Басқару жұмысындағы мотивтер мен мотивация



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі2,5 Mb.
#122020
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Басқару жұмысындағы мотивтер мен мотивация

Мотивациялық күйлер


Мотивациялық күйлер дегеніміз эмоциядан, танымнан және мінез-құлықтан тұратын күрделі нейрондық байланыстар (Дженсен, 2005). Олар адамның жағдайына қарай өзгеріп

Кітап: Дәріс:


Оқыту теориясы

5. Мотив және оның түрлері. Мотивацияның рөлі


отырады. Айталық, тамақ жегеннен кейін бірнеше сағат өтіп кеткен болса, біздің қарнымыз ашатыны анық. Немесе өзімізді алаңдататын мәселелер көңіл күйімізді бұзуы мүмкін. Бәрі ойлағанымыздай болса, бақытты күй кешеміз. Оқыту кезінде де тура осындай күйлер орын алады. Басқа күйлер сияқты, мотивациялық күйлер де синапстық тораптармен тығыз байланысты болып келетін – сана, дене және мінез-құлықтың бірігуі.


Күйлер ауыспалы сипатта болады. Олар ішкі ойлар мен және сыртқы жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Кез келген мотивациялық күй нығаяды, әлсізденеді немесе басқа күйге ауысады. Синапстық байланыстардың мұндай ауыспалы қасиеті мотивация табиғатына сай келеді, яғни бұл мотивация нәтиже емес, процесс дегенді білдіреді. Алайда ол тұрақты емес, керісінше, бірде көбейсе, бірде азайып отырады. Мұғалім мотивациялық күйлер мәселесін жақсы түсінуі қажет. Олардың мақсаты, оқушыларда оқуға деген мотивациялық күй қалыптастыру. Кез келген уақытта оқушылар айтылған күйлерді бастан өткізуі мүмкін, алайда, бұл кезде басқа оқушыларда енжарлық, көңілсіздік, гипербелсенділік немесе көңілдің басқа нәрсеге бөлінуі сияқты күйлер болуы мүмкін. Аталмыш күйлерді өзгерту үшін мұғалімдер алдымен олардың себебін біліп (мысалы, Камшат неге көңілсіз?), сосын ғана олардың көңілін тапсырмаға аударуы керек.
Оқытуда тек қана білім алушының мотивациясы ғана маңызды емес. Сонымен қатар, педагогтың қызметінде де мотивацияның алар орны ерекше. Өзінің «Педагогикалық психология» (М. 2014) атты еңбегінде Борис Мандель оқытушының қызметіндегі төменде берілген мотивтерді зерттеп көреді.
Материалдық сыйақылармен байланысты сыртқы ынталандырулардан тұратын мо- тивация. Мұнда разряд немесе категорияны көтеру, тексерістерді азайту сияқты себептерді де айтуға болады. Мұндай мұғалімдер көбінесе өз ісіне жаңалық енгізуге аса құлықты бола бермейді, көбінесе көштен қалмаса болды деген пікірде болады.
Мұғалімнің ішкі қажеттіліктерінен пайда болатын мотивация. Мұндай мотивация негізінен мұғалімнің сыртқы ортаға өзін дәлелдеуден, өз жұмысының оң бағалауын қалауынан туындайды. Білім деңгейінен гөрі, оның іс-әрекетінің, жұмысының бағалануы, басқалардың оны байқауы 1-кезекте тұрады.
Кәсіби мотив. Бұл мотив білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді шын қалаудан туындайтын мотив. Бұл топтағы мұғалімдерге жұмыс істеуге бізді итермелейтін қандай күш деп сұрағанда олар балалардың жаңа білім-дағдыларды игергендігін көруім деп жауап береді. Мұндай мотивке ие оқытушылар әрбір сабағында оқытудың тұлғаға бағытталған түрін таңдап алады.
Өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мотивациясы. Өзін-өзі жетілдіріп, дамытуға тырысатын оқытушылар шығармашылық жұмыс түрін таңдап алады. Мұндай ұстаздар үшін сабақ – өзін-өзі дамытудың бір жолы. Үнемі оқушылармен бірлесіп білім берудің қызықты тәсілдері таңдалып алынады. Олар үнемі жаңадан жаңаны табуға ұмтылып жүреді. Өзін-өзі жетілдіру мотиві ұстаздық қызметте өте жоғары орын алады. Мұндай шығармашылық қабілеті өте жоғары ұстаздар оқушының да сондай жоғары нәтиже алғандығын қалайтын болса, ондай оқыту үздік оқыту түріне жатады деуге болады.
Нейроғылым алға тартып отырған таным, эмоция және мінез-құлықты бірге қолданудың маңызы зор. Оларды жеке-жеке қолданудан аса көп нәтиже шықпайды. Мысалы, оқығысы келетін және өздерін оқуға дайынбыз деп есептейтін оқушылар еш әрекет жасамаса көп нәрсе үйрене алмайды. Сол сияқты, оқуға нақты зейін қойылмаса, ол да еш қажетсіз әрекет болмақ. Эмоциялық стрессті бастан өткеріп жатса да, оқығысы келетін, оқу процесіне араласқысы келетін оқушылар өздерінің алған білімдерінің тиянақты болмайтынын байқайды. Оның себебі – эмоция жеткіліксіздігі, соның нәтижесінде синапстық байланыстар түзілмейді және нығаймайды. Егер де сіздерді мотивация мәселесі қызықтырыратын болса, Г. Мюррей, Абрам Маслоу, Х. Хекхаузеннің мотивациялық теорияларымен кеңінен танысуларыңызға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет