С.Көбеев «Қалың мал» 1878 жылы 1 қазанда бұрыңғы Торғай облысының Николай уезі, Обаған болысына қарасты №3 ауылда туған. Дарынды аудармашы, сауатты жазушы. «Орындалған арман» атты мемуарлық кітап жариялады, 1951 жылы жарияланып, 1954 жылы екі рет басылды.
Көлемді, айшықты романы – «Қалың мал», алғашқы қара сөзбен жазылған алғашқы көлемді шығарма. Бұл романында жазушы – әйел теңсіздігі мен жастардың бас бостандығын мәселесін көтереді. Ескі патриархалдық әдет-ғұрып сыналады, қазақ ауылындағы таптық жіктелушілік пен байлардың қалың бұқараға жасап отырған озбырлығы суреттеледі. Романның негізігі идеясын автор мінездеріне қарай ашуға тырысады.Олар көзқарасы, іс-әрекеті жағынан екі түрлі. Бір жағы Ғайша, Қожаш және олардың жақтастары болса, екінші жағында Итбай, Тұрлығұл мен олардың тілектестері көрінеді. Роман осы екі көзқарастың тартысына құрылған. Тіпті Қожаш пен Ғайша арасындағы сүйіспеншілік, махаббат жайы да осы әлеуметтік күрес идеясына бағындырылады.
Романдағы басты кейіпкер – Ғайша. Негізгі түйіні қазақ әйелінің теңсіздігі мен оны кіріптарлыққа душар еткен қалың мал-осы Ғайша өміріне байланысты.
Ғайша –сол кездегі қазақ әдебиетіндегі жаңа бейне.Ол қалың малға сатылып, әкесінің еркімен сүймеген адамына бармауға бекінеді, өз бостандығы үшін күреске шығады, өзіне тең, адал жар іздейді.Тұрлығұл үйіне барып мал әкеліп, байдан көрген сый-сыяпатын айтып жеткізе алмай отырған Итбайға өз наразылығын өлеңмен естіртеді.
Ғайшаның әкесіне айқан бұл өлеңінен басына іс түсіп, не істерін білмей дал болған шерлі адамның ауыр күрсінісі сезіледі.Өзегі өртеніп, қасірет пен өксікке тұншыққан қыз үні әкеге тек жалбарыну емес, оған айып арқандай естіледі. Ғайша осы өлеңімен феодалдық ескі салт-санаға, әдет-ғұрып заңына қарғыс айтады.
Бірақ малдан басқа сенері де, сүйінері де жоқ Итбай Ғайша мұңын түсіне алмайды, жанына жара түскен қызына мейірім көрсетпейді, осыдан барып Ғайша бас бостандығын іздеудің басқа жолын қарастырады.Өзіне тең басына азаттық берер ер іздеген Ғайша Қожашпен кездесіп, қашып кетеді.