1.2Басқару психологиясының теориялық-әдіснамалық негіздері Басқару психологиясының өзіне тән зерттеу пәні бар. Ол басқару процесін ұйымдастыру және сол процесс кезіндегі адамдардың қарым-қатынасының заңдылықтарын психологиялық зерделеп, зерттеу объектісінің ерекшеліктеріне сәйкес әдіснамалық негізін анықтап, басқару объектісіне белсенді ықпал ететін әдістер мен жүйелерді жасау және зерттелетін процесті болжап, алдын алу әдістерін анықтау.
Басқару ғылымының басты мақсаты - тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жасауға қажет психологиялық құбылыстарды сипаттап, жүйелеу және олардың арасындағы байланыстар мен себептерін анықтау. Басқару психологиясы басшының жеке тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін: оның басқарушылыққа талпынысын және қабілетін, өз міндеті мен оны көре білуін қамтитын басқару тұжырымдамасын, басқару ниетін, сондай - ақ басқару ережесі мен ұстанымдары туралы ішкі шешімдерін зерттейді. Басқару жұмысында жеке тұлғаның өзін- өзі ұйымдастыра білуі және түрлі ұйымдардың белгілі бір мақсаттарын шешу - ерекше зерттеу объектісі болып есептелінеді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайсыз қоғамның дамуы мүмкін емес, сол күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайды реттеу елімізде түрлі басқару міндеттерін шешуді қажет етеді. Қазіргі басқару туралы көптеген зерттеулер, соңғы кездері жарык көрген, әсіресе, шетелдік еңбектер қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестерді іс жүзінде басқару мүмкіндігі күрделі мәселелерді талдауға жағдай туғызды. Барлық басқару қызметін іске асыру процесінде басқару шешімдерін қабылдайтын негізгі субъект бір-бірімен тығыз байланысты міндеттерді шешеді.
Мазмұнына қарай басқару әрекеті сан қырлы және адамның көп күш қуатын, уакытын алатындықтан басқару адамның белгілі бір іс-әрекетінің түрі болып есептелінеді.
Басқару психологиясы ғылым ретінде қалыптасып, екі ғылыми пән - баскару теориясы мен психологияның түйісуінде дамып келеді. Басқару психологиясы ғылымында психологиялық білімдер: ұйымдастыру жүйелерінің қызмет етуі мен кұрылысының ерекшеліктерін ашып көрсететін жалпы ғылыми түсініктермен ұштаскан. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай басқарушының (менеджерге) өзіне, яғни басқару субъектісі ретінде және басқару объектісі әрі субъектісі ретінде тұлғаға, топқа, сондай-ақ тұтас ұйымға көптеген талаптар жүктейді. Басшы мен оған бағыныштылар (орындаушылар) арасындағы байланыстың күрделілігі басқару іс-әрекетін бір жақты қарауға болмайтынын көрсетеді. Басқару психологиясын зерттеу «адам-адам» байланыс жүйесі бойынша түрлі деңгейдегі ықпал ету мен басқарудың диалектикалық сипатын көруге және оны практикада қолдануға жағдай жасады.
Ұйымда және өндіріс орындарында кадр таңдаумен айналысу немесе кадрлық менеджмент үдерісі - практикалық психология міндеттерінің бірі. Оның шешімі басқарушылық жұмыс орындауға қабілетті немесе оған үміткер адамдарды ұзак уақыт бойы құзіретті зерттеуді талап етеді. Өндіріс орындарында кадр таңдау мен орналастыру, эмоциялық бағалау мен импульсті пікірден бас сауғалауда да басшылықтың қалыптасқан стереортипі мен қондырмасынан еркін психологтың диагностикалық-психологиялык сараптамасының қорытынды нәтижесіне негізделген, психологиялық тұрғыдан тексеруге сәйкес іске асырылуы қажет. Ұйымда немесе өндірісте кадр ротациясымен байланысты практикалық психолог жұмысы осындай негізде маңызды. Оның негізіне кәсіби сапаға, білім деңгейіне және т.б. қойылатын күрделі талаптар динамикасында тұлғаның психологиялык сәйкестігі немесе сәйкессіздігі алынады. Практикалық психолог өндіріс орнында кадр таңдау мен орналастыруда психиканың жеке парциальды сипаттамасынан гөрі, тұлғаның қасиеттеріне біртұтас білім ретінде, оның жүйелік қасиеті ретінде бағдарлауға бейім болуын талап етеді. Кәсіпті игеру қиын болған сайын, кәсіби қажеттілігінің негізі ретінде қабылданатын тұлғалық қасиетінің блоктары ірілене түседі. Ұйымда кадр мәселелерін шешудің маңызды ұстанымына өтемелеу ұстанымы жатады. Оны іске асыра отырып психолог әртүрлі кәсіби қасиетке ие және тұлғалық сипаттамасы толық қызметкерлерді таңдай алады. Кадрларды осындай таңдау шешілетін кәсіби міндетке, әмбебап сапа дарынды басшы талабына сәйкес келуі мүмкін.
Сонымен, басқару адамзат іс-әрекетінің ертеден келе жатқан саласы. Басқару психологиясы туралы неміс зерттеушілері В.Зигерт және Л.Ланг: «Басқару - алға қойылған мақсатқа адамдарды және материалдық құралдарды ізгілікпен, үнемді және рационалды пайдалану арқылы қол жеткізу» деген анықтама берген. Адамзат тарихындағы мол материалдық және әлеуметтік құндылықтар адамдардың үйлестірілген жұмыстарының нәтижесінде ғана жасалып, қалыптасты. XX ғасырға дейін баскару ғылыми зерттеудің дербес саласы болып саналмаған. 1911 жылы Фредерик Уинслоу Тейлор «Менеджмент» немесе «Фабриканы басқару» атты кітабында басқару еңбегінің негізгі ұстанымдарын (принциптерін) атап көрсетті. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында менеджмент теоретиктері еңбек әрекетіндегі адамның мотивінің рөліне ерекше назар аудара бастады. Ол басқаруда адамның іс-әрекетінің орны мен мәніне назар аударудағы үлкен жетістік болды. Басқарудағы мұндай жетістік «экономикалық адам» түсінігінің орнына «әлеуметтік адам» түсінігін енгізіп, Элтон Мэйоның «адамдар қарым-қатынасы мектебінің» дамуына негіз болды. Бұл мектептің ұстанымы бойынша өндірістік ұйым белгілі тұтас бір әлеуметтік дене, ал онда қызмет істейтін адамдар сол әлеуметтік жүйенің мотивтік, тұлғалық, дара-психологиялық сапаларының көрсеткіші деп қарастырылды.