«Бақсы және тылсым күш иелері»


Әулие бабамыздың денесі 21 жыл ашық жатқан



бет2/3
Дата23.05.2023
өлшемі60,35 Kb.
#177513
1   2   3
Байланысты:
Гауһар Мәшкүһ Жүсіп

Әулие бабамыздың денесі 21 жыл ашық жатқан
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - әулие атанған қасиет иесі. Ол кісінің әулиелік қасиетіне қаншалықты мән берілді?
"Мәшһүр Жүсіп – халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәу етер қасиетті әулие. Десек те, біз көбіне "әулие ғой" деумен шектелеміз де, әулиелігі жөнінде көп айта қоймаймыз. Мәшһүр Жүсіп "Өлеңмен берілген аят" атты өлеңінде әулиеден медет тілеп, бата алғандығы туралы баяндайды. Жалпы, шығармаларында "Ғаусыл Ағзам, сенен медет", "Хазіреті Сұлтан, сенен медет" деген өлең жолдары жиі кездеседі.
Мәшһүр Жүсіптің әулиелігіне байланысты қандай әңгімелер бар?
"Мәшһүр Жүсіп бір күні Баянауылға бармақ болып, жанына баласы Шарапиден мен сүйікті немересі Төлеубайды ертіп, жолға шығады. Бозбай деген жерден аса бергенде немересі "шөлдедім" десе керек. Сонда Мәшһүр Жүсіп: "Алдымызда көрініп тұрған үйге барайық, сонда сендерді бір ауқаттандырып алайын", – дейді. Үйге тақай бергенде 12–13 жаста немересі: "Ата, біздің алып шыққан тамағымыз жоқ қой", – дегенде, қасиетті бабамыз: "Қазір не көрсеңдер де үндемеңдер, ештеңе сұрамаңдар", – деп, балаларын төбесі құлаған екі бөлмелі үйге алып келеді. Өзі бірінші боп кіріп, жерге жайғасып отырады. Атты байлап, соңынан балалары да кіреді. Сол уақытта атамыз бір дұғаны оқи бастайды. Кенет өзінен-өзі алдарына дастархан жайылады. Ұстап келе жатқан тірі жан көрінбесе де, ет салынған табақ, әртүрлі тағамдарға толы ыдыстар келіп дастарқанға қойылады. Атамыз жақсы көретін өрік-мейіз де бар. Шай құйылған кеселер келіп, босаған ыдыстар жоғары көтеріліп, ауамен қалқып есіктен шығып кете береді. Олардың қайдан келіп, қайда кетіп жатқанын түсінбеген Төлеубайдың қорқып, дұрыс тамақтана алмай отырғанын сезген Мәшһүр Жүсіп: "Қорықпай ішіп-жеп, тойып алыңдар", – деп, көңілі қалағанын жеп отыра берді. Тамақтанып алған соң Мәшһүр Жүсіп тағы бір қысқа дұғаны оқығанда, алдарында жаюлы тұрған дастарқан көзден ғайып болады. Ал жолда балаларына: "Жаңа ештеңе ұқпаған боларсыңдар, бізді тамақтандырған жын-перілер ғой", – депті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет