Басталуы Т. Айбергенов «Ана»


М.Дулатов «Бақытсыз Жамал»



бет9/17
Дата11.05.2022
өлшемі1,31 Mb.
#142648
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
ana-degen-altyn-azy-altyn-ba

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал»
1885ж.-1935ж. Торғай облысы,Жангелдин ауданында туылған.М.Дулатовтың өз дәуірі үшін маңызды, ең ірі еңбегі «Бақытсыз Жамал» романы.
ХХғ.басында қазақ өлкесінде жиі кездескен жас қыздардың қалың малға сатылып,сүймеген адамға ұзатылуы,олардың теңдік үшін күрес мәселелері.Автор қазақ қоғамының қайшылық жақтарын адам тағдыры,нақты әрекет,тартыс арқылы суреттеп ашады,көркем бейнелер жасайды.
Шығарманың негізгі желісі басты кейіпкер Жамал тағдырымен сабақтас өрбиді.Жамал- әкесі Сәрсенбайдың мойнына бұршақ салып жүріп,құдайдан жалбарынып сұрап алған баласы.Шешесі Шолпан- әкесінің бір перзентке зар болып жүріп үйленген екінші әйелі.Қиын-қыстау кезеңде қызы үшін шырылдап отқа түсетін де осы байғұс ана.
Ауылдағы молдадан сауатын ашып,зеректігімен көзге түседі.Өзі де жанынан өлең шығаратын дарынды бойжеткен дара көзге түседі.Зеректігімен,ақылдылығымен,шешенді-
гімен,көріктілігімен ауызға ілінеді.Сөйтіп жүргенде Жамалдың мойнына қыл тұзақтай болып,әкесі Сәрсенбай мен Байжан арасындағы құдалық құрығы түседі.Қайғылы,мұңды шақ туып,Жамалға анасы Шолпаннан өзге қол ұшын берер ешкім болмайды.Сәрсенбайды тоқтатар күш болмай,Байжан құдасының мысы басады.
Мен қайран,атам малға сатқанына,
Бір тазды жалпақ елден тапқанына.
Аты өшіп,тумай кеткір Жұман деген,
Мал беріп,мені өзімсіп жатқанына,- деп,көз жасын көлдетіп жүріп,бір тойда жас,көзі ашық,сұлу жігіт Ғалимен танысады.Сөйтіп екі жас қашып, Ғалидың нағашыларын паналайды,әйтседе он үш күн төсек тартып жатып,Ғали кенеттен дүние салады.Жамал жалғыз қалып,Байжан босағасына барып,Жұманның зорлығына шыдамай,қашып,қайғылы махаббат уын ішуі,оның боранды түнде адасып өлуге апарған себептер ретінде шығармада сенімді суреттелген.
Жамал-сауатты,саналы,өз тағдыры үшін күресуге дайын қыз.Бақыт жолында қандай қиындыққа да төзуге даяр,қайсар жан.Жамал бейнесін жазушы бірнеше жерде берілетін жанама портрет,мінездеулер арқылы ашады.Құрбылырының,ауылдастарының сөздерімен толықтырады.Жамалдың рухани жан дүниесі,ішкі әлемі ғашығына өлең хатында ашыла түседі.
Қосылсам нәсіп болып сеніменен,
Кім айтар жүрмеді деп теңіменен?
Сенімен отқа түссем-арманым жоқ,
Жуылмаған Жұман атты періменен,-деген үзінді мұны айқын дәлелдейді.
Ғали қабірі басындағы Жамал монологі-бостандық,бақыт жолындағы күресте жеңіліс тауып,өмірден үміті кесілген жанның трагедиясы.Ғалидың қазасынан кейін Байжан мен Сәрсенбайдың арасындағы гуілдеген сөзді естіп,анасы Шолпан: «Енді қайтеміз?»-дегенде,Жамал: «Апа,енді мен үшін жаманатты болмаңыз,маған енді,Ғали болмаған соң бәрібір,суға батырып,отқа жандырса да ықтияр бере беріңдер,алла тағала менің маңдайымды ашайын десе,Ғалиды мұндай қылмас еді,»-деп мұңын шағады.Сөйтіп,басқа амалы қалмаған соң,тозаққа өз ризашылығымен түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет