдық теориялары адамдар түсінігі мен дүние танымына байланысты өздерін қалай ұстайтындығына негізделеді.
Процессуалдық теорияларна: күту теориясы, әділеттілік теориясы және Портер-Лоулер теориясы жатады.
Процессуалдық теорияда адамдардың әртүрлі мақсаттарға жетулері үшін өз күш- жігерін білуі және мінез-құлықтардың бір түрін таңдауы талқыланады.
Бұл теория қажеттіліктердің болатынын теріске шығармайды, бірақ адамдардың мінез-құлықтарын тек қана солар анықтайды дегенмен келіспейді.
Прпоцессуалдық теория бойынша тұлғаның мнеіз-құлқтарын оның сезінуі мен күтуінің қызметі болып табылады.
Мотивацияның үш негізгі процессуалдық теориялары бар:
Күту теориясы ;
Әділеттілік теориясы
Портер-Лоулер үлгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |