Басқару жұмысындағы мотивтер мен мотивация



бет5/6
Дата08.02.2022
өлшемі2,5 Mb.
#122020
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Басқару жұмысындағы мотивтер мен мотивация

Мадақтау


Мадақтаудың мотивациялық зерттеулер тарихында алатын орны ерекше. Мадақтау мынадай жағдайда нәтиже береді:

  • Балалардың мадақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы;

  • Мадақтау арқылы тәрбиеленушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау мадақ- таудың баланың іс-әрекетіне сай болуы;

  • Мадақтау арқылы шәкіртке шешім қабылдауға үйрету;

  • Мадақтаудың шынайы болуы, шындыққа негізделуі. (С. Бабаев, Ш. Оразов, К. Бабаев. Педагогика: жалпы негіздері. А, 2013).

Мотивацияның когнитивті және конструктивистік теориялары мінез-құлыққа мадақтаудың өзі емес, керісінше, оның болатынына деген сенімділік түрткі болады деп есептейді. Оқыту процесінде нәтиже болған жағдайда ғана мадақтау мотивацияға жол ашады. Адамдарда олардың мінез-құлқын мадақтау арқылы бақылап отыр деген ой пайда болған кезде мотивация төмендейді (яғни, оларды мадақтау үшін олар тапсырма орындауы керек). Ал, болып жатқан жағдай мен үміт бір-біріне қайшы келген кезде жаңа білім тез қалыптасады (Такер & Лу, 2007). Мида сондай-ақ, мадақтауды өңдеуге арналған жүйелер де бар болуы мүмкін (Дженсен, 2005), бірақ, мидың басқа қызметтері сияқты оның да қызметі өте күрделі. Ми адамның көңіл күйін табиғи түрде көтеретін есірткі тәріздес зат бөліп шығарады. Бұдан мидың жағымды әсерлерді қолдауға және бастан өткеруге бейім екенін байқауға болады. Адам жұмысты қажетті жағдайда атқарған кезде мадақтау болады деген үміт нейротасымалдаушы дофамин бөліп шығаратын көңіл күй желісінің белсенділігін бұрынғыдан да арттыра түседі. Бұдан нейрондық тораптың бір бөлігі ретінде ми орындалған әрекет үшін мадақтау күтеді деген болжам жасуға болады. Шындығында, дофамин мадақ немесе қандай да бір жақсылықтың болуын күту кезінде бөлініп шығады. Күтілген мадақ пен қол жеткізген мадақ екі түрлі болған жағдайда (мысалы, көп сыйлық күткенімен, шындығында оның аз болуы) дофамин көп бөлінеді. Дофамин жүйесі
адамдарға оқытудың бір түрі – үміттенуді реттеуге көмектесе алады (Варма және т.б., 2008).
Мақсаттар мен оқыту процесін қабылдау сияқты басқа мотивация түрлері де дофамин мен нейрофизиологиялық референттердің пайда болуына әсер ете ме деген сұраққа жауап беру үшін зерттеулер жүргізу қажет. Дофаминнің пайда болу сипаты басқалардан ерекше болғандықтан, мадақтаудың бір түрін барлық оқушыға қатысты қолдана алмаймыз. Бұдан мадақтау кезінде мида қосымша әрекеттер орын алады деген қорытынды шығаруға болады. Ал, ол білім беруде аса маңызды. Мадақтау тәсілін сабақ барысында қолданғысы келетін мұғалімдер әр оқушыны қалай ынталандыруға болады дегенді біліп, оқушының қалауына қарай алмасып отыратын мадақтау жүйесін жасауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет