Еуразия ұлттық университеті
Баспасөз қызметі
Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2014 жылғы 2 қыркүйек күні сағат 14.30-да Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім күніне арналған салтанатты шара өтеді. Шара аясында «Стартап» аймағының тұсаукесер рәсімі болады.
Білім күні ұстаздар мен ата-аналар, студенттер мен магистранттар және докторанттар үшін тарихи күн. Өйткені білімнің жаңа кезеңі осы күннен бастау алады. Биыл бакалавриатқа 3995 студент бірінші курсқа қабылданса, оның 2996-сы мемлекеттік грант иегерлері, 899-ы ақылы негізде білім алушылар. Сонымен бірге 985 магистрант мемлекеттік білім грантымен және 120 магистрант ақылы оқуға қабылданып отыр. Жалпы, жаңа оқу жылының басындағы білім алушылар контингенті 16558-ді құрады, оның ішінде 13545-і мемлекеттік білім грантымен оқитындар.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арнайы Жарлығымен іргесі қаланған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бүгінде Қазақстанның жетекші оқу орны: Елбасымыздың «Алтын сапа» иегері, білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің ұлттық рейтингісі бойынша жыл сайын бірінші орынды бермей келеді, ал ТМД бойынша топ жаруда.
Еуразия ұлттық университетінде елімізге ғана емес әлемге танымал ғалымдар, қайраткерлер қызмет істейді. Олардың ішінде Жабайхан Әбділдин, Мұхтарбай Өтелбаев, Сейіт Қасқабасов, Рахметқажы Берсімбай, Болат Көмеков сынды Ұлттық ғылым академиясының академиктері, Мырзатай Жолдасбеков, Сайлау Батыршаұлы, Ғаділбек Шалахметов, Еңлік Нұрғалиева, Мырзагелді Кемел, Әділ Ахметов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері, Уәлібай Өмірбаев, Қайрат Қадыржанұлы, Нұрлан Темірғалиев, Намазалы Омашев, Серік Негимов, Рәтбай Мырзақұл, Рысқұл Ойнарұлы, Асқар Арынғазин, тағы басқа өз саласының жетекші профессорлары – Еуразия университетінің ғана емес, Отанымыздың мақтаныштары.
Салтанатты шараға құрметті қонақ ретінде белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, ардагер ұстаздар мен Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығы, Астана қаласы әкімдігі, Қазақстан кәсіпкерлер палатасының өкілдері, шағын және орта кәсіпкерлер мен инновациялық жоба авторлары шақырылып отыр. Мерекелік шарада Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дала сазы» халықтық аспаптар оркестрінің домбырашылар ансамблі, ВИА, «Самұрық» шоу-балеті өнер көрсетеді.
Қазақстанның даму стратегиясының маңызды бағдарламаларының бірі шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау және ғылым мен өндіріс байланысын орнату болып табылады. Бұл орайда ҚР Президенті Н.А.Назарбаев: «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жақсы айтып кеткен болатын. «Стартап» аймағының тұсаукесер рәсімі барысында Еуразия ұлттық университеті Инновациялық парк ғалымдары мемлекеттік қолдау формалары туралы, ғылымды қаржыландырудың түрлері мен шарттары туралы, мемлекеттік көмектердің мүмкіндіктері туралы, ғылыми жобалары туралы толық айтып береді, кеңестер өткізеді және олардың қызметтері туралы қажетті барлық ақпараттарды кез келген уақытта қай жерден және қалай алуға болатындығы түсіндіріледі.
Тұсаукесердің басты ерекшелігі – қазақстандық ғалымдардың энергия үнемдеу және биотехнология, энергетика саласындағы бәсекелестікке арналған ғылыми жобаларының өндіріске енгізілуі және ғалымдардың инвесторлармен бетпе-бет жүздесіп, келісімге келуіне жағдай туғызу. Сондай-ақ «Стартап» аймағында жас ғалымдарға қолдау білдіріп, кеңес беруге ерекше назар аударылмақ. Әсіресе мемлекеттік қолдаудың арқасында жағдайы жақсарған ғалымдардың болашақта әртүрлі тақырыптар бойынша өткізетін мастер-класстары мен тәжірибелі кәсіпқой мамандардың тренингтері де ғылымға бет бұрған жастар үшін өте пайдалы болмақшы.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Инновациялық парк мамандарының айтуынша, қазіргі таңда жеті ғылыми жоба таңдалған. Бұл Қазақстан ғылымы үшін өте маңызды. Өйткені мұндағы іскерлік кездесулер ғылымның дамуына оң ықпал етеді, сондай-ақ ғалымдар үшін өздерінің жобалары туралы айтуға, өздеріне ұзақ мерзімді серіктестер табуға, қаржы институттарының өкілдерінен бағалы ақыл-кеңестер алуға бірегей мүмкіндіктер жасайды.
«Стартап» аймағының тұсаукесер рәсіміне белгілі ғалымдар мен мемлекеттік мекеме басшылары, ұлттық компания, даму институттары, инвестор және қаржы ұйымдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.
Ұйымдастырушы: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Өткізу орны: Мирзоян көшесі 2, ЕҰУ, бас әкімшілік ғимарат пен оқу зерттемелік ғимарат арасындағы алаң.
Өткізу күні: 2014 жыл, 2 қыркүйек.
Басталуы: сағат 14:30.
Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз- қызметіне хабарласыңыздар
+7 (7172) 709 -548
+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)
+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ләйлә Рахманова
Достарыңызбен бөлісу: |