4. Домалақ ана (Өлең) Азан шақырып қойған есімі Нұрила болғанымен, қалың көпшілікке Домалақ ана атымен белгілі.Домалақ ана – ең алдымен, алланың нұры төгіліп, ұрпағы бірнеше тайпаға айналған елдің анасы. Домалақ ана кезінде батыр әрі би болған тарихи тұлға Бәйдібектің үш әйелінің бірі болғаны белгілі. Бүгінгі Албан, Суан, Дулат тайпалары Бәйдібектің Домалақ анадан туған Жарықшақ деген ұлының кіндігінен тараған.
Домалақ ананың әулиелігі мен көрегендігі, парасаттылығы мен даналығы, адамгершілігі мен адалдығы жайында аңызбен астасқан әңгімелер көп. Соның бірі мынау: Бірде Бәйдібек баба жоқ кезде жауласып жүрген бөтен елдің адамдары келіп, оның бар жылқысын айдап кетеді. Олар жол-жөнекей Домалақ ана отауына жолығып, сусын сұрайды. Домалақ ана сусын беріп, олардан олжа қалайды. Үйір-үйір мол жылқыны оңай қолға түсіріп бара жатқандар «қалағаныңды ал» - дейді. Сонда айдалып бара жатқан жылқының Бәйдібектікі екенін іштей танып, біліп тұрған Домалақ ана мал басы саналатын Сарыайғырды күндігімен ноқталап алып қалады. Өйткені, Сарыайғыр бір кісінесе, қалған жылқылар қайтып келетінін біледі.Олар кеткен соң көп ұзамай жау қуып кеткен жылқыны іздеп Бәйдібек бабаның бәйбішесінен туған тоғыз ұл келеді. Домалақ ана тоғыз ұлға «сендер әрі бармай-ақ қойыңдар, жылқылар өздері қайтып оралады» десе, тоғыз ұл «тоқалдың сандырағын қайтеміз» деп ана сөзін елеместен, жылқы соңынан кетеді. Алайда тоғыз ұл жау қолынан түгел мерт болады да, Домалақ ана айтқандай Сарыайғырдың кісінеуінен кейін жылқылар дін аман түгел қайтып келеді. Домалақ ананың өмірі жүген-құрық тимеген шу асауды еш қарсылықсыз қолына тоқтатқан қасиеті, жылқының қайтып келетінін білген әулие, көрегендігі ел ішінде аңыз болып тарап кетеді.Ал тарихи құжаттарда Домалақ ананың 1378 жылы туып, 1456 жылы қайтыс болғандығы, әкесі Әли Сылан, анасы Нұрбике екені айтылады. Нағашы атасы Уәйіс кезінде Моғолстанның ханы болған деген де дерек бар.
Домалақ ана кесенесі - ХІ ғасырдың ескерткіші. Домалақ ана кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі Қаратау бөктерінде Балабөген өзенінің бойында орналасқан. Кесене Али Сыланқызы Нұриланың мазарының үстінде салынған, Нұрила апамыз халық арасында Домалақ ана деген атқа ие. Домалақ ана Бәйдібек атаның ең кенже әйелі. Ол өзінің ақылдылығымен, сабырлылығымен танымал, және жақсылық пен ананың символы болып табылады. Домалақ ана парсы тілінен аударғанда «Дихнат мама» , яғни Әулие ана мағынасын білдіреді. Кейіннен Дихмет деген сөзді Домалақ деп ауыстырылған. Сонымен қатар, Домалақ ана халық арасында дауларды шешуімен, тапқырлығымен танымал болған. Домалақ ана Жетісу жерінің, Әулие ата, Шымкент, Ташкент халқының арғы анасы болып табылады екен. Оның ұлы жарықшақ Ташкентте Әмір-Темірдің кеңесшісі болған, содан кейін Жетісудың билеушісі болды. Түсіне кірген Бәйдібек атаның әмірімен өмірінің соңғы жылдары өзінің туып өскен жері Қаратау бөктеріне оралады. Домалақ ананың немересі Дулат Бұқарадан Абдулла Шері шеберін шақырып, апасының мазарының үстіне қазіргі таңға дейін сақталған, көп адамдардың бас иетін жеріне айналған төрт бағаналы кесене тұрғызады. Алғашында кесене 1456 жылы төрт куполды болып салынды. XI-XV ғасырлары Домалақ ана кесенесі бірнеше рет қайта жөндеуден өткен болатын. ХХ ғасырда салынған кесене 6 бағаналы болған. 1957 жылы қайта қалпына келтірілген ескерткіш бұл күнге сақталмаған. 1966 жылы Маңғыстаудан алып келінген ақ тастардан қайта қаланған болатын. Домалақ ана кесенесінің биіктігі 12 метр. Аңыз бойынша Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек жаны таза адам өте алады. Мұражайда қолдан жасалынған көптеген заттар сақталған.
І. Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «2015 жыл –ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы» деп айтқанын білеміз. Қазақ хандығы тарихы мен тағдырын жан –жақты зерттеп, насихаттау –маңызды мәселе. Соның ішінде хандық тұсындағы ханымдар мен ел аналарының рөлін байыптау елдігіміз үшін қажет. Әйел қауымы қай қоғамда болсын жақсылықтың бастауы, дәстүрдің мәйегі, өркендеу мен үйлесімнің ұйытқысы.
ІІ. Қазақ –қызын қадірлеген, анасын ардақтаған халық. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Әйел –ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі, ел болашағының барлығы әйел азаматтардың қолынан өтеді» деген сөзі әрқашанда баршамыз үшін үлкен тағылым. «Ұлт дәстүрі» деп аталатын генетикалық кодымыздың бастауы да, жалғастырушысы да –әйел –аналар екені ақиқат. Халқымыздың арғы –бергі тарихында өмір сүрген белгілі әйелдер ғалымдардың назарынан тыс қалмаған. Мысалы, белгілі орыс зерттеуші Левшин Бопай ханым туралы: «Ол ханның әйелі және тақ мұрагерлерінің анасы ғана емес еді. Бопай –Әбілхайырдың айнымас серігі, ақылшысы, сенімді тірегі бола білді» деп таңдана жазды.
І. Қазақ халқында елді аузына қаратқан даналығымен, кие қонған әулиелік қасиетімен, ақыл –парасаты, адамгершілік қасиетімен аттары аңызға айналған аналар аз емес. Олар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тәлім –тәрбиенің ұраны мен қағидатына айналған асыл тұлғалар.
ІІ. Заманы бөлек, заңы басқа ортада өмір кешкенмен, Ана атаулыға тән табиғи қасиеттер ХХ ғасыр басында ғұмыр кешкен қазақтың белгілі жазушыларының шығармалары арқылы құлпыра ашылды. Қазақ тарихындағы алғашқы романдарға арқау болған басты тақырып - ХХғ басында Қазақ өлкесінде жиі кездескен жас қыздардың қалың малға сатылып, сүймеген адамына ұзатылуы олардың теңдігі үшін күрес мәселелері. Қазақтың ұлттық әдебиетінде алғашқы роман 1910 жылы қазан қаласында басылып шықты. Ол М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы болатын. Осы қатарды С.Көбеевтің «Қалың мал» романы, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы мен «Күнікейдің жазығы» хикаяты, С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы жалғастыра берері сөзсіз.