Басталуы Т. Айбергенов «Ана»


Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы



бет11/17
Дата11.05.2022
өлшемі1,31 Mb.
#142648
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
ana-degen-altyn-azy-altyn-ba

Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы
«Толғауы тоқсан қызыл тіл» дей келе ұлы жазушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытұлы (1889-1931жж).
Ұлы шығарма, әйел теңсіздігін аңсаған, жан тебірентерроманның бірі «Ақбілек» болатын. ХХғ.басындағы қоғамдық ахуал мен кезең көріністерін, өмір –уақыт шындықтарын, қыр көріністері мен ауыл суреттерін, жазушы еңбегі мен шығармашылық шеберлік сырларын, шабытты шақ пен талант қолтаңбасы айқындауы мен қоса негізгі тұлғаның адами әлемі мен бедерлі бейнесін,тағдыр-талайын, ауыл-елдің тұрмыс-дәстүрлерін,қарым-қатынасын, тәрбие-тағылымдарын жан –жақты ашады.
Шығарма атын иемденген басты тұлға, кейіпкер –Ақбілек аяулы әке мен қымбат ананың алдында ерке де әсем болып өскен еді.Құрбыларымен әзілі жарасып, ақылына көркі сай, көңілі сән беріп өскен ару болатын. Бірақ, бұл жарастың салтанатын түстері суық, ойлары теріс жүрістері суыт «қалпағы бар, мылтығы бар, көк шекпенді, қоқандаған, қоқиланған» төрт атты бұзған-ды.Олар бейбіт ауылды қырғидай тиді.Үлкен үй, дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсіріп, орны толмас өкінішке қалдырды. Оның бәйбішесін аты, «жас тұлегі, жалғыз қызы –Ақбілекті» ойбайлатып алды да жөнелді.Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азап-тауқыметін ешкім де дұшпанына тілемес. Өмір шындығы –өнер өрнегі мен өрісіне айналар тұсы да осы сәт.
Бұл бай қызының ес білгелі кезікпеген кедергіс, жат адамдардың түсі суық, жүрістеру суыт әрекеттерімен де алғаш кезігуі еді. Ең болмаса, ол ортада Ақбілектің көңіл күйімен, жағдайымен санасқан ешкім болмады.
Қосты айналып қашуға әрекет жасамақшы да еді. Бірақ, қырағы көз қалт жібермеді. Сұмдық сойқан, жантүршігерлік жәбірлеу, азап-қорлыққа толы өмірі енді басталды. Он екіде бір гүлі ашылмаған –Ақбілек енді содырлы топтың ортасына түсті.Жан сауғалап «одан қашқан, бұдан қашқан жетпіс шақты офицер, флоттар» Ақбілектің еркнен тыс әркеттер жасады, Қарамұртқа ермек болды.
Феодалдық –патриархалдық сана мықтап қалыптасқан кезде Ақбілек басынан өткерген ауыр хал, жан азаптарын, тағдыр талқысы өмірлік таңба болып басылды. Жан сауғалап қашқан ақтардың артында «бұралқы күшіктей қаңғырып Ақбілек» жалғыз қалды.
Ақбілектің сол замандағы өткен өмірі, ел өмірі мен тарихы, қазақ қызы мен әйелінің тағдыр-талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды. Ел мұратын асқақтатқан, ұлт руханияты мен көркемдік танымды биік белеске көтерген даңқты туынды.
І. Қазақ халқының тарихындағы қасіретті парақтардың бірі -1920-1921 жылдардағы әсіресе 1932-1933 жылдардағы ашаршылық. Осы ашаршылық не себепті болды? Не себепті халықтың жартысынан астамы қырылып қалды? Бұл мәселе әлі толығымен зерттелген жоқ. Сол уақыттың ащы шындығын І.Жансүгіров:
Күніне қазақ мыңдап өліп жатыр,
Тұқымы сағат сайын кеміп жатыр.
Өз баласын үйітіп сирағын жеп,
Көр азабын тірідей көріп жатыр деп көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет